Материалдар / Бірлескен топтық жұмысты пайдалану туралы №1 рефлексиялық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бірлескен топтық жұмысты пайдалану туралы №1 рефлексиялық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Деңгейлік оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Деңгейлік оқыту тәсілінің теориялық негіздерін үйрену.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2022
627
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Кіріспе

XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде.Осы процессті жандандырып дамытуда  жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады.Жаңа заман талабына сай жаңашыл мұғалімдерге сапалы  және инновациялық технологияларды  меңгерту.Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан  жылға күрделі және өзекті  мәселеге  айналуда.Оқыту барысында  озық,тиімді технологиялар тәжірибеге  енгізілуде.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Деңгейлік оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Деңгейлік оқыту тәсілінің теориялық негіздерін үйрену.

Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.






















Бірлескен топтық жұмысты пайдалану туралы №1 рефлексиялық есеп

Сабағымда стратегияларды қолдану  арқылы оқушылардың   жұппен, топпен жұмыс жасауға деген белсенділігін, сабаққа көңілді қатысуын,қызығушылықтарын  ояттым келді. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға  салуы маңызды. Бірлескен топтық жұмысты ұйыдастыруда жұмыстың кезеңделуін басты назарға алдым . Топтық жұмысты ұйымдастырудың алдында топтағы белсенділік қызметін ұйымдастыру мақсатында топ ережесін жасау арқылы тәртіп талабын жасадым. Осы кезеңде үйренген топтастыру жұмыстарын келесі кезеңде қолдандым. (1.1- сурет)Студенттермен топта жұмыс жасау маңыздылығын , топта қалай жұмыс жасау керектігін сонымен қоса жұмыс барысында талқылау өзектілігін түсіндірдім Студенттердің өз бетімен ізденушілік қабілеттерін арттыру және кездесетін қиыншылықтарды жою мақсатында топтық жұмыстарды ұйымдастырдым. Топтық жұмыс студенттердің әлеуметтік қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Топта бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух бағаланады . Нәтижесінде өз ойы бар оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.

Алғашында студенттер топқа бөлініп бір-бірін тыңдамау, үнемі көшбасшылыққа ұмтылу, біреудің пікірін елемеу, уақытты үнемдемеу, мағынасыз сөздерді қайталай беру көп кездесті. Студенттер топта ең алдымен өзін өзі көрсеткілері келді. Яғни сабақта олар жарыса отырып топтық ереженің мазмұнын түсінбеді. Бірақ кейінгі сабақтарда олар өздерін еркін ұстағанымен топ ережесіне бағынды. Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленген тапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс, олар топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып-қамтамасыз етіп оқытуды, ойлауды және түсінуді дамыту үшін қолданады.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған деңгейлік бағдарламаның 2 кезең барысында алған білімімді тізбектелген сабақтар топтпмасында қолдандым . Топтасу, бірігіп еңбектену сияқты жаңа формалары студенттерге қызықты, әрі ұнамды болатындығын сездім.. Бірлескен топтық жұмысты пайдаланудың мазмұны мен әдістерін тереңдете түсіну арқылы өз тәжірибеме енгізіп, алдағы сабақтарыма қолданатын боламын.






Диалогтік оқытуды енгізу туралы №2 рефлексиялық есеп

Білім беру бағдарламасына 7-модульді кіріктіре отырып сабағымды жоспарлағанымда оқушылардың өз бетінше іздену,ойлану,зерттеу, пікірін еркін айта білу сияқты қабілеттерінің дамитындығына көз жеткіздім.Жеті модульдің ішінде оқушылардың тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін дамытатын модульдің бірі Диалогтік оқыту екендігін ойға түйдім.

Бақылау нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.Аталған авторлардың зерттеулерінде ересектермен интербелсенді қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған.

Выготскийдің жорамалдауынша оқушы диалог құру нәтижесінде жүйелі білім алатындығы көрсетілген.Оқытудың сындарлы теориясын негізге ала отырып оқушының білім деңгейін дамытуға мұғалімнің рөлі ерекше екенінін түсіндім.Диалогтік оқытуды өз сабағыма енгізуде ЖАДА , көпіршелерді тиімді қолдана алуды мақсат еттім.Талданатын идеалар ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқу табысты болатынына көз жеткіздім. Диалогтік оқыту-оқушыларға бір бірімен сөйлесуге мүмкіндік бере отырып, жоғары деңгейде ойлау қабілетін дамытатындығын түсінуге болады. Жоғары деңгейде ойлана алған оқушы іс-әрекетті бағалай алатындығын өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беретіндігін түсінуге болады.Жеті модулдің қайсысы болмасын, «Қалай оқыту керектігін үйрену» мен «Диолог арқылы оқыту» тығыз байланыста болатындығын оқып үйрендім. Бұндай үдеріс нәтижесінде мұғалім мен оқушының арасындағы еркін пікір алмасу,оқушылардың өзіне берілген сұраққа сыни тұрғыдан ойлана тұрып жауап беретіндігі дәлелденген.

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға баулу оқушылардың белгілі бір тақырыпты жан жақты зерттеп,бақылап ізденіп,талдай отырып меңгеруіне ықпал жасайтындығын түсінуге болады.Оқытудағы әңгіме арқылы (Александр 2004ж)оқушылар арасындағы білім қатынасында біржақты емес, екі жақты бағытта жүзеге асатындығын,сол арқылы сабақ жоспарында қойылған оқу мақсатынан күтілген нәтижеге қол жеткізуге болатындығын түсіндім. Бірлесіп оқу-оқушыларды диалогқа түсіре отырып жүзеге асады. Мерсердің зерттеуіне сүйене отырып сабақ барысында белгілі бір тақырыпты немесе мәселені әңгіменің үш түрі аясында (әңгіме-дебат,кумулятивтік-әңгіме,зерттеушілік-әңгіме)жүргізу-білімнің сапалылығын көрсететінін ұғындым.

Ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Сұрақ қою барысында: Оқушы мен оқушы сұрақ қою арқылы диалог өрбиді.Мұғалім мен оқушы арасында жетелеуші сұрақтар,түрткі болу сұрақтар,басқаға бағыттау сұрақтарды қою арқылы өрбиді.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мүғалім төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолдана отырып күтілетін нәтижеге қол жеткізуге болатындығы нақтыланған.Осы ретте оқушының белсенділігін арттыруда түрткі болуға арналған сұрақтар оқушының жауабын түзетуге,сұрақты қарапайым етіп қоюға ойға салу,дұрысын қабылдау, толығырақ жауап беруге итермелеуде үлкен роль атқаратындығын түсінуге болады.Сынақтан өткізуге арналған сұрақтар арқылы оқушыны сыни тұрғыдан ойландыра отырып «Сіз мысал келтіре аласызба? Деп тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отыруға болатындығы дәлелденген. Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысылы, «көмектесе алатындар бар ма?» деп сұрақ қою арқылы оқушымен оқушының, мұғалім мен оқушының арасында диалог жүргізе отырып, оқушылардың белсенділігін арттыратындығын түсіндім.Сұрақ қою арқылы мұғалім Оқушыларды тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге,шынайы қызығушылығын зерттеуге ынталандыру, өз білімін басқа адамдарға сөзбен жеткізуін, сын тұрғысынан ойлауға,оқушылар бір бірінен үйренуіне,басқа оқушының пікірін құрметтеуге, және бағалауына ықпал ететіндігі менің өз сабақ жоспарым мен әдіс-тәсілдеріме өзгеріс енгізуіме өз ықпалын тигізеді. Сонымен қатар диалог барысында нәтижеге қол жеткізу үшін бірлесіп «пікір алмасу» барысында сыныптағы ең ұялшақ тұйық мінезді балалардың мінезінің өзгеруіне мүмкіндіктер туатындығы менің де белсенділігімді арттырып,оқу мақсаттары мен тапсырма түрлеріне өзгеріс енгізу керектігі туралы ой салды.

Білім беру орындары қашанда қоғам талабына сай болуға ұмтылады және қазіргі қоғамға өз бетімен шешім қабылдай алатын адамдар қажет.Білім беруде диалогтың маңызы зор, мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасайды,ой тастайды,әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды.

Мұғалім үшін сабақта диалогтің түрлерін дұрыс қолданғанда:

-Оқушыларға білім беру жеңіл болады;

-Оқушы қай деңгейде екенін түсінеді;

-Мұғалім қай оқушыға көмек және қолдау керектігін біледі;

Сабақта диалогтік оқытуды жүргізу барысынада мынандай ерекшеліктерді байқауға болады.Оқушыларымыз сол сабақты талдайды,шешіле сөйлейді,ізденіс үстінде сұрақ қою арқылы білім алады.Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлкен үлес қосады. Осы жағдаяттарды ескере келе,әр сабақта диалогтық оқытудың маңызы оқушылар үшін пәнге деген қызығушылықтарын одан әрі арттырады. Себебі осы тәсіл арқылы оқушыларымыз өз ойын еркін жеткізе алады.диалогтік оқыту оқушылар арасындағы қарым - қатынасты жақсаруына ықпал етеді. Бүгінгі таңда тіл мәселесі барлық білім ошағында көп мәселе туындатады. «Балалардың сөздік қорларын әрі қарай жетілдіруге болады» деген сұрақ жалғыз мені емес барлық мұғалімдерді де үнемі ойландырады. Сондықтан диалогтік оқыту оқушылардың тілін дамытуда сұрақтардың түрткі болуына сынақтан өткізу және қайта бағыттау,тиімділігіне оңтайлы жол ашады.

Осындай негіздерге сүйене отырып мен келешекте өз сабақ жоспарларыма өзгерістер енгізе отырып, «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді» әр сабағыма тиімді кіріктіре отырып оқу мақсаттарынан күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болатынын түсіндім.


















Қосымша

(1.1- сурет)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!