Материалдар / «Біз өмірді достықпен бағалаймыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Біз өмірді достықпен бағалаймыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың белсенділігін, зейінін арттыру, көңіл-күйлерін арттыру, мейірімділік, достық сезімдерін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
493
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

Мектеп: № 49 жалпы орта мектеп

Сынып: 5

Мұғалімнің аты-жөні: Дәулетова Ұлбосын Әлібекқызы

Бөлім: Біздің өміріміздегі алгоритмдер

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Команда бойынша

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

Алгоритм анықтамасын тұжырымдау;

Орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: алгоритм анықтамасын, орындаушыларын және олардың арасындағы байланысты түсіндіру

Оқушылардың басым бөлігі: алгоритм орындаушыларын және командаларын біліп мысал келтіру

Кейбір оқушылар: біліп үйренгендерін қолданып практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындау

Бағалау критерийі

Алгоритм анықтамасын тұжырымдамасын біле отырып алгоритм орындаушыларын және командаларына мысалдар келтіріп қолдана алады



Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: алгоритм, блок-сызба, орындаушы, команда

Жазылым дағдысы:

Алгоритм, орындаушы сөзінің үш тілде аталуы мен жазылуын білу

Диалогқа арналған сөйлемдер:

Алгоритм дегеніміз не? Алгоритм орындаушысына анықтама бер.

Күнделікті тұрмыстағы бір іс-әрекетке мысал алгоритм құр.

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамына баулу

Пәнаралық байлыныс

Қазақ тілі-түсіндіре сөздік, орыс тілі-аталуы, жазылуы,

ағылшын тілі-аталуы, жазылуы, дүниетану-қоғадағы іс-әрекеттер, математика-есептерге алг. Құру

Алдыңғы тақырып

Ақпараттың не екенін және оны өңдеу жолдарын біледі

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар


Басы




Ұйымдастыру.

Шаттық шеңберін құру

«Қар кесегі» жатттығуы арқылы өткен сабақты пысықтау.

(қағаздан жасалған қар кесегін әр оқушы бір-біріне лақтырып сұрақ-жауап алад)


Жаңа сабақтың термин сөздерін стикерлерге жазу арқылы сыныпты 2 топқа бөлу.

1-топ: Алгоритм

2-топ: Орындаушылар

«Миға шабуыл» әдісі

1.Осы топ аттарыңның бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

2.Сабағымыз не туралы болуы мүмкін?

Алгоритм, орындаушы дегендерді қалай түсінесіңдер? –Проблемалық жағдай тудыру

А4 қағазы,

стикерлер


Ортасы




Практикалық жұмыс

Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы топтарға тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі. Топ оқушыларының оқулықтағы мысалдарды дұрыс түсініп талдауларын бақылап, бағыт-бағдар беремін.

Жаңа тақырыпты «ұшақ» әдісі арқылы пысықтаймын. (оқушылар қағаздан ұшақ жасап, ұшақ қанатына бір сұрақ жазып әр топ оқушылары бір-біріне қарай ұшырады және сұрақтарға жауап береді)


І тапсырма:

Бос орындарға тиісті сөздерді жаз.

Дәл сипатталған тапсырма ................болып табылады, ал алгоритмдегі кез келген іс-әрекет ......... деп аталады.

Алгоритм .......................... алдына қойылған тиісті әрекеттерді орындап, нәтижеге жететін ................, ........................ немесе ...............болуы мүмкін. Егер есепті шешу үшін ......................... ........................... пайдаланылса, орындалатын ................. тізбегі .................. және ......................... болу керек.


ІІ тапсырма:

Ағаш отырғызу алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастыр.

Шұңқырды толтыр

Шұңқырды қаз

Су сепкішті алып көшетті отырғыз

Күрекпен көшетті ал

Көшетті шұңқырға сал

Күрек пен су сепкішті орнына қой


ІІІ тапсырма:

Бағдаршамнан өту алгоритмін және блок-сызбасын жаз.



Оқулық, дәптер, А4 қағазы








Дәптер, кеспе қағаздары


Соңы

«Конверттегі сұрақ»: (кеспе қағаздар тарату арқылы жұптық жұмыс сұрақтарын тарату)

1.Алгоритм анықтамасына тұжырымдама жаса

2.Команда деген не және оған мысал келтір

3.Орындаушы деген не және оған мысал келтір.

4.Блок-сызба деген не және оған мысал келтір.

5.Орындаушының командалар жүйесі деген не және оған мысал келтір.

6.Қалай ойлайсыңдар, күнделікті өмірде алгоритмдер нәтижеге жете ме? Қандай жағдайда алгоритм нәтижесіз болады?


-бүгінгі сабақ бойынша өз бетіңше қандай іс-әрекеттерге алгоритм құра аласың?

-қандай іс-әрекеттерге алгоритм құру түсініксіз?



Кеспе қағаздар, конверт, стикер

Бағалау критерийі

Дескриптор


Алгоритм, орындаушы, команда анықтамаларын біледі

Алгоритм командаларын реттілігімен орналастыра алады

Алгоритмді блок-сызба түрінде жаза алады

Күнделікті қоғамдағы іс-әрекеттерге алгоритм мысалын құра алады

Саралау – Сіз қандай тәсілмен қосымша көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларға алдыңғы тақырып бойынша білімдерін еске түсіруге бағыт беремін. Тапсырмалар топтық болғандықтан қабілеті жоғары оқушыларға «Менің туған өлкем – Қазақстан» тақырыбына эссе жазу алгоритмін құрып, шағын эссе жаз тапырмасын беремін.

«Конверттегі сұрақтар» әдісі арқылы оқушы білімін тексеремін.

ЕТ кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

Сабақ бойынша рефлексия






Жалпы бағалау:


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қарсы)?

1.

2.


Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге
назар аудару қажет?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!