Материалдар / Біз болшақ жүрегі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біз болшақ жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2019
370
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Біз – болашақ жүрегі, «Мәңгілік елдің» тірегі!» акцияның ашылуыКештің басы «Мәңгілік ел» биімен ашыладыЖүргізуші: Құрметті ата-аналар, оқушылар! Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып-үйрену, ондағы көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында аудан көлеміндегі «Нұрлы болашақ» акциясы өткізілуде, Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосыла алдық. Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Күндер өтті кешегі,Жігер құм боп жасыған.Несіне оны жасырам?Гимніміз бүгінгі,Баға жетпес асыл ән.Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні (гимн орындалады) Жүргізуші: Тәуелсіздіктің мерекесі дегеніміз – өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген жетістіктері. Осы жетістіктерге біз маңдай терімізбен қол жеткіздік. Бірақ алдымызда әлі де алар асулар, бағындырар белестер көп. Жүргізуші: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.Жұртым менің не қиындық көрмеді?Жылап тұрып аналарым бұл жолда ,Сан перзентін қара жерге жерледі.Армандарды жақындатып тым алыс,Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

11 сынып оқушылары Сағатжан Айсәуле мен Егінбай Айарудың мерекелік тартуы: Ән:

Жүргізуші: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерекесі мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрдық. Қазіргі таңда Қазақстан-өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың қолында. Олай болса бүгінгі ұрпақ кім? (қолдарындағы әріп жазылған суреттермен « Қазақстан» сөзін құрастырады) «Біз кімбіз?»( таңбалау) Қ – Біз тәуелсіз елдің жастарымыз А -Біз ел қорғаушымыз З – Біз өз Отанымыздың патриотымыз. А-Біз заңдарды қорғайтын ұландармыз Қ-Біз болашаққа сеніммен қарайтын С-Біз өз жолын анықтай алатын азаматпыз Т-Біз бақытты, ғаламтор жүйесіне қол жеткізген, А- Біз білімге, адамгершілікке құштар Н- Біз салауатты өмір салтын сақтайтын жастармызЖүргізуші: Тәуелсіздік күні - қазақтың жеке мемлекеттік жалауы, қалауы желбіреген тарихи күн. Бұл-еліміз үшін үлкен мәртебе.Келесі орындалатын ән , мектебіміздің жас әншісі Керей Әлиханның орындауында «Көк тудың желбірегені»Жүргізуші: Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар — ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. Енді Тәуелсіздік ұландарының құттықтауына кезек берейік (ортада «Жас ұлан» ұйымының сәлемдемесі)Жүргізуші: Мерекелік тарту ән: «Самға, самға», орындайтын 11 сынып оқушысы Сүлеймен БекзадаЖүргізуші:Бақтың құсы  әр адамға қонып бір,О тәңірім бізді баққа жолықтыр.Бүгін міне  тәуелсіздік ағайын,Әр қазақтың  жүрегі боп соғып, тұр.



Елім бар да мен бақытты  ұланмын.Елім сүйсе, сенімінен шығармын.Елім менің көтермесе елдігінНамысымның биігінен құлармын.Ортада мектебіміздің жас әншісі Сағатжан Ерасыл, «Елім менің» әнімен



Бірінші оқушы: «Т»- деген ол, тарихымыз тәуелсіздік бастау алған деп, қолындағы Т әрпі жазылған шарын ұшырады; Екінші оқушы: «Ә» - дегенің әділдік ел жүгінген деп, Ә әрпі жазылған шарын ұшырады; Үшінші оқушы: «У» - дегенің уысыңнан шықпасын ел бірлігі деп, У әрпін ұшырады; Төртінші оқушы: «Е» - ерлердің арқасы ел боп қалу деп, Е әрпін ұшырады; Бесінші оқушы: «Л» - лапылдап жансын намысың деп, Л әрпін ұшырады; Алтыншы оқушы: «С» - сүйіп өт елді, жеріңді деп, С әрпін ұшырады; Жетінші оқушы: «І» - ілессін ұрпақ ұранға деп, І әрпін ұшырады; Сегізінші оқушы: «З» - зиялы ұрпақ көп болсын деп, З әрпін ұшырады; Тоғызыншы оқушы: «Д» - даланың атын ұлықтасын деп, Д әрпін ұшырады; Оныншы оқушы: «І» - ілінсін әлемнің биік шыңына деп, І әрпін ұшырады; Он бірінші оқушы: «К» - көк байрағы көк тіреп, жасасын мәңгі Қазақ елі деп, К әрпін ұшырады. Бәрі бірге: «Жасай берсін, Тәуелсіздік, Жасасын, Ұлы дала ұрпақтары! деп, хормен айтады. Жүргізуші:Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,Туған күнің құтты болсын, алыбым!Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.  Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!