Біратомды және көпатомды спирттер.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Біратомды және көпатомды спирттер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа керекті тақырып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

3.1 Оттекті органикалық қосылыстар

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:


Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Біратомды және көпатомды спирттер.

2 зертханалық тәжірибе «Этанолды этилен гидратациясы және глюкозаның ашуы арқылы алу» №3 зертханалық тәжірибе: «Спирттердің суда еруі, жануы және біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялары»

(19-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.3.2.14 - спирттердің алу жолдарын білу;

11.3.2.15- спирттер қолдану аясын атау;

11.3.2.16 - спирттердің адам ағзасына уытты әсерін

Сабақтың мақсаты:

Жазбаша немесе ауызша түрде спирттердің, фенолдардың, альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының алынуы және қолданылуы туралы жазбаша немесе ауызша түрде баяндама дайындай алады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Ынтымақтастыру атмосферасын құру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары және бағалау крийтерийлерімен таныстыру.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/3f77a8e5-c011-433f-b8e0-b9b336888cf0

Жаңа сабаққа кіріспе


**Оқушыларға спирттердің құрылысына негізделіп, олардың судағы жоғары ерігіштігін түсіндіруді ұсыныңыз.


**Фенолдың құрылыс ерекшеліктеріне негізделе отырып, физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіріңіз.

**Біратомды және көптатомды спирттерге сапалық реакция жүргізіңіздер. Оқушылармен бірлесе отырып, көрнекіленген реакция теңдеулерін құрастырыңыз.

**Оқушыларға, олар орындауға тиісті спирттердің алынуы мен химиялық қасиеттері бойынша айналулар сұлбасын ұсыныңыз.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

15 мин.


Фенолдың физикадық қасиеттері:

Фенол – судан нашар еритін түссіз кристалды зат. Өзіне тән иісі бар, оңай балқиды улы зат, теріні күйдіреді. Бөлме температурасында суда нашар ериді, 70С- та суда жақсы ериді. Ауада тотығып, әуелі қызғылт түске, сосын қоңырқай түске боялады.

Фенолдың химиялық қасиеті


С6Н5ОН + Na → C6H5ONa + H2

С6Н5ОН + NaOH → C6H5ONa + H2O

натрий феноляты


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/3f77a8e5-c011-433f-b8e0-b9b336888cf0

Топтық жұмыс

6 мин


Оқушылар ғаламтор желісін қолдана отырып, постер немесе презентация жасайды.


Топтық жұмыс:

Оқушыларды 3 топқа бөліңіз:

1 топ: Алкогольді қолданудың медициналық салдары

2 топ: Алкогольді қолданудың әлеуметтік салдары

3 топ: Алкогольді ішпейтіндердің санын арттыру әдістері

Орындау уақыты : 20 мин

Карусель әдісін қолдана отырып, әр топ өздерінің тақырыптарын түсіндіреді.

Бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалайды.

Оқушыларға ішімдіктің адам ағзасына әсері туралы қосымша ақпаратты ұсыныңыз.


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


Жеке жұмыс

5 мин


Қалыптастырушы бағалау


Спирттердің алынуы мен химиялық қасиеттері бойынша айналулар сұлбасы бойынша реакция теңдеулерін құрастырыңдар


Н2О НBr NaOH

Б) (СН3)2СНСН2ОН → А → Б → С



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2023
621
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі