Күні:25.12.2017 Сынып: 1 «а» Мұғалім: Ержан
Т
Сабақтың тақырыбы
Шаршының
қабырғаларын өлшеу
Сабақтың мақсаты
Ұзындықты
анықтау мақсатында өлшеу жұмыс-тарын жүргізу, шаршының периметрін
табуды меңгерту, заңдылықтарға сүйеніп шаршылар құрас-тырту; өткен
сабақтардағы білімдеріне сүйене отырып, есептеу дағдысын
дамыту.
Бағалау
критерийлері
Барлық
оқушылар: геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шар-шы,
тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшейді және
салыстырады;
Оқушылардың басым
көпшілігі:Шамаларды өлшем бірліктерді (см, дм/кг/л)
қол-данып өлшейді.
Кейбір
оқушылар: Өз бетімен жұмыс орындайды.
Тілдік
мақсат
Шаршы
Құндылықтарды
дарыту
Мұғалім
мен білім алушы арасындағы ынтымақтастықты
арттыру
Пәнаралық
байланыс
Көркем
еңбек
АКТ
қолдану дағдылары
Интербелсенді тақта
Алдыңғы
білім
Тіктөртбұрыштың қабырғасын
өлшеу
Сабақ
барысы
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
Іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ширату: «Айырмашылығын тап». Оқушыларға
тіктөртбұрыш пен шаршының қабырғаларын табу үшін жұппен жұмыс
жасатамын. Ол үшін жұптағы оқушылардың біреуіне қабырғалары 10 см
және 20 см болатын тіктөртбұрыш таратып беремін. Оған
тіктөртбұрыштың қабырғасын табуды тапсырамын Екінші оқушы
оның әрекетін бақылап отырады. Бірінші оқушы тіктөртбұрыштың
қа-бырғаларын өлшеп, оның ұзындығын табады. Тіктөрт-бұрыштың
ұзындығын тапқан соң, оқушылар өздерінің жұбына сол тіктөртбұрышты
үлкен қабырғасының ортасынан бүктеп береді. Келесі оқушы шыққан
фигураның қабырғасын өлшеп табады. Шыққан нәтижелерін
салыстырады.
— Алғашында
берілген фигура қалай аталады?
(Тіктөртбұрыш.)
— Тіктөртбұрыш екенін дәлелде. (Қарама-қарсы
қабырғаларының ұзындықтары тең).
— Үлкен
қабырғасының ортасынан бүктегенде шыққан фигура қалай аталады?
(Шаршы.)
— Шаршы
екенін дәлелде (Шаршының барлық қабырғаларының ұзындықтары
бірдей.
Дорба
Білу,
түсіну
Шаршы —
барлық қабырғаларының ұзындығы бірдей тіктөртбұрыш. Оның
қабырғаларын өлшеу арқылы оның барлық қабырғаларының ұзындығын
тауып, атаулы сандармен амалдар орындау жұмыстары
жүргізіледі.
Тақта,
шаршы
Қолдану
Шығарып
көр. Тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз.
Алдымен оқушылармен ақылдасып, ше-шімін өздері табуына уақыт
беремін. Төмендегідей сұрақтар қоямын:
— Суретте
шаршы пішіндес қоршаудың тек бір жақ қабырғасы ғана тұр. Оның
ұзындығына неше тақтай кетті? (10 тақтай.)
— Егер
қоршау шаршы пішіндес болса, оның неше қабырғасы болады?
(Төрт.)
— Шаршының
тіктөртбұрыштан қандай айыр-машылығы бар? (Шаршы — барлық
қабырғаларының ұзындығы бірдей
тіктөртбұрыш.)
— Ендеше
қоршаудың әрбір қабырғасына неше тақтайдан кетеді? (10
тақтайдан.)
— Қоршауға
барлығы неше тақтай кетеді?
Жауабы:
қоршауға
40 тақтай кетеді.
Орындап
көр. Берілген
тапсырмада оқушылардың шаршының моделін таяқшаларды пайдаланып
құрастыруын және оның периметрін есептеп табуын сұраймын. Бірінші
шаршы қабырғасының ұзындығы бір таяқшадан, екінші шар-шы
қабырғасының ұзындығы екі таяқшадан құрас-тырылғанын көріп, келесі
шаршы қабырғасының үш таяқшадан жасалатынын табуға
болады.
Жауабы:шаршының бір қабырғасының ұзындығы — 3
таяқша. Барлығы — 12 таяқша.
Оқулық
Талдау
Білім
алушыларды топ бойынша мадақтап,
қорытындылаймын
смайлдар
Жинақтау
Шаршы
сыз. Тапсырма бойынша оқушылар берілген шаршылар
қабырғаcын санау арқылы ондағы қабырға ұзындығының біртіндеп өсіп
келе жатқан заңдылығын анықтайды. Келесі шаршының қабырғасы 3
торкөз екенін тауып, шаршыны сызады.
Жауабы:шаршының қабырғасы — 3
торкөз.
А4 қағазы,
маркер
Рефлексия
Түсінбедім Сұрағым бар
Түсіндім