«Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» тренинг

Тақырып бойынша 29 материал табылды

«Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі тренингтің тақырыбы: «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» деп аталады. Мақсаты: оқушылардың салауатты өмір салтын сақтау,денсаулықты күту, тазалық сақтау, зиянды әдеттер, қатерлі дерттер, лас істерден аулақ болу және тән сұлулығы мен жан сұлулығы жайлы пікірлерін ортаға салу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» тренинг

Саламатсыздар ма оқушылар. Бүгінгі тренингтің тақырыбы: «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» деп аталады.

Мақсаты: оқушылардың салауатты өмір салтын сақтау,денсаулықты күту, тазалық сақтау, зиянды әдеттер, қатерлі дерттер, лас істерден аулақ болу және тән сұлулығы мен жан сұлулығы жайлы пікірлерін ортаға салу.


Жіптік жаттығуы Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады, қолдарына жіп беріледі. Оң жақ қолды көтергенде, оң жақта тұрғандар, сол жақты көтергенде сол жақта тұрғандар. Екі қолды көтергенде, екі қатысушы бірге қозғалады. Жаттығу жылдамдыққа бейімделген. Жаттығуда оқушылар бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында және оқушылардың адамгершілік қасиетін дамыту мақсатында қолданылды. Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күйде болу.

Миға шабуыл. Топпен жұмыс жасау.

1. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?

2. Зиянды әдеттерге нелер жатады?

3. Спорттың, қимыл - қозғалыстың адам денсаулығына әсері қандай деп ойлайсыңдар?


2. Зиянды әдеттерге қысқаша шолу жасау. Зиянды әдеттер

Ішімдік ішу, Темекі шегу, электронды темекі, насыбай ату, Нашақорлық Салауатты өмір салтын ұстануға бірден - бір кері әсер ететін факторлар. Ішімдік – «этил спирті» немесе «этанол» деп те аталады. Этил спирті мөлдір әрі түссіз болып келеді. Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40% градусқа дейін жетеді. Ішімдік ішу созылмалы бауыр ауруларына, ұмытшақтық, бүйрек ауруларына әкеліп соқтырады. Жаман әдеттерің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық. Оның зардабы: бронхит, өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеліп соқтырады. Темекі түтінінде 300 - ден астам әр түрлі химиялық заттар, олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін, өте қатерлі у бар. Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық – бұл тажал адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді және жас ағза бірден үйренеді. Соңғы зерттеулер бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің 12%- ы өмірінде 1 рет болса да есірткі қолданып көрген. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар.

Жылдап тап ойыны

Қатысушылар екі топқа бөлініп, қарама-қарсы отырады да, бір жағы бір шетінен бастап ойынды бастайды. Құлақ, мұрын, тізе сияқты адамның мүшелерін шатаспай көрсету керек. Ортаға белгілі бір зат қойылады. Оны жылдам алу керек, қай қатысушы тез алады, сол оқушы жеңімпаз болады.


Мақал – мәтелдерді құрастыру. Оқушыларға мақал-мәтелдер беріледі. Оқушылар мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру керек.

1. Сақ жүрсең,...сау жүресің.

2. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

3. Денің сау болса, жарлымын деме....Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.

4. Тыста ұзақ жүргенің –...ұзақ өмір сүргенің.

5. Дені сау адам –....табиғаттың ең қымбат жемісі.

6. Елемеген ауру жаман,....ескермеген дау жаман.

7. Сырқат тән жарасы,... қайғы жан жарасы.

8. Тазалық – саулық негізі,..саулық – байлық негізі.

9. Көзің ауырса,.... қолыңды тый, Ішің ауырса,.... аузыңды тый

10. Жарлының байлығы – денінің саулығы


Қорытынды: Оқушыларды салауатты өмір салтына ұстауға баулу. Бір-біріне жақсы қарым-қатынас қалыптастыру.

Педагог-психолог: Т.А.Талапқали

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2023
782
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі