Материалдар / Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға сабақ жоспарын жазу барысында көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
2186
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары №5

Оқытушы: Елеусизова Д.

Пән: Дүниежүзі тарихы.

Мамандық, топ: «Исламтанушы». 23-81-82-83

Тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы

Күні.

Сабақ түрі: Білімді жалпылау және жүйелеу сабағы

Мақсаттары:

Күтілетін нәтиже. Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери - саяси одақтардың құрылуы, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау.

1. Студенттердің ойлау қабілетін білу..

2. Ұлттық рухы биік, бәсекеге барынша қабілетті тұлға қалыптастыру.

Әдістері: Тақырыпты талдау, топтық жұмыс.

Сабақ жабдығы: Оқулық, тақта, көрнекті материалдар, карта.

Пәнаралық байланыс: география.

Әдебиет:

Негізгі: Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы(ХХ ғ. басы-1945 жж.): Оқулық 10 сынып. Алматы: Мектеп, 2014

Қосымша: Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: оқулық 10-сынып Алматы: Мектеп, 2014





















Сабақтың барысы және уақытының өлшемі

Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, студенттердің сабаққа қатысуын және аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру, сабақ өту жоспары.

5 минут

2

Білімдерін тексеру











Білім бағалау өлшемі

Тақта алдында сұрау.

1. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Еуропа елдеріндегі демографиялық өзгерістердің болу себебі?

2. Мемлекеттің экономикадағы рөлінің артуына не себеп болды?

3. Басты мемлекеттер арсында дүниені қайта бөлісу күресі неліктен күшейді?

4. Имперализм дегеніміз не?

5. Ағылшын-бур соғысы қай жылдарды қамтыды?

6. Германияда ұлтшылдық пен шовинизм өсуінің себептері?

Сандық бағалау.

30 минут

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі





Түсіндірілетін сұрақтар тізімі

Ауызшы, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы.

1. Дүние жүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі

2. Германияның өркендеуі және әскери - саяси одақтардың құрылуы

3. Орыс - француз одағы

4. Ағылшын - орыс қатынастары

5. Балқан соғыстары

6. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы

7. Марна шайқасы

8. «Верден қырғыны»

9. Германияда революцияның басталуы, соғыстың аяқталуы.

25 минут

4

Студенттердің өздік жұмысы

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай болды?

Соғыстың қандай ірі шайқастарын білдіңдер?

10 минут

5

Тақырыпты бекіту

Германия неліктен «Шлиффен» жоспарын жүзеге асыра алмады?

АҚШ неге 1917 жылы ғана соғысқа кірді?

Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарында соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде келісімге қол қою қашан және қай жерде болды?

Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жалпы адам шығыны қанша болды?

10 минут

6

Сабақ қорытындысы

Түсінік бере отырып, бағалау.

7 минут

7

Үй тапсырмасы

Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы(ХХ ғ. басы-1945 жж.): Оқулық 10 сынып. Алматы: Мектеп, 2014. 56-б.Картамен жұмыс. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.

3 минут



Оқытушының қолы_______________________________

Әдіскер__________________________________________

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы


І дүниежүзілік соғыс: Шілде дағдарысы. Соғыстың басталуына 1914 ж. 28 маусымында Сараевода Босния мен Герцеговинадагы австро-венгр әскерлерінің жаттығуларына келген австрия тағыныц мұрагері эрцгерцог Франц-Фердинандтың өлтірілуі сылтау болды.

Террористік актіні іске асырушы "Млада босна" ұлтшылдық ұйымының мүшесі Гаврило Принциптің ұлты серб болып шықты. Австро-Венгрия өкіметі Германияның мақұлдауымен мұны Сербияға ультиматум коюға негіз бар деп шешті. Ультиматумның талаптары Сербияның тәуелсіздігіне нұқсан келтіретіндей дәрежеде еді.

Бүкіл бір ай бойына Еуропаның ұлы державалары эрц-герцогтың өлімінің салдары қалай болады екендігін талқылаумен болды. Герман императоры Вильгельм II австриялықтарды «сербтерді кұртуға» айдап салды. Ресей, Франция жөне Ұлыбритания австро-германдықтардың бұл әрекеттеріне тойтарыс беру керек деп есептеді. Серб үкіметі Ресейдің кеңесі бойынша ультиматумның барлық талаптарына келісті. Бірақ бұл есепке алынбады.

