Болашақ информатика мұғалімдерінің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда easyQuizzy тестілеу редакторын қолдану
Қазақстанның дамуына өз үлесін қоса алатын, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу үшін ізденімпаз, жаңашыл, үнемі өз білімін жетілдіріп, сапалы білім берудің жолдарын іздестіріп, «оқыту үшін оқу», - деген мақсатты алған оқытушылар қажет. ҚР Президентінің жолдауында «Білім сапасы бірінші кезекте сапалы даярланған педагогтармен айқындалады, олар бұл білімдерін әртүрлі әдістер арқылы білім алушыларға береді»-делінген. Осыларды негізге ала отырып оқытушы студенттің өз мамандығының қажеттілігін жете түсінуін, бағалауын ұғындыру аса маңызды. Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі – тапсырмалар жүйесі. Мұндағы мақсат – әр студент бойына сенімділік, өзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау қасиеттерін дамыту болып табылады. Студенттер сабақ барысында өткізілген тақырыптар бойынша қосымша мәліметтер (баспа материалдары, интернеттен) ізденіп, өзіндік жұмыстар, рефераттар, баяндамалар, презентациялар жасап жинақтайды, алған білімдерін бағалау үшін тест тапсырмаларын орындайды. Тапсырмаларды орындау барысында қай бағдарламада, қалай жасалғанын түсіну арқылы болашақта өз оқушыларының білімін бағалауда қолданады. Қазіргі кезде тест тапсырмаларын құрастыру бағдарламалары аз емес. Соның ішінде easyQuizzy бағдарламасы.easyQuizzy — тест тапсырмаларын жасау мен өңдеу үшін қарапайым және тиімді бағдарлама. Тестілеуді бастау үшін кез келген компьютерге көшіріп ашуды ғана қажет ететін тест жасау бағдарламасы болып табылады. Білім беру мекемелерінде тестілеуді жүргізу үшін қолданылады. Мұғалімдер мен оқытушыларға уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.Ерекшелігі easyQuizzy редакторы қолдануда оңай, тест жасауда барынша түсінікті, сұрақ түрлерін таңдауда да тиімді. Оны қолдануда желілік тораптарды және қосымша бағдарламаларды орнатуды қажет етпейді, барлық тест тәуелсіз. Интерфейс қарапайым және түсінікті, тест жасау да көп уақыт алмайды. Жоба авторлары Андрей Шкуропий және Илья Полсаков. Украинада жасалған.Бірінші бағдарламада жұмыс жасау алгоритміне тоқталып өтсек:- Тест жасау «Тест туралы ақпарат» қосымшасынан басталады. Мұнда тесттің аты, сипаттамасы және тест авторы жазылады.- Содан кейін «Сұрақтар мен жауаптар» қосымшасында сұрақ, жауап нұсқалары жазу және дұрыс жауап белгілеу. - соңғы қосымша «Баптаулар», құрастырылған тесттерді баптау түрлерінен тұрады.Мұнда сұрақ түрін таңдауға болады:- Баламалы сұрақ;- дұрыс жауаптың біреуін таңдау;- бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау;- дұрыс тізбекті орнату;- сәйкестікті орнату;- еркін жауап.Сұрақтар текстінде және жауап нұсқаларында суреттер, формулалар және арнайы символдар қоюға болады.Дайын болған тестілеу келесідей ретпен жүреді:- Жауап беру үшін дұрыс жауапты таңдап, таңдауды нақтылау қажет (Жауапты қабылдау);- тест аяқталғанда бағалау шығады;- соңғы қорытынды есепті басып шығаруға немесе сақтауға және электронды почта арқылы жіберуге болады.Тесттілеуді бағалау түрлері:Кең таңылған бағалау жүйесіне өз талаптарыңызға байланысты өзгеріс енгізуге, немесе кез-келген баға түрін қою арқылы толықтай өзіңіздің бағалау жүйеңізді жасап шығарсаңыз болады.Халықаралық бағалау жүйесіЕвропалық кредиттік-трансфермалық жүйе (дұрыс жауаптарға 8,7,6,5,4,2,0)Халықаралық бакалавр (дұрыс жауаптарға 6,5,4,3,2,1,0)Сынақтық жүйе (5-еуіне дұрыс жауап бергенде сынықтан өтеді)АҚШ-тың академиялық бағалауы (дұрыс жауаптарға 6,5,4,2,0)АҚШ-тың кеңейтілген академиялық бағалауы (сұрақ саны 10-нан кем болмауы керек)АҚШ-тың оңайлатылған бағалауы (E-S-N-U) (дұрыс жауаптарға 6,5,3,0)Ұлыбританияның орта білім туралы куәлігіҰлыбританияның білімі туралы жалпы куәлік (дұрыс жауаптарға 6,5,4, 3,2, 1,0)ТМД бағалау жүйесі5-баллдық жүйе (дұрыс жауаптарға 5,4,3,2,1,0)10-баллдық жүйе (дұрыс жауаптарға 10, 9, 8,7,6,5,4, 3, 2, 1,0)12-баллдық жүйе (дұрыс жауаптарға 12, 11, 10, 9, 8,7,6,5,4, 3, 2, 1, 0)Нақты берілген бағалау жүйесі. Бұл жүйелерді өзгертуге болмайды. Олар тесте берілген сұраққа автоматