Алматы облысы, Балқаш
ауданы, Бірлік ауылы
«Бірлік орта мектебі»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
оқушыларының
шығармашылығы
8 сынып
оқушысы
Тұрғали
Жармедет
Өтті дәурен осылай
деп...
Ұлы жүздің Ұлы
ағасы,
Ұлы жүз арғы
бабасы.
Үйсін одан
тараған-
Тарам-тарам
саласы.
Ақсақал мене Абақ
бар,
Шежіреден
қарашы.
Қараша, дана би
екен,
Байдыбек оның
баласы.
Байдыбектен-Жалмамбет,
Әйелінен
екінші-
Зеріп атты
анасы,
Ысты ата би
баласы.
Ыстыдан, Жалын,
Нарымбет,
Азынабай
атақты.
Қонай менен
Жетібай,
Жұмабай оның
баласы.
Меңдіахмет бергі
жағасы,
Осылар болса,
байқасаң-
Атаның жеті
атасы,
Дінмұхамед оның
баласы.
20 ғасырда, 12 жылында, 12
қаңтарда,
Дүниеге
келіпті,
Сол кездегі
Верныйда,
Кейін болды-
Астана.
Алматы деген- бас
қала,
Күрлеп қала-
гүлденді,
Қонаев-патша
болғанда.
Ел үшін туған есіл
ер,
Қазағымның
бағына.
Елу жылдай тер
төгіп,
Туған елі
жұртына.
22 жыл ел
билеп,
Таққа отырған
шағында.
Қайсы бірін
айтайын,
Тәуелді қазақ
орысқа.
Арпалысып
ауылмен,
Шыдап бақты
намысқа.
Қырық үш қала
салдырып,
Дабылы кетті
алысқа.
Даласы менен
қаласы,
Қорыды ұқсап
қызғышқа.
Айта берсең
таусылмас,
Өткендерін
өрнектеп.
Арманың көп
адамзат,
Опасыз мына
жалғанда.
Соңына дейін
өмірдің,
Жалғаннан өтті халқым
деп.
20 ғасыр
соңында
Тоқсан үштің
жазында
Жиырма екінші
тамызда
Өтті дәурен осылай
деп.....
Тәуелсіз- Егемен
ел
Қайран
елім-қазағым,
Жыр толғау арнап
жазамын.
Қасірет шеккен
бабалар-
Дұшпанның тартып
азабын.
Бодан болып әр
ұлтқа
Торына түскен
арамның.
Екі ғасыр
езіліп,
Тілгіленген
табаның.
Қаншама боздар
тарландар,
Өмірден ерте
озғаның.
Шыдай алмай
кемдікке,
От болып, лаулап
жанғаның.
Арманда өткен
өмірден,
Орындай алмай
арманын.
Марқұм есіл
ерлерім-
Жаннатта болсын
жандарың.
Ұрпақ үшін тер
төгіп,
Аямай қасық
қандарын.
Таңы атпай
қазақтың,
Қара түнек
басқанын,
Құдай қолдап
елімді,
Атамекен
жерімді.
Аршаланып
шығыстан,
Азаттық таңы
атқаны.
Нұр төгіп
көгімнен,
Күлімдеп күннің
батқаны.
Тыныштық орнап
еліме,
Тәуелсіздік
орнады.
Көшті түзу
бастаған,
Нұрсұлтандай
атаның.
Мақтау айтқан сөз
емес,
Шындықты бүгін
жазамын.
Халқым- аман,
жұрт-тыныш,
Көпсінбесін
Құдайым.
Желтоқсан он алтыншы сол қара
түн,
Қазағым дүр сілкінткен жердің
жүзін.
Қайрат, Ләззат, Сабира,
Ерболымдай,
Жарқ еткен найзағайдай жарық
жұлдызым.
5 сынып
оқушысы
Нұрдаулет
Санжар
«Елін сүйген
кемеңгер»
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келді. Қазақстан
сияқты үлкен республиканы елу жыл басқарған ұлы тұлға. Қазақ халқы
Димаш атаны «Елу жыл ел басқарған ел ағасы», «Ұлы тұлға»,
«Кемеңгер» деп ұлт мақтанышы ретінде мақтан тұтады. Расында
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыз туған елі Қазақстанға зор еңбек
сіңірді. Димаш атамыз ел басқарған тұста Қазақстанда ондаған
қалалар салынды, жүздеген аудандар мен ауылдар құрылды. Еліміздің
экономикасы үлкен жетістіктерге жетті. Балқаш ауданына да өте көп
еңбек сіңірді. Сол кісінің арқасында біздің ауданда күріш алқабы
игеріліп, бірнеше ауылдар бой көтерді. Сол ауылдардың бірі- біздің
Бірлік ауылы. Ысты руынан тараған Димаш ата Балқаш ауданын тікелей
өз қамқорлығына алды деуге болады. Ауданымызға екі аймақты
жалғастыратын көпір салып берді. Сол көпір бүгінде Дінмұхамед
Қонаев атындағы көпір деп аталады. Димаш атаның елі үшін, жері үшін
жасаған ерен еңбектері халықтың жадында мәңгі қалары
сөзсіз.
5 сынып
оқушысы
Қожағұл
Данияр
Ұрпағың мақтанады
өзіңмен
«Д.А.Қонаев есімі Қазақстан
халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған
ұлы адам»- демекші Димаш атаның есімі бүгінгі жастардың санасында
жақсы тұлғасымен орын алады. Олай дейтініміз, Димаш атаның еткен
еңбектері жас ұрпақтың патриот болуына, Отан алдындағы борышын адал
атқаруға жол сілтейтіндей секілді. Өзі үшін емес, елі, жері үшін
аянбай еңбек етіп, биікке көтерілсе де, халқынан аласа екенін
ұмытпаған дара тұлға. Димаш ата 8 рет Ленин орденімен, үш мәрте
Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған. Д.А.Қонаев атаның есімі
колледж, институт, көшелерге берілді. Сондай-ақ, Балқаш ауданында
екі аймақты жалғастыратын көпір салып, ол «Д.А.Қонаев көпірі»
аталуда, онымен қоса, аудан орталығында«Д.А.Қонаев паркі» бар.
Осындай елін сүйіп, еңбек еткен аталарымыз қаншама. Соғыс
жылдарындағы Бауыржан, Әлия мен Мәншүк, желтоқсан ызғарындағы
Қайрат, Ербол, Ләззаттармен қоса, Димаш атамызбен біз жас ұрпақ
мақтанамыз.
10 сынып
оқушысы
ЖАНСЕЙТ
АЯЖАН
Туған
жер
Әр жанға ыстық екен туған
жері,
Жері үшін аққан жұрттың маңдай
тері.
Шұрайлы әсем өлке, тау
тастарың,
Қорғаумен талай батыр, өткен
сері.
Туған жер баға жетпес
өзен-көлің,
Қыздырған табанымды
құмды-шөлің.
Жерінде халық шулап, мал
қондырған,
Ойнақтап шұрайыңда өскен
төлің.
Туған жерім байтағым өз
мекенім,
Мақтанышым, не деген көркем
едің.
Мадақтаудан жерімді
шаршамаймын,
Жырақ кетсем, бір өзіңді
уайымдаймын.
Жерұйығым, менің алтын
бесігім,
Келер жанға ашық сенің
есігің.
Ыстық маған тау тасың
топырағың,
Мәңгі есімде барлығы шар
шырағың.
Туып өскен мекені ыстық
болар,
Жерін, елін сүйетін әр
адамға.
Париж бен Лондон сынды қалалар
бар,
Жетпейді ғой Бірлік пенен
Бақанасқа.
Атыңнан айналайын Бірлік
деген,
Әр тас суың гауһар тас пен
қатар екен.
Әр төбең, қыраттарың көзіме
оттай басылды.,
Басына аталарым шыққан жота ма
екен?
Сен болдың қуанышым
сезімдерім,
Тыныш жатпай кетеді
төзімдерім.
Жанымды ауыр тіршілік
жабырқатса,
Әр күннің ыстық желін
сезінемін.
Емеспін мен ерекше дара
туған,
Қарапайым қара қыз болып
жаратылған.
Өстім сенде бой жетіп, адам
болдым,
Бірлік деген ауылда дара
туылған.
Жас түлекпін, көтеремін
біразды мен,
Ойлаймын, қалай сенен
кетерімді.
Қимаймын, қайтадан
келгеніммен,
Сағынамын өз елімді
мекенімді.