Материалдар / БЖБ 11- сынып қазақ тілі. Қоғамдық гуманитарлық бағыт
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БЖБ 11- сынып қазақ тілі. Қоғамдық гуманитарлық бағыт

Материал туралы қысқаша түсінік
БЖБ 11- сынып қазақ тілі. Қоғамдық гуманитарлық бағыт.Барлық 1,2,3,4-тоқсандар қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2024
2037
21 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
11-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Нұр-Сұлтан, 2019

1

Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім
алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және
өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік
ұсыныстар «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша
жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар
тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін
деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар
ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды
бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға
арналған.
Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне
және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ
коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

2

МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ............ 4
«Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау................................................................................................................................ 4
«Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ..... 8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .......... 12
«Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау.............................................................................................................................. 12
«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... 16
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .......... 20
«Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау.............................................................................................................................. 20
«Табиғат және экология. Шешендік сөздер», «Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау. Шешендік
сөздер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау ............................................................................. 24
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .......... 28
«Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау............................................................................................................................................... 28
«Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ........... 32

3

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

11.1.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның
қарым-қатынасын
ескере
отырып,
талқылау
сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау
Білім алушы
Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарымқатынасын
ескере
отырып,
талқылау
сұрақтарын
құрастырады
Көтерілген мәселеге сыни тұрғыдан баға береді
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут

Тұғырлы Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға
тиіспіз.
Нұрсұлтан Назарбаев
Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар
рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін
жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі
қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу
арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси
фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», – деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны
болған, өзегі өртенген талай жандардың, қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің
куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік
жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс
та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Тәуелсіздігімізді алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да
елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет
тәй-тәй басты. Небәрі бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің
тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды. Қаншама рет туы тігіліп,
қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет
мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем
елдерімен иық тіресуде. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен
қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым
халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз
Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары
қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси
жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатынын, құқық қорғау
жүйесін реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы орын алған
жағымсыз факторлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі қызметіндегі мөлдірлік пен
бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.Әр
Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және онымен мақтанады. 1991 ж. 16
4

желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы
конституциялық заң қабылданды. Осы жылы біздің тәуелсіздігімізге 28 жыл. Сөз жоқ,
Қазақстан халқы үшін ұлы күн. Бұл барлық еңбекқорлықтың, халықтардың достықтың
нәтижесі.
1. Берілген сұрау есімдіктерін қолданып, мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның
көзқарасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.
Сұрау
есімдіктері
Қалай?
Не cебепті?
Қандай?
Не үшін?

Талқылау сұрақтары

2. «...Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та,
аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы
кезеңімен есте қалды...» деген ойды жалғастырып, автор көтерген мәселеге баға беріңіз.

5

Бағалау критерийі


Дескриптор
тапсырма Білім алушы
Мәтінде
көтерілген 1-2
мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;
мәселеге автор мен
мәселеге автор мен оқырманның көзқарасын
оқырманның
қарыманықтайды;
қатынасын
ескере
талқылау сұрақтарын құрастырады;
отырып,
талқылау
сұрақтарын
құрастырады
Көтерілген
мәселеге 3
мәселеге сыни тұрғыдан баға береді;
сыни тұрғыдан баға
өз ойына дәлелдер келтіреді;
береді
аудиторияны тарту үшін шешен сөйлейді;
өз көзқарасын дәлелдейді.
Барлығы

6

Балл
1
2
4

1
1
1
1
11

«Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі
Мәтінде
көтерілген
мәселеге автор мен
оқырманның қарымқатынасын
ескере
отырып,
талқылау
сұрақтарын
құрастырады

Төмен
Мәтінде көтерілген мәселеге автор
мен
оқырманның
көзқарасын
анықтауда, талқылау сұрақтарын
құрастыруда, мәселеге дәлелдер
келтіріп, сыни тұрғыдан баға
беруде және өз ойын шешендікпен
жеткізуде қиналады.

Оқу жетістігі деңгейі
Орта
Мәтінде көтерілген мәселеге автор
мен
оқырманның
көзқарасын
анықтауда, талқылау сұрақтарын
құрастыруда, мәселеге дәлелдер
келтіріп, сыни тұрғыдан баға беруде
және өз ойын шешендікпен жеткізуде
қателеседі.

Көтерілген мәселеге
сыни тұрғыдан баға
береді

7

Жоғары
Мәтінде көтерілген мәселеге автор
мен
оқырманның
көзқарасын
анықтайды, талқылау сұрақтарын
құрастырады, мәселеге дәлелдер
келтіріп, сыни тұрғыдан баға
береді және өз ойын шешендікпен
жеткізеді.

«Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Орындау уақыты

Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс қағаздар,
публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет
стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын,
мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын,
тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
11.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша
түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын
меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу
11.4.1.1 Мәнмәтін
бойынша
тілдік
бірліктерді
орфографиялық нормаға сай жазу
Білім алушы
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын,
мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін талдайды
Мәтіндердегі негізгі ақпараттарды іріктеп, конспект жазады
Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға
сай жазады
11.2.4.1

Жоғары деңгей дағдылары
Оқылым, жазылым
15-20 минут

Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз.
1-мәтін
Бүгінгі жастардың тіл мәдениеті соңғы жылдарда әр қырынан талданып, зерделенуде.
Сөйлеу мәдениетіне үлкен мән берген халқымыз «Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді»
дейді.
Кез келген халықтың тарихына үңілсеңіз де, өнер алды саналатын қызыл тілге, шешендік
өнерге байланысты небір керемет асыл сөздерді табасыз. Шешендік өнерге биік парасат,
жоғары мәдениеттілік керек. Ал мәдениеттілік тілмен тығыз байланысты.
Мәселен, бүгінгі таңдағы жастарымыз мүлдем батыстанып бара жатқан тәрізді. Олар
қазақ халқының сөз кестелерін бұрмалап, елден ерекше көрінгілері келе ме, шетелдің жаргон
сөздерімен сөйлеуді күнделікті әдетке айналдырып алған. Қазақ халқы қашан да сөзге шешен,
суырыпсалма, дұшпанын бір ауыз сөзбен тойтарып отырған емес пе?! Бүгінгі жастардың
сөйлеу мәдениеті мүлде өзгеше дәрежеде, жастарымыздың бір ауыз сөздің өзін кібіртіктеп,
тұтығып барып әрең жеткізетініне бәріміз де куә болып жүрміз. Сөйлеу барысында жалпы
қолданыстағы сөздерге орысша жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме сөздерді
шектен тыс көп пайдаланып, оның үстіне қазақша қосымша жалғап, тіпті тарихи қалыптасқан
сөйлемнің орын тәртібін бұзып қолданып жүргендері бар.
Кейбір жастарымыз үйде, көшеде, қоғамдық орындарда бір-бірімен қарым-қатынас
жасағанда қалай болса, солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады.
Тіл ерекшелігі, сөйлей білу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып,
жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз – ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол
көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай
екен» деп дәріптейді. Ал Ж.Баласағұн «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деген.
Ендеше, түкке тұрғысыз сөздерді түбімен жоймасақ та, аз да болса дұрысырақ сөйлеп
үйренейік.
8

2-мәтін
Өзім үшін ұялдым…
Газеттен хабарлама оқыдым. «Требуется наборщица». Қоңырау шалдым.
– Сәлеметсіз бе? Мен хабарлама бойынша хабарласып тұр едім…
– По-русски знаете?
– Бір кісідей білемін.
– А по-английски?
– Білмеймін…
– Стыдно! Компьютер знаете?
– Білемін. Тарсылдатып тере аламын.
– Раньше работали наборщицей?
– Иә, істедім.
– Стаж работы сколько лет?
– 20 жасымнан бері «наборщица» болып істеп келем. 23 жыл болды.
– Сколько вам лет?
– 43 жастамын.
– Нам, желательно, молодые нужны. Вы казашка да?
– Иә. Қазақша сөйлеп тұрмын ғой.
– Если бы вы были другой национальности и знали бы казахский, то… можно было. А вы
«новый казах?»
– Жоқ. Бұрыннан қазақпын…
– Извините, нам молодые нужны. Желательно другой национальности или хотя бы «новые
казахи» не помешали бы… До свидания!
«Гук-гук-гук-гук-гук...»
Ұят-ай, не ағылшын тілін білмеймін, не «молодой» емеспін, не «жаңа қазақ»
емеспін…«Стыдно!..»
1. Екі үзіндінің ұқсастығы мен айырмашылығын (мәтіннің түрін, мақсатын, мазмұнын, стилі
мен тілін, аудиториясын) салыстырып, жазыңыз.
1-мәтін
Мәтіндердің стилі

2-мәтін

Мәтіндердің тақырыбы
Автор көзқарасы
Мақсатты аудиториясы және мәтіннің мақсатты аудиторияға қатысты мақсаты
Құрылымы
Стильдік ерекшеліктерге сәйкес тілдік қолданыстардан мысал келтіріңіз және себебін
түсіндіріңіз
2. 1-мәтіндегі автор көзқарасын танытатын негізгі ақпараттарды іріктеп, конспект жазыңыз.
Орфографиялық нормаларды сақтаңыз. Сөз көлемі – 100-130.

9

Бағалау критерийі


тапсырма
стильдегі 1

Әртүрлі
мәтіндердің
тақырыбын,
автор
көзқарасын, мақсатты
аудиторияға
сәйкес
қызметін, құрылымын,
тілдік
ерекшелігін
салыстыра талдайды

Оқылым материалдары 2
бойынша конспектілеу
арқылы
негізгі
ақпаратты іріктейді

Дескриптор
Білім алушы
мәтіндердің стилін анықтайды;
мәтіндердің тақырыбын анықтайды;
автордық көзқарасын түсіндіреді;
мақсатты аудиторияны анықтайды;
аудиторияға
байланысты
мақсатын
көрсетеді;
2
мәтіннің
құрылымдық
бөліктерін
көрсетеді;
2 мәтіннің стильдік ерекшеліктеріне тән
тілдік қолданыстардан мысалдар келтіреді;
себебін түсіндіреді;
мәтіндердегі негізгі ақпараттарды іріктейді;
компрессия тәсілдерін қолданады;
автордың ойын сақтайды;
орфографиялық нормаларды сақтайды.

Мәнмәтін
бойынша
тілдік
бірліктерді
орфографиялық
нормаға сай жазады
Барлығы

Балл
2
2
2
2
2
2
2
2
1
1
1
1

20

10

«Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің
тақырыбын, автор көзқарасын,
мақсатты аудиторияға сәйкес
қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін
салыстыра
талдауда қиналады.

Орта
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің
тақырыбын, автор көзқарасын,
мақсатты аудиторияға сәйкес
қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін салыстыра талдауда
қателеседі.

Жоғары
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің
тақырыбын, автор көзқарасын,
мақсатты аудиторияға сәйкес
қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін
салыстыра
талдайды.

Оқылым
материалдары Компрессия жазудың түрлі
бойынша конспектілеу арқылы тәсілдерін қолданып, автордың
негізгі ақпаратты іріктейді
айтпақ
ойын
бұрмаламай,
мәтіндегі негізгі ақпараттарды
Мәнмәтін
бойынша
тілдік іріктеп,
орфографиялық
бірліктерді
орфографиялық нормаларға сай конспектілеуде
нормаға сай жазады
қиналады.

Компрессия
жазудың
түрлі
тәсілдерін қолданып, автордың
айтпақ
ойын
бұрмаламай,
мәтіндегі негізгі ақпараттарды
іріктеп,
орфографиялық
нормаларға сай конспектілеуде
қателеседі.

Компрессия жазудың түрлі
тәсілдерін қолданып, автордың
айтпақ
ойын
бұрмаламай,
мәтіндегі негізгі ақпараттарды
іріктеп,
орфографиялық
нормаларға сай конспектілейді.

Әртүрлі стильдегі мәтіндердің
тақырыбын, автор көзқарасын,
мақсатты аудиторияға сәйкес
қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін
салыстыра
талдайды

11

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі
(интервью)
мақсатты
аудиторияға
арналған
терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды,
мәтін үзінділерін талдау
11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында
дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу,
шешен сөйлеу
Білім алушы
Мәтін үзіндісіндегі (интервью) мақсатты аудиторияға
арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды
талдайды
Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында шешен
сөйлейді

Ойлау дағдыларының
Деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма
1. Тыңдалым мәтінін тыңдап, төмендегі кестені толтырыңыз.
Сілтеме:
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/308713-elimizden-shetelge-baryp-bilim-al-ysykeletin-zhastardy-sany-artyp-keledi
Елімізден шетелге барып білім алғысы келетін жастардың саны жыл сайын артып
келеді. Мектеп түлектері мен студенттер көбіне батыс, оның ішінде Еуропа мен Америка
Құрама Штаттарында білім алуды қалайды. Былтыр Қазақстаннан шетелге 42 мыңға жуық
адам қоныс аударған. Бұл Ұлттық экономика министірлігінің статистика жөніндегі
комитетінің мәліметі. Олардың көбі көршілес Ресей, Беларусь одан әрі Германия және
Америка Құрама Штаттарына кеткен. Түбегейлі қоныс аудармаса да Батыс елдерінде білім
алуға талпынған жастардың саны да артқан. АҚШ иммиграция және кеден қызметінің
келтірген деректері бойынша биыл наурыз айында Құрама Штаттарда оқып жүрген
қазақстандық студенттердің саны 2528-ге жетті. Студенттеріміздің 30 пайызы жоғарғы оқу
орындарында бакалавр дәрежесінде, 23 пайызы магистратурада және 8 пайызы
доктарантурада оқып жүр. Ал 16 пайызы тілдік курстарда, 11 пайызы орта кәсіптіктехникалық колледждерде дәріс алады. Кей студенттердің сөзінше, жастардың елден кетуіне
мұндағы білім жүйесінің әлсіздігі себеп.
Камила Мұқұшова, Джордж Мэйсон университетінің студенті:
- АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарына түскен студенттердің көбі бірінші тоқсанда
қиналады. Мұндағы өмірге үйренгенше бірнеше ай керек. Сосын ақырындап төселіп кетеді.
Маған АҚШ-тағы білім беру жүйесі ұнайды, барлығы жоғары деңгейде. Бізбен салыстыруға
келмейді. Профессорлар құрамы керемет. Бұл жерде сапалы білім аласың. Жалпы
12

америкалық білім беру жүйесінің ерекшелігі - студенттер тек профессордың айтқанымен
ғана жүрмейді. Жастардың өздігінен ізденіп, ғылыммен айналысуына барлық жағдай
жасалған. Сондықтан шетелден келген студенттер америкалық оқу орындарының
ерекшелігін, білім жүйесінің айырмашылығын бірден сезінеді.
Наталья Черницина, Santa Fe колледжінің студенті:
- Колледж мұғалімдері маған қатты ұнайды, жалпы оқу қызықты өтіп жатыр. Кейде бір
курортта жүргендей сезінемін. Қазір менде грин карта. Сондықтан виза жағынан қиындық
жоқ. Осы колледжде халықаралық студенттерге барлық жағдай жасалған. Профессорлар мен
оқытушылар әрдайым көмектесуге дайын. Ал сарапшылардың пікірінше, шетелдік
жастардың АҚШ-қа барып білім алуына түрлі себеп бар. Ең алдымен, жас жеткіншектер
халықаралық деңгейде танылатын сапалы диплом алуға талпынады. Себебі озық оқу
орындарын тәмамдаған мамандарға жақсы табыс тауып, кәсібін дамытуға мол мүмкіндік
ашылады.
Мәтіннің жанры және
мақсатты
аудиториясы кімдер?

Не себепті? Ойыңызды
дәлелдеңіз

Мәтіннен мақсатты аудиторияға сай
терминдер немесе ұғымдарды,
тілдік оралымдардан мысалдар
келтіріп, талдаңыз

2. ТеdХ форматында зияткерлік миграцияның пайдалы және зиянды жақтары туралы
көпшілік алдында ойыңызды білдіріңіз. Тыңдаушылардың назарын өзіңізге аудару үшін
шешендік сөз оралымдарын қолданыңыз.

13

Бағалау критерийі


Дескриптор
тапсырма Білім алушы
Мәтін
үзіндісіндегі 1
мәтіннің жанрын көрсетеді;
(интервью)
мақсатты
мәтіннің
мақсатты
аудиториясын
аудиторияға
арналған
анықтайды;
терминдер мен ұғымдарды,
себебін дәлелдейді;
тілдік оралымдарды талдайды
мақсатты
аудиторияға
сәйкес
терминдер,
ұғымдар,
тілдік
оралымдарға мысалдар келтіреді;
Коммуникативтік жағдаятқа 2
зияткерлік
миграцияның
пайдалы
сай көпшілік алдында шешен
жақтарын айтады;
сөйлейді
зяткерлік
миграцияның
зиянды
жақтарын айтады;
дәлелдер келтіреді;
шешендік сөз оралымдарын қолданады;
көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін
сақтайды.
Барлығы

14

Балл
1
1
1
1

1
1
1
1
1
9

«Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты атааналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Мәтіннің жанрын, мақсатты
аудиториясын көрсетіп, оның
себебін
дәлелдеуде
және
мақсатты аудиторияға сәйкес
мәтіннен терминдер, ұғымдар,
тілдік оралымдардан мысалдар
келтіруде қиналады.

Орта
Мәтіннің жанрын, мақсатты
аудиториясын көрсетіп, оның
себебін
дәлелдеуде
және
мақсатты аудиторияға сәйкес
мәтіннен терминдер, ұғымдар,
тілдік оралымдардан мысалдар
келтіруде қателеседі.

Жоғары
Мәтіннің жанрын, мақсатты
аудиториясын көрсетіп, оның
себебін
дәлелдеуде
және
мақсатты аудиторияға сәйкес
мәтіннен терминдер, ұғымдар,
тілдік оралымдардан мысалдар
келтіреді.

Коммуникативтік жағдаятқа Зияткерлік
миграцияның
сай көпшілік алдында шешен пайдалы,
зиянды
жақтарын
сөйлейді
айтып, оны дәлелдеуде және
шешендік сөз оралымдарын
қолданып, көпшілік алдында
сөйлеу мәдениетін
сақтауда
қиналады.

Зияткерлік
миграцияның
пайдалы,
зиянды
жақтарын
айтып, оны дәлелдеуде және
шешендік сөз оралымдарын
қолданып, көпшілік алдында
сөйлеу мәдениетін
сақтауда
қателеседі

Зияткерлік
миграцияның
пайдалы,
зиянды
жақтарын
айтып, оны дәлелдейді және
шешендік сөз оралымдарын
қолданып, көпшілік алдында
сөйлеу мәдениетін сақтайды.

Мәтін
үзіндісіндегі
(интервью)
мақсатты
аудиторияға
арналған
терминдер мен ұғымдарды,
тілдік оралымдарды талдайды

15

«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар,
публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет
стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын,
мақсатты
аудиторияға
сәйкес
қызметін,
11.3.2.1 құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды
қолданып, мақала жазу
Білім алушы
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын,
мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін салыстыра талдайды
Ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай
тілдік құралдарды қолданып, мақала жазады
Жоғары ойлау деңгейлері
11.2.4.1

Ойлау дағдыларының
деңгейі
15-20 минут
Орындау уақыты
Тапсырма
1. Кестені пайдаланып, берілген мәтіндерді тақырыбы, автор көзқарасы, мақсатты
аудиторияға сәйкес қызметі, құрылымы, тілдік ерекшелігі тұрғысынан салыстыра талдаңыз.

1-мәтін
Өзіңіздің бизнесіңізді ашамын десеңіз идеялар толып жатыр. Қалағанын таңдай беруге
болады. Дегенмен қазір көптеген технологиялар ойлап табылды және қандай да бір жаңалық
ашу өте қиын. Сол себепті ешкім қайта велосипед ойлап таппай, негізінен бар идеяларды жай
ғана түрлендіріп, пайдаланады.
Ал әлемді өзгерткен ерекше, оригинал идеялар қандай? Тарихқа бір көз жүгіртіп
көрейік.
Ракета қозғалтқышы (1926)
Физика мұғалімі Роберт Годард Уэллстің «Әлем соғысы» шығармасын қатты жақсы
көрген. Ғылыммен айналысу барысында ол ракетаның жанармайын зерттеуге көп уақытын
жұмсаған. Роберт сүйікті шығармасында жазылған ғарышқа сапар шындыққа айналатынына
сенетін. Өзінің алғашқы зымыранын ол 1926 жылы көкке ұшырды. Зымыран сұйық жанармай
құйылған қозғалтқыш арқылы жұмыс істеді. Ол кезде қондырғы тек 6,5 метрге көтеріле алды.
Бірақ бұл адамзаттың ғарышты зерттеуіне бастама берді.
Кардиостимулятор (1958)
Бұл миллиондардың өмірін сақтап қалған өнертабыс аяқ астынан ойлап табылды.
Инженер Уилсон Грейтбатч жүректің қағысын жазып отыратын транзисторды жасаумен
айналысқан. Бір кезде ол бір резисторды қате қосып, қондырғының жүрек қағысына
ұқсайтын ритм шығара бастағанын байқаған. Осылайша Уилсон бұл құрылғының жүрек
қағысын қадағалап отыра алатындығын түсінген. Көптеген тәжірбиелер жүргізілгеннен
кейін, кардиостимуляторлардың қолданысы артып, көпшіліктің өмірін құтқара бастады.
Модем (1979)
Егер модем болмағанда интернет те болмас еді. Қазіргі әлемді интернетсіз елестету
қиын. Алғашқы модем Hayes Microcomputer Products компаниясымен Apple II компьютері
үшін жасалды. Ол секундына 300 бит жылдамдықпен жұмыс істеді. Ал қазіргі модемдердің
жылдамдығы секундына – миллион бит. Айырмашылықты байқап тұрған боларсыз.
Технологияны үздіксіз жетілдірудің арқасында, міне, бүгінгі таңда жылдам интернетті
пайдаланып отырмыз.
16

2-мәтін
Пеницилин
Александр Флеминг 1928 жылы өзінің «салақтығынан» пенициллин преператының
негізін қалады. Ол Петри кеселерінің көгеріп кеткен біреуінің ішіне үңіліп, бактерия
колонналарының мөлдір күйге енгенін байқайды. Соның арқасында ғылымға үлкен жаңалық
әкеліп, бактериялық денелерді бұзатын пенициллин белсенді затын ойлап табады.
Бастапқыда ол өзі ашқан жаңалықтың көмегімен дәрі жасауға болатынына аса сене
қоймайды. Бірақ оның ісін Говард Флори мен Эрнст Борис Чейн деген мамандар 1940-1941
жылдар аралығында жалғастырып, пенициллинді тазалау әдісін тәжірибеге енгізді. Олар
алғаш болып бактериялық инфекцияларға қарсы емдеу үшін қолданған.
Пенициллинді жаппай өндіру ісі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жолға қойылды.
1945 жылы А. Флеминг пен жоғарыда аттары аталған екі ғалымға физиология және медицина
саласы бойынша Нобель сыйлығы табыс етілді.
Қатері және сақтық шаралары
Кейбір адамдарда пенициллин аллергиялық реакция туғызады. Қызыл таңдақтар немесе
қызыл бөрітпелер шығып, қышуы аллергиялық реакциялардың жеңіл түріне жатады. Бұл
көбіне пенициллин шанышқаннан кейін бірнеше сағаттан немесе бірнеше күннен кейін пайда
болып, бірнеше күндерге созылуы мүмкін. Кейде пенициллин өзі бұрын жойып келген
инфекцияларға қарсы әсер ете алмайтын болып қалады. Бұл бактериялардың пенициллинге
берілмейтін қасиетінің қалыптасуынан болады, бұдан әрі пенициллин бұл бактерияларды жоя
алмайды. Технологиялардың дамуы нәтижесінде пеницилин бүгінгі таңда сұранысы төмен
дәрі-дәрмектердің қатарына кірген.
Тақырыбы
1-мәтін
Автор көзқарасы

2-мәтін

Мақсатты аудиториясы
Құрылымы
Тілдік ерекшеліктеріне мысалдар
2. «Зерде» журналына «Әлемді өзгерткен өнертабыстардың адамзат денсаулығына әсері»
тақырыбында ғылыми стильде мақала жазыңыз.

17

Бағалау критерийі


Дескриптор
тапсырма Білім алушы
Әртүрлі
стильдегі 1
мәтіндердегі тақырыбын анықтайды;
мәтіндердің
тақырыбын,
автор көзқарасын ажыратады;
автор көзқарасын, мақсатты
мақсатты аудиториясын көрсетеді;
аудиторияға
сәйкес
мәтіндерді
құрылымдық
бөлімдерге
қызметін,
құрылымын,
жіктейді;
тілдік
ерекшелігін
тілдік ерекшелігіне мысалдар келтіреді;
салыстыра талдайды

Балл

Ғылыми стильдің жанрлық 2
және
стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік
құралдарды
қолданып,
мақала жазады

1
1

тақырып аясында фактілер келтіреді;
мақалаға
тән
тілдік
құралдарды
қолданады;
ғылыми стильде жазады;
мақала құрылымын сақтайды.

Барлығы

2
2
2
2
2

1
1
14

18

«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі
Әртүрлі
стильдегі
мәтіндердің
тақырыбын,
автор
көзқарасын, мақсатты
аудиторияға
сәйкес
қызметін, құрылымын,
тілдік
ерекшелігін
салыстыра талдайды

Ғылыми
стильдің
жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне
сай
тілдік
құралдарды
қолданып,
мақала
жазады

Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Мәтіндердегі
тақырыбын,
мақсатты аудиториясын анықтап,
автор көзқарасын көрсетуде және
мәтіндерді
құрылымдық
бөлімдерге
жіктеуде,
тілдік
ерекшелігіне мысалдар келтіруде
қиналады.

Мақалаға тән тілдік құралдарды
қолданып,
тақырып
аясында
фактілер келтіре отырып, ғылыми
стильде құрылымы сақталған
мақала жазуда қиналады.

Орта
Мәтіндердегі тақырыбын, мақсатты
аудиториясын
анықтап,
автор
көзқарасын
көрсетуде
және
мәтіндерді құрылымдық бөлімдерге
жіктеуде,
тілдік
ерекшелігіне
мысалдар келтіруде қателеседі.тілдік
ерекшелігін
салыстыруда
қиналады.мақсатты
аудиториясын
табуда, мәтіндердің құрылымын
талдауда
тілдік
ерекшелігін
салыстыруда қиналады

Жоғары
Мәтіндердегі
тақырыбын,
мақсатты аудиториясын анықтап,
автор көзқарасын көрсетеді және
мәтіндерді
құрылымдық
бөлімдерге
жіктейді,
тілдік
ерекшелігіне мысалдар келтіреді.

Мақалаға тән тілдік құралдарды
қолданып, тақырып аясында фактілер
келтіре отырып, ғылыми стильде
құрылымы сақталған мақала жазуда
қателеседі.

Мақалаға тән тілдік құралдарды
қолданып,
тақырып
аясында
фактілер келтіре отырып, ғылыми
стильде құрылымы сақталған
мақала жазады.

19

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі

мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын
(қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі
ойды анықтау
Білім алушы
Мәтінде көтерілген мәселені талдайды
Мәтіннің негізгі ойын анықтап, автор позициясымен
байланыстырады
11.1.4.1

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Манифест. «Әлем. ХХІ ғасыр»
Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт
артты. Бірақ бүгінде бұл елестің сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр
және оның ауқымын ескермеуге болмайды және бұл қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті,
ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты
басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, жер бетінен қалалар мен елдер
жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.
ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңқалдыратын ғылыми жаңалықтар
ашып, жаңа буын технологияларын жасап жатыр. Адамзат өз дамуының сапалы жаңа
сатысына өтуде. Әлем Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген
қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық
жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім
ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін
арттырып отыр.
Соғыс вирусы алдағы жасанды интеллект төңірегіндегі жаңалықтарға кесел жұқтыруға
дайын тұр. Милитаризм адамдардың санасы мен мінез-құлқына тереңдей еніп кеткен.
Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын
мыңдаған адам көз жұмады. Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден
мүмкін. Осындай өліммен аяқталатын қатердің белгілері анық байқалады. Халықаралық
қатынастарда жанжалдастық тәуекелдері күшейе түсіп отыр. Әскери қақтығыстардың
географиясы өткен екі әлемдік соғыстың – Еуропаның шығысындағы, Африканың
солтүстігіндегі, Таяу Шығыстағы соғыстың іс-қимылдарының тарихи шегін қамтуда.
Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал
себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған
стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Уақыт өте келе оның терроршылардың
қолына түсуі әбден мүмкін.
Халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болды. Ол жекелеген елдердегі бірліжарым актілерден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық
агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи
ескерткіштердің жойылуы – осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда. Экономикалық
санкциялар мен сауда-саттық майданы да қалыпты құбылыс болып отыр.
20

Планета тағы да бүкіл адамзат үшін қасіретті салдарлары бар «қырғи-қабақ соғыстың»
өткір жүзінде тербеле бастады. Дүние әзірше өткен төрт онжылдықтың оң инерциясының
арқасында сақталып тұр.
ХХ ғасырдың екінші жартысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі табысты
келіссөздердің нәтижесінде АҚШ пен Ресейдің ядролық арсеналдары айтарлықтай қысқарған
болатын. Бес ядролық держава атом қаруын сынау мораторийін жариялады және оны
ұстанып келеді. Планетаны жойып жіберу қатері едәуір азайды. Қауіпсіздіктің өңірлік
жүйесін құру үдерісі жеделдеді.
Өзара сенім қағидаттарына сәйкес еуразиялық-атлантикалық мегақұрылым –
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы құрылды. Державалардың бейбітшілікті
сақтау жөніндегі үйлесімді іс-қимылдары мен БҰҰ-ның көпқырлы операцияларының
нәтижесінде жанжалдар мен соғыстар мәселесі ретке келтірілді. Міне, енді біз осы барлық
жетістіктердің эрозиясын көріп отырмыз.
1. Мәтінде қандай мәселе көтерілген?
________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
2. Көтерілген мәселе қаншалықты маңызды? Дәлелдер келтіріңіз.
________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
3. Мәтіндегі қоғамдық-саяси, ғылыми тұрғыдан автор позициясы айқын көрінетін
тұстарды түртіп алыңыз.
________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
4. Мәтіннің негізгі ойын автор көзқарасымен байланыстырып, «Жаһандану процесі
әлем үшін қауіпті ме?» тақырыбында қысқаша ойыңызды білдіріңіз.

21

Бағалау критерийі


Дескриптор
тапсырма Білім алушы
Мәтінде
көтерілген 1-4
мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;
мәселені талдайды
мәселенің
маңыздылығына
дәлелдер
келтіреді;
Мәтіннің негізгі ойын
мәтіннен қоғамдық-саяси, ғылыми тұрғыдан
а
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!