Материалдар / Бірінші сынып оқушыларын мектеп өміріне бейімделуін психологиялық сүйемелдеу жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бірінші сынып оқушыларын мектеп өміріне бейімделуін психологиялық сүйемелдеу жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныпта үйлесімділік орнату, танымдық процесті дамыту, диагностика нәтижесі бойынша төмен деңгейді көрсеткен оқушыларды бақылау, оларға мектепке деген оң көзқарас қалыптастыруды үйрету;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2021
332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі КММ















Бірінші сынып оқушыларын мектеп өміріне бейімделуін психологиялық сүйемелдеу жоспары







Құрастырған: педагог-психолог Сапарбаева Жадыра Құлахметқызы





















2020-2021 оқу жылы


Бірінші сынып оқушыларын мектеп өміріне бейімделуін психологиялық сүйемелдеу

Берілген жұмыста бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделу кезіндегі қиындықтарын диагностикалау, қажет болған жағдайда түзету жұмыстарын жүргізу, ата-аналар мен мұғалімдерді ақпараттандыру, дамыту жаттығулары жүргізіледі. Бірінші сынып оқушысының мектеп өміріне бейімделу кезеңінде әртүрлі қиындықтарды жеңу мақсатында оларға психологиялық қолдау көрсету өте маңызды.

Мақсаты: Сыныпта үйлесімділік орнату, танымдық процесті дамыту, диагностика нәтижесі бойынша төмен деңгейді көрсеткен оқушыларды бақылау, оларға мектепке деген оң көзқарас қалыптастыруды үйрету;

Міндеттері: Есте сақтау, зейін, ойлау процестерін дамыту, балада жағымды эмоцияны қалыптастыру, коммуникативті дағдыны орнату;

Жүргізу әдістері: Диагностикалау, бақылау, әңгімелесу, қысқалекциялар, тренингтік жаттығулар, жеке және топтық кеңес беру, жаднамалар тарату;



Оқушылармен төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі:

Диагностикалық

Мақсаты: Оқушылардың мектеп өміріне бейімділік деңгейін анықтау, таным процестерін дамыту, зерттеу

- Керн-Йерасек тесті

- Оқушыларды бақылау, сабақтарына қатысу

- Таным процестерін зерттеу


Ағартушылық

Мақсаты: Топпен практикалық жұмыс, ата-аналардың психологиялық білімдерін жоғарылату, ата-аналарға «Бірінші сынып оқушыларына психологиялық көмек» тақырыбында жиналыс өткізу;


Түзету-дамытушылық

Мақсаты: Айына бір рет /қыркүйек-желтоқсан/ тренингтер ұйымдастыру, оқушылар бойындағы эмоционалды қысымды шығару, өз-өзіне сенімділік деңгейін арттыру;

Кеңес беру

Мақсаты: Ата-аналарға кеңестер беру, жеке және топтық кеңестер беру сұраныс бойынша


Бірінші сынып оқушыларымен жүргізілетін түзету-дамытушылық жұмыстың жоспары


р/с

Тақырыбы

Формасы

Мерзімі

1

«Жүрек»


Тренинг

Қыркүйек

2

«Мейірімділік»

Тренинг


Қазан

3

«Тыныштық»

Тренинг


Қараша

5

«Біз біргеміз!»

Тренинг


Желтоқсан



1 сабақ. «Жүрек» тренингі


Мақсаты: Бірінші күндегі оқушылардың қорқыныш деңгейлерін төмендету, жаңа ортаға бейімделуін қалыптастыру;

Жүргізуші: Біз – сыныппыз. Бізде алда көп жылдар күтуде. Ұзақ уақыт бойы бірге өсеміз, үйренеміз, білім аламыз. Сол себепті бір-бірімізді танып, білуіміз керек, ол үшін не істеуіміз керек? Дұрыс айтасыңдар. Танысуымыз керек. Адамды өз есімімен атаған құлаққа жайлы естіледі, яғни сені құрметтейді, жақсы көреді.

Менің қолымда кішкентай «Жүрек» бар.(Стикер жүрек)Адамның жүрегі жылылыққа, достыққа толы. Мен оны сендерге беремін. Сендер әрқайсысың «Жүрек» қолдарыңа келгенде өздеріңнің есімдеріңді айтасыңдар. Менің аты-жөнім Раиса Оңдалықызы. Достарыңның есімдерін жаттап алуға тырысыңдар. Жүрек маған қайтып оралды. Әрқайсысыңның есімдеріңді есте сақтады деп сенемін, егер мен ұмытып қалсам, маған көмектесесіңдер ме?

