400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Блум таксономиясы" коучинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарын жүйелі құрастыруға көп септігін тигізетін коучинг сабақ жоспары әріптестеріме өз көмегін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Блум таксономиясы – оқушы білімін арттырудың тиімді әдісі» тақырыбы бойынша Зорбаева Динаның коучинг – сессия жоспары

Сабақ тақырыбы:

Блум таксономиясы – оқушы білімін арттырудың тиімді әдісі

Жалпы мақсаты:

Блум таксономиясы туралы мағлұмат беру, іс – тәжірибеде қолдану, жеке тұлғаның оқуға деген ынтасын күшейту, белсенділігін арттыру, іздендіру, зерттеушілік жұмыстарына тарту,білімді өз беттерімен алуды қамтамасыз ету.

Сілтеме

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Үлестірме материал

Оқу нәтижесі

Коучинг барысында мұғалімдер теория арқылы,түрлі тапсырмалар орындай отырып, Блум таксономиясының білімді игертуге 6-қадамының тиімді екеніне көз жеткізеді. Блум таксономиясы бойынша оқу тапсырмаларын дайындауды үйренеді. Алты деңгейлі оқу тапсырмаларын түсінеді.

Күнделікті сабаққа Блум таксономиясы бойынша жоспар құруды үйренеді.

Топ арқылы бірлесе әрекет етудің тиімділігін түсінеді.

Түйінді идеялар:

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау
Блум таксономиясы бойынша «пирамида арқауы» білімді қабылдау қабілеттерінің сатылары ретінде қарастыратынын анықтау, әр деңгейдің атқаратын қызметін түсіндіру.

Сабақта қолданыла тын материалдар:

А- 4 парақтары,стикер, интерактивтітақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары.

Оқыту әдістері:

ОүБ және оқуды бағалау

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

4. Топтық жұмыс

Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары

Тапсырмалар:

Жапсырмалау арқылы бейнелеу, стикер арқылы формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:


І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті


(3 мин)

«Айна» ойыны Мұғалімдер қарама-қарсы тұрып, «айна» және оған «қарау шы» адам рөлін атқарады. Коуч бұл ойынның қандай мақсатқа негізделгенін айтады

Мұғалімдер ортаға екі-екіден қарама-қарсы тұрып, бір комплимент, бір ұсыныс айтады.


Топқа бөлу

(3 мин)



1.Рөлдер бойынша топқа бөлінеді.

2.Топтың «Алтын ережесін» еске түсіру

  • Біреу сөйлеп жатқанда, сөзін бөлме. Өз кезегіңді күт.

  • Ұялы телефонды дыбыссыз режиміне қойып, қолданбаймыз.

  • Адамды емес, олардың айтқан идеясын сына.

«Айна» және «айнаға қараушы» болып топқа бөлінеді.

Суреттерге қарап

«Миға шабуыл» әдісі

Проблеманы айқындау:


«Көбелек сабағы» бейнебаянын қарау

Тәлім алушылар бейнероликтегі көргенін,сыни ойлай отырып, ойларын, пікірлерін ортаға салады.

Бейнебаянды қарау арқылы ұстаздардың қиыншылығы мол жұмыстарында шығарма –шылықпен жұмыс жасау қажеттігін өздері тұжырымдап айтады

Ой шақыру

Проблеманы шешу:




Жетектеуші сұрақтар: 
1.Блум таксономиясы туралы не білесіздер? 
2.Сабақта Блум таксономиясы әдісін қолданасыз ба? 
3.Оның маңызы қандай? 
Блум таксономиясы(теориялық білім)

Бұл жүйеде мұғалімнің іс-әрекеті-жеке тұлғаға қарай бағытталған тапсырмалар ұсынушы,нақты мақсат қоюшы,бағыт-бағдар беруші, кеңесші,ынталандырушы, мақсаттарға жетелеуші. Оқушы іс-әрекеті - мақсатқа дербес өзінің іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект,өзін-өзі және бірін-бірі оқытушы,өз ізденісімен табысқа жетуші.

Алдарына стикерлер үлестірілген, сол стикерлерге өз ойларын жазады



Тәлім алушылар топта әдіс-тәсілдерді талқылап, жұмыс тәжірибесінде қалай қолдану керектігін көрсетеді.




Әдіс-тәсілдердің тиімділігін және қолданылу аясын талқылау


  • - Бұл әдісті сіз қалай түрлендіріп қолданар едіңіз?

  • Блум таксономиясы бойынша оқу тапсырмаларының алты деңгейі бар. 

  • 1.«Білу»деңгейінде терминдерді, фактілерді,негізгі түсініктерді,ережелер мен принциптерді білу.

2. «Түсіну»деңгейі

3. «Қолдану»деңгейі

4. «Талдау» деңгейі

5. «Жинақтау» деңгейі

6. «Бағалау»деңгейі

Мұғалімдер өз идеяларымен, ойларымен бөліседі

Блум таксономиясы бойынша «пирамида арқауы»білімді қабылдау қабілеттерінің сатылары ретінде қарастыраты- нын түсінеді,әр деңгейдің атқаратын қызметін түсінеді, тұжырымдайды,ой елегінен өткізеді, дамытады, ажыратады, саралайды, зерделейді.


Ақпарлама


Слайд арқылы Блум таксономиясы туралы мәліметтер беру.

Мәтінді түсіндіру жұмысы бойынша өзара бағалайды.

Топтық жұмыс

Проблеманың шешімін қолдану:


Тапсырма: әр топтың алдына үлестірілген заттарды Блум таксономиясына салу. 
1- топ: қант 
2-топ: тұз 
3-топ: су 
1.Білу: Осы затты пайдаланудың маңызы қандай? 
2.Түсіну: Осы затты дәл осындай жиі пайдаланылатын затпен қатар қойып, пайдасын салыстырыңыз. 
3.Қолдану: Осы заттың қандай түрлері белгілі, ең пайдалысы қайсы? Неге? 
4.Талдау: Осы затты әр түрлі нұсқада пайдалануды сипаттаңыз және олардың қайсысы анағұрлым пайдалы екенін көрсетіңіз. Сөздеріңізді айғақтайтын сілтемелер жасаңыз ... 
5.Жинақтау: Осы заттың зияндылығы да болуы мүмкін, оны қалай өзгерту арқылы зиянсыз түрге айналдыруға болады? Нақты дәлелдермен түсіндіріңіз. 
6. Бағалау: Тамақтануда осы затты үнемі пайдалану дұрыс деп ойлайсыз ба? «Иә»-неге? «Жоқ»- неге? 

Топ бірлесе жұмыс жасайды Әр топқа осы заттар қойылады және осы заттар бойынша тақырыпқа негіздемелер үлестіріледі. Топ мүшелері тақырып бойынша негіздемелермен танысып, Блум таксономиясының 6 қадамына салып түсіндіреді, постер қорғайды.  Топтар бір-бірін бағалайды

Рефлексия


Кері байланыс

1.Бүгінгі коучинг сабағынан қандай әсер алдыңыз?

2.Бүгінгі сабақ тақырыбы сіз үшін өзекті ме?

3.Сіз үшін жаңа ақпарат байқалды ма?

4.Сізге қай жұмыс көбірек ұнады?


Мұғалімдер коучинг сабағынан алған әсерлерін, тиімді жақтарын,айтар ұсыныстарын жазып қалдырады.


Тренинг «Майшам»

Майшамды жағып, бірінші тұрған мұғалімге ұсынамын, ол мұғалім қасындағы жолдасына тілегін білдіріп, сөйтіп майшам бір - біріне жалғасады. Соңында майшамның жарық екенін, жарық нәрсенің жақсы екенін, жұмысымызда сәттілік болсын, алдымыз ашық, жарқын болсын деп тілек білдіремін. 

Мұғалімдер бір – біріне жақсы тілектерін айтып, майшамды беріп отырады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
2187
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі