"Бір шаңырақ астында" сыныптан тыс іс-шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бір шаңырақ астында" сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәлімгерлерге,пән мұ,алімдеріне тәрбие сағаттарында,сыныптан тыс іс-шараларды пайдалана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Бір шаңырақ астында»

Сабақтың мақсаты: тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік беру, тіл дамыту, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін арттыру, ынтымақ, бірлікті насихаттау.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, мақал,мәтелдер, кітап көрмесі т.б.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Қатысушылар: 7-11 сынып оқушылары



Сабақтың барысы:

Ән «Я казах, в Казахстане я живу». Орындайтын: Бауэр К.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және оқушылар! «Бір шаңырақ астында» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер! Бірінші сөз кезегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Меруерт Ибрагимовнаға беріледі. («Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбына баяндама оқылады.)

Жүргізуші: Келесі кезең «Қара өлең» деп аталады.

«...Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіңе қайтарамын...»-деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлар кеткен еді. Ендеше ортаға тіл, Отан туралы өлеңдер оқуға Франковская Юлия, Покуса Любовь, Московая Анастасия, Аканов Диас шақырылады.

Жүргізуші: Қазақстан көпұлтты мемлекет. Республикада жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүруде. Еліміз егемендік алған алғашқы жылдары құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы тұрақты жұмыс жасап келеді. Халықтар достығының тамаша үлгісін кезінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлы, қазақ халқынан шыққан тұңғыш ғалым Шоқан Уәлиханов, алғашқы педагог Ыбырай Алтынсариндер көрсеткен еді.

Ортаға 10 «Б» сынып оқушылары Бауэр Кристина, Покуса Олеся, Супрун Елена шақырылады.

Жүргізуші: Қазақ елі, қазақ жері небір қиын-қыстау заманды бастан кешірді. Еліміздің болашағы үшін тер төккен азаматтар аз болған жоқ. Солардың ішінде үш жүздің басын біріктірген Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді. Қазыбек би бабамыздың туғанына үш жүз елу жыл толғанын еліміз атап өтті. Ортаға 7 «А» сынып оқушысы Светлаков Даниилды шақырамыз.

Жүргізуші:

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге –жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы»,- деп ұлы Абай жырлап кеткендей, сөз кезегін тағы поэзияға берейік. Ортаға 7 «Б» сынып оқушылары Эмгрунт Мария мен Спичак Дарья шақырылады.

Жүргізуші: Қазір аздап ойын ойнайық. Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар:

1. Өнер алды - ...

2. Жеті жұрттың ...

3. Көре-көре ...

4. Сөз тапқанға ...

5. Ойнап сөйлесең де, ...

6. Аңдамай сөйлеген ...

7. Тоқсан ауыз сөздің ...

8. Жақсының аты өлмейді, ...

9. Тіл тас жарады ...

10. Айтылған сөз...

«Сөздің көркі – мақал», «Мақал-сөздің мәйегі», «Өнер алды – қызыл тіл» деген сөздер қазақ халқының мақал-мәтелге бай екенін көрсетеді. Ортаға 8 «Б» сынып оқушыларын шақырамыз.

Жүргізуші:

«Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім»,-деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлаған еді.

Диалог «Қазақ тілін өзге ұлттардың үйренуі». Орындайтындар: Покуса

Олеся мен Аханова Айнура

Жүргізуші: «Біздің тіл-өткірлігімен бой балқытып, иамыр шымырлатып, жан-жүйенді жадыратып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді, қысылтаяң, қатал жағдайда қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін, ерге, елге медет болатын тіл», -деп даңқты атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, тілді құрметтеу-елді құрметтеу, ұлтыңды қастерлеу болып табылады. Тіл тағдыры өз қолымызда». Ортаға 7 «Б» сынып оқушылары шақырылады.

Жүргізуші: «Бүгінгі күні қазақ тілі жан-жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ әдеби тілінің даму белестері айқындалды. Қазақ тілі – қазақ тілінің ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда.

Ендеше, бүгінгі кешімізді тілге арналған өлеңмен аяқтайық.



Тілім менің – тағдырым!

Тағдырыма алаңдаймын таңды ұрып.

Талай сында сан, сан тұрып ...

Төрелігі төрге озып дәуірдің,

Тереңдігім қалмас енді тартылып!





Тілім менің – қуатым!

Тұла бойда туа біте тұнатын,

Тума ойға тұғыр болып тұратын.

Тектілікті теліп берген тәңірім,

Тар қапастан тасты жарып шығатын.



Тілім менің – бағасы жоқ бақытым!

Бақытымды күзетеді уақытым,

Баламасы бола алмайды ешқашан,

Бар әлемнің жинаса да жақұтын.



Тілім менің – Айбыным!

Айбыныма қапталдаспа, қайғы – мұң,

Айбарыммен аулақтатам тайдырып.

Аман тілім, жер бетінде Мен аман,

Аспанда аман тұрғанында Ай – Күнім.



Тілім менің – мақтаным!

Мақтанышпен жар салатын шақтамын.

Маңайыма жыр – сандықты ақтарып,

Мың тағзым тілі тірі Ұлтыма,

Ұрпағыңның ұяты үшін сақтадың.



Тілім менің – ғасырлардан аманат!

Аманатқа адал болсын Қағанат,

Ар-намысқа келтірмейік жаманат.

Қазақ болып туылдың ба,

Ендеше, Өз тіліңді өзгелерге бағалат.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2019
971
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі