Материалдар / "Болашақ - дені сау ұрпақтың қолында".
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Болашақ - дені сау ұрпақтың қолында".

Материал туралы қысқаша түсінік
« Адам денесінің жетілуі –оның денсаулығы. Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса ,онда денені сауықтыру керек.» Әл- Фараби Денсаулық - біздің емес , мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Денсаулық өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды. Ел аузындағы « ауру патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз текке айтылмаған. Денсаулық –көтеріңкі көңіл күй , үлкен бостандық, сергек қимыл. « Тәні саудың –жаны сау» .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
1099
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

Директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

_____________А.Батырханова


Тәрбие сағатының жоспары


17.01.2019 ж. Топ:______________


Сабақтың тақырыбы: "Болашақ - дені сау ұрпақтың қолында".

Мақсаты:

1. Оқушыларға өз денсаулығын өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру , өз денсаулықтарына, тазалықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.

3. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, плакатқа салынған сурет, мақалдар жазылған плакат, суреттер.

Түрі: сайыс сабақ

1. Ұйымдастыру бөлімі:

а) Сәлемдесу.

ә) Оқушылардың көңіл күйлеріне назар аудару.

б) Зейіндерін сабаққа аудару. Оқушылардың сырт-сымбатына, дәрісхана тазалығына назар аудару.

2. Кіріспе:

« Адам денесінің жетілуі –оның денсаулығы. Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса ,онда денені сауықтыру керек.»

Әл- Фараби

Денсаулық - біздің емес , мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық.

Денсаулық өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды. Ел аузындағы « ауру патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз текке айтылмаған. Денсаулық –көтеріңкі көңіл күй , үлкен бостандық, сергек қимыл. « Тәні саудың –жаны сау» . Таңертең дене шынықтырумен айналысып, қимыл қозғалысы ширақ, жүріс-тұрысы өнегелі, бос сенделуден аулақ жүретін адамның организмі еш ауруға бой бермейді. Бой сергіту, таза ауа, таза су, таза тамақ көпшілік назарында болуы тиіс.

3. Негізгі бөлім:

Тақырыпқа байланысты баяндама оқу. Баяндаманы оқитын ______________________ Баяндаманының қысқаша мазмұны.

Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін еңбектеніп келеді. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күшіретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдікдеңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз. 

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын елағасы. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз.

4. Қызығушылықты ояту:

«Жалғасын тап»

1. Көзің ауырса қолыңды.......

2.... қайда, сұлулық сонда.

3. Денсаулық -... байлық.

4 Бірінші... – денсаулық

5. .... адам – кіршіл

6. Ыдыс таза болса,... дәмді.

7. .... түбі – дерт.

8. Денім сау болсын десең - ...... .

9. Әркім өз денсаулығының нашарлауына ....... .

10. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның ..... .

4. Мағынаны тану:

Топпен жұмыс «Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиясы

ІІ топқа: Тазалық, денсаулық туралы мақал - мәтелдер

1) Тазалық – саулық негізі

Саулық – байлық негізі.

2) Тәні сау тасты да шайнар

3) Денсаулықтың жаңасын

Ақшаға қайдан аласың.

4) Ыдыс таза болса, асы дәмді.

5) Саулық қайда, сұлулық сонда.

6) Монша тәнді сауықтырады.

Жақсы сөз жанды сауықтырады.

5.Жұмбақ жасыру.

Ертемен күнде сен Шомылған соң баланы

Қолыңды сүйкесең Аймалап алады.

Кетіп кір, ласың Сүртеді қолын да,

Тап - таза боласың! Сүртеді жонын да.

Бұл не? Бұл не?

(сабын) (сүлгі)

Аузы жоқ, көзі жоқ Иілсең иіліп,

Тілі жоқ, сөзі жоқ Түйілсең түйіліп.

Бірақта тісі бар Қарайды ол кісіге

Басыңмен ісі бар. Сүйсіне ұқыпты ісіне.

Бұл не? Бұл не?

(тарақ) (айна)

6. ІІ- топқа сұрақтар қойылады.

1. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді сақтау қажет? (жеке бас гигиенасын сақтау, күн тәртібін орындау ,дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану )

2. Дұрыс демалуға қандай жағдайлар жатады ? (серуендеу, жатып тынығу, сүйікті әуен тыңдау,ұйықтау, спортпен айналысу, жеңіл қол еңбегімен айналысу)

3. Деніңнің саулығы неге байланысты ? ( 20%-қоршаған ортадан, 20% -тұқым қуалаушылық, 10%- медициналық қызметтен, 50%- салауатты өмір салтына байланысты.)

4. Денсаулыққа зиянды заттарды қалай атайды ?( тұз, қант,ащы заттар, қуырылған тамақ, тәтті, кофе, шай, газды сусын.)

5. Гигиена нешеге бөлінеді ? ( жеке бас гигиенасы және мектеп гигиенасы»)

6. Негізгі қоректік заттарға не жатады? ( су,көмірсу, ақуыз, май, витамин, минералды тұздар)

7. Салауатты өмір дегеніміз не ? ( жеке бас гигиенасын сақтау, дене тәрбиесі және спорт, зиянды дағдыларға әуестенбеу, әлеуметтік ортамен байланыс , қоршаған ортаның тазалығы, тиімді демалыс)

8. Темекінің құрамында қанша улы заттар бар ? ( 200 улы зат бар)

9. Темекінің әр талы адам өмірін қанша уақытқа қысқартады ? ( 15 минутқа)

10. Витаминдер қандай қызмет атқарады ? (А-көздің көруін,В- ұйқының жақсаруын, С- тістің жақсы өсуін, Д- сүйектің қатаюын )

7. Қорытынды.

Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дуние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Ауруды ағзаларға жолатпау- адамдардың өз қолында.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол – салауатты өмір салты екенін ұмытпайық.




Оқытушы:___________________________















"Болашақ - дені сау ұрпақтың қолында"

Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін еңбектеніп келеді. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күшіретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдікдеңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз. 

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемле-кетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілер-дің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне ба-лабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс же-тілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан , бала ағзасының қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз.Ағзаның  қорға-ныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолай-сыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне , бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыпта-суына , табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына , тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек.Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын және дененің икемділігін , шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс- әрекеттерінде қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағды-ларын дамытуға баса назар аударылады.Дене тәрбиесі балалардың ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балабақшада дене тәрбиесінің жүргізілу  мазмұны  дене жаттығулары, таза ауадағы  сауықтыру шаралары , гигиеналық және әлеуметтік – тұрмыстық факторларға ерекше көңіл бөлінеді. Дене жаттығуы- дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозға-лыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды.Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл – әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан- жақты жетілуіне ықпал етеді.Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Балабақшаға таңертеңгі келген уақыт-тан бастап  күн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын (Таңғы жаттығу, қи-мылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын – сауықтар) өткізеледі. Дене шынық-тыру оқу іс – әрекеті балаларды қимылға үйретудің негізі  болып табылады. Ол әрбір жас топтарында аптасына 2 рет өткізіледі. Дене  шынықтыру өткізі-летін орын : ауа – райы жылы кезде таза ауада , қыс мезгілдерінде залда өтіледі. Жүру және жүгіру түрлері бағдарламағам сай жүргізіледі.Жалпы жетілдіру  жаттығу жасарда тәрбиеші негізгі қалыпқа көп көңіл бөлуі керек.  Сонымен қатар  әр түрлі жағдайда (тұрып, отырып, жатып) жасайтын жаттығулар жоспарлау қажет. Жалпы жетілдіру  жаттығулар үшін (жалау-шалар, доптар, кубтар, секіргіштер, құрсаулар, гимнасти-калық таяқшалар т.б) пайдаланылады. Балалар негізгі қалыпқа дұрыс тұрып, жаттығулардың жасалу техникасын дұрыс сақтап , тәрбиешінің нұсқауы мен қимылдап, барлық бала бірдей қимылдаулары керек. Негізгі   жаттығулар әдістемелік құралға  сүйене таңдалып өтіледі . Негізгі бөлімнің бір бөлшегі қимылдық ойын.Қимылды – қозғалыс ойындар әрқашан атрибуттармен  жүргізіледі. Қорытынды бөлімде де жай  қимыл қозғалысты  ойын жоспарланады. 
«Денсаулық» білім  беру саласының   валеология бөлімінде біз балалардың өз денсаулығын күтуге, салауатты өмір сүруге , гигиеналық талапты орындауға (шашы, тісіне күтім жасау) дұрыс тамақтанудың адам ағзасына әсері туралы түсінік береміз. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қажеттілігін, басты бай-лық денсаулық екенін түсіндіріп , қимыл – әрекетке жаттықтыру қажет. Дұрыс тамақтанудың, таза жүрудің адам денсаулығы үшін маңызды екенін түсіндіру. Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету, салауатты өмір салтын сақтап, өмір сүруге дағдыландыру керек.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата – ананың тәрбиесі негізгі рөль атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу балабақшадағы тәр-биешіге де маңызды міндет жүктейді. Балабақшадағы әр баланың отбасылық жағдайын, ондағы тәрбие бағытын  біліп, ата –анамен тығыз қарым – қатынас орнатып, ынтымақтаса жұмыс жасағанда  ғана бала тәрбиесі өз нәтижесін береді.Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ата-аналардың балабақша мен байланыс дұрыс жолға қоюға жұмыстар жүргізіледі. Балабақшада денешынықтыру кезінде бала дұрыс қозғалыста болуы үшін жыл мезгілдеріне сай киіндіруге, демалыс күндерінде де үйде жаттығулар жасауды әдетке айналдыруды, ашық есік күні, мерекелік ертеңгіліктерге, түрлі спорттық ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, қызығушылық танытуын ынтымақтаса жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі деп білеміз. Сөз соңында Н.Назарбаевтың «Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының балабақшасының, барша елдің, халықтың міндеті» екенін еске саламын.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!