БЖБ қазақ тілі мен әдебиеті 3- тоқсан 9-cынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

БЖБ қазақ тілі мен әдебиеті 3- тоқсан 9-cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
БЖБ қазақ тілі мен әдебиеті 3- тоқсан 9-cынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

3-ТОҚСАН. 9-сынып.

«ЭКСПО-2017» – Қазақстанның белесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау №1


Сөйлеу әрекетінің Тыңдалым

түрлері Айтылым


Оқу мақсаты 9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну

9.2.5.1 Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу

Бағалау критерийі Білім алушы:

Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді

Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа диалог, полилогке қатысады

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты 20 минут


І-НҰСҚА


Тыңдалым.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, бос орынға қажетті сөздер мен терминдерді қойыңыз


1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы барлық экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді. Ол үшін сол кезде жаңалық болып табылатын Хрусталь сарайы салынды. 1855 жылдан бастап Бүкіләлемдік көрмені бір ғимаратта өткізу концепциясы ескіріп, көрме кеңістігін ұйымдастырудың жаңа нысаны – көрме алаңдары туындады. Сөйтіп халықаралық көрме қалашықтары пайда болды.

Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында сәулетке маңызды орын берілді. Көрмені қабылдаған қалалар заманауи техникалық прогрестің және бүкіл әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы…

«ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар ретінде орын алып жатқан «әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті. Келушілерге Бүкіәлемдік көрмелердің мұрасы мен тарихы ұсынылды.

Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болуы және қалыптасуы қарқынды ғылыми-техникалық прогресс жылдарына келді. Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары, сондай-ақ заманауи адамға үйреншікті телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш қондырғылар әр жылдары Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді.

Көрмеге дарынды ақындар, суретшілер, мүсіншілер шығармаларын арнады. Вагнер, Штраус, Верди арнайы музыкалық шығармалар жазды. Көрмелер академиялық мәнердегі суретшілермен қатар батыл авангартар жұмыстарын ұсынатын тамаша көркемсурет галереясына айналды. 1867 жылы Мане Париждегі Бүкіләлемдік көрменің суреттерін салса, 1939 жылы Дали Нью-Йоркте сюрреализм павильонын рәсімдейді, ал 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың символына айналған «Герниканы» ұсынды.

1. Ол үшін сол кезде жаңалық болып табылатын _________________________ салынды.

2.«ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар ретінде орын алып жатқан «_________________________________» іспетті.

3.Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары, сондай-ақ заманауи адамға үйреншікті ________________________________________________________ әр жылдары Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді.

4. Вагнер, Штраус, Верди___________________________ шығармалар жазды.


Айтылым.

2-тапсырма. Жұбыңызбен «Тәуелсіздік бізге қалай келді?.» тақырыбында диалогке түсіңіз. Ойыңызды дәлелдеу үшін аргументтер келтіріңіз. Жаңа сөздерді, ыңғайлас және қарсылық мәнді жалғаулықты қолданыңыз.


ІІ-НҰСҚА


Тыңдалым.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, бос орынға қажетті сөздер мен терминдерді қойыңыз.


1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы барлық экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді. Ол үшін сол кезде жаңалық болып табылатын Хрусталь сарайы салынды. 1855 жылдан бастап Бүкіләлемдік көрмені бір ғимаратта өткізу концепциясы ескіріп, көрме кеңістігін ұйымдастырудың жаңа нысаны – көрме алаңдары туындады. Сөйтіп халықаралық көрме қалашықтары пайда болды.

Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында сәулетке маңызды орын берілді. Көрмені қабылдаған қалалар заманауилықтың, техникалық прогрестің және бүкіл әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы…

«ЭКСПО» көрмесінің өзі бір спектакль, мәдени және шығармашылық оқиғалар ретінде орын алып жатқан «әлемдік деңгейдегі театр сахнасы» іспетті. Келушілерге Бүкіәлемдік көрмелердің мұрасы мен тарихы ұсынылды.

Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болуы және қалыптасуы қарқынды ғылыми-техникалық прогресс жылдарына келді. Түрлі ғажайып механизмдер мен лайықтандырылған қарапайым құралдар – лифтер, транспортерлер, тігін машинкалары, сондай-ақ заманауи адамға үйреншікті телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш қондырғылар әр жылдары Бүкіләлемдік көрмелерде алғаш рет ұсынылатын еді.

Көрмеге дарынды ақындар, суретшілер, мүсіншілер шығармаларын арнады. Вагнер, Штраус, Верди арнайы музыкалық шығармалар жазды. Көрмелер академиялық мәнердегі суретшілермен қатар батыл авангартар жұмыстарын ұсынатын тамаша көркемсурет галереясына айналды. 1867 жылы Мане Париждегі Бүкіләлемдік көрменің суреттерін салса, 1939 жылы Дали Нью-Йоркте сюрреализм павильонын рәсімдейді, ал 1937 жылы Пикассо Париждегі көрмеде XX ғасырдың символына айналған «Герниканы» ұсынды.

1.1851 жылы Лондонда алғаш рет ____________________________ қаланың орталығындағы барлық экспонаттар сиятын ғимаратта өткізілді.

2. Көрмені қабылдаған қалалар _______________________________________ прогрестің және бүкіл әлемге танымалдықтың белгісі болуға лайықты бірегей ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы…

3. Көрмеге дарынды ________________________________________________ шығармаларын арнады. Вагнер, Штраус, Верди арнайы музыкалық шығармалар жазды.

4. Көрмелер академиялық мәнердегі суретшілермен қатар батыл авангартар жұмыстарын ұсынатын тамаша_______________________________ айналды.

Айтылым.

2-тапсырма. Жұбыңызбен «Өмір бойы білім алу-ел дамуының тетігі» тақырыбында диалогке түсіңіз. Ойыңызды дәлелдеу үшін аргументтер келтіріңіз. Жаңа сөздерді, ыңғайлас және қарсылық мәнді жалғаулықты қолданыңыз.

















Балл қою кестесі




Тапсырма

Дескриптор


Бағалау критерийі

Білім алушы

Балл





Сөздер мен

терминдердің

мағынасын түсінеді

1

- бос орындарға қажетті сөздер мен терминдерді қояды;


4

Қажетті аргументтерді

қолданып,

тақырыпқа

сай диалог, полилогқа

қатысады



- тақырыпты ашады;

- стильдік талаптарды сақтайды;

- тақырыпқа қатысты пікір білдіреді;

- өз пікіріне аргументтер келтіреді;

- тақырып бойынша сенімді еркін сөйлейді;

1

2

1

1

1


1


-ыңғайлас және қарсылық мәнді жалғаулықты қолданады.

1

Барлық балл:



10


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2024
1125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі