Материалдар / Біртұтас Тәрбие
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біртұтас Тәрбие

Материал туралы қысқаша түсінік
Біртұтас тәрбиенің маңызы мен мақсаттары. Міндеттері айтылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2024
257
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

УДК 373


БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МӘНІ


Аубакирова Айнур Қайырғазықызы

Педагогика ғылымдарының магистрі

«Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті


Аннотация: Бұл мақалада автор, ұлттық құндылықтың жас ұрпақтың бойына мектеп қабырғасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» арқылы жүйелі, әрі тиімді қалыптастыра отырып, ұлттық рухты бойларына сіңіруді бүгінгі таңда өзекті етіп отыр. Тек тәрбие сағатында емес, ұлттық құндылықтарды әр пәндерде, әр шарада қалыптастыру керек екендігі туралы ойларын жеткізіп отыр. Мақаланың ішінде әсіресе ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға айрық­ша мән беру, жас буынның бойын­да отаншылдық қасиет қалып­тастыру қажеттігі терең айтылған.

Бұл мақаланың мақсаты біртұтас тәрбие бағдарламасы арқылы ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын, өмір салтымызды заманға сай одан әрі насихаттау, байыту және оны бүгінгі жас буынның санасына қалыптастыру қажет. Әр бір қазақ баласы өзінің ұлт тарихын, тілін және салт- дәстүрін дәріптеуі қажет.

Кілт сөздер: Біртұтас тәрбие бағдарламасы, ұлттық құндылық, мектеп, салт- дәстүр, ұлтжандылық


Бауыржан Момышұлы атамыз: «Мен үш нәрседен қорқамын. Өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан, өзінің немересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеден, екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын»,-демекші, қазіргі таңда бесік жырын білетін әжелеріміз бен аналарымыз бар ма екен? Заман өзгерді, қазір мобильді заман болып кетті, жастарымыз қазақ дәстүрлерін жадынан шығара бастады [1].

Жазушы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей, сәби тәрбиесі де осы тал бесіктен басталатыны көрініп-ақ тұр емес пе?! [2]. Бесік түзу болса, анаң» Бесік жырын» құлағыңа құйса, әкең жанына ертіп ел аралатса. Қазақи салт- дәстүрлерді үнемі сақтап отырса, ұлттық құндылығымыз артпай ма?

Бірақ қазір жастар ата- енеден бөлек тұрады. Жұмыстарынан қолы босамайды. Сондықтан күштің басым бөлігі тәрбиешілерге, мұғалімдерге түседі. Біз үшін еліміздің өркендеуі аса маңызды. Ең қымбат қазынамыз - ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау және жас ұрпақтың бойына сіңіру. Ұлттық құндылықты дамытып ұлтжанды етіп тәрбиелеуде Оңтүстік Корея мен Жапон халқы озық тұр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласында өткізген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін: - ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін; - халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін; - әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті [3] .

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді [4].

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу [4].

2023 қыркүйектен бері әр білім саласында кешенді тәрбие жұмыстары «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» арқылы жүзеге асып жатыр. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: 
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу [4]. 

Міндеттері: 

1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу. 

3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен Ұсыным әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. 

4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу. 

5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу. 

Күтілетін нәтиже

1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді. 

2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды. 

3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды. 

4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады. 

5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды. 

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Райымжан Мәрсеков орта мектебінің мұғалімдері де осы ретте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында орасан зор үлестерін қосып жүр. Ең негізгі ұлттық құндылықты: ұлттық мүддені, ар-ұятты, талапты жас ұрпақтың бойына сіңіруде кешенді еңбек атқаруда. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Бастауыш сыныптар арасында, халық ауыз әдебиеті үлгілері, көркем шығармалар тәрбиелік шаралар мен жобалардың мазмұнын қамтамасыз ететін дереккөзі ретінде қолданылуда. Бастауыш сынып білім алушыларының мінез-құлық әдебі мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастырудың құралдарының бірі ретінде қазақ халқының мақал-мәтелдерін, тыйым сөздерін ір пәнде қолдануға тырысуда.

Сабақ барысында ұлттық ойындарды («Асық ату» өткізу, Көрші, Арқан тартыс, Түйреуіш, Бәйге, Белдесу, Саққұлақ, Тымпи, Тоғызқұмалақ т.б.) баланың физикалық, зияткерлік тұрғыдан дамуына ықпал ететін құралдардың бірі ретінде қолдану арқылы баланың өзін-өзі бағалауы, жұптық, топтық және ұжымдық бірлестікке шақырады. Адамдарға, жан-жануарларға қамқорлық және табиғатты қорғау аясында жасалған қайырымдылық іс-шараларына тарта отырырады.

Жас ерекшеліктеріне сай келетін классикалық көркем шығармалар мен көркем әдебиеттерді ұсынып, оқылған шығарма кейіпкерлерінің бойындағы адами қасиеттері мен жағымсыз әдеттерін талқылауға бағытталған кейстік жағдаяттарды шешу барлық пәндерде жүргізіледі.
Еліміздегі тарихи орындарға, ескерткіштерге экскурсия жасап, ел мен жер тарихы туралы деректермен танысып, театрға, музейлерге, мұрағаттарға, ұлттық парктер мен қорықтарға бару, виртуалды саяхаттар жасап, ақын-жыраулар және ұлт зиялыларының, батырлардың, тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің өмір жолдарымен, олардан мирас болып жеткен мұралармен таныстыру жылдан жылға дамып келеді.

Жас ұрпақтың тәрбиесі ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық беріліп жатыр.
Халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу, ұлттың кодын сақтауда жастардың бойындағы рухты ояту, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру мақсатында:
отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасын құруға жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған іс-шараларға тарту. Әжелер мектебі, аталар мектебі, келіндер мектебі мен әкелер мектебі атты ұжымдар құрылды.

Ұлттық құндылықтар баланың бойына тал бесіктен сіңіріледі. Ол ана мен әкені, ата мен әженің дана тәрбиесінен кейін, балабақшада тәрбиешілердің тәрбиесі арқылы мектепке келеді. Мектеп қабырғасында мұғалімдер оқушы бойына даярлық сыныптан бастап 11- сыныпты аяқтағанша, ұлттық құндылықты әр сабақта, әр әдіс- тәсілде, әр шарада саналарына ақырындап сіңіріп, ұлтты құрметтеуді, рәміздерімізді қастарлеуге, салт – дәстүрімізді дәріптеуге, әдеп- ғұрпымызды сақтауға, тарихымыздың сан қилы қалтарыстарын есте сақтауға және қазағымыздың дана, батыр және еңбек қайраткерлерінің есімдерін әлемге паш етуге ат салысады. Сонымен қатар, осы жас буыннан елдің және әлемнің мақтанышы болатындай азаматтарға білім мен тәрбие береді.

Қорытындылай келе, ұлтты құрметтеу – атап өткен барша ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құрмет көрсету, сақтау. Ұлтсыздану  ұлтты, мемлекетті әлсіретеді. Қоғам дамуын тежейді. Салт - дәстүр мен әдет- ғұрпымызды, тарихымызды және тілін ұмытсақ, ұлтымыздың құрығаны. Бұл – тарихи шындық. Сондықтан, әр ұлтжанды адам айналасындағы жандарға көнеріп бара жатқан ұлттық құндылықты жандандырып, тәрбие мен біліммен сусындатып, үлгі мен өнеге көрсете білсе, ұлтымыздың іргесі нығайып, жанадана түсетіні айқын. Әлемдік озық  құндылықтарды игере отырып, оны ұлттық құндылықтарымызбен байыта береміз. Барымызды сақтап, кемелдендіріп, сөніп бара жатқан қасиетімізді жалындату, өз еліміз бен жерімізді қастерлеп, қорғау, отбасы мен тәрбие ошақтарында ғана емес, барлық әлеуметтік қоғамның қолында екені анық.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық [Электрондық ресурс]// Әділет Рухани жаңғыру [ресми вебсайт]. - 2019. - URL: https://adilet-gazeti.kz/ұлттық-құндылықтарды-ұлықтайық/

2. Ел болам десең, бесігіңді түзе... [Электрондық ресурс]// tolqyn.kz ақпараттық агенттігі [ресми вебсайт]. - 2021. - URL: https://tolqyn.kz/zanalyk/ruhaniyt/25888-el-bolam-dese-besgd-tze.html

3. «Бірыңғай тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі кешенді жоспар [Электрондық ресурс]// Қарағанды облысының білім басқармасы [ресми вебсайт]. - 2023. - URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-bilim/press/article/details/138200?lang=kk

4. Жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» бекіту туралы [Электрондық ресурс]// Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі [ресми вебсайт]. - 2023. - URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/documents/details/539827?lang=kk

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!