Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
БЖБ тапсырмалары. Әдебиеттік оқу.4-сынып.2-тоқсан. 2-нұсқада
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мәдени мұра » ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау.
Орындау уақыты 25 минут 1-нұсқа .
Тыңдалым және айтылым
1.Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында
Аяқталмаған ойын
Ауылдың шеті. Қарлы төбешікке су құйылып, сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Олардың ішінде ағалы-інілі Ақан мен Асан да бар. Беттері қызара бөртіп, сырғанақ ойынынан жалығар емес
Ақан мен Асан тау басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді. Балалар шананы қайта әкелу үшін екеуі ерегісті. Сөзі өтпеген Асан ашуланып, төмен түсті. Шананы жетектеген бойы тауға емес, үйіне қарай бет алды. Ақан енді не істерін, кіммен ойнарын білмей, тау басында қаққан қазықтай кақшиып тұрып қалды.
Бір-бірінің тілін алғысы келмеген ағалы - інілі Асан мен Ақанның ойыны осылай аяқталмай қалды.
а) Кейіпкерлердің іс –әрекетін сипаттап айт
ә) Мәтін неге «Аяқталмаған ойын» деп аталды? (4)
б) Кейіпкерлерге қандай кеңес бересің Оқиғаны жалғастырып айт.
Оқылым
2.Мәтінді оқы, бөліктерінің ретін тауып көрсет, әр бөлікті қоршап сыз. (1, 2, 3) (1)
Тоғызқұмалақ арнаулы тақтада ойналады.Тақтаның шұңқыр қазаны бар.Тоғызқұмалақ ойлануды,тапқырлықты керек етеді.Шахмат,дойбыға ұқсайды.Бұл ойын Орталық Азия елдерінде кеңінен тараған.
Тоғызқұмалақ – ұлттық ойындарымыздың бірі.Ол мыңдаған жыл бұрын шыққан.Бұл – өткен ғасырларда қазақ жерінде ең кең тараған ойын.
Біздің елімізде тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді. Ол – нағыз ұлттық мұра.
1)Мәтінге ат қой
___________________________________________________________________________(1)
2)Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді жаз.
____________________________________________________________________________________ (1)
3) Мәтінге жоспар құр.
1)________________________________________________________
2)______________________________________________________
3)______________________________________________________ (3)
«Мәдени мұра » ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау.
Орындау уақыты 25 минут
IІ - нұсқа
Тыңдалым және айтылым
1.Мәтінді тыңда.Тапсырмаларды орында
Жүзім жегісі келген қасқыр
Бір түлкі жүзімге тойып, баудан шығып келе жатады. Оны көрген қасқыр:
– Жүзімді қайдан жедің? Айтшы, мен де жейін. Егер айтпасаң, өзіңді жайратамын! – дейді ақырып.
– Ойбай, Қасеке, құлдық! – дейді Түлкі жымыңдап.
– Сізден несін жасырайын, анау баудың ішінде жүзім дегенің толып тұр. Жүріңіз, ертіп алып барайын…
Қасқыр таңсық көрген жүзіміне әбден тойып, баудан қайта шығайын десе, әлгі тесіктен өте алмай, кептеліп қалады.
Мұны көрген Түлкі:
– Қасеке, тым көрсеқызар екенсіз! Артын ойламағанға сол керек! – деп әрі қарай жүре беріпті.
а) Кейіпкерлердің іс –әрекетін сипаттап айт
ә) Түлкі қасқырға неге «көрсеқызарсың» деді ? (4)
б) Кейіпкерлерге қандай кеңес бересің Оқиғаны жалғастырып айт.
Оқылым
2. Мәтінді оқы , бөліктерінің ретін тауып көрсет, әр бөлікті қоршап сыз. (1,2,3) (1)
Оның суы асқазан ауруын емдейтін аса қадірлі, шипалы су болып шықты. Бұл суды ішіп, талай адам жазылды
Екі бала бұлақтың бойын қуалай жоғары ерледі. Көп ұзамай-ақ олар бұлақтың көзін тапты. Екеуі судың дәмін қайта-қайта татып, тамсана түсіп, біраз отырды. Бұлақтың басына серуендеп жүрген балалар түгел жиналды. Судың дәмін бәріде татып көріп, түрлі-түрлі пікірлер айтты.
Оқушылар жазғы демалыс кезінде тауға серуендеуге шықты. Олар таудың етегіндегі шоқ ағашқа келіп, біраз демалып отырды. Осы кезде Мұқан мен Кәкімтай ағаш ішін аралап кетіп еді. Екеуі сәл ілгері жүгіріп келе жатып, бір мөлдір бұлақтың үстінен шықты.
1)Мәтінге ат қой
___________________________________________________________________________(1)
2)Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді жаз.
_________________________________________________________________________________ (1)
3) Мәтінге жоспар құр.