28 шілдеде Австрия-Венгрия армиясы Сербияга басып кірді. Еуропа еріксіз соғыс өртіне шарпылды. 29 шілдеде Ресей ішінара мобилизация жариялады. 1914 ж. 1 тамызында Германия Ресейге, ал 3 тамызда Францияға соғыс жариялады. Келесі күні соғысқа Ұлыбритания кірісті. Тамызда Германияға Жапония соғыс жариялады. Оның мақсаты Германияның отарларын Қытайдағы иеліктері мен Тынық мұхиттағы аралдарды басып алу еді. Германия өз жағында соғысқа Түркияны, соңынан Болгарияны тартты. Закавказьеде, Таяу Шығыста, Балканда және Африкадағы герман отарларында жаңа майдандар ашылды. Осылай Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды.

Соғыстың себептері жөне оған қатысушылардың мақсаттары. Соғыстың себебі Еуропаның ұлы мемлекеттерінің арасындағы терең қайшылықтар, олардың құрлықта үстемдік орнату үшін өзара таластары, отарларын қорғау немесе оларды кайта бөлісу мүдделері жөне монархтар мен мемлекет саясаткерлерінің кеудемсоқтықтары болды.

Франция 1871 ж. айырылған территорияларын қайтаруды, тіпті мүмкіндігі болса, Рейн жағалауын қосып алуды көздеді. Ұлыбританияның мақсаты мен арманы Германияны құрлықтағы басты бәсекелесі есебінде күйрету болды. Австрия-Венгрия Сербияны қиратып, Балкандағы панславяндық қозғалысқа жөне оның тірегі Ресейге соққы беруді мақсат етті. Германия Франция мен Ұлыбританияны талқандап қана қоймай, олардың отарларын және отарға айналдыру үшін Ресей территориясының бір бөлігін басып алуға ұмтылды. Қос әскери-саяси одақ мүшелерінің кейбір пиғылдары кұпия келіссөздер барысында келісімдермен тұжырымдалған болатын. Қалғандары ашық айтылып, өз елдерінің халықтарының ұлттық сезімдері мен мүдделеріне түрткі салды.

«Ұлттық тұтастыққа», «отан корғауға» шақырған шовинистік ұрандар алғашқы кезде барлық соғысушы елдерде едәуір кең қолдау тапты.

Соғыстың сипаты туралы ол аяқталғаннан кейін ұзақ уакыт бойында пікір таластар жүрді. Үкіметтер «түсті кітаптар» (бір елдерде көк, екіншілерінде ақ т. б.) шығарып, оларда қарсы жақтарын соғыстың шығуына кінәлілер деп айыптады. Шын мәнінде жалпы бүкіл капиталистік жүйенің және әрбір соғысқа катысушы елдің бұл күнәда өз үлесі болды. Жұмысшы қозғалысындағы солшылдар соғысты империалистік деп жариялап, оны буржуазияға қарсы азамат соғысына айналдыруға шақырды. Соғысты бастау және кінәсіз кейбір Еуропа елдеріне (Сербия, Бельгия, Люксембург) агрессия жасау бастамасы австро-германдық одақтың жағынан болды. Соғыс тек Сербия мен Бельгия тараптарынан ғана әділетті еді.

Шлиффен жоспарының сәтсіздікке ұшырауы.

Францияға бейтарап Бельгия арқылы басып кірген герман әскербасшылығы француз-герман шекарасында шоғырланған француз армиясын қоршауға алып, оны күзге дейін талқандап, Францияны тізе бүгуге мәжбүр етуді қөздеген болатын. «Блицкриг» жоспарын соғыс басталудан біраз уақыт бұрын генерал Шлиффен түзген еді. Бірақ жоспар толық іске аспай, қыркүйекте герман әскері тек Верден түбіне дейін ғана жетті. Парижге басып алу қаупі төнді, дегенмен «қас қаққанша аяқталатын» соғыс жоспары іске аспай қалды.

Франция Ресейге Шығыс майданда соғыс қимылдарын жасау туралы өтініш білдірді. Орыс әскерлерінің Шығыс Пруссияда және оңтүстік бағытта австро-венгрия әскерлеріне қарсы шабуылы соғыс қимылдарының француз театрынан Германияның біраз күштерін бұруға себеп болды. Шығыс майдандағы соғыс қимылдары Францияға қарсы шабуылға шығу үшін күш жинауға мүмкіндік берді. Марнадағы шайқас нәтижесінде Парижге тікелей қауіп жойылды. Соғыс қимылдары позициялық сипат алды. Германия екі майданда ұзақ соғыс қымылдарын жүргізуге көнуге мәжбүр болды.

1915 ж. соғыс қимылдары. 1915 ж. Германия мен Австрия — Венгрия Ресейді талқандап, соғыстан шығару мақсатымен стратегиялык белсенділікті Шығыс майданға ауыстырды. Ресейге қарсы австрия-герман қарулы күштерінің жартысынан көбі аттандырылды. Орыс әскерлері Шығыс Пруссия мен Польшадан ығыстырылып шығарылды, бірақ австро-герман әскерлері шабуылды өрістете алмады.

Осы кезде Германия Ұлыбританияны қоршаумен тұншықтырмақ болып, жаңа қару – сүңгуір қайықтар қолданды. Аз ғана уақыт ішінде бірнеше жүздеген кемелер суға батырылды. Бірақ бұл күткендей нәтиже бермеді. Неміс сүңгуір қайығының шабуылы нәтижесінде жолаушы таситын «Лузитания» лайнерінің суға батуы бейтарап елдерде, әсіресе АҚШ-та күшті наразылық туғызды. Осы кезде Германия Гаага конвенциясын (1899 және 1907) қылмыстық жолмен бұзып, Ипра маңында химиялық қару – газ қолданды, ол кейін «иприт» деп аталып кетті.

Соғысушы одақтардың өз жақтарына жаңа одақтастар тарту жөніндегі күресі жалғаса түсті. Италия Антантаның билеуші топтарының соғыстан кейін Балқаннан территориясын кеңейту жөніндегі берген уәдесіне сеніп, Антантаға қосылуды дұрыс деп тапты. Германия Сербия мен Греция территорияларының бір бөлігін беруді уәде етіп, Болгарияны өз жағына соғысқа тартты.

Верден қырғыны және 1916 ж. соғыс қимылдары. Верден маңында бүкіл 1916 ж. барысында (ақпаннан желтоқсанға дейін) орасан зор шайқас жүріп жатты. Француздар бас қолбасша Ж.Ж. Жоффрдың «Қасық қаның қалғанша шайқас!» деген бұйрығын орындады. Бір жылда «верден қырғынында» 1 млн. аса солдат қаза тапты.

Герман армиясының Верденге қысымын әлсірету мақсатымен француздар немістердің Сомма өзенінің жағалауындағы қорғаныс шебін бұзуға әрекет жасады. Соммадағы шайқас бүкіл күз бойына созылды. Бұл жерде ағылшындар алғаш рет танкілер қолданды. Бұл болат әзірейілдер неміс солдаттарына психологиялық әсер етіп, шабуылдың табыстылығын қамтамасыз еткенімен, жалпы стратегиялық жағдай өзгермеді.

1916 ж. жазында Шығыс майдандағы шабуыл табыстырақ болды. Генерал А.А. Брусиловтың әскері Галицияда австрия майданының шебін бұзып өтті. Брусилов шабуылы Австрия-Венгрияны әскери талқандамағанымен, ағылшын-француз әскерлеріне Верден түбі мен Соммада табан тіреп тұруға көмектесті.

1916 ж. соңында Еуропада соғыс қимылдарындағы стратегиялық бастама Антантаға көшті. Таяу Шығыста ағылшын-француз әскерлері Туркияға карсы шабуылды өрістетті. Германия Африка мен Тынық мұхиттағы барлық отарларынан айырылды. Оларды Үлыбритания, Франция және Жапония басып алды. Германияның Ұлыбританияға беттеген кез-келген кемелерге шексіз су асты соғысын жариялау туралы торыққаннан шықкан шешімін осы сәтсіздіктермен ғана түсіндіруге болады. 1917 ж. герман сүнгуір қайықтары 2700 ден астам кемені суға батырды. Бірақ шексіз су асты соғысының басталуы Германияға тағы да бір жау шығуына алып келді – 1917 ж. сәуірінде АҚШ Германияға соғыс жариялады.

Соғысушы елдердің ішкі жағдайлары. Барлық соғысушы елдерде соғыс букіл материалдьщ және адам корларын жұмылдырды талап етті. Үкіметтер халыққа «Барлығы да жеңіс үшін!», «Барлығы да майдан үшін!» деген ұран тастады. Соғыс әрекеттеріне жаппай қолдау табу және ұлттық бірлікке жету үшін билеуші топтар коалициялық үкіметтер құрды.

Бірақ соғысушы елдердің ішкі саясатының басты белгісі өндіріске, тұтынуға, жалпы қоғамға мемлекет тарапынан бақылау мен реттеуді бұрын болып көрмеген жағдайда күшейту болды. Үкіметтер мен өнеркәсіптік буржуазияның әрекеттерінің арқасында әскери-мемлекеттік корпоративттік капитализм қалыптасты.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!