Материалдар / Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне арналған психологиялық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне арналған психологиялық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне және психологтарға әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
632
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІНЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚ

Салахиденова Ботагоз Аманжоловна

Әбу Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Мектеп – бала дамуын жүйелі қалыптастырып отыратын орта. Мектептегі өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында негізгі рөл атқарады. Баланың тұлғалық дамуын, мінезін тәрбиелеу мен қалыптастыру басты міндет - олардың жан-жақты болып өсуін қадағалау. Міне, осы орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әрекеттерді жою талабы психологиялық және педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты.

Бала мектепке келгеннен кейін оқу оның негізгі іс - әрекетіне айналады. Мектепте бала белгілі бір мерзім ішінде қабілеттілік пен икемділіктің белгілі мөлшерін меңгеріп және оларды талдауды үйренеді. Жалпы білім беретін мектептердің алғашқы сыныбына келген балалар оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды басынан өткереді. Қиындықтың ең алғашқы себебі – мектептік оқуға деген қызығушылығының төмендігі немесе психологиялық дайын еместігі. Мектептегі оқудың бастауы тек өмірдің жаңа шарттары ғана емес, сонымен қатар жаңа байланыстар, қарым-қатынас, жаңа міндеттер. Осыған орай бала өмірі өзгереді: бәрі оқуға, мектеп іс - шараларына негізделеді. Бұл өте маңызды кезең. Мектеп алғашқы күннен бастап оларға интелллектуалдық және физикалық күшті қажет ететін тапсырмалар береді

Баланың мектепке бейімделуіне негізгі үш жақты қиындық әсер етеді:

Біріншісі: мектептің жаңа күн тәртібі, ерте ұйқыдан тұру, тыныш отыру, сабақтан қалуға болмайды, дер кезінде сабақты орындау. Мұндай дағдылар балада бұрыннан болмағандықтан бала шаршайды, сабақтан қалғысы келіп тұрады, мазасызданады. Ең бастысы мұғалім мен ата - ана осы жағдайларды дұрыс ескерген жөн.

Екіншісі: баланың мектеп мұғалімдері мен құрбыларымен және отбасымен өзара қатынасына байланысты туындайтын мінез-құлықтар.Бала мектепке келген соң оның үйдегі орыны да өзгереді.Оның міндеттері мен құқықтары да жаңаша құрылады.

Үшінші түріне бірінші сынып оқушылары оқу жылының ортасына қарай сезінеді. Олар басында мектепке бірден жүгіріп, уақытынан ерте баратын болса,кейін ересектердің ықпалымен ғана барады. Басында тапсырманы тез қызығушылықпен орындаса,қсы кезеңде ол төмендейді және немқұрайлыққа көшеді. Кейбір балалардың бейімделуіне біраз уақыт қажет ; олар сабақта ойнап отыруы мүмкін немесе мұғалім ескертуіне қарамай сыныптастарымен келіспеушілікке баруы мүмкін. Керісінше кішкентай балалар сияқты жылап қиындықтар тудыруы мүмкін.Тек бірінші тоқсанның соңына қарай балалар бейімделе бастайды. Баланың табысты бейімделуі мектеп пен отбасының ынтымақтастығына байланысты.Міне сондықтан мектеп психологы ретінде бірінші сынып білім алушыларымен бейімделу бағытында сабақтарды жүргізіп отырамыз. Психологиялық сабақтардың берері мол. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап балаға күш беріп, қолдау көрсетілсе бала тез бейімделіп кетеді.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың бір-бірімен, мектепте өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру.

Көрнекі құрал-жабдықтар: Оқушыларға ережелерді еске түсіретін белгілер; диаметрі 10-12 см дөңгелек қағаздар; 7-10 минуттық әуен;

Сабақ барысы:

Психолог: Сәлеметсіздер ме,балалар! Біз бүгін қағидаларымен танысамыз. Бастайық.Алдыңғы сабақтағы тақпақты қайталау.

Жаттығу: Сезгіш қол.

Тақтаға 10-12 оқушы шығады. 3-4 тапсырманы осы топ жасағаннан кейін, бұл балалар орнына отырады,психолог келесі балаларды шақырады. Соңында бар оқушы ойынға қатысады. Олар өздерінің арасынан қай оқушының қолы ең жылы екенін табулары керек. Ең қолы жылы бала өзі бүкіл сыныптағы оқушылардың қолын ұстап,ең жылы қол сыныптағы оқушылардың ең суық қолын табу керек.

Келесі тапсырма: сыныптағы жылы бетті,құлақты,мұрынды және ең суығын балаларды сипай отырып табады.

Мектеп өмірінің қағидалары.

Психолог: Оқушылар ,сендер жолда түрлі белгілерді көресіңдер,олар жүргізушіге қайда жүруге болатынын, қайда болмайтынын көрсетеді. Ол белгілер- жолда жүру ережелерін білдіреді.Мектептің де өз ережелері бар.

1-белгі. Сабақ кезінде оқушыларға бір-бірімен сөйлесуге болмайды.Барлық оқушыларға бірге сөйлесуге,жауап беруге болмайды.

2-белгі. Барлығы бірге жауап бергенде ештеңе естілмейді,сондықтан да дұрыс жауапты білсең де орыннан айғайлауға болмайды.

3- белгі.басқа оқушыларға сұрақ жауабын айтуға болмайды.Егер досың сен үшін жауап беріп қойса,онда ол ойлауды ұмытады,сен бұнымен оған көмектесе алмайсың. Біздің сыныпта ондай балаларға орын жоқ.

4-белгі. Егер мұғалімнен бірдеңе сұрағың келсе немесе сұраққа жауап бергің келсе не істеу керек? Жауап беру үшін ,қолды көтеру керек.

  • Енді ормандағы мектепте 1- сыныпта оқитын аңдар арасында болған оқиғаны тыңдаңдар: Оларда бүгінгідей белгілерді үйрететін сабақ өтіпті. Бәрін естеріне сақтайды. Келесі күні сабақта аңдар қандай ережені ұмытып қалды, соны көресіңдер, қол көтеріп жауап берір.





Орман мектебіндегі сабақ.

Таңертең аңдар сыныпқа жиналды. Қонжықтың ұйқысы ашылмаған қалпы,ал қоян секіріп сабақтың басталғанын тағатсыздана күтіп жүр.Түлкі сыныбындағы аңдарға қарап,есімдерін есіне түсіріп жатты. Қоңыра соғылды. Сабақ басталды. Сыныпқа мұғалім кіріп, оқушылармен амандасты.

  • Кәне,кім маған кітаптарды таратуға көмектеседі,-деп үлгерместен аңдар орындарынан секіріп тұрып,бәрі «Мен көмектескім келеді! Мен көмектесем!» деп айғайлайды. Ал қоян мен түлкі мұғалімнің жанына жүгіріп барып,секіріп тұр.Мұғалім оларды әзер дегенде тыныштандырды. Ал сабақ әлі жалғасуда.Мұғалім аңдарға жұмбақ жасырда. Қонжық басын түлкіге иіп алып, тыңдап отыр. Түлкі сыбырлап,ормандағы ең үлкен саңырауқұлақтың өсетін жерін сабақтан кейін көрсететінін, саңырауқұлақ мына үстелдің ұзындығындай екенін айтып отыр.Мұғалім құлақ салып тыңдаңдар деді. Жұмбақ жасырып,шешімін тапқызды.

Жұмбақ: Түні бойы ұшады,тышқандарды аулайды.

Ал таң атқанда олар ұйықтайды.Бұл не?

-Қонжық сен қалай ойлайсың? Қонжық орнынан тұрып, түк түсінбейді.Мұғалім тағы сұрайды.

-Бұл түлкі, деді қонжық, мұғалім не туралы сұрағанын ұқпай. Бәрі ду күлуде. Мұғалім: қояннан жауап сұрады.Ол жауапты білмей,қыли көзімен сыныптастарынан көмектес деп сұрады.Тиын сыбырлап «Үкі» деді. Қоян қалыс естіп,түлкі дейді. Бірақ аңдар бұл сабақтан еш қызықты нәрсені үйрене алмады.Неге осылай болды? Олар қандай ережені ұмытты.Ал енді,балалар,келесі жаттығуға көшеміз.

- «Тірі ағаштар» жаттығуы.

Өмірде жоқ нәрсені ойлайтындарды, елестететіндерді фантазер дейді. Олар ой мен құсты аңға не болмаса бір затқа айналдырып жібереді.Біз де солай істеп көрейік. Біз ағашқа айналдырайық. Мысалы: жұқа қайыңға,алма ағашына. Орындарыыңнан тұрып, өздеріңді ағаш деп ойлаңдар. Қолдарыңды бұтақ сияқты биікке көтеріңдер. Жел болды, бұтақ қозғалды. Қатты жел болды,сендердің жапырақтарың-саусақтарың қозғалсын.Жел сыбырлап, бұтақтар жай ғана қозғалды,жапырақтары дыбыс береді... біз өте әсем талдармыз. Біз күнге қарай созыламыз.,қуанамыз,өте әдемі болып,биік жапырақтарымыз аспанға тигенін армандаймыз. Ал қазір,ақырын ғана қолымызды төмен қарай түсіріп,бұрынғы қалпымызға келеміз. Ал көңіл-күйіміз сол қалпында қалды. Рахмет!!! Орындарыңа отырыңдар.

Тапсырма: «Сыныпқа сыйлық»

Психолог оқушыларға дөңгелек қағаздарды таратады.Біз бүгін өзімізге әрі сыныбымызға сыйлық жасаймыз. Бұл сыйлық жай емес, музыкалық сыйлық. Сендер қазір әдемі музыканы естисіңдер,оны тыңдап,дұл әуен не туралы,оны естігенде қандай сурет салғыларың келетінін ойлаңдар. Мысалы: біреулерің өздеріңнің сүйікті ойыншықтарыңды,орманды, көлді салғыларың келеді.20-25 секунд әуенді тыңдап,не елестеді,соны салады. Аяқталған суреттерден көрме ұйымдастырылады.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!