Материалдар / БЖБ 4-тоқсан «Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 6-сынып, 2 нұсқада
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БЖБ 4-тоқсан «Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 6-сынып, 2 нұсқада

Материал туралы қысқаша түсінік
БЖБ 6-сынып, 4-тоқсан «Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, 2 нұсқада
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2024
2320
15 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты 6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару 6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу 6.5.2.10 шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу 6.5.2.11 тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктеріне талдау беру 6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу 6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу

І нұсқа

  1. Төмендегі берілген шамалар арасындағы тәуелділіктерді формула арқылы жазыңыз:

a) Ауданы 63м2 болатын тіктөртбұрыштың ені мен ұзындығы;

b) 100 тетікті жасау станогының өнімділігі мен уақыт;

c) Шаршының периметрі мен оның ұзындығы;

d) 30 км арақашықтықтағы жылдамдықтық пен уақыт. Тура пропорционалдығы бар формуланы тауып, олардың пропорционалдық коэффицентін жазыңыз. [5]

  1. Баланың велосипедпен қозғалысының графигін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз:

a) Графикте бала қанша уақыт жолда болған?

b) Бала қанша уақыт орнында тұрған?

c) Баланың ең үлкен жылдамдығы қандай болған?

d) 10-шы секундтан 50-ші секундқа дейін бала қанша жол жүрген? [4]

  1. В(3; –4) нүктесінен өтетін және тура пропорционалды болатын графикті салыңыз. Суретті пайдаланып, графиктің формуласын жазыңыз. [3]







«Шамалар арасындағы тәуелділіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты 6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару 6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу 6.5.2.10 шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы тәуелділіктерді табу және зерттеу 6.5.2.11 тура пропорционал шамалардың арасындағы шынайы тәуелділіктердің графиктеріне талдау беру 6.5.2.12 сипаттамасы бойынша тура пропорционалдықтың формуласын жазу 6.5.2.13 тура пропорционалдықтың графигін салу

ІІ нұсқа

  1. Төмендегі берілген шамалар арасындағы тәуелділіктерді формула арқылы жазыңыз:

a) Ауданы 54м2 болатын тіктөртбұрыштың ені мен ұзындығы;

b) 120 тетікті жасау станогының өнімділігі мен уақыт;

c) Шаршының периметрі мен оның ұзындығы;

d) 50 км арақашықтықтағы жылдамдықтық пен уақыт. Тура пропорционалдығы бар формуланы тауып, олардың пропорционалдық коэффицентін жазыңыз. [5]

  1. Баланың велосипедпен қозғалысының графигін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз:

a) Графикте бала қанша уақыт жолда болған?

b) Бала қанша уақыт орнында тұрған?

c) Баланың ең үлкен жылдамдығы қандай болған?

d) 20-шы секундтан 50-ші секундқа дейін бала қанша жол жүрген? [4]

  1. В(2; –3) нүктесінен өтетін және тура пропорционалды болатын графикті салыңыз. Суретті пайдаланып, графиктің формуласын жазыңыз. [3]











Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазады

1

ені мен ұзындығы арасындағы

тәуелділік формуласын жазады;

1

өнімділігі мен уақыт арасындағы тәуелділік формуласын жазады;

1

периметрі мен ұзындығы арасындағы тәуелділік формуласын жазады;

1

жылдамдықтық пен уақыт арасындағы тәуелділік формуласын жазады;

1

тура пропорционалдылық

коэффициентін көрсетеді;

1

Шынайы процестердің графиктерін қолданып, шамалар арасындағы

тәуелділіктерді табады

2

графикті пайдаланып уақытты есептейді;

1

графикті пайдаланып уақытты есептейді;

1

графикті пайдаланып жылдамдықты

есептейді;

1

графикті пайдаланып жолды есептейді;

1

Тура пропорционалдықтың формуласын біледі және графигін салады

3

графикті салады;

1

коэффициентін табады;

1

формуланы жазады.

1

Жалпы балл:

12



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!