Материалдар / Біздің отбасының құнды жәдігерлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біздің отбасының құнды жәдігерлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Киелі Сыр бойын мекен еткен, ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ,біз үшін баға жетпес,құнды жәдігерлеріміз - отбасылық байлығымыз ғана емес,отбасылық бақытымыз да,деп санаймыз.Сондықтан көненің көзін көрген жәдігерлерімізді бағалау, келер ұрпаққа үлгі болуы қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2021
1431
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектеп







Біздің отбасының құнды жәдігерлері







Бағыты:Отбасылық құнды жәдігерлер





Орындаушы:Шайкуллаев Ардан ,5 «А» сыныбы, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектеп;





Жұмыстың жетекшісі:Досаманова Гулдана,тарих пәнінің мұғалімі,

Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектеп;















Жұмыстың орындалған уақыты: 2020-2021оқу жылы

Резюме (аннотация)

Бұл жұмыс отбасылық құнды жәдігерлер туралы кең көлемде деректер келтіріле отырып зерттелінген. Құнды жәдігерлер туралы  тың материалдармен тақырып өзектілігі ашылған. Отбасылық жәдігерлердің қасиеті мен қоғам өміріндегі маңыздылығы ерекшеленген.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Отбасылық құнды жәдігерлерді дәріптеу арқылы,еліміздің тарихи ескерткіштеріне үлес қосып,құнды жәдігерлердің қасиетін бағалай білу;

Зерттеудің ғылыми болжамы: Ата-бабамыздан қалған мұраны сақтай отырып,  салт-дәстүрімізді одан әрі дамыту, ұлттық мәдениетіне тәрбиелеу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:1.Бірінші кезең: құнды  жәдігерлер туралы, оның түрлері туралы  материал жинақтау, қосымша материалдар көзін іздеу.

2.  Екінші кезең: Жинақталған материалдарды қорыту, жүйелеу.

3.Үшінші кезең: Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелер алу, жинақталған материалдары дайындап  ұсыну

Зерттеу әдістері: Жинау, талдау.

Алынған мәліметтер негізінде жасалған қорытынды:

Алынған жұмыстың іс жүзінде қолданылуы:тіл  дамыту, қоршаған  дүниемен таныстыру,тарих -сабақтарында  құнды жәдігерлер туралы оқыту кезінде пайдаланады.Сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларға, тәрбие сағаттарға пайдалануға болады.

















Мазмұны:

І. Кіріспе ………………………………………………………………….....................

1.1. Біздің отбасының құнды жәдігерлеріне сипаттама бепу,тақырыпты таңдалуы мен мақсаты

ІІ. Негізгі бөлім………………………………………………………………...............

2.1. Зерттеудің жабдықталуы мен әдістері……………………………………………

2.2. Шыққан қорытындылар және талқылау..................................................................

2.3.Суреттегі жәдігерлерді зерттеу барысында айқын құндылығына талдау жүргізу ……………………………

ІІІ. Қорытынды  …………………………………………………………...................

Нәтижелер мен ұсыныстар

ІV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………………..





















І.Кіріспе

Сипаттама:Киелі Сыр бойын мекен еткен, ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ,біз үшін баға жетпес,құнды жәдігерлеріміз - отбасылық байлығымыз ғана емес,отбасылық бақытымыз да,деп санаймыз.Атадан – балаға мұра болып келе жатқан жәдігерлер,біздерге қазақ даласының тарихын көрсетеді.Бұл отбасылық жәдігерлерді тек мұражай ретінде сақтап қана қоймай, күнделікті өмірде пайдалану,ата-әжелеріміздің күнделікті шаруашылығын есімізге түсіреді.Бізге үлгі етіп ,ата-анамыз,осы мұраға қалған жәдігерлерді қолдана отырып, тарихын айта жүреді.Оның себебі,бұл жәдігерлердің біздер үшін,қаншалықты маңызды екенін түсіндіру үшін айтады.Мәселен,үйдегі:үлкен қазан- ошақ,нан пісіретін таба,су таситын фляг,ошақ үстінде қайнататын шәйнек,майшам,сандық,текемет және қой баққанда киген ,таза мал терісінен жасалған, тон мен сырмақтардың өз тарихы бар,ол біздер үшін өте қызық,бұл жәдігерлер туралы үнемі көбірек тыңдағым келеді,себебі ол болған оқиғалар болса да,біздер үшін ертегідей көрінеді...Бірақ ертегіні ештеңемен дәлеледей алмаймыз,сондықтан да ол ертегі..Ал бұл бізге ертегі болып көрінгенімен ,үйдегі жәдігерлер оның болған оқиға екенінің дәлелі.

Таңдалуы:Үлкен ата-бабаларымыз,содан соң ата-әжелеріміз,ал содан соң ,қазіргі уақытта ата-аналарымыздың – жарты ғасырдан көп уақыт бойы қолданып келе жатқан,тарихи,құнды ыдыстары,киімдері,түрлі бүйымдары біз үшін де- аманат деп білеміз.Ол жылдан-жылға,ғасырдан-ғасырға жалғасын тауып,біздің де ұрпақтарымызға,тарих ретінде,өткеннен өшпес із ретінде қалатын ,тозбас дүние болады- деп білемін.Біздер ата-бабаларымызды көрмесек те,көргендей болып өсіп келеміз,оның өзіндік себебі-осы мұраға қалған жәдігерлер...Анам үнемі: «Көненің көзі жүрген жер,тек ол шаңыраққа бақыт пен береке алып келеді»-дейді.Сондықтан да,бұл тақырып маған өте әсерлі және жақын болды.

Мақсаты: Бұл жобаға қатысуымның мақсаты да осында, менің ата-анам бұл жәдігерлерді қалай сақтап,қалай қолданып жүргендеріне мен куәмін,сондықтан да,бұл жәдігерлерді жарыққа шығару мен үшін,үлкен бақыт.Ал маған қалдырған бұл жәдігерлерді көзімнің қарашығындай сақтайтын боламын.Себебі бұл заттардың әкем үшін,анам үшін қаншалықты бағалы екенін өте жақсы білемін. Мен өзімнің құрдастарыма,осындай жәдігерлерді дәріптеп,баптап,әсіресе Ұлы Отан соғысы ардагер аталарымыздың ,киген киімдері мен соғыста қолданған ыдыстарын қастаерлеп алып сақтаса деймін,ол аталарымыз біздің тыныш өмір сүруіміз үшін,соғыс алаңында,жаумен бетпе-бет тұрып шайқасқан болатын.Өкінішке орай біздің үйде ондай жәдігерлер жоқ болғанымен ,мен үшін үйдегі,әкеме мұраға қалған әр-бір заттың қасиетін бағалай білемін,қашанда қастерлеп өтемін... Мен де өзімнің болашақ ұрпағыма осындай ата-бабаларымнан келе жатқан жәдігерлермен қоса,мұраға өзімнің қолданған заттарымды,болашақ ұрпақтарым үшін,құнды жәдігер ретінде қалдыруды армандаймын.Тіпті болашақта елім үшін бағалы болап табылатын ,ата-бабамыздан ,зерттелмей қалған құнды мұраларды тауып,ашып,арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп,өзіміздің соңымыздан ерген ұрпақтарымызға мұра ретінде аманат етіп тапсырғым келеді. Болашақта да,біз секілді жас ұрпақтар,осындай құнды дүниені бағалап,баптап,сақтап,ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырса,еліміздің тарихы жанданып,мәңгілік жасайтынына сенімдімін.



ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Зерттеудің жабдықталуы мен әдістері Өзімнің зерттеу жүргізген құнды жәдігерлерім туралы ,олардың ұлтымыз үшін, маңыздылығымен ,қадір-қасиетін жан-жақты анықтап,өзім қорғағалы отырған,көненің көзін көрген,құнды жәдігерлерімнің,әрқайсысының ,өзіндік тарихына тоқталдым,жан-жақты материалдар жинақтап,талдау жүргіздім. Олар:1.Қазан ошақ;2.Тапа;3.Шәйнек;4.Фляг;5.Киіз;6.Май шам;7.Сандық;8.Тон;9.Сырмақ.