1)________________________________________________________
2)______________________________________________________
3)______________________________________________________
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері |
Оқылым Жазылым |
Оқу мақсаты |
4.2.1.2 Шығарманы іштей көз жүгіртіп/шолып/ түртіп алып/ сұрақтар қоя отырып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып оқу/ талдау жасап оқу/ сын тұрғысынан бағалап оқу 4.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау 4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру |
Бағалау критерийі |
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты |
20 минут |
Әдебиеттік оқу Оқушы ________________________________________
Орындау уақыты 20 минут І нұсқа
1) Мәтінге ат қой_____________________________________________________(1) 2) Мұғалім балаларға неліктен ескерту жасады? __________________________________________________________________________________________________________________________________________(1) |
3) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге арналаған сұрақ құрастыр, жауап бер. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (2)
4) «Құлақтарын түре қалыпты» деген тіркес қандай мағынаны білдіреді? (1)
А) оқушылардың сөйлескендерін
В)оқушылардың таңданғандығын
С) оқушылардың мұқият тыңдағанын
D) оқушылардың құлақтарын жапқанын
5) Мәтіннен оқиғаның дамуын білдіретін бөлікті тауып, қоршап сыз. (1)
6) Мәтіннен «айтқанды мұқият тыңдау» деген мағынада қолданылып тұрған сөзді тауып жаз
___________________________________________________________________ (1)
2. Баяндалған оқиғаның жүйесі бойынша мәтінді үш бөлікке бөл және әр бөлімге тақырып қой. (3)
Бөлімдер |
Тақырыбы |
Басы |
|
Негізгі бөлім |
|
Соңы |
|
Әдебиеттік оқу Оқушы ________________________________________
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Орындау уақыты 20 минут ІІ нұсқа
1. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Қартқожа көйлекшең,
жалаң бас, көк шөпке бауырын төсеп кітабын оқып жатыр. Оның
кітапқа ынталанғандығы сонша, жан-жағына да қарамайды, демін де
білдірмей алады. Ол екі атты да ұмытып кетті. Біреу алып кетсе,
білер емес. Оқыған сайын ажарланады, көзін қадап, қағазды жеп
қоятын тәрізді. 1) Мәтінге ат қой_________________________________________________(1) 2) Қартқожа кітапты қалай оқыды? _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________(1) |
3) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге арналған сұрақ құрастыр, жауап бер.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(2)
4) «Көзін қадап» деген тіркес қандай мағынаныбілдіреді? (1)
А)Көзін кітаптан алмай В)Көзін жұмып
С)Асығып D)Шаршап
5) Мәтіннен Қартқожаның кітапты ынталана оқығанын суреттейтін сөйлемді тауып жаз. _________________________________________________________________________________________________________________________________________ (1)
6) Мәтіннен оқиғаның дамуын білдіретін бөлікті тауып, қоршап сыз. (1)
2.Баяндалған оқиғаның жүйесі бойынша мәтінді үш бөлікке бөл және әр бөлімге тақырып қой. (3)
Бөлімдер |
Тақырыбы |
Басы |
|
Негізгі бөлім |
|
Соңы |
|
Дескриптор 1- нұсқа
Бағалау критерийі |
Тапсыр ма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Мәтіннен тиісті ақпаратты тауып, белгілейді Мәтіндегі оқиғаға қатысты көзқарасын білдіреді Оқиғаның композициялық бөліктерін ажыратады |
1 |
Мәтінге ат қояды |
1 |
Сұраққа тиісті жауапты жазады. |
1 |
||
Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге арналаған сұрақ құрастырады, жауап береді. |
1 1 |
||
С) оқушылардың мұқият тыңдағанын |
1 |
||
оқиғаның дамуын көрсететін бөлікті анықтайды; |
1 |
||
Көңіл қойып тыңдап отыр |
1 |
||
Мәтіннің құрылымдық бөліктерінанықтап, тақырып қояды |
2 |
Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сәйкес тақырып қояды: -мәтіннің басы; -негізгі бөлімі; -мәтіннің соңы. |
1 1 1 |
Барлығы |
10 |
Дескриптор 2- нұсқа
Бағалау критерийі |
Тапсыр ма № |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Мәтіннен тиісті ақпаратты тауып, белгілейді Мәтіндегі оқиғаға қатысты көзқарасын білдіреді Оқиғаның композициялық бөліктерін ажыратады |
1 |
Мәтінге ат қояды |
1 |
берілген оқиғаға қатысты көзқарасын білдіреді; |
1 |
||
Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге арналаған сұрақ құрастырады, жауап береді. |
1 1 |
||
А)Көзін кітаптан алмай
|
1 |
||
Қартқожаның кітапты ынталана оқығанын суреттейтін сөйлемді тауып жаз. |
1 |
||
оқиғаның дамуын көрсететін бөлікті анықтайды; |
1 |
||
Мәтіннің құрылымдық бөліктерінанықтап, тақырып қояды |
2 |
Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне сәйкес тақырып қояды: -мәтіннің басы; -негізгі бөлімі; -мәтіннің соңы. |
1 1 1 |
Барлығы |
10 |