Материалдар / "Бір уыс мақта" ертегісі, көркем әдебиет

"Бір уыс мақта" ертегісі, көркем әдебиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Қатынас, Бөлімі: Көркем әдебиет, Тақырыбы: "Бір уыс мақта". Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2021
645
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ортаңғы (3 жастан бастап), ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған ҰОҚ конспектісі

Өткізу күні: 06.04

Бала саны: 15

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Бір уыс мақта»
Мақсаты: Оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, таныс ертегіні суреттерге қарай отырып айтып білуге талпындыру. Балалардың тілдерін жетілдіру, тіл байлығын дамыту, тыңдау қабілеттерін арттыру, еңбек етуге, үнемшіл болуға тәрбиелеу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету: видеоматериал, Ы. Алтынсариннің суреті.
Сөздік жұмыс: шапан, мақта қиқымы, мамық

Педагогикалық технологиялар: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық ізденіс
Шаттық шеңбері:
Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Өзі аппақ қардай,

Жұмсақтығы мамықтай.

Балалар жұмбақты шешеді,Жауабы:мақта

2.Негізгі бөлім

-Мақта туралы Ыбрай Алтынсарин атамыздың «Бір уыс мақта» деген қызықты әңгімесімен танысамыз. Ертегі АКТ тақтасында көрсетіледі

Сөздік жұмыс

Күн өтпей жатып деген сөздің мағынасы-бір күннің ішінде болған оқиғаны білдіреді.

Шапан-адамның сырт киімі.

Ертегі бойынша балаларға сұрақ қойылады:

-Кішкентай қыз не істеп отырды?

-Анасы қызына қандай ақыл айтты?

-Қыз мақтаның қалған қиқымын қайда лақтырды?



-Оны не алып кетті?

-Анасы оған не айтты?

- Жарайсыңдар балалар, ертегіні мұқият тыңдаған екенсіңдер. Енді ертегінің мазмұнын кім айтып береді маған?

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Торғай болып ұшайық,

Бір отырып,бір тұрып,

Жақсы сергіп қалайық.

Балалар қалаулары бойынша ертегінің мазмұның айтады. Тәрбиеші балаларға көмектеседі.

3.Қорытынды:

Сонымен, балалар, біз бүгін Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесімен таныстық. Бұл әңгімеден еңбек ету және ысырапшылдыққа жол бермеу керектігін түсіндік. Дүниедегі жаратылған жанды - жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды. Мысалы: мата қалдықтарынан көрпе құрауға болады. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткеннің арқасында ғана қол жеткізеді.





































Picture 6

«Бір уыс мақта»

Тәрбиешілер : Сыздыкова А.М. Капарова Ш.А

Мақсаты: Оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, таныс ертегіні суреттерге қарай отырып айтып білуге талпындыру. Балалардың тілдерін жетілдіру, тіл байлығын дамыту, тыңдау қабілеттерін арттыру, еңбек етуге, үнемшіл болуға тәрбиелеу, шығармашылыққа тәрбиелеу.


«Мичурин жалпы білім беретін мектебі» КММ «Балапан» тобында - «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес балалармен арнайы жоба «Ұлы даланың ұлы есімдері» «Бір уыс мақта» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалармен Ыбырай Алтынсаринның «Бір уыс мақта» ертегісін АКТ тақтасы арқылы көрсетіп, таныстырдық, балалар ертегі мазмұнын тәрбиеші көмегі арқылы мазмұндады.

Іс-шараны жоспарлау кезінде балалардың жас ерекшеліктері ескерілді. Материал балаларға қол жетімді деңгейде таңдалады. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді, әңгімені жалғастырды, қызығушылықпен тыңдады, сұрақтарға ықыласпен жауап берді.

«Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы барлық ақпарат «Ұстаз» сайтында орналастырылған.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