400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БЖБ 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3-тоқсанға арналған жиынтық бағалау. 8.3А «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі», 8.3В«Химиялық байланыс түрлері», 8.3С «Ерітінділер және ерігіштік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау I нұсқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Химия» пəнінен 4-тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалау

I-нұсқа

  1. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі алмаз бен графиттің құрылысы бойынша негізгі айырмашылығын анықтаңыз. [1]

    1. алмаз жұмсақ, графит қатты

    2. алмаз молекуласында көміртек атомы төрт, ал графитте үш ковалентті полюссіз байланыстармен байланысқан

    3. алмаз электр тогын өткізеді, ал графит өткізбейді

    4. алмаз молекуласында көміртек атомдары белгілі бір парралель жазықтықтарда орналасқан, ал графитте тығыз жанасып орналасқан тетраэдр

  2. Көмірқышқыл газын тексеру жолдарын анықтаңыз. [1]

    1. көмірқышқыл газын әк суы арқылы өткізгенде әк суы лайланады

    2. шала жанған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда лапылдап жанады

    3. жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда шыра сөніп қалады

    4. жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда "ПАХ!!!" деген дыбыс шығарып, жанады

    1. тек 2, 4

    2. тек 1, 3

    3. 1, 3, 4

    4. 2, 3, 4

  1. Автокөліктердің іштен жанатын қозғалтқыштарындағы отынның және пештегі отынның шала жануы барысында көміртек монооксиді түзіледі. Оның тарихи атауы - иіс газы. Олай аталу себебі, ол - иіссіз, түссіз улы газ. Көміртек монооксидімен улану белгілерін көрсетіңіз. [1]

А) бас ауруы, құсу, тыныс алудың қиындауы

    1. құсу, бас айналу, жүрек қағысының артуы

    2. жүрек қағысының төмендеуі, тыныс алудың жиілеуі

    3. бас айналу, бас ауруы, тыныс алудың қиындауы

  1. a) Кермектілік туралы дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз: [3]

    1. Кермектілікті туындататын катиондар Mg2+ және Ca2+

    2. Кермектілікті туындататын металдар Mg2+ және Ca2+

    3. Кермектілік тұрақты және уақытша болып бөлінеді

    4. Тұрақты кермектілікті СО2−3 және НСО3 иондары туындатады

    5. Уақытша кермектілікті жою тәсілінің бірі - қайнату

    1. 1,3,5

    2. тек 1,3

    3. тек 5

    4. 2,4,5

b) Биологиялық бактериялармен ластанған судың басты қауіпі неде?


c) Судың химиялық ластануына әсер ететін бір факторды жазыңыз.


  1. a) Оксидтердің түрлері мен олардың формулалары арасындағы сәйкестікті орындаңыз. [3]

А) Амфотерлі 1. СuO

В) Қышқылдық 2. ZnO

С) Негіздік 3. Р2О5



А

В

С




  1. Берілген қосылыстардың ішінен қышқылды тауып жазыңыз.

Al2O3, CuSO4,HF, Mn2O7, H2СO3, LiOH, HCl, H3PO4

_____________________________________________________________________________ [4]

  1. Сөзбен берілген реакция теңдеуін таңбалар мен формулалар арқылы жазып теңестіріңіз: кальций оксиді + күкірт қышқылы → кальций сульфаты + су

_____________________________________________________________________________ [2]

  1. Суда еритін(сілті) негізге бір мысал келтіріңіз. ________________________________________ [1]

  2. Сөндірілген әк ерітіндісін ұзақ уақытқа ашық қалдыруға болмайды. Ерітіндіні ұзақ уақыт бойы ашық қалдырса біртіндеп лайланады. Себебі, әк суы ауадағы көмірқышқыл газын өзіне сіңіреді. [2]

Осы құбылысты сипаттайтын реакция теңдеуін таңбалар мен формулалар арқылы жазып теңестіріңіз.

____________________________________________________________________________


  1. Берілген сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жүзеге асырыңыз: Ca CaO Ca(OH)2 CaCl2 CaSO4

[4]

  1. Массасы 2,4г магний тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген тұздың массасын, зат мөлшерін және сутектің көлемін есептеңіз. [3]




«Химия» пəнінен 4-тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалау

II-нұсқа

  1. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі алмаз бен графиттің құрылысы бойынша негізгі айырмашылығын анықтаңыз. [1]

    1. алмаз қатты, графит жұмсақ

    2. алмаз молекуласында көміртек атомы үш, ал графитте төрт ковалентті полюссіз байланыстармен байланысқан

    3. алмаз электр тогын өткізеді, ал графит өткізбейді

    4. алмаз молекуласында көміртек атомдары белгілі бір парралель жазықтықтарда орналасқан, ал графитте тығыз жанасып орналасқан тетраэдр

  2. Көмірқышқыл газын тексеру жолдарын анықтаңыз. [1]

  1. шала жанған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда лапылдап жанады

  2. көмірқышқыл газын әк суы арқылы өткізгенде әк суы лайланады

  3. жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда шыра сөніп қалады

  4. жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда "ПАХ!!!" деген дыбыс шығарып, жанады

    1. тек 1, 3

    2. 1, 2, 4

    3. тек 2, 3

    4. 2, 3, 4

  1. Автокөліктердің іштен жанатын қозғалтқыштарындағы отынның және пештегі отынның шала жануы барысында көміртек монооксиді түзіледі. Оның тарихи атауы - иіс газы. Олай аталу себебі, ол - иіссіз, түссіз улы газ. Көміртек монооксидімен улану белгілерін көрсетіңіз. [1]

А) бас ауруы, құсу, тыныс алудың қиындауы

  1. бас айналу, бас ауруы, тыныс алудың қиындауы

  2. құсу, бас айналу, жүрек қағысының артуы

  3. жүрек қағысының төмендеуі, тыныс алудың жиілеуі

  1. Кермектілік туралы дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз: [3]

  1. Кермектілікті туындататын металдар Mg2+ және Ca2+

  2. Кермектілікті туындататын катиондар Mg2+ және Ca2+

  3. Тұрақты кермектілікті СО2−3 және НСО3 иондары туындатады

  4. Кермектілік карбонатты және карбонатсыз болып бөлінеді

  5. Тұрақты кермектілікті жою тәсілінің бірі – сода қосу

    1. 1,3,5

    2. тек 2,4

    3. тек 5

    4. 2,4,5

b) Биологиялық бактериялармен ластанған судың басты қауіпі неде?


c) Судың химиялық ластануына әсер ететін бір факторды жазыңыз.


  1. a) Оксидтердің түрлері мен олардың формулалары арасындағы сәйкестікті орындаңыз. [3]

А) Амфотерлі 1. Al2O3

В) Қышқылдық 2. CaO

С) Негіздік 3. SO2



А

В

С




  1. Берілген қосылыстардың ішінен қышқылды тауып жазыңыз. [4]

Al2O3, H2SO4, Mn2O7, HBr,CaСO3, H2SiO3,LiOH, HNO3

_____________________________________________________________________________

  1. Сөзбен берілген реакция теңдеуін таңбалар мен формулалар арқылы жазып теңестіріңіз: натрий оксиді + тұз қышқылы → натрий хлориді + су

_____________________________________________________________________________ [2]

  1. Орта тұзға бір мысал келтіріңіз. ________________________________________ [1]

  2. Сөндірілген әк ерітіндісін ұзақ уақытқа ашық қалдыруға болмайды. Ерітіндіні ұзақ уақыт бойы ашық қалдырса біртіндеп лайланады. Себебі, әк суы ауадағы көмірқышқыл газын өзіне сіңіреді. [2]

Осы құбылысты сипаттайтын реакция теңдеуін таңбалар мен формулалар арқылы жазып теңестіріңіз.

____________________________________________________________________________


  1. Берілген сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жүзеге асырыңыз: Mg MgO Mg(OH)2 Mg(NO3)2 MgSO4 [4]

10. Массасы 4г кальций күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген тұздың массасын, зат мөлшерін және сутектің көлемін есептеңіз. [3]






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
24 ұстаз жүктеп алған
22.05.2023
730
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі