Материалдар / БЖБ 3-тоқсан«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 6-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БЖБ 3-тоқсан«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен БЖБ 3-тоқсан«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 6-сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2024
313
10 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып: Санды теңдіктер және олардың қасиеттері Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару

Оқу мақсаты

6.2.2.2 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын білу

6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу

6.2.2.4 түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар

6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару



І нұсқа

1. b–ның қандай мәнінде 2х+68=12 және 2х+5b=–11 теңдеулері мәндес болады? [3]

2. Теңдеуді шешіңіз: 8,6х–1,9х+1,6=15,145+2,4х. [3]

3. Теңдеуді шешіңіз: a) 3|х – 2| = 3; b) 2|2х – 5| = –44. [4]

4. Теңдеу құру арқылы шығарыңыз. Екі пунктен бір-біріне қарама-қарсы бір уақытта екі автобус жолға шықты. Бірінші автобустың жылдамдығы 45 км/сағ, ал екіншісінікі 72 км/сағ. Екеуі кездескенде бірінші автобус екінші автобусқа қарағанда 135 км аз жүрген болса, онда екінші автобус қанша жол жүрді? [3]

ІІ нұсқа

1. b–ның қандай мәнінде 3х+78=9 және 2х+5b=–11 теңдеулері мәндес болады? [3]

2. Теңдеуді шешіңіз: 5,6х–2,9х+1,6=15,2+4,4х. [3]

3. Теңдеуді шешіңіз: a) 2|х – 2| = 2; b) 11|3х – 5| = –50. [4]

4. Теңдеу құру арқылы шығарыңыз. Екі пунктен бір-біріне қарама-қарсы бір уақытта екі автобус жолға шықты. Бірінші автобустың жылдамдығы 45 км/сағ, ал екіншісінікі 72 км/сағ. Екеуі кездескенде бірінші автобус екінші автобусқа қарағанда 135 км аз жүрген болса, онда екінші автобус қанша жол жүрді? [3]



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәндес теңдеулердің анықтамасын қолданады

1

1-ші теңдеуді шығарады


табылған түбірді 2-ші теңдеуге қояды


айнымалысының мәнін табады


Сызықтық теңдеуді шешеді

2

ұқсас мүшелерді біріктіреді


есептеулерді орындайды


жауабын жазады


Модуль таңбасы бар теңдеулерді шешеді

3

сызықтық теңдеулерге көшеді


бірінші түбірді табады


екінші түбірді табады


теңдеудің шешімі жоқ екенін тұжырымдайды


Сызықтық теңдеу құру арқылы мәтінді есепті шешеді

4

шартына қарай есептің теңдеуін құрады


теңдеуді шешеді


жауабын жазады


Жалпы балл:

13



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!