Материалдар / БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ

БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндамак
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қаңтар 2018
10513
21 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ

Қ.Қалдыбаева№27 жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміОҚО, Түркістан қаласыІ. Кіріспе а) Блум таксономиясы-жеке тұлғаға бағытталған білімді толық меңгерудің әдісіІІ. Негізгі бөліма) Блум таксономиясы – сабақтарда (өткізілген ашық сабақтар топтамасынан)ә) Блум таксономиясын қолданудағы тиімділік көрсеткіштері ІІІ. Қорытынды( кері байланыс, рефлексия) Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында дамыту жұмыстарын жүргізу барысында, блум таксономиясын қолдана отырып,өз шәкірттерімнің алған білімдерін кез-келген жағдайда тиімді падалана білуін қамтамасыз ету Міндеттері:-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;-пәнге деген қызығушылығын арттыру;-тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын қарастыру. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті-білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр. Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді. Соның бірі, әр сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін, шығармашылық қабілеттерін арттыруда блум таксономиясын қолдану тиімді деп ойлаймын. Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан. Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады. Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымынан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.
  • Білу Таным мен ойлау деңгейі –төмен деңгей.Бұл категория мәліметтерді қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады,мағлұмат пен деректерді еске түсіреді
  • Түсіну Таным мен ойлау деңгейі-орта деңгей.Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция-оқу материалын бір тілден екінші тілге ауыстыру (мысалы:математикалық формуланы сөзбен айтып беру;сөзбен келтірілген мәліметті кесте,схемамен көрсету);Интерпретация –оқу материалын өз сөзімен түсіндіру,қысқаша баяндау;Жорамалдау –оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын,оның салдары мен нәтижелерін болжау айту. 3. Қолдану Таным мен ойлау деңгейі-орта деңгей.Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды мегзейді. Ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. 4.Талдау Таным мен ойлау деңгейі-жоғары деңгей. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу:
  • бүтіннің бөлшектерін ажырату;
- оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құрылатындығын көрсетеді. 5. Синтез (жинақтау, жүйелеу) Таным мен ойлау деңгейі-жоғары деңгей.Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді құрастыру.Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама)жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді. 6. Бағалау Таным мен ойлау деңгейі-жоғары деңгей.Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру,ойын білдіру.Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуді мегзейді. Мектеп мұғалімдері арасынан құрылған «Шебер сынып» мұғалімдерінің ішінде І-ІІІ деңгей мұғалімдері,мектептегі тәлім алушы мұғалімдерге коучинг өту жоспарланған.Алғашқы коучинг сабағымды «Блум таксаномиясы»бойынша алдым. Коучинг барысында «Ынтымақтастық ахуалын»қалыптастыру барысында мұғалімдерді бой-бойларымен тұрғызып 1-7ге санай отырып 3топқа бөлінді және себетте салынған алмаларға қыстырылған керемет тілектерді оқып марқайып қалды.Мұғалілдердің көңіл-күйлері көтеріліп кочингке белсене кірісті. «Блум таксономиясына»түсінік беріп өттім.Оның шығу тарихы мен зеттеуші ғалымдарға жан-жақты тоқталып өттім. «Блум таксономиясына»дайындалған слайд материалдырын көрсете отырып,мұғалім мен оқушының іс-әрекетін екі жақты қарастыра отырып түсіндірдім.Теориялық білім бергеннен кейін жұма күні өтілетін ашық сабағымның жоспарын көрсете отырып практикамен байланыстырдым. Үш топқа үш түрлі тақырып бердім. «Ана», «Көктем», «Табиғат» тақырыптарын беріп, «Блум таксономиясына салып сабақ жоспарын құруды тапсырдым.Алдарындағы плакатқа жоспарды құруға қызу кірісті.Әр топтан екі мұғалім шығып қорғады үш топ бірін –бірі бағалыды.Жоспар құру барысында біраз даурыққан мұғалімдерді сергітіп алу үшін бейне таспадағы жаттығу биін билеп сергітіп алдым.Коучинг соңында «таным баспалдағы»рефлексиясын алдым. Г атты мұғалім бұл таксономияны қиын,түсініксіз деп мән бермегенін,бүгін түсініп алдағы уақытта аталмыш таксономия бойынша сабақ өтетінін жазыпты. Мұғалім - көшбасшы ретінде алдымен мұғалімдерге бағыт –бағдар бере отырып, оқушыларды оқытуда қолдануға дағдылануда аз да болса септігім тиді деп ойлаймын. Бұл әдіс-тәсәлдерді дұрыс игерген мұғалім өз жұмысында, оқушыларды оқытуда қолдана білсе, олардың оқуға деген қызығушылығы артары сөзсіз. Блум таксономиясы бойынша Блум таксономиясын негізге ала коучинг өткізу сәті отырып өтілген сабақтарМысалы, қазақ тілі сабағында Блум таксономиясы бойынша әдістерді қолдануға болады. Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениетіБлум таксономиясының деңгейлері бойынша тапсырмалар1. Білім (қайталау, еске түсіру) (сөз тіркесі түрлерін)2. Түсіну (түсіндіру, жеткізу, тұжырымдау)Тіл мәдениетіне нелер нұқсан келтіреді?Тіл өнерін халқымыз қалай бағалаған?Сөз мағынасы - тауып сөйлеудің кілті деген сөзді қалай түсінеміз?3. Қолдану (жасап көру, көрсетіп беру)Диалогтік әңгімеге құрылған көрініс.4. Талдау (бөліп шығару, талқылау, мәселені шешу)Мәтіндерді талдап, тақырып қою, мәтін мазмұнын ашатын мақал - мәтелдер жазыңдар.5. Жинақтау(құрастыру, шығармашылықпен орындау)Сұрақ - жауап эссесі Неліктен? сұрағын қолдану6. Бағалау (ұсыныс жасау, таразылауМенің тілім ХХII ғасырда қандай болады? (Гипотеза, яғни болжам жаса, бағала, салыстыр)Үйге тапсырма1. Мен - ол (диалог жазу)2. Мен - мен (диалог жазу)3. Монолог (жаттау)ПЕРЕЙТИ НА САКүтілетін нәтижелер: сыни ойлай білуге, өз көзқарастарын ашық та жүйелі жеткізуге, өз пікірін қорғауға дағдыланады.Әдіс - тәсілдер: АКТ, топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлаудың жоғары сатысы - Блум таксономиясы, Диалогтық оқыту, Оқыту үшін бағалау.Блум таксономиясының деңгейлері бойынша тапсырмалар1. Білім (қайталау, еске түсіру)Тіл мәдениеті деп сөйлегенде, жазғанда... құралдарын (..., сөз тіркесі,... түрлерін)дұрыс... айтамыз.2. Түсіну (түсіндіру, жеткізу, тұжырымдау)Тіл мәдениетіне нелер нұқсан келтіреді?Тіл өнерін халқымыз қалай бағалаған?Сөз мағынасы - тауып сөйлеудің кілті деген сөзді қалай түсінеміз?3. Қолдану (жасап көру, көрсетіп беру)Диалогтік әңгімеге құрылған көрініс.Диалогтік өлең оқу.Монолог оқу.4. Талдау (бөліп шығару, талқылау, мәселені шешу)Мәтіндерді талдап, тақырып қою, мәтін мазмұнын ашатын мақал - мәтелдер жазыңдар.5. Жинақтау(құрастыру, шығармашылықпен орындау)Сұрақ - жауап эссесіНеліктен? сұрағын қолдану6. Бағалау (ұсыныс жасау, таразылауМенің тілім ХХII ғасырда қандай болады?(Гипотеза, яғни болжам жаса, бағала, салыстыр)Сергіту сәтіМен қандаймын?Ақыл - кеңес1. Өзгені түсін.2. Өзгенің ойын тыңдай біл3. Өз ойыңды жеткізе біл4. Сұрақ қоя біл5. Өзгенің шешімін бағала6. Өз ойыңды жаза біл, айта біл7. Өз шешіміңді ұсына білҮйге тапсырма1. Мен - ол (диалог жазу)2. Мен - мен (диалог жазу)3. Монолог (жаттау) «Тіл ұстарту» немесе «Тіл мәдениеті» сабақтарын өткенде оқушыларды жалықтырып немесе сол сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп алып жатамыз, сол себепті жағарыдағы сабақ жоспарын «Блум таксономиясымен» өтуді жөн көрдім. Сынып оқушылырының пәнге деген қызығушылығы байқалды. Н.есімді оқушымның бұрын өлең жазатын қабілетін байқамаған екенмін әр сабақтың соңындағы «бағалау»бөлімінде жазған эссе,өлеңдерінің деңгейі өсіп келе жатқанын байқадым. Кейін өлеңдері қалалық «Жан сарайы»журналына жариялана бастады. Қазақ әдебиеті пәні бойынша М. Жұмабаевтің «Батыр Баян» поэмасының 2-сабағы Поэманың құрылысы және М.Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының екінші сабағын блум таксономиясына салып жоспарладым. Мұндағы мақсатым әрбір шығарманы өткеннен кейін екінші сабағында жан-жақты талқылап,талдатудың ең оңтайлы тәсілі Блум жүйесіне салып жоспарлса тақырып жан-жанжақты ашылатынына көзім жетті. Сабақ барысында уақытты тиімді пайдаландым. Оқушыларға іс-тәжірибеге өзгерістер енгізе отырып жаңа үлгіде өткізген сабақтарым өте ұнады.Бірақ кездескен қиыншылықтар да болды. Әсіресе «Батыр Баян» дастанының екінші сабағында өтілген «білу» кезеңінде уй тапсырмасын еске түсіру мақсатында пайдаланған «кір жаю» әдісі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түсті. М.Жұмабаевтің өмірі мен шығармашылығы жайында ізденіп, тауып келген материалдарын түрлі киім үлгілерімен қиылған түрлі -түсті қағаздарға жазып қорғады. Әр топта керілген жіптерге ілінді. «Түсіну» кезеңінде әр топқа берілген талдаулар орындалды. (поэма құрылысына, реттік талдау, өлең құрылысына) Бұл кезеңді орындау барысында оқушылар шығарманы толық талдауға үйренеді. «Қолдану» кезеңінде әр топ кейіпкерлерге кластер жасау арқылы мінездеме жасап қорғады. Оқушылардың топта біріге жұмыс жасауына жол ашты. Топтағы әрбір оқушының пікірі құнды. «Талдау»кезеңінде шығармадағы шаманизм қалдықтарына тоқталды. «Жинақтау» кезеңінде оқушылар интербелсенді тақтадан «Батыр Баян» киносынан үзінді көрсетіп, әңгіме-дебат ұйымдастырдым. Әр оқушы өз пікірін дәлелдеп бірі батырдың іс-әрекеті дұрыс десе, енді бірі бұрыстығын айтып даурықты. Дәстүрлі сабақта сабаққа көбіне қатыспай, үлгерімі төмен С. атты оқушым өз пікірін бірнеше рет дәлелмен айтып таң қалдырды. «Бағалау» кезеңінде «Мен елімді сүйемін» тақырыбында эссе жазды. Эссе тақырыбы мен дастанның негізгі тақырыбын байланыстыра отырып жазған бірнеше оқушының жазба жұмыстары өте ұтымды шықты. М.Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» помасының 2-ші сағатын да блум жүйесіне салып жоспарладым. Осы сабақты өту барысында оқушыларымның блум таксономиясы бойынша өтілген сабақтарға төселіп тапсырмаларды дер кезінде орындап бағалау кезеңі яғни жоғарғы деңгейде орындады. Төменгі деңгей «білу»деңгейінен, жоғарғы деңгей «бағалау» деңгейіне дейін мұқият тыңғылықты орындайтын болған.Дәстүрлі білім беруде мұғалім оқушыларға тек дайын материалдардан дәріс берсе, жаңа форматтағы білім беруде тың әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ беру оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттыратындықтарын байқадым. Сабақ үстіндегі бір-бірімен арласуы, сыйластығы бір-бірімен санасуы, сенімділігі мен өзара көмектің арқаны көрінді. Топпен, жұппен жұмыс барысында олардың жауапкершілігі арта түсті, бірінің білмегенін екіншісі толықтырып, жетелеп отырды, жақын арадағы даму аймағы пайда болды. Топ басшылары өздеріне жүктелген жауапкершілікті түсіне білді.Сабақ барысында оқушыларға тапсырма беру арқылы олардың сын тұрғыдан ойлауы қалыптасты,өзіндік пікірі, өзіндік ойы пайда болды және талқыға түсу арқылы ортақ бір шешімге тоқталды. Бұл туралы мұғалімге арналған нұсқаулықта: «Сын тұрғысынан ойлау, бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады»делінген. (42-бет)Оқушылар өзін-өзі бағалағанда өзінің қандай деңгейге жататындығын салыстыруға мүмкіндік алды. Блумның әрбір сатысына тиімді таңдап алынған әдістер мен тапсырмалар оқушыларды оқуға тартты,ашық сұрақтар оқушылардың өз ойын жеткізуге көмектесті. Іздену жұмыстары оқушыларды шығармашылыққа жетеледі, нашар оқитын оқушыларда белсенділік байқалды, ең бастысы топтық жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа деген белсенділіктері артты. Бұрын олар тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетті бағыттаушы, ұйымдастырушы болып табылады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері ойлау мен ойлантудың пәні болғандықтан, Блум таксономиясының «талдау, жинақтау, бағалау» сынды ойлаудың жоғары деңгейлері оқушылардың пәннен алған білімін өмірде қолдана алуына жетектейді. Л.Выготский: «...Егер мұғалім нәрсені жақсы меңгеруді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек» деген. Сондықтан да алдағы уақытта оқушыларға сапалы білім беруге жұмыс жасаймын өз әріптестеріммен бірге осы әдіс-тәсілдерге қызығушылық танытқан барлық ұстаздармен бірлесіп жұмыс жасаймын. Жалпы сыныптан бір бағалаушы тағайындадым ол жауап берген оқушылардың жауаптарын критерийлер бойынша бағалау экранына түсіріп отырды. Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. [Нұсқаулық -11 бет] Яғни сабақ барысында алған әр таяқша әрбір баланың ынтас 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