Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Біз балаларға ұқсаймыз, балалар бізге ұқсайды
Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
08 Қараша 2018
858
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ата-аналар жиналысы: «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды»
Мақсаты: Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету .Жиналыс жоспары.
Жиналыс барысы:1)Ұйымдастыру. Тренинг «Маған сіздің бойыңыздан ұнайтыны» шарты: Ата-аналар шеңберге тұрады да, бір-біріне алақан жылуы арқылы бойларындағы ұнайтын жақсы қасиеттерін айту. М: «Маған сіздің бойыңыздан ұнайтыны - белсенділігіңіз»
2) Топқа бөлу: «Гүлдер арқылы».
3)Кіріспе сөз. Мұғалім: Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді.
3)Негізгі бөлім: Ата-аналарға арналған тест «Мен және менің балам»Ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлі аса зор. Олар бала өмірінде «құрастырушылар, жобалаушылар және құрлысшылар» болып табылады. Бұл тест ата-аналарға бала тәрбиесіннің мәселелерін толықтырып, анықтауға көмектеседі.Сұрақтар. 1. Кез-келгенуақытта барлық жұмысыңызды тастап, бала тәрбиесімен айналыса аласыз ба? АБВ2. Балаңыздың жасына қарамай әр түрлі мәселемен бөлісе аласыз ба? АБВ3. Балаңыздың қателерін айта аласызба? АБВ4. Өзіңіздің қателегіңіз үшін балаңыздың алдында кешірім сұрайсыз ба? АБВ5. Балаңыз сізді ашуландырса, өз-өзіңізді ұстай аласыз ба? АБВ6. Өзіңізді балаңыздың орнына қойып көрдіңіз бе? АБВ7. Бір минутқа болсын өзіңізді сиқыршы болып елестете аласыз ба? АБВ8. Баланың көңіліне келетін ауыр сөздер айта аласыз ба? АБВ9. Балаңыздың арманын оның жақсы тәртібі үшін орындай аласыз ба? АБВ10. Балаңыз үшін бір күнді бөліп, оның қалағанын, ойына келгенін істете аласыз ба? АБВ11. Балаңыздың өтінішіне, көз жасына, еркелігіне шыдай аласызба? АБВ12. Өзіңіздің әділетсіздігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба? АБВТест қорытындысы Жауап «А» болса онда - 3 ұпай, «Б» болса онда – 2 ұпай, «В» болса онда – 1 ұпай.Егерсіз 27-ден – 36-ға дейін ұпай жинасаңыз, онда сіз үшін балаңыз өміріңіздің мәні де сәні. Сіз балаңызды тыңдап қана қоймай, оны түсініп, оған сыпайылықпен қарап, ылғи да оны қолдап, сіз балаңызды тәрбиенің озық ұстанымдарын ұстайсыз. Басқа сөзбен айтқанда сіз дұрыс істейсіз және бұдан жақсы қорытынды шығады деп сеніңіз.Егер 13-тен 27-ге дейін ұпай жинасаңыз. Сізүшін бала қамқорлығы маңызды болып санала ма? Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті болғанмен сіз оны аса қолданбайсыз. Сіздің тым қатал немесе ақкөңіл болғаныңызбен, жүргізетін тәрбие жұмысына кедергі жасайды. Бала тәрбиесіне шын көңіл бөлу үшін аса ойлануыңыз қажет.Егер 13 ұпай болса. Сізде баланы тәрбиелеуде үлкен қиындықтар туындайды. Балаңызды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге қабілетіңіз немесе мұршаңыз жоқ. Мамандардың және педагогтар мен психологтың кеңесін алуыңыз қажет немесе жанұя тәрбиесі туралы мақалаларды оқуыңыз керек.4 бөлім: Әңгіме: Ми шабуылының тәсілі (ата-анаға сұрақ)Мұғалім: — Құдайдан адамдар бала бер деп жалбарынып сұрайды. Адамға неге бала керек? (ата-аналар өз пікірлерін айтады)Мұғалім: Әрине,бақыты отбасы бұл әрбір адам өміріндегі ең маңыздысы.Бұл туыс және туған адамдар, оларды біз құрметтейміз, оларға сенеміз, қуаныш пен бақыт тілейміз.Әрбір бала дүниеге өз миссиясымен келеді.Ал біз не істейміз? Біз балаларға нұсқаулар бере бастаймыз, ал кейбіреуі өмір жолымен жетелейді. Құрметті ата-аналар,жарық дүниеге келген мына бала сіздердің ықпалдарыңызда және қамқорлықтарыңызда болады. Сіздер оның 1-ші тәрбиешілері боласыздар. 5 бөлім: Ата-аналар назарына «Бала тәрбиесі» тақырыбындағы видеоролик көрсетіледі.6 бөлім: Әрбір ата –ана өз баласынан бақыт көреді.Өкінішке орай кейбір ата-ана «бақыт» деген ұлы сөздің оларға келгенін байқамайды.Қандай болмасын ,бар болмысыңызбен өз балаңызды сүйіңіздер,өйткені олар сізді сүйеді, өйткені сіздер олардың әкесі және анасы боласыз. Біреулер байлықты-бақыт деп санайды,басқасы құрмет пен даңқ,үшіншілері-лауазым мен мансапты бақыт дейді. Нағыз бақытты адамға тек жақсы,тәрбиелі балалар ғана сыйлай алады. Осы ойды жалғастыру мақсатында екі топқа екі сұрақ қойылады. Тақырып: «Балалық шағымызға ораламыз» 1- сұрақ: «Менің балалық шағымның ең бақытты күндері» 2- сұрақ: Өз баламызды тәрбиелеуде ата-анамыздың тәрбиесін қалай қолданамыз? (Постер қорғау)
7 бөлім: Жағдаяттар шешу. 1 топқа: Марат жазаланды.Ол 2 бірдей «2» алған болатын.Әкесі ұлымен қатаң сөйлесіп,үйден шығуға рұқсат етпей қойды.Бірақ достары келіп Маратты ойынға шақырды.Анасы баласын аяп әкесіне оны достарымен бірге жіберуді сұрай бастады. Ата-ана арасында кикілжің туындады. (ата-ананың балаға қоятын талаптары бірыңғай болуы тиіс) 2 топқа: Айжан анасына тосын сый жасағысы келді.Сөйтіп ол мектептен келе салып ыдыс-аяқтарды жуып,ас даярлады. Анасы келгенде оның алдына көңілденіп шығып, қолындағыларын алды, шешінуіне көмектесті.Бірақ анасы оған ешқандай мән берген жоқ,біртүрлі көңілсіз еді. Сонан соң қызы анасын дастарханға шақырды. Тамақтанып болған соң «рахмет» деді де өз бөлмесіне кетіп қалды. (Бала еркелеткенді,мақтағанды ұнатады.Оны жиі мақтап,аялап,еркелетіп тұру керек.)
8 бөлім: Бақытты отбасының бәйтерегі. Ата-аналар өз отбасыларының ерекше қасиеттерін жазып,ағашқа бекітеді.Балалардың шығармасын оқып беру: «Менің ата-анам»Ағымдағы мәселелер:Сынып ата-аналар комитентін сайлау немесе орындарында қалдыру. Жеке бас куәліктерін ауыстыру, дәптер-құралдарын түгендеу, өзін-өзі тану дәптері, ақпараттану кітабы, матем ауыл тұрмысында дәптерлерін шығару, мектеп формасын сақтау қара көк кастюм шалбар, юбкасымен бастарына ақ бантик, ұлдар галустук тағу, қосымша сабақтарға да мектеп формасын сақтап киініп келу, жазуларын әдемілеу, тазалыққа ұқыпты болуға тәрбиелеу,
Қорытынды: Мұғалім: Әрине,өмірдің барлық жағдаяттарын қамти алатын, жұрттың бәріне ортақ,бірыңғай ереже жоқ.Әрбір бала әртүрлі. Әрқайсысы өзінше ерекше. Сол сияқты бізбен сіздің қарым-қатынасымыз да өзіндік сипатта. Біздер:педагогтар мен ата-аналар- балалардың бойындағы білуге құмарлық,еңбек етуге,әдемілікке, өз қабілет-қарымы мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тырысушылық әрекеттерін жетілдіру,дамыту,қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуіміз қажет. Мен бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміздің нәтижелі боларына сенемін. Жиналыстың соңында сіздерге алғыс айта отырып,жауап байланыс парағын толтыруды сұраймын.
Жауап байланыс парағы:
Сыныбы: 1 «Ә»Оқушының аты-жөні________________________________________________Туған жылы, айы, күні ______________________________________________Әке-шешесінің аты-жөні ________________________________________________________________________________________________________________________________________________Әке –шешесінің жұмыс орны ________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мекен-жайы, үй телефон және ұялы телефоны ________________________________________________________________________Оқушының үйдегі мінезі________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Сыныптағы мінезі________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Сынып жетекшісі: Хуатай Сайрагуль
№ 4 орта мектеп

Өткізген: Хуатай Сайрагуль

- Ұйымдастыру. Тренинг: «Маған сіздің бойыңыздан ұнайтыны»
- Топқа бөлу. «Гүлдер арқылы»
- Кіріспе сөз.
- Сауалнама алу
- Ата-аналарға тест «Сіз қандай ата-анасыз?» (әр жауап үшін 1 балл)
- Әңгімелесу-Миға шабуыл.
- Видеоролик: «Бала тәрбиесі»
- Балалық шағымызға ораламыз.
- Бақытты отбасының бәйтерегі. (постер құрастыру)
- Қорытынды: Ата-аналарға кеңестер оқылады (тапсырылады)

- Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?
- Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді?
- Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?
Сыныбы: 1 «Ә»Оқушының аты-жөні________________________________________________Туған жылы, айы, күні ______________________________________________Әке-шешесінің аты-жөні ________________________________________________________________________________________________________________________________________________Әке –шешесінің жұмыс орны ________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мекен-жайы, үй телефон және ұялы телефоны ________________________________________________________________________Оқушының үйдегі мінезі________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Сыныптағы мінезі________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Сынып жетекшісі: Хуатай Сайрагуль
№ 4 орта мектеп
Ата-аналар жиналысы: «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды»
Өткізген: Хуатай Сайрагуль
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)