2.2. Шыққан қорытындылар және талқылау Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян.Сондықтан да ,атадан балаға мұра болып,жалғасын тауып келе жатқан ,мұндай жәдігерлерді дәріптеу –ұлтымыздың дәстүрлерінің бірі деп білемін.Мен мұндай көненің көзін көрген,қасиетті,құнды жәдігерлерді өз үйімде,жарты ғасырдан аса қолданылып келе жатқан,ата-әжелерімнің ыдыстары мен киім-кешектерін дәріптеуді дұрыс көрдім.

2.3. Суреттегі жәдігерлерді зерттеу барысында айқын құндылығына талдау жүргізу “Елден қазан кетсе, қазақтан ырыс кетеді” деп,ата-бабамыз бекер айтпаған ғой, халқымыз қара қазанды көнеден қасиет тұтып, ерекше қастерлеген. Қазаны оттан түспейтін әрбір шаңырақ мүшесі оны қуат көзіне балаған. Елді аштықтан аман алып қалған да қадірлі ыдыс құдіреті. Жаугершілік заманда қазан астына жасырынып қанша бала тірі қалды. Дастарқан мәзіріндегі тағамның барлығы дерлік осы ыдыста дайындалады. Құрт қайнату, бауырсақ пісіру, ірімшік жасау, ет асу тағы басқалары қара қазан арқылы дайындалады. Қазанды үш аяқты ошақ немесе жер ошаққа қояды..
Жалпы көне таным түсінікке сай қазан тоқшылық пен бейбітшіліктің, ырыс-несібенің белгісі. Сондықтан қазанды себепсіз сындырмаған және төңкермеген. Оны сындыру – отбасын ойрандау саналса, төңкеру – аштық пен жоқшылық нышаны деп қабылданған. Ал рухани жаңғыруымыздың қайнар көзіне айналып, береке-бірліктің ұйытқысы болған қасиетті дүниені қадірлей білу, оның басқа заттарға қарағанда ұлт өмірі мен мәдениетінде алатын орны ерек екендігін кейінгі буынға аса құнды мұра ретінде жеткізу парыз. “Жеті жарғыда” өлім жазасына кесілген жан жеті айып төлеп құтыла алады. Оның біріншісі – қара қазан беру.
Аталы сөздің түп-төркіні ырыстың қадірін біліп, астамшылдық пен ысырапқа жол бермеудің үлгісін көрсеткендігі ойландырады.
Міне, бұл қара қазанның қасиеті,мұны жазып отырған себебім,менің атамның анасы,менің әжеме келін болып түскенде қолданып отырған қазан-ошағын қайтыс болар алдында үлкен келініне,яғни менің әжеме табыстап ,аманат еткен екен.Ол қазанды осы уақытта менің анам үлкен той жиындарда қолданып келеді.Әрбірден ол қазанды анам,ашқан сайын,үйімізге молшылық пен тоқшылық беріп отырған,осы қазанның қасиеті екенін айтады,себебі бұл қазан үлкендердің ақ батасымен бізге жеткендігін айтып жүреді.Біз де бұл қазанды қастерлеп,ұқыптап ұстап келеміз...

Қазақта «Ас — атасы нан»деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені — нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, жерге тастамауды үйретеді.  Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта  «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой.  Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да  жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. Дастарқаныңыз берекелі болсын десеңіз, үйіңізге ырыс кірсін десеңіз, отырған адамдардың ықылас-пейілі өз шаңырағыңызға аусын десеңіз алдымен дастарқаныңызға нан қоюды ұмытпаңыз. Өйткені жай нанның өзінде пенделердің көзіне көрінбейтін адамдарды тартатын қасиет бар.

Міне,бұл нанның қасиеті,әрине нансыз тамақ жей алмаймыз,ал бұл нан туралы айтып отыруымның себебі де бар:үлкен әжеміз,менің әжеме еншісн беріп,бөлек шығарған кезінде ,нан көметін табасын да берген екен...Ол табаны осы уақытқа дейін ұқыптап ұстап,әжем өзі көңілі қалаған бір уақытында,қимен немесе сексеуілдің шоғына нан пісіріп береді,болашақта маған беремін дейді.Ал мен әжеммен бірге жүріп,бірінші болып,ыстық нанның дәмін көремін.Табада,шоққа піскен нанның дәмін айтып жеткізе алмаймын.Әжеме табаны берген,үлкен әжеме алғысымды айта жүремін...

Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Міне,бұл судың қасиеті су,ауадан кейінгі адам өмірі үшін ең қажетті табиғи өнім.Қазіргі таңда,біздің үйімізде су ағып тұрады,ал сонау ата-әжелеріміз қойшы ауылдарда,суды ат арбаға немесе түйеге артып ,бұлақ басынан алып келеді екен.Ол оқиғаны маған үйдегі көне флягге су толтырған сайын атам айтып отырады: «Мен аңға апталап,айлап кеткенімде ,әжең атқа мініп,осы флягпен бұлақ басынана су таситын,бұл менің әке-шешемнен қалған көз»-деп,көңілі босап қалады,ал ол мен үшін сондай қызық ертегідей естіледі....Осы флягпен бірге үлкен жылтыр шәйнек жүреді,ол шәйнекті қыстыгүні,от жаққанда,киіз үйдің ортасына орналасқан қара ошаққа қойып қайнатып,ішеді екен...Шіркін сол кездерден суреттер қалғанда ғой,деп ойлаймын..Мысалы осы ата-әжелерімізден келе жатқан ыдыстар,киімдер немесе т.б.жәдігерлер сол замандарда өмір сүрген атақты адамдарға тиесілі болса,бұл жәдігерлер ,қазір мұражайларда тұратынына сенімдімін...Алайда мен өз ата-әжелерімізден қалған құнды жәдігерлерді ешкімге берместен,отбасылық,тіпті әулеттік мұраға қалдырғанды жөн көремін..

Бізді әрқашан және барлық жерде жарық қоршап тұрады, өйткені бұл өмірінің ажырамас бөлігі. От, күн, ай немесе шам. Халқымыздың ежелден қалыптасқан тұрмыс-тіршілігінде қолданылып келе жатқан көптеген әдет-ғұрыптарымыздың, салт-дәстүрлеріміздің, ырым-тыйымдарымыздың және наным-сенімдеріміздің әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні өте зор. Осындай өнегелі тағылымдық маңызы зор әдет-ғұрыптардың бірі – «шырақ» ұғымына қатысты айтылады..Қазақ тілінде тікелей шыраққа қатысты тыйым сөздер, аңыз-әңгімелер, қанатты ойлар, даналық нақылдар, теңеу сөздер мен сөз тіркестері көптеп кездеседі. Мысалы, «Отбасы тату болса, шырағы жанар», «шырағың өшпесін», «қыз – қырық шырақты», «…таппаған сорлы адамнан сөнер шырақ» (Абай), «шам отындай лапылдап жанғандай» (М.Әуезов) деп айтылатын ауызекі әңгіме де жақсы адамның шырақтай айналасына шарапаты тиетінін аңғартады.Халқымыздың ерте кездерде қалыптасқан тұрмыс-тіршілігіне қатысты салт-дәстүрлердің білгірі, көрнекті этнограф ғалым Жағда Бабалықұлы «… бұрынғы кездері қазақ отбасында майшам болатын. Ұйқыға кетер кезде майшамның отын үрлеп өшірткізбейтін. Білігін басып сөндіретін. Бұл да әдептілік. Әрі отты өшіру жақсы ырым емес. Өз отыңды өзің өшіргенмен бірдей боласың. «Отың өшпесін», «шырағың сөнбесін» деген тәлкілерді халқымыз бекер айтпаған» дейді.

Міне ,осындай білікпен жанатын шам да бар, біздің құнды жәдігерлеріміздің қатарында. Біз күн бата сала,электр жарығын жағамыз,теледидар көреміз,үтік,кір жуғыш машина,шаң сорғыш,ұялы телефондарымызды қуатқа қосамыз,тіпті нанның өзін де,осы тоқ пешке пісреміз.Ал атам мен әжем,өз замандарында,малшы ауылдарда майшаммен ғана отырып,тамақтанып,қаншама балаларды өсіріп жеткізген...Расымен де ол майшамды,біз жарық сөнген кезде ,білігін салып,майын құйып қолданамыз,алайда жарықтың ертерек жанғанын асыға күтіп отырамыз.Ол сол заманның электр жарығы болып саналатын.Осыған қарап,еліміздің дамып келе жатқанын байқаймын.Әлбетте бұл майшам да,біз үшін өте құнды жәдігер болып қалады.

Сандық — киіз үйдің ағаш жиһаздарының бірі. Оған киім-кешек, асыл бұйымдар салынады. Қазақ шеберлері сандықты қайың, қара тал ағаштарының сүрегінен жасаған. Сыртынан көркем етіп темірмыс жапсырмамен, қатырма ою өрнектермен безендіріледі. Сандықтардың тұрмыста қолданылуына қарай көлемі де әр түрлі.Сандық — халықтар тұрмысында ерте кездей пайдаланылып келе жатқан ең ежелгі жиһаздың бірі. Көшпенді халықтар үшін ол өте-мөте қолайлы болған. Сандықтың аузына көбінесе ішкі құлып, кейде аспа құлып орнатылады.. Сонымен қатар сандықты қыздың жасауын бергенде артынан алып баратын болған.Ол сандық үйдің ең төрінен орын алатын болған.

Ендеше сондай металдан жапсырмаланып жасалған көне сандық,біздің үйде менің әжемнің жасауымен келген екен.Ол сандықтың оюлары ескіріп түскенімен ,оны қайтадан үстінен бояп қоя береміз.Ол сандық,үйде үлкен той болғанда ашылады,оның ішінде көптеген әжемнің жинаған маталары мен орамал,шапандары жатады.Өте ауыр металлдан жасалынған,өзім ашуға әлім жетпейді,сол замандарда жасалған бұйымдар жарты ғасыр бойы жүрсе де,өз құндылыған жоймай келеді,анам сандықты үйдің төрінде,ал бесікті биікте ұстайды.Тәтеме үнемі ақылын айтып,барған жеріңнің кез-келген ,көне дүниелеріне құрметпен қарауды үйретіп жүреді,себебі олар көненің көзі- деп біліңдер дейді.

Текемет – сәндік-қолданбалы өнер туындысы, бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы.Текеметтің туу тарихы мен оны жасау технологиясы қазақтың ерте дәуірдегі (біздің заманымыздан бұрын. 6 – 5 ғасырлар) өмір-тұрмысынан тамыр тартады. Әсіресе, көшпенділер өмірінде Текеметтің алатын орны өзгеше болған: ол қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй ішіне жылылықпен қатар әсемдік те әкеліп әрі киіз үйдегі адамдарды астынан өтетін сыздан қорғап, аурудың алдын алу рөлін де атқарып отырған.

Қазіргі уақытта текемет,киіз төсеп отырған үйлер жоқ,ал біздің әжемнің сандығы тұрған бөлмеде ,киізді жылы болсын деп,кілемнің астына төсеп қойғанбыз.Расында да,киізді күнге жайып қойған күні,ол бөлме бос қалғандай көрінеді,ал киізді төсеп қойсақ,ол бөлмеге бір жылу кіргендей көрінеді,міне бұл киізді де ,атам мен әжем еншісін алып шыққанда ,үлкен әжемнің бергені екен.Сондықтан да,бұл киізді таза,әрі жыртпай,ұқыпты ұстаймыз.Менің ата-әжем бұдан 46 жыл бұрын үйленген,ол кезде совет үкіметінің малын бағып,Қазалығой совхозында,қойшы ауылда отырған екен.Атамның әкесі қой бағуға,аң аулауға шыққанда,қыстыгүні ,мал терісінен жасалған тон мен жылы ,мақтадан жасалған сырмақ киіп шығады екен.Ал кейіннен оны,менің атама берген,ал ол тонды менің әкем қазіргі кезде,киіп жүре алмайды ,себебі ол сондай ауыр дейді.Ал сырмақпен жүру ыңғайсыз дейді,сонда атам ол тон мен сырмақ талай аң мен қойға шығып,талай қасқырдың тісінен аман алып қалғандығын айтып отырады.Сондықтан да қазір тонының екі жеңі жоқ.Ал мен оны қызыққа киіп көріп,қасқырмен алпарысқандай болып ,өзімді атамның орынбасарымын деп сезінемін.

ІІІ.Қорытынды

Қазақ халхы қашанда,тақтың өзін мұраға қалдырып келе жатқан халық болған.Атадан балаға мұраға қалдырылған,кез-келген заттың қалу үрдісі,ұлтымыздың дәстүрлерінің бірі болып саналады.Ол әртүрлі зат болуы мүмкін,мәселен:діни сауатты болған аталарымыздан құран кітап немесе отбасылық кітапханасынан сақталып келе жатқан басқа да әдеби кітаптар мен шежірелер болады.Ал әйел адамдардан,яғни әжелерімізден көбінесе :әшекей бұйымдар(сырға,моншақ,алқа,сақина,түйреуіш,және т.б...),ыдыс-аяқтар,камзол немесе үйге қажетті бұйымдар қалып жатады.Ал менің әжемнің ондай әшекей бұйымдарға қызығушылығы болмағандықтан,ондай жәдігерлер қалмаған.Сондықтан да,әжемнің үй болып,бөлек,еншісін алып шыққалы қолданған тек,үй бұйымдары мен ыдыс-аяқтарына,жоба барысында ,мәлімет беріп өттім.Ер адамдардан,яғни аталарымыздан,көбіне:ер тоқымдар,шұлықтар,герзі етіктер мен тон,сырмақтар қалатын болған.Ал бабамның киген тоны мен сырмағы,атама,ал одан соң әкеме мұраға қалып келе жатыр.Ол тонның жеңі болмаса да,біз оны ең құнды жәдігер ретінде көреміз,себебі өзім жоғарыда ,айтып өткенімдей,атамның басынан өткен оқиғасының куәсі болып табылады.Атам мен әжем үшін,анам мен әкем үшін қымбат,құнды болып саналатын кез-келген көне жәдігерлер мен үшін де өте қымбат,асыл қазына болып қалады.Ата мен әжемнің бөлмесі,құбды бір көне заманның,киіз үйі секілді,себебі,ол бөлме -осы менің атап көрсетіп отырған,барлық көне жәдігерлермен жабдықталған. Киізді төсеніш етіп төсеп,ал сандығына,өзіне қажетті бар бағалы заттары салып қойған.Майшам да сол бөлмеде тұрады,себебі басқа бөлмеде сынып қалады,деп өз бөлмелерінен шығармайды,ал тон мен сырмақты ,қабырғаға іліп қойған,ер адамның киімі ,тек жоғарыда тұруы керек дейді,тіпті әжем, менің әкем мен ағамның алдын кесіп өтпейді,мен: «Әже,ол сіздің ұлдарыңыз ғой,сіз олардан үлкенсіз ғой,неге сіз жол беріп тұрасыз»-десем, «олар «Ер адамдар»,ал ер кісінің жолын кескен әйел кісінің жолы болмайды өмірде»-деп,жауап береді.Міне,атам мен әжемнің тәрбиесін осылай көріп,өсіп келемін...Қорыта келе,еліміздің,ұлтымыздың тарихының өзін де,біз осындай көне заманнан қалған заттай деректер арқылы танып біліп отырамыз,сондықтан да,мұндай көне жәдігерлерді бағалап,ұстап,ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыру,өте дұрыс тәлім-тәрбие деп білемін.Біздің ата-бабаларымыздың ауыз әдебиетінен қалған,жазбаша дерек көзі,өшпес мұрамыз ол,мақал-мәтелдеріміз...Егерде,мұндай мұраларымыз сақталмаса,жалғаспаса,біздер ата-бабаларымыздан келе жатқан өз тарихымызды,әдебиет пен салт-дәстүрлерімізді білмей өтер едік.Сондықтан да,ол жәдігер қаншалықты көне болса,соншалықты оның маңызы мен ролі жоғары бола береді.Мен де,атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан,бұл жәдігерлерге өзімнің көзімнің қарашығындай сақтап,келесі өзімнің ұрпақтарыма жеткізуге уәде беремін...Ал өз әулетінің ,өз ұлтының тарихын білген адам ешқашан өмірде жаңылмай,адаспайтынына сенімдімін.







Нәтижелер мен ұсыныстар

1.Отбасылық құнды жәдігерлерді дәріптеу.

2.Ең көне,ел пайдасына қолданылған,қасиетті,киелі жәдігерлерді ұлттық мұражайларда сақтау.

3.Көненің көзін көрген,құнды жәдігерлерге құрметпен қарау







ІV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

2.Almaty-akshamy.kz/Қала және иман/Шырақ пен шам – қасиетті ұғымдар

 3.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9.

4. Шалқар Аудандық қоғамдық-саяси газет,1932 ж. 20 тамыз.

5.«Егемен Қазақстан»газеті ,Оңтүстік Қазақстан облысы, 2017ж.22 тамыз.

6.Жаңалықтар/Руханият ,қоғамдық-саяси газет, 2019ж.3тамыз.

7. MURAǴAT 2019 жылғы 4 қыркүйек.





















Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,

Төретам кенті,Жанқожа батыр атындағы

269 орта мектебінің 5-сынып оқушысы

Шайкуллаев Арданның «Біздің отбасының

құнды жәдігерлері»тақырыбында

орындалған ғылыми жұмысына

Пікір

Шайкуллаев Арданның ,5-ші сынып оқушысының алғашқы зерттеу тақырыбы«Біздің отбасының құнды жәдігерлері»тақырыбында жүргізген зерттеу жұмысы талапқа сай орындалған. Құнды жәдігерлер туралы  тың материалдармен тақырып өзектілігі ашылған. Құнды жәдігерлердің қазіргі кезде алатын орны мен маңызын ашып,анықтап берген.Оған түрлі тарихи дәлеледер келтіру арқылы,зерттеу жүргізген.Өзінің отбасының құнды жәдігерлеріне жан-жақты сипаттама беріп,олардың әрқайсысының қадір-қасиетіне мән беріп,тоқталып өткен.Сонымен қатар,отбасылық жәдігерлерінің түрлі оқиғалардың куәсі екенін ашып жазған.Көненің көзін көрген бұл жәдігерлердің өзі үшін,отбасы үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп өткен.Отбасылық жәдігерлердің қасиеті мен қоғам өміріндегі маңыздылығы ерекшелеген. Құнды  жәдігерлер туралы, оның түрлері туралы  материал жинақтап, қосымша материалдар көзін ізденіп таба білген. Жинақталған материалдарды қорыта, жүйелеп айта білген.Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелер алып, тіпті жәдігерлердің келер ұрпаққа деген пайдасын да көрсетіп өткен,жинақталған материалдарды дайындап  ұсынған. Отбасының құнды жәдігерлерін өз үйінде,қолданыста жүрген жәдігерлер екендігін дәлелдеп,суреттерінде көрсете білген.Өте жақсы ізденген,келесі зерттеу жұмыстарында,толық мәліметтер мен ақпараттар беретініне сенімдімін.







Жұмыстың жетекшісі: Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі: Досаманова Гулдана Абдирахимқызы

Қосымша мәліметтер

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!