Бітімгершіліктің
парадигмасы – бейбіт өмір.
К.Ш.
Нурмухаметова, Қазақстан Республикасы
ҚМ Құрлық әскерлері Әскери
институтының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар кафедрасының
философия пәнінің оқытушысы.
Тәуелсіздігіміздің кепілі
болатын әскеріміздің әлеуетінің тарихы мен бейбітшілік пен
қауіпсіздікті нығайтуда халықаралық міндеттерді орындауда әлемдік
қауымдастықтан жоғары бағалануда.
Мемлекетіміз БҰҰ-на 1992 жылы
наурыздың 2-інде дүниежүзілік ұйымның құрамына 168 – ші мүшесі
болып енді.
«БҰҰ-ның қызметінің мақсаты
бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау; Ұлттар арасындағы татулықты
сақтау; жанжалдасқан жақтарды бейбіт жолмен даулы мәселелерді
шешуге көндіру; халықаралық мәселелерді шешуде экономикалық,
әлеуметтік, мәдени және гуманитарлы мазмұнда көмек беру; Адам
құқығын ұлтына, нәсіліне, тіліне және дініне қарамай қорғалуын
қамтамасыз етеді» [1,11б.].
Ұйым халықаралық қауіпсіздікті
нығайту және адам құқығын қорғау, бйбітішілікті сақтау мәселелерін
үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді. «Бейбітшілікті сақтау
дегеніміз -
БҰҰ бақылауымен әскери
конфликтілерді тежеу және тоқтату. Алғашында бұл күштер
мемлекетаралық конфликтілерді реттеуге арналса, кейінгі кезде
азамат соғысы мен басқа да мемлекетішілік жанжалдарға қарсы
қолданған. Әскери күштерді өрістету азаматтық қызметкерлер есебінен
жүргізіледі, себебі бұл күштерге жүктелген азаматтық міндеттер арта
түскен» [2, 502 б.].
Қазақстанның әскери саладағы
ынтымақтастық қызметі жылдан жылға жандану үстінде. Шет елдермен
әскери ынтымақтастық бейбіт өмірді жақтау, тең құқықтылық, өзара
құрметтеу принциптері негізінде қамтамасыз
етіледі.
Қазақстан Қарулы Күшінің
бітімгершілік тарихы 1992 жылдан бастау алады. Кеңес Одағының
ішіндегі Тәжікстан мемлекетінің аймағында діни қақтығыстың соңы ұлт
азаттық көтеріліс соңы 5 жылға созылған соғысқа айналып кетеді.
Шиеленіс орын алған аймаққа көмек ретінде
ҚР Жоғарғы Кеңесі арнайы қаулы шығарып
бауырлас елге бітімгершілік сарбаздарын жіберуге шешім
қабылдайды. Тәжік-ауған шекарасындағы
қақтығысынан 34 жауынгер хабар ошарсыз, 30-ға жуығы ауыр жаралы, 17
қазақстандық жауынгерлер шейіт болған. Мемлекетіміз бейбітшілік пен
бітімгершіліктің туын көтерген, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді
жыл сайын cәуір айы-ның 7 жұлдызы еске алу күнін
өткізеді.
Мемлекеттің сыртқы саясатынан
басқа Қазақстан Армиясы үшін де бітімгершілік миссиясына қатысудың
маңызы зор. Өйткені әскери қызметкер біліктілігін арттырып,
теориялық алған білімін тәжірибеде шыңдайды. Бітімгершілік
операциясы активті және пассивті тұрғыда жүргізіледі, еліміздің
әскері тек пассивті тұрғыда әрекет етеді. Пассивті дегеніміз -
гуманитарлы және медициналық көмек көрсету, су жүргізу, маңызды бар
заттарды жеткізу, инженерлік-саперлік отрядтарының жарылғыш
заттарды тауып жарамсыз етуін айтамыз.
2003 жылы бейбітшілік
миссиясын жүргізетін БҰҰ Ирак мемлекетін қайтадан қалыпына келтіру
үшін халқына көмек беруді ұйғарады. Ирак жеріне Қазақстаннан 290
бітімгершілік жауынгерлері қатысып олар 6718 куб метрлік ішетін
суды тазартып, 4 млн астам жарылғыш заттарды
залалсыздандырған.
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінің беделі мен абыройын арттыруға ықпал еткен
қазақстандық контингенттің 2015 жылы Ирактағы операцияға қатысуы
әлемдік қоғамдастықтан он бағасын алды.
Бітімгершілікті сақтауға,
бақылау жүргізуге қатысты маңызды операциялар 2018 жылы Ливан
жерінде жалғасын табады. Ливан жеріндегі бітім миссиясына ҚР Қарулы
Күші Үндістанның контингенті құрамымен борыш атқаруда. «Бейбітшілік
жолындағы әріптестік» бағдарламасы аясында кадрлар даярлау, әскери
жаттығу сонымен қатар әскери құрылыс, техника мәселелері жөніндегі
мықты мемлекеттердің армиясымен ынтымақтастығы жақсы жолға қойылып
отыр. Бітімгершілік әлеуетін нығайтудың барысы бейбіт өмір
сүруіміздің кепілі дегім келеді.
ХХІ ғасырда бейбіт өмір сүрсекте бүгінгі күні
болып жатқан шиеленістер түрлі митингтер, халықаралық қатынастардың
нашарлауы адамзат баласын қатты алаңдатып отыр.
Американың С.Хантингтон әлем-дік
өркениеттерді діни сипатпен батыстық, латынамерикалық, жапондық,
исламдық, православтық, буддалық, африкалық деп бөлген ол үшінші
дүниежүзілік соғыстың діндердің қақтығысынан болатынын айтқан.
Түрлі секталардың көбеюі, экстремизм мен терроризмнің орын алуы
Қазақстанның ғана емес жаһандық мәселелердің бірі. Осы орайда
діннен туындаған кикілжіңдерді басу, экстремизм мен терроризмнің
алдын алу мақсатында Қазақстан дүниежүзінде бірінші болып қадам
жасады. 2003 жылдан бері елімізде үш жыл сайын әлемдік және
дәстүрлі діндер съезін өткізіп келеді.
Сонымен қатар тұрақтылықты
нығайту мақсатында саяси одақ, эконо-микалық, ғылыми-техникалық
одақ, әскери одақ тұрғысында да мемлекет-аралық байланыстар
орнатылған.
Әскери істердің қадамдары
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасында бекітілген. ҚР Әскери доктринаның
қорғаныстық сипаты бар, оның ережелерінде бейбітшілікті дәйекті
түрде ұстанатындығы елдің ұлттық мүддесін табанды қорғаумен, әскери
қауіпсіздігіне кепілдік берумен
үйлеседі.
«Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі мемлекеттер
арасын-дағы ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынастар,
олардың теңдік және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау,
халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізумен,
болжанатын қатерлерге негіздей отырып бірінші болып қарулы күшті
қолданудан бас тартумен, мемлекеттің әскери ұйымын нығайтумен,
оларды бейтараптандырудың неғұрлым тиімді нысандары мен тәсілдерін
айқындаумен және пайдаланумен қамтамасыз етіледі»[3,26
б.].
Дүние жүзінің елбасшылары мен мықты
саясаткерлер өткенге қарап, тарихтан сабақ алып еларалық мәселе
болсын, ұлтаралық кикілжіңді бейбіт жолмен шешеді деген
үміттеміз.
Бейбіт өмір ғана адамдар бақытының басты
шарты болып табылады. Халықтың бірлігі, татулығы ғана тәуелсіз
мемлекеттің тұрақтылығына, өркендеуіне кепіл бола
алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
-
К. Токаев. Организация
объединенных наций: полвека служения миру.
– Алматы «Атамұра», 1995. –
11с.
-
Н. Шо Мальколм. Халықаралық
құқық. «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 502
б.
3. Военная доктрина
Республики Казахстан. –
Алматы «Издательство LEM», 2019. – 26
б.