Материалдар / Біз қалай тамақтанамыз? 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біз қалай тамақтанамыз? 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалай Тамақтану туралы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
520
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні

Д үниетану


Мұғалімнің аты-жөні


Оқулық

Дүниетану 1 –сынып, Қ.Қ. Байтенова, А.А. Жакеев, Е.Н. Попова

Сабақ № , сабақ тақырыбы

26 сабақ, Біз қалай тамақтанамыз?

Оқу мақсаты

(қысқаша)

  • 1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі мен тамақтануы туралы әңгімелеу

  • 1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Оқушының аты-жөні

(оқушы толтырады)




Іс-әрекет реті

Ресурстар

  1. https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/adam-ahzasy-zhane-onyng-kutimi/lesson/tamaqtanu-durys-as-ishu-tartibi

  2. https://www.youtube.com/watch?v=jYGQOcCA2JM

  3. https://www.youtube.com/watch?v=CyFVKd6Bcdw


Орындалуы

(оқушы толтырады)

Мағынаны таны

  1. Дүниетану кітабынан 70-бетті аш. Суреттерді салыстыр. Ежелгі адамдар мен қазіргі заман адамдарының тамақтануында қандай ұқсастық пен айырмашылықтар бар?

Ең алғашқы адамдар жылы жерлерде өмір сүрген. Сондықтан олар жылы киім туралы қамданбады. Үйлерді қолайсыз ауа райынан және жыртқыш аңдардан қорғану үшін салды. Олар көп уақытын тағам іздеуге жіберетін. Әйелдер мен балалар жемістерді, өсімдік тамырларын, құстар мен тасбақалардың жұмыртқаларын терді. Ер адамдар аң аулаумен айналысты. Сол уақытта жер бетінде мамонттар болған еді. Ежелгі адамдар мамонттарды алдын ала жасаған шұңқырларға қуып, кіргізетін. Олар ұзақ уақыт бойы тағамды шикілей қолданды. Тіпті адамдар от тұтатуды үйренгенде аулаған аңның тұтастай еті жанып тұрған отқа сыйып кететін.

  1. Кітаптан 71-бетті ашамыз.

Суреттерге қара. Тағам мен сусын түрлерін анықта.

Тағам және сусын адамның тіршілік етуі ұшін қажет. олар күш береді және шөлді қандырады. Тағамның алуан түрлі болуы денсаулыққа пайдалы. Тамақтану ережесін сақтау денсаулық үшін маңызды.

  1. Сен білесің бе?

Қымыздың пайдасы туралы. Қымыз – емдік сусын, оны бие сүтінен жасайды. Қымыздың шипалық және емдік қасиеттері ерте заманнан белгілі. Ол ел арасына ғажайып қасиеттерімен танымал. Қымызды алғаш рет түркі тайпалары жасап үйренді. Олар бұл сусынды әзірлеу құпиясын сақтады. Қымызды «батырлардың сусыны» деп атаған. Қымызды қолдану арқылы асқазан, өкпе, бауыр т.б. ауруларды да емдеуге болады. Сонымен қатар қымызда дәрумендер көп және керемет салқындататын дәмі бар. Қымызды дайындау және пайдалану түркі халықтары мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады.


+ белгісімен танысқан ресурстарыңды белгіле

Жауап бер

  • Ежелгі адамдар мен қазіргі заман адамдарының тамақтануында қандай айырмашылық бар?

  • Сен таңертең қандай тамақ жейсің, қандай сусын ішесің?

  • Шипалы сусын дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Қымыздың қандай емдік қасиеті бар деп ойлайсыңдар?



Орында

1-тапсырма

Дүниетану кітабынан 70-бетті аш. Суреттерді салыстыр. Ежелгі адамдар мен қазіргі заман адамдарының тамақтануында қандай ұқсастық пен айырмашылықтар бар?

2 тапсырма

Берілген тағам мен сусын түрлерін тиісті кестеге бөліп жаз: алма, сүт, шұжық, қызанақ, ет, айран, нан, котлет, бәліш, йогурт, қырыққабат,өрік, қаймақ.

Көгөніс пен жемістер

Сүт тағамдары

Ет тағамдары

Ұннан жасалған тағамдар





3 тапсырма

Дәптермен жұмыс. Жұмыс дәптерінен 47-жұмыс парағын орындаймыз. Сызықтардың көмегімен ежелгі адамдар мен қазіргі заман адамдарына тиісті тағамдарды қос.

48-жұмыс парағында берілген тапсырманы орында.




Рефлексия

Дұрыс жауапты таңдап, белгіле

  1. Ежелгі адамдар немен қоректенді?

А) сүт, картоп, нан

Б) тамыр, жидек, шикі ет

В) йогурт, шұжық, тәтті бәліш

+ немесе – белгілерін қой

Мен бүгін ... білдім

Мен енді ... білемін

(бағалау критерийлеріне сәйкес)






Мұғалімнен кері байланыс

(ауызша кері байланыс немесе жазбаша ұсыныс)

Тақырып бойынша берілген тапсырма жауаптарын Күнделік.кз-ке жүктеу арқылы, Whats App желісінен сурет/бейнежазба көмегімен жібере аласыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!