Балалар, сендер білесіңдер ме, мейірімді адамды бір сөзбен қалай атайды? (кішіпейіл, ақылды, жайлы, сабырлы ж.т.б.) Жарайсыңдар! Ал қатыгез адамды ше? Оны неге бұлай атайды? Я, өте дұрыс. Мейірімді адамның жүрегі мейірімге толы. Ол өз жүрегіндегі мейірімінен өзге жанға мейірім шуағын шашады.

Қолдарыңды жүрек тұстарыңа қойыңдар. Оның соғысын тыңдап көрейікші. Біздің жүрегіміз мейірімге, жақсылыққа толы, естіп тұрмыз ба?

Мен сендерге не әкелгенімді қараңдаршы. (үлкен плакатқа салынған жүрек көрсетіледі) Бұл неткен, үлкен жүрек. Біз бұл жүректің ішіне барлығымыз сыйып кетеміз бе? Біз барлығымыз бір бүтінбіз, бір сыныппыз. (Жүрек тақтаға ілінеді).Бұл жүректің ішінен барлығыңа орын табылады. Бәріміз түрлі-түсті қарандаштарымызды алып, мен берген кішкентай жүрекке сыныптағы оқушыларға сыйлықтар саламыз, Ол машина, гүл, ойыншық, табиғат болуы мүмкін, бояуға да болады. Кім болса, қолын көтерсін. (Психолог жүректерді жинап алады)

Балалар, не шыққанын қараңдаршы. Үлкен жүрек ішінен бәріңе орын табылды. (Қандай сурет салғанын атап айту қажет.)

Кейде көңіл-күйлерің түсіп, өздеріңді жалғыз сезінсеңдер, осы үлкен жүректі естеріңе түсіріңдер, Көп жылдар өтеді, үлкен азамат боласыңдар. Сосын осы жүректі бәрің қайта естеріңе аласыңдар.

Ал қазір менің сендерге сыйлығым (кішкентай жүрек стикерлер тарату). Бұл жүрекке қандай сурет салғыларың келеді, соны салуларыңа болады. Бұл жүректі анаңа, әкеңе, әжеңе, апайыңа, бауырыңа, досыңа беруіңе болады. Өзің қалаған адамыңа. РАХМЕТ)

















2 сабақ «Мейірімділік»


Мақсаты: Топта ынтымақ, жағымды эмоциялық жағдай тудыру;


«Мейірімді есім» жаттығуы

Мақсаты: Эмпатияны дамыту, жағымды эмоциялық күй тудыру.

Нұсқау:Балаға оң жағындағы көршісіне мейірімді түрде атау ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын білдіреді. Бірінші шеңберден кейін жаттығу кері жаққа орындалады./енді сол жағындағы көршісін мейіріммен атайды./


«Атом және молекула» жаттығуы

Мақсаты: Қысымды түсіру, топты біріктіру. Осы жаттығу көмегімен баланың өзара қарым-қатынасын бақылауға болады.

Нұсқау: Бала бөлмеде еркін қозғалады. Бірнеше уақыттан кейін психолог: Сенің әрқайсысың атомсың, жалғыз жүріп ішің пысып кетті, сондықтан атом екіден бірікті, содан кейін үштен жіне төрттен бөлін деген тапсырма ұсынылады.


«Мен...ұнатамын» жаттығуы

Мақсаты: Балада эмпатияны, өз ойын білдіру іскерлігін дамыту.

Нұсқау: «Бір-бірін тану үшін «Мен... ұнатамын» ойынын ұсыну. Допты кім тосып алады, сол нені ұнататынын атай отырып, оны келесі білім алушыға лақтырады.


«Тыныштықты тыңдау» жаттығуы.

Мақсаты: Өзіндік бақылауды, есту зейінін дамыту, эмоциялық қысымды түсіру, қозғалыс белсенділігін төмендету.

Нұсқау: Балаға 15 секунд үндемей және тыныштықты тыңдау ұсынылады. Содан кейін әрқайсысы не естігенін ортаға салады.


«Көңіл-күй өлшегіші» жаттығуы.

Мақсаты: Қысымды түсіру, жағымды эмоциялық хал-ахуал жасау.

Нұсқау: Жүргізуші баладан жалпы өлшейтін зат туралы сұрайды/термометр, дене қызуын өлшеуіш/ және ол не үшін қажет. Содан кейін өз көңіл-күйін тек қолымен көрсетеді: нашар көңіл-күй – алақан бір-бірімен жанасады, жақсы – қолы екі жаққа бағытталған.















3 сабақ: «Тыныштық»


Мақсаты: Танымдық процесс туралы білімді қалыптастыру, есте сақтау, ойлау, қиялды дамыту;


«Әңгіме» жаттығуы

Мақсаты: Қысымды түсіру, топта жағымды эмоциялық хал-ахуал жасау.

Нұсқау: «Бала сен білесің бе, адамға ес, зейін, ойлау және қиял не үшін қажет? Өте дұрыс...»


«Лабиринг» жаттығуы

Мақсаты: Көркемдік-бейнелі ойлауды, зейінді, өзін-өзі бақылауды дамыту

Нұсқау: Балаға лабиринт салынған жолақ және қосымша нұсқау беріледі.


«Айна» жаттығуы

Мақсаты: Қиялды, кеңістікте бағдарлануды, ересек қимылын қайталау, іскерлікті дамыту.

Нұсқау: Барлық бала шеңбер бойына немесе қатарға орналасады және «кішкентай айна болады».


«Тыныштықты тыңдау» жаттығуы.

Мақсаты: Өзіндік бақылауды, есту зейінін дамыту, эмоциялық қысымды түсіру, қозғалыс белсенділігін төмендету.

Нұсқау: Балаға 15 секунд үндемей және тыныштықты тыңдау ұсынылады. Содан кейін әрқайсысы не естігенін ортаға салады.


«Көңіл-күй өлшегіші» жаттығуы.

Мақсаты: Қысымды түсіру, жағымды эмоциялық хал-ахуал жасау.

Нұсқау: Жүргізуші баладан жалпы өлшейтін зат туралы сұрайды/термометр, дене қызуын өлшеуіш/ және ол не үшін қажет. Содан кейін өз көңіл-күйін тек қолымен көрсетеді: нашар көңіл-күй – алақан бір-бірімен жанасады, жақсы – қолы екі жаққа бағытталған.
















4 сабақ «Біз біргеміз»


Мақсаты: Топты біріктіру. Ырықты есте сақтауды, зейінді дамыту;


«Көңіл-күй өлшегіші» жаттығуы.

Мақсаты: Қысымды түсіру, жағымды эмоциялық хал-ахуал жасау.

Нұсқау: Жүргізуші баладан жалпы өлшейтін зат туралы сұрайды/термометр, дене қызуын өлшеуіш/ және ол не үшін қажет. Содан кейін өз көңіл-күйін тек қолымен көрсетеді: нашар көңіл-күй – алақан бір-бірімен жанасады, жақсы – қолы екі жаққа бағытталған.


«Бұл мен. Мені таны» жаттығуы

Мақсаты: Эмоциялық қысымды, агрессияны түсіру, эмпатияны, тактильді қабылдауды дамыту, топта жағымды эмоциялық жағдай қалыптастыру;

Нұсқау: Топ ішінен арқасымен тұратын бір жүргізуші таңдалады. Бала кезекпен арқасынан алақанымен сипалап былай дейді: «Бұл мен. Кім екенін тапшы». Жүргізуші кім екенін табуы қажет. Жүргізушінің орнында баланың барлығы болып шығуы қажет.


«Шатасу» жаттығуы

Мақсаты: Ерікті есте сақтауды дамыту, топта жағымды эмоциялық жағдай тудыру.

Нұсқау: Бір жүргізуші таңдалады, қалғаны шеңбер бойына немесе бір қатарға орналасады. Жүргізуші 15 секунд ішінде баланың ретіне қарап есінде сақтайды. Содан кейін ол теріс қарайды. Ал баланың кейбіреуі орнын ауыстырады немесе жасырынып қалады. Жүргізуші өзгерісті табуы керек.


«Мейірімді піл» жаттығуы

Мақсаты: Қысымды, агрессияны түсіру, қозғалыс белсенділігін төмендету.

Нұсқау: Бала шеңбер бойына орналасады. Тұтас мейірімді піл екенін айту. Әрбір бала алдындағы баланың белінен құшақтайды. Нұсқау бойынша көршісінің иығын, басын, арқасын, қолынан сипайды. Содан соң бөлме ішімен жүру және орнына отыру ұсыналады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!