Материалдар / Бірінші Дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептері қандай?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бірінші Дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептері қандай?

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары. ХХ ғасырдың басындағы әлемнің аумақтық бөлінуін және мемлекеттердің саяси құрылымын сипаттау. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындау. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың ұзақмерзімді және қысқамерзімді себептерін талдау және қорытындылау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2021
5464
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: №70 жалпы білім беретін мектеп

Күні: 18.09.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Майлыбай Асылзат Алдабергенқызы

Сынып: 9Ә

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы:

Бірінші Дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептері қандай?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.2.5. ХХ ғасырдың басындағы әлемнің аумақтық бөлінуін және мемлекеттердің саяси құрылымын сипаттау.

9.3.2.1. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындау.

Сабақ мақсаты

Бірінші Дүниежүзілік соғыстың ұзақмерзімді және қысқамерзімді себептерін талдау және қорытындылау

Бағалау

критерийлері

Оқушы:

1. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдарын біледі;

2. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың ұзақмерзімді және қысқамерзімді себептерін сипаттайды.

3. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың сипатын анықтайды.

4. Дәлелдер мен фактілерге сүйене отырып өз көзқарасын дәлелдейді.

5. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың себептері туралы қорытынды жасайды.

Құндылықтарды

дарыту

Соғыс, қатігездіктен бас тартуға, адами құндылықтарды жоғары бағалауға үйрету.

Жаһандық азаматтық – бұл біз әлемнің бір бөлігі екенімізді және әлемде болып жатқан оқиғалардың барлығына әрқайсысымыздың тең дәрежеде жауапты екендігімізді көрсетеді.

Нақты мысалдар арқылы оқушыларға соғыс пен қайғылы жағдайлардың мәнсіздігін түсіндіру.

Оқушыларда төзімділік пен гуманизмді тәрбиелеу.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар жасай алады:

«Бірінші Дүниежүзілік соғыстың басталуына кім жауапты болды?» тақырыбында пікірталасқа қатысу. (сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту)

Пәндік лексика мен терминология

Милитаризм, қару-жарақ, ұлтшылдық, империализм, капитализм, альянстар, Үштік одақ, Антанта (Үшжақты келісім), жүрек келісімі, халықаралық шарттар, ұзақ мерзімді себептер, қысқа мерзімді себептер, Балқандар, славяндар, Кайзер, патша, император, эрцгерцог

Диалог және хат үшін пайдалы сөз тіркестері

... үштік Одақтың мүшелері болды.

Қару-жарақтар тартысының басталу себебі ...

Еуропалық елдер арасында бәсекелестік болды, себебі ...

Соғыс басталуының негізгі себебі ...

Соғыс басталуының басқа да себептері ...

Ұлтшылдық Бірінші дүниежүзілік соғыстың негізгі себебі болды, себебі ...

Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі экономикалық даму ... нәтижесі болды

Оған қарамастан... бұл маңызды себеп ... одан да аса маңызды себеп болды, себебі ...

Біз сіздердің жеке мәлімдемелеріңізбен келісеміз, дегенмен ...

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихы: Қазақстан Ресей империясының құрамында болса БДС-тың әсері көрінді (салықты арттыру, майданның қажеттіліктері үшін төрт түлікті реквизициялау, патшаның 1916 жылғы 25 маусымда шетелдіктерді реквизициялау туралы жарлығы)

География: оқушылар әлем картасында Үштік Одақ қатысушыларын және Антантаны (БДС қарсаңындағы) көрсетеді.

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет-ресурстар, планшеттер, ноутбуктерді пайдалану.

Бастапқы білім

Студенттер басты империалистік державалар арасында әлемнің аумақтық бөлінуінің аяқталғандығы туралы, сондай-ақ шикізат пен нарықтар көзі ретінде колониялар үшін күрес туралы да біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(В/С) Негізгі фазасы:

Студенттерге Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейін халықаралық саяси ортаны бейнелейтін 20-шы ғасырдың басындағы карикатураны көрсету. Студенттерге 1914 жылы Еуропадағы саяси жағдайды сипаттауды сұраңыз.

ФО: мұғалім оқушылардың пікірлері туралы түсініктеме береді, сәтті, ұтымды идеяларды ынталандырады. Сабақ тақырыбын ОМ және БК сыныпта талқылаңыз

Слайд 1








Слайдтар 2-4

Сабақтың ортасы

30 мин

Тапсырма №1. Оқушылардан терминдердің мағынасын еске түсіруін сұраңыз (жеке 5 минут,)

Монархия, колония, мегаполис, империализм (әр топқа бір термин ұсынуға болады) Келесі слайдты дұрыс жауаппен көрсетіңіз (үлгі бойынша өзін-өзі бағалау)

Тапсырма №2 (T/C) (5 минут) оқушыларға австриялық эрцгерцогтың Франц Фердинанд пен оның жұбайы Софияның өлімі туралы бейнероликті көрсету. Талқылау ұйымдасыру: австриялық эрцгерцог Франц Фердинандтың өлімі соғыстың басталуының негізгі себебі болды ма, немесе соғыс онсызда басталар ма еді?

(К) Оқушылардың жауаптарына пікір берместен осы мәселе бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріңіз.

Тапсырма №3 (G/P) (ф) (10 минут) Оқушыларға соғыс себептері жазылған карталар жиынтығын беріңіз. Топтарда/жұптарда (сыныптағы оқушылар санына байланысты), оқушылар соғыстың қысқа мерзімді және ұзақмерзімді себептерін анықтайды. Оқушылар кесте немесе сызба (фишбоун) құрастырып себептерін жазып шығады. Сондай-ақ себептеріне сүйене отырып БДС-тың сипатын анықтайды.


Ұзақмерзімді себептері


Сипаты

Қысқамерзімді себептері


Өзара бағалау: студенттермен схемаларымен алмасып және дескрипторлар бойынша пікір білдіреді:

Оқушы:

3 ұзақ мерзімді себептерді көрсетеді;

3 қысқа мерзімді себептерді көрсетеді.

БДС-тың агрессивті, империалистік сипаты туралы қорытынды жасайды

Сызбаның мұқият толтырылуына мән береді.


(С) Сабақтың соңында Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейін Балқандағы жағдайды бейнелейтін карикатураны тағы бір рет көрсетіп, оқушылармен Балкан түбегін неліктен «Еуропаның ұнтақты бөшкесі» деп атағандығын талқылаңыз»

Слайдтар 5 – 6









Слайд 7

https://www.youtube.com/watch?v=6h8eOdBy0ZY









Слайд 8 – 10









Шаблон «Фишбоун»

















Слайд 11








Слайд 12

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия



Бүгінгі сабақта немен айналыстық?

Ол үшін не істедік?

Не жақсы шықты?

Нені жасай алмадық?

Болашақта нені ескеру керек?











БДС-тың қатысушылары, яғни негізгі елдердің мақсатын қалыптастырыңыз. Қандай ортақ ұмтылыстарын атап көрсетуге болады? Бірінші дүниежүзілік соғыс оның кез-келген қатысушысы үшін әділ деп санауға бола ма? Неліктен?

Слайд 13












Слайд №14


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1) Тапсырмалар белгілі бір уақыт аралығына беріледі (жасырын дифференциация);

2) Теориялық дайындық деңгейі әртүрлі оқушылар сұрақтарға жауап бергенде өз көзқарастарын ұсынады;

3) Кластер жасай отырып, оқушылар көптеген сұрақтарына жауап ала алады;

4) Студенттердің көпшілігі тарихты зерттеуде өркениеттер мен өркениеттік тәсілдерді жіктей алады;

5) Мықты оқушылар жетекші рөлге шығады («Пікірталас» ойынында);

6) Кейбір оқушылар өркениеттердің өзара тәуелділігі мен өзара әрекеті туралы дербес қорытынды жасай алады

ФБ: мұғалім оқушылар жұмысына пікір айтады, жауаптарын түзетеді, сәтті жауаптарға жағымды пікір білдіреді.

Топтық жұмыстарды смайликтермен бағалау

Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!





Интерактивті тақтаны және планшеттерді 20 минуттан артық қолданбау

Физминутка:

Видеоролик https://www.youtube.

com/watch?v=x0GksFUDFQ4

Мультимедиялық бөлмеде жқмыс істеудің қауіпсіздік техникасы ережелері

  • Тәртіп пен тазалықты қадағалау, қауіпсіздік ережесін сақтау;

  • Мұғалім нұсқауымен жұмыс орнына отыру, өз еркімен орын ауыстырмау;

  • Мұғалім ұсынған жұмыс түрімен ғана айналысу;

  • Мұғалімге кез-келген бақыланатын аппараттық ақаулар туралы немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің қате жұмысы туралы дереу хабарлау;

  • Травмалық жағдай болса, әсіресе электр тоғынан зардап шексе шұғыл түрде мұғалімге хабарлау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!