Бөкей орда ауданы халқы мен шаруашылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бөкей орда ауданы халқы мен шаруашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Бөкей орда ауданының халқы туралы мағлұмат беріп, айналысатын шаруашылығымен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Сабақтың тақырыбы: Бөкей орда ауданы халқы мен шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Бөкей орда ауданының халқы туралы мағлұмат беріп, айналысатын шаруашылығымен таныстыру.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеу

Түрі: дәстүрлі Типі: аралас

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап, дәріс

Сабақтың көрнекілігі: кескін карта т.б.

Пәнаралық байланыс: география, экология, зоология

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу, түгелдеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар:

1.Ландшафтыларды қорғаудың 10 санатына нелер кіреді? (қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, қорғалатын ландшафтылар, табиғат ресурстарының қорыққорлары, биосфералық қорықтар, микроқорықтар (омыртқасыз жануарлар мен өсімдіктерге арналған), табиғат объектілері және көп мақсатты қорғауға алынған жерлер)

2.Жойылып кету қаупі бар, сиреп кеткендер тізіміне қанша жануар мен өсімдік түрі тіркелген?(87 жануар, 306 өсімдік )

3. Орда геоботаникалық қорықшасы қашан құрылды?(1989ж)

4.Орда геоботаникалық қорықшасы қандай аумақты алып жатыр?(Ол Жасқұс шағылынан Орда ауд-дағы Нарын құмның сілемдерін қамтитын 16,4 мың км2 аумақты алып жатыр)

5.1890 жылы қандай шаруашылық құрылды? (Орда орман шаруашылығы)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. /Дәріс

Бөкей ордасы ауданы- Батыс Қазақстан облысы құрамындағы аудан. Аудан құрамында 7 ауылдық округ бар. Бөрлі,Бисен,Мұратсай,Ұялы,Саралжын,Сайқын және Хан Ордасы ауылдары. Ауданның көпшілік бөлігін Нарын құмы алып жатыр. Халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Тұрғыны (2010): 16 492. 194145 жж. Ұлы Отан соғысы жылдары Орда ауданы Қазақстандағы соғыс жағдайына келтірілген бірден-бір аудан болды. Ордалық 2000-нан астам азамат Отанын қорғауға аттанды. Орда — талантты ұлы тұлғалардың мекені. Осы өлкеден қазақтың белгілі күйшілері ҚұрманғазыДинаСейтекНауша, домбырашылар Ж. Теміралиев, Е. Қазиев, Халық артисі, актриса Х. Бөкеева, қазақтың тұңғыш дирижері Ш. Қажығалиев, халық композиторлары Б. Жұманиязов, М. Сағатов, медицина саласының озық қызметкерлері А. Герасимов, Х. Бөкейханов, білім беру ісінің үздіктері Ғ. Зарипов, М. Кульбацкая, Орда музейін ұйымдастырушы А. Тажетдинов, ауыл шаруашылығының озаттары К. Меңдәлиев, Р. Егізбаев, ақындар Т. Жароков, С. Даумов, Қ. Жұмағалиев, т.б. шықты.

Қосымша дерек

Хан ордасы ауылының іргесін 1826 жылы қазақтың соңғы хандарының бірі  - Жәңгір қалады. Биыл оған тура 191 жыл толғалы отыр. Жәңгір хан өзінің ордасын мал тұяғынан қорғау шараларымен бірге құм көшкінін тоқтату үшін ағаш отырғызуды қолға алды. Кейін бұл жұмыстар Ордада орман шаруашылығы мекемесі құрылған кезде де жалғасын тауып, қарағай және басқа ағаш түрлері өсетін тоғайлар пайда болды. Ендігі мақсат - осы орманды байыта отырып, кейінгі ұрпақ үшін сақтап қалу.

ІІІ. Қорытындылау.

1.Дәптермен жұмыс

2.Кері байланыс

IV. Үйге тапсырма беру.

1. Ауылдағы шаруа қожалықтары туралы мәлімет беру

2. Ұлттар достастығы. Аудан, ауылымыздағы өзге ұлт өкілдері туралы деректер жинақтау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2018
612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі