Куттыгулова Нургул
Зулхарнаевна
Атырау қаласы, №36
мектеп-гимназиясы, педагог-психолог
Тренинг тақырыбы: «Біз –
өмірдің гүліміз»
Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып,
ар-намысын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы
болуға тәрбиелеу.Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін
дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп
тудыратынын ескерту.
Тренинг
міндеттері:
-
адамдар арасындағы
қарым-қатынастың мәнін түсіну;
-
өз бойындағы жағымды және
жағымсыз қасиеттерді білу, түзетуге
көмектесу;
-
сыныптағы өз орнын және өзінің
ортасын танып білуге көмектесуі;
-
топта белсенді жұмыс жасауға
түрткі, ниетті қалыптастыру.
Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі»
жазылған а4 қағаз беттері, фломастерлер, қобдиша, күг шуағы,
жүрекше, тәттілер ілінген плакат.
Психологтың
сөзі: Құрметті арулар, бүгінгі «Біз
– өмірдің гүліміз» тренингіне қош келдіңіздер! Бүгінгі таңда қыз
тәрбиесінің қоғамда алар орны ерекше. Мектеп өмірінде өнегелі істер
мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да
еңбек еткенде жақсы жағынан көрініп, көпшілік құрметіне бөленері
сөзсіз. Бүгінгі психологиялық тренингтің мақсаты әр адам бақытты
өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыда дайындауға, жеке
қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, жағымды «Мен» концепциясын
қалыптастыру.Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын
ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.
Топта жұмыс істеу
ережесі:
-
Бірін-бірі «Визиткада
көрсетілген есім бойынша атау;
-
Біреуі сөйлейді, екіншісі
тыңдайды;
-
Болып жатқанға белсенді
қатысу;
-
Әркім өз пікірін білдіруге
құқылы;
-
Пайда болған ой, сезімдеріңді
осы жерде және қазір айт;
-
«Басынан» «Аяғына» дейін жұмыс
істеу.
Ой
қозғау: Қазақ қызы қандай болу керек?
Осыған байланысты бейнебаян ұсынамыз. Оқушылар өз ой-пікірлерімен
бөліседі.
I. Амандасу – «таныстыру»
жаттығуы.
Нұсқау : әр қатысушы өз есімін,
мағынасын және бұл есімді кім қойғанын айту керек. Мысалы: Атам
менің есімімді Шынар, Жанар атты апаларыма ұқсастырып «Анар»
қойған.
II. «Күн шуағы»
жаттығуы.
Нұсқау: Қыз балалардың бойында қандай
қасиеттер болу керек?- деп сұрай келе, өз бойындағы қандай жағымды
қасиет бар, соны білу және күн шуағына
жазу.
III. Ой талқы. Шарты
: айтылған мақал- мәтелдердің
мағынасын ашу.
Аяғына қарап асын
іш»
Ақылсыз қыз сөзге
ілігер.
IV. «Әріптер сөйлейді»
жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушыларға әріптер
таратылады, сол бойынша қыз балаға тән қасиеттерді
айту.
Қыз тәрбиесі – ұлттың
тәрбиесі, тектілігі, абыройлы.Осы ретте, «Қыздар, сенің
ұятың-ұлтыңның намысы!» деген аталы сөз қыз тәрбиесіне орай айтылса
керек. Қыз бала тәрбиесі қашан да мәнді.
«Қыз – ұлт әдебі, ел
намысы»
Қ –
қылықты
Ы –
ынталы
З -
зерделі
|
Ұ –
ұқыпты
Л –
лебізді
Т -
тиянақты
|
Ә
–әдепті
Д –
дарынды
Е –
еліктей
Б –
байыпты
І -
ізетті
|
Е –
елгезек
Л – лағыл
тастай
|
Н –
намысшы
А –
аяулы
М –
мейірімді
Ы –
ықыласты
С –
сыпайы
Ы -
ырысты
|
|
V. «Сиқырлы қобдиша»
жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра
отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға
жазылған адамгершілік қасиеттер. Қобдищадан әр қатысушы кезекпен
бір сыйлықтан таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп
санаған адамға сыйлайды.
VI. «Тілек айту» Жүректен
шыққан жылы сөз.
Қыз балалар жүрекшені ұсына
отырып бір-бірлеріне тілек айтып, психологтар ұсынған тәттілерді
алып, тренингтік жаттығу қорытындыланады.
«Қайта байланыс»
жаттығуы
Қорытынды (психолог
сөзі).