№ 13
Бөбекжай-бақшасы.
"Біздің сүйікті
қаламыз-Қостанай"
Дайындаған: "Толғанай" кіші
тобы.
Қостанай қаласы 2018-2019оқу
жылы.
«Толғанай» I-шкіші
тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу
күні:
Тәрбиеші: Суюндикова
Н.С
Пән: Тәрбие
сағаты.
Тақырыбы: "Біздің сүйікті
қаламыз-Қостанай" (Немен танымал?)
Мақсаттары: 1.Тәрбиелік: Болашақта туған елімізді,
тілімізді, жерімізді аялауға, құрметтеуге
тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын
дамыту, сөздік қорын молайту, тілін жаттықтырып, дұрыс сөйлеуге
дағдыландыру.
3.Оқыту: Туған
қаламыз Қостанай жайлы мағлұмат беру,білімдерін
толықтыру.
Педагогикалық
технологиялар: ойын
технологиясы,
АҚТ пайдалану.
Ресурстармен қамтамасыз
ету: интерактивті
тақта,слайдтар,
стикерлер,бейне ролик
"Баян-сұлу"
Билингвалдық
компонент:
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы:
І.Ұйымдастырушылық
кезеңі
Психологиялық
ахуал
«Жан жүрек
сыры».
Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес,
дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан беруіміз керек. Түрлі-түсті
қағаздардан жасалған кішкентай жүректерге сендер жылы, мейірімді
сөздер жазуларыңызды сұраймын. Сол үлкен жүрекке жылы-жылы сөздер
жазылған кішкентай жүректерді
орналастырасыңдар.
Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма?
Қайтіп? Неліктен?
Иә, өйткені сіздер өз жылы лебізіңізді
білдірдіңіз.
Өмірде ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне,
табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта
жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға, қасыңыздағы баланың
пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз. Шыдамды
бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз. Жасаған қателігін көре тұра,
оған сенетініңізді білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл
бөліңіз.
ІІ. Негізгі
бөлімі
Әңгімелесу:
Қостанай қандай қала?
Қостанайда нелер бар?
Қостанай қай жерде
орналасқан?
Қостанай қаласы
Ерте замандардан келе жатқан аңыз бойынша
ұлан-байтақ жеріміздің Солтүстігіндегі ірі қалалардың
бірі-Қостанай.Өмірі байға жалшы болумен өткен Қос және Танай деген
кедейдің егіз қыздары болған екен. Көшпелі тірліктің қиыншылығын
көтере алмай жарық дүниемен қоштасқан қос қышқынның есімі ел узында
сақталып, уақыт өте осы аймақ ҚОСТАНАЙ деп атаныпты. Ал,ресми түрде
қалаға 1895 жылы Қостанай атауы беріледі.
1910 жылы уезд бастығы Кочергин балаларға көркем
- сурет мектебінің ғимаратын салдыртады. Бүгінде бұл ғимаратта
Горький атындағы орыс драма және қуыршақ театры жұмыс істеуде.
Қаланың бас жоспары 1968 бекітілген. Сол жоспар бойынша
жүзгетасырылған Кеңестік дәуір сәулеті бұрыннан қалыптасқан әсем
келбетін одан сайын түрлендіре түсті.
1985 жылдың басында қаланың орталығында
классикалық үлгідегі сағаты бар тамаша мұнара
тұрғызылды.
Мұнда алғашқы мешіт 1893 жылы салынған. Кейіннен
жұмысшылар клубы, кинотеатр, филармонияның концерт залына айналған
бұл ғимарат 1898 жылы сәулет ескерткіші деп жарияланды. Тек содан
он жыл өткенде ғана ғимарат өзінің бастапқы болмысына еніп,қайтадан
мешіт ретінде пайдалана бастады.
Қазір жаңа заман талабына қарай түрленіп жайнай
түскен Қостанай қаласының болашақ бейнесі бұдан жарқын болатындығы
күмәнсіз.
-Балалар Қостанай қаласы
өзінің егісті алқаптарымен,өндіріс орындарына
бай,танымал.
Олардың ішінде: "Новый день",
"Деп", "Карона" , "Баян-сұлу", "Агромаш холдинг" т.б
бар.
-Біз бүгін өзіміздің тәрбие
сағатымызда "Баян-сұлу" кондитерлік фабрикасымен толығырақ
танысамыз.
- "Баян-сұлу" кондитерлік
фабрикасы не шығарады?
-Бүгін сендермен осы
кондитерлік фабрикада кәмпиттерді қалай шығаратындарын бейне
роликтерден көреміз.
"Баян-сұлу" жайлы бейне
ролик көрсету.
Суретпен
жұмыс: Басқа өндіріс орындарының
суретттерін көрсетіп әңгіме
жүргізу.
Слайт
көрсету.
ІІІ.
Қорытынды.
-Бүгін біз не жайлы
сөйлестік?
-Қостанай қаласында қандай
өндіріс орындары бар?
- "Баян-сұлу" кондитерлік
фабрикасында не,қалай шығарылады?