Бисермен жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бисермен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
ұсақ моншақтардан түрлі бұйымдар жасап үйрену
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бисермен жұмыс

Түрі; аралас

Көрнекіліктер; моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, сатылап көрсетілген нұсқаулық суреттер, моншақтар, леска №18-8, қайшы, жібек жіп.көрме  жұмыстары.т.б. 

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың моншақпен тоқудағы білімін жүйелендіру, бисерден ағаш жапырақтарын тоқу технологиясын үйрете отырып, білімін жүйелендіру, шеберлігін арттыру

2. Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін, ынта-ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту, жобаны талқылау мен қорғау іскерліктерін дамыту

3. Төзімділкке, ұқыптылыққа, әсемдікке эстетикалық талғамын арттыру

Сабақ құрылымы:

Ұйымдастыру кезеңі

І.Өткен сабақты қайталау:

1.Қазақ халқының қолөнер кәсібін ата?

2.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Бұрынғы тақырыппен байланысты:

Ұлттық қолөнері

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру:

Барлық қолөнер сияқты бисердің де  өз тарихы бар. 

Ертеде Фин саудагерлері Жерорте теңізі арқылы Африкаға табиғи тұз апара жатып, жолда теңіз жағасына түнеген екен. Олар түнде от жағып, тамақ дайындап, отты үлкен ас содасымен қоршап ұйықтайды. Таңертең күлін жинаса, олар әдемі, қатты, күннің көзіндей оттай жанған, мөлдір су сияқты бұйым көріп таң қалады. Бұл кәдімгі әйнек еді. Әрине халық тез арада осы әйнектен бірнеше, әр түрлі моншақ, бисер, стеклярус алған. Бұл байлықты , соның ішінде бисерді дүние жүзінде барлық елдер мәдениетінде көруге болады. Біздің қазақстан өнерінде де көп тарайды. Киім- кешек, әшекейлер, білезік, сырға, сақина, тіпті ерлердің сауыт саймандарында да кездескен.

Бисерді әр халық өзінше атаған. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі- түсті шыныдан үлкен моншақтар жасаған. Бисер сөзі Араб сөзі «бусра» сөзінен шыққан.

Бусер- жалған меруерт (жемчуг). Бисер кіші, үлкеніне қарай бірнеше түрге және түстерге бөлінеді.

Моншақ- үлкендеу бисер, диаметрі 2 см.

Бисер- ұсақ, домалақ келген, диаметрі 2 мм- ден көп болмайды.

Стеклярус- ұзын таяқшалар, домалақ және көп қырлы.

Рубка- қысқа таяқшалар.

«Ой қозғау» Біздің мектеп ауласы несімен көрікті, тартымды? ( ағаштарымен) Ағаштарды қорғау оларға деген махаббаты жеткізу. Қоршаған ортаны қорғау. Ағаштарды күту. Бисерден ағаштарды жасау арқылы, оларға деген өз сүйіспеншілігімізді көрсете аламыз. (слайдтар арқылы бисерден жасалған ағаштарды көрсету)
«Ғажайып жетілік» (Пәндер бойынша сұрақтар қойылады)
1. Биология – Таза табиғаттан алынатын талшық түрі.(мақта, жүн, зығыр, жібек)
2. Химия - Шынының химиялық формуласын білесің бе? Si O2 * 6H2O
Na2O CaO – 2SiO2 химия CaO6 K2 – 2SiO2
3. География – Ағаш көп өскен жерді халық не деп атайды? (орман)
4. Тарих - Бисердің отаны. (Ежелгі Египет)
5. Технология – Бисер дегеніміз не? (Пластмассадан, әйнектен, інжу - маржаннан жасалған түрлі – түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.)
6. Орыс тілі – Ресейде бисерді өз тәжірибесінен жасаған кім? (М. Ломоносов

ІУ.Практикалық жұмыс.Инструктаж-нұсқаулық

* Моншақтарды араластырма.

* Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшада ұстаған жөн.

* Сым темірмен ойнама.

* Сымды қайшымен қияды.

*Сымды көзге жақын ұстамайды.

* Жұмыс орныңды таза ұста

Сарамандық жұмыс

1. Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек;

2. Жұмыс киімін кию;

3. Құралдарды тексеру;

4. Шұңғылдау бір ыдысқа керекті бисерлерді   алып дайындаймыз;

5. жұқа сымды аламыз;

6. Сымның бір шетін түйіндеп, екінші шетінен бисер өткіземіз;

7. Сымның бір шетінен бастап бисерлерді 1-2-3  түйірден бастап ораймыз, ара қашықтығы 1-1,5 см болу керек;

8. Осындай бұтақтық 16 данасын жасауымыз керек;

9. Дайын бұтақтардың 5 данасын бір-біріне біріктіріп жіппен орап, ораймыз да талдың бір бұтағын дайындаймыз

10. Дайын болған бұтақтарды қалың сымға біріктіріп, изолентпен ораймыз;

11. Дайын ағашты арнайы ыдысқа саламыз, ол үшін бізге  ермексаз жұмсарту, үстіне ағашты саламыз;;

12. Эстетикалық талғаммен ағашымызды түрлендіреміз.


Сергіту сәті. Көзімізді демалтамыз Жданов әдісі бойынша көзге арналған жаттығулар жасау. 3 мин Жаттығу жасау реті: 

 

Көзді алақанмен жауып   тұру.

1 жаттығу “төртбұрыш сызу” және керісінше,3 рет көзді жыпылықтату

2 жаттығу “сағат тілі” және керісінше, 3 рет

көзді жыпылықтату


У.Жаңа сабақты бекіту:

«Инсерт»стратегиясын қолдану арқылы,бүгінгі сабақтан алған білімдерін бекіту.


УІІ.Үйге тапсырма:

Жасалған жапырақтарды жуан сымға біріктіріп келу.

«Инсерт» стратегиясы


Білемін

Білгім келеді

Не білдім











«Ғажайып жетілік» (Пәндер бойынша сұрақтар қойылады)
1. Биология – Таза табиғаттан алынатын талшық түрі.(мақта, жүн, зығыр, жібек)
2. Химия - Шынының химиялық формуласын білесің бе? Si O2 * 6H2O
Na2O CaO – 2SiO2 химия CaO6 K2 – 2SiO2
3. География – Ағаш көп өскен жерді халық не деп атайды? (орман)
4. Тарих - Бисердің отаны. (Ежелгі Египет)
5. Технология – Бисер дегеніміз не? (Пластмассадан, әйнектен, інжу - маржаннан жасалған түрлі – түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.)
6. Орыс тілі – Ресейде бисерді өз тәжірибесінен жасаған кім? (М. Ломоносов






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2018
863
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі