Материалдар / БЖБ-1 4-тоқсан «Статистика. Комбинаторика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 6-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БЖБ-1 4-тоқсан «Статистика. Комбинаторика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
БЖБ-1 4-тоқсан «Статистика. Комбинаторика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 6-сынып 2 нұсқада
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2024
869
23 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Статистика. Комбинаторика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты: 6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің өзгеріс ауқымы, медианасы, модасының анықтамаларын білу 6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу 6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару 6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару

І нұсқа

1. 2, 10, 7, ___, 19, 18, 27 қатары берілген. Төмендегі ақпараттарды пайдаланып, қатардағы жетіспейтін натурал санды табыңыз:

а) арифметикалық ортасы 14-ке тең;

b) өзгеріс ауқымы 41-ге тең;

с) қатар модасы 19-ға тең. [5]

2. Серікте әртүрлі түсті үш бейсболка, үш футболка және екі джинсы бар. Егер ол бейсболка, футболка және джинсы кисе, Берік қанша түрлі киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз. [3]

3. Поезд жолдың 140 км-ін 35 км/сағ жылдамдықпен, екінші бөлігін 105 км-ді 30 км/сағ жылдамдықпен, үшінші бөлігін 75 км-ді 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі поездің орташа жылдамдығы қанша? [4]



«Статистика. Комбинаторика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты: 6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің өзгеріс ауқымы, медианасы, модасының анықтамаларын білу 6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу 6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару 6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару

ІІ нұсқа

1. 3, 9, 6, ___, 19, 18, 25 қатары берілген. Төмендегі ақпараттарды пайдаланып, қатардағы жетіспейтін натурал санды табыңыз:

а) арифметикалық ортасы 13-ке тең;

b) өзгеріс ауқымы 39-ға тең;

с) қатар модасы 25-ке тең. [5]

2. Берікте әртүрлі түсті екі бейсболка, төрт футболка және екі джинсы бар. Егер ол бейсболка, футболка және джинсы кисе, Берік қанша түрлі киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз. [3]

3. Поезд жолдың 180 км-ін 36 км/сағ жылдамдықпен, екінші бөлігін 100 км-ді 40 км/сағ жылдамдықпен, үшінші бөлігін 42 км-ді 35 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі поездің орташа жылдамдығы қанша? [4]



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Сандық қатардағы статистикалық сипаттамалар арқылы санды есептейді

арифметикалық ортаны пайдаланып теңдеу құрады;

1

ізделінді санды табады;

1

1b

өзгеріс ауқымын пайдаланып теңдеу құрады;

1

ізделінді санды табады;

1

моданы қолданып, ізделінді санды табады;

1

Нұсқалар ағашын тұрғызуға арналған комбинаторикалық есептерді шешеді

2

нұсқалар ағашының деңгейінің санын анықтайды;

1

нұсқалар ағашын салады;

1

киім кию нұсқаларының санын табады;

1

Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға арналған есептерді шығарады

3

жолдың әрбір бөлігіне кеткен уақыттарды табады;

1

барлық уақытты табады;

1

барлық жолды табады;

1

орташа жылдамдықты табады.

1

Жалпы балл:

12




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!