400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бізбен бірге оқы» жобасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыны кітап оқуға баулы біздің басты міндетіміз. Отбасымен бірге кітап оқу – балаларды кітап оқуға тартуға әсері мол. Балалардың кітап оқуға деген құштарлығы, рухани байлығының артуы отбасындағы үлкендердің көрсеткен бағыт бағдарына байланысты. Отбасылық оқу – ұрпақтардың рухани байланысы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бізбен бірге оқы» жобасы

Тайгараева Акбота Бахытқызы.

Жезқазған қаласы, №11 ЖББМ КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Кітап оқу-ой-санаңды кеңейтіп, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретеді, өзіңді тануға және қоршаған ортаны шынайы тани білуге көмектесетін баға жетпес әрекет деп есептеймін. "Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді сіз де жақсы білесіз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Біз бүгін сіздерге кітап оқудың 7 пайдасы жөнінде айтып көрейік.

1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі. 

2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. 

3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.

4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі. 

5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады. 

7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады. 

Олай болса,оқушыны кітап оқуға баулы біздің басты міндетіміз.  Отбасымен бірге кітап оқу – балаларды кітап оқуға тартуға әсері мол. Балалардың кітап оқуға деген құштарлығы, рухани байлығының артуы отбасындағы үлкендердің көрсеткен бағыт бағдарына байланысты. Отбасылық оқу – ұрпақтардың рухани байланысы.   Кітап білімнің қайнар көзі. Кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті, кітап оқудан алатын қанағаттанушылық және кітапсыз өмір сүре алмауға баулу – нағыз отбасылық дүние.

              Оқушылар кітапханаға өз бетінше келеді. Өздері ұнатқан кітаптарын таңдап алады немесе кей кезде кітапханашы апайдың көмегіне жүгінеді. Алайда ата – анамен келіп кітап оқитын оқушылар санаулы десек те болады. Педагогтер мен ата-аналаралалардың қызығушылығы негізіндегі ынтымақтастықты және Ооқушы, мектеп, ата – ана арасында байланыс пен қолдау көрсету үшін , «Бізбен бірге оқы» жобасы ұйымдастырылды

Мақсаты : Ұстаз,оқушы, ата-ананы біріктіру арқылы оқуға құштар ету.

Жоба 3 бөлімнен тұрады.

  • 1 бөлім: « Бір кітап аясында» деп аталады.

Бұл бөлімде мектеп ұстаздары әр айдың басында таңдалып алған кітапты 1 ай оқып, ай соңында оқылған кітапқа презентация жасалады, сонымен қатар оқылған кітапты көпшілікке ұсыну тапсырылады. Жобаның жоспарына сәйкес әр айға бір кітаптан ұсынамыз.ай соңында қорытындыланады.

  • 2 бөлім: «Ми» баттл деп аталады. Бұл бөлімде оқушылар қатысады. Ай соңында таңдалған ертегі әңгімелерді қаншалықты оқылғаны топпен жарыс арқылы анықталады.

  • 3 бөлім : «Тәтті кітап» деп аталады. Бұл бөлімде ата-аналар қатысады. Әр дүйсенбі кезекпен ата-аналар келіп,балаларға ертегі не бір әңгімені бастап оқып береді.балаларды қызықтыру мақсатында кітап мұқабасының суретін тәттілерге жапсырып ұсынады.



Қорытынды: Біз бұл жобаны жыл бойы жүргізіп отырамыз. Ұстаздар,оқушылар, ата-аналар бірнеше топқа бөлініп жыл бойы жұмыс атқарада. Жыл соңында оқылған кітаптар бойынша әр бөлімнен тест алынып, арнайы сыйлармен марапатталады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
04.05.2024
298
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі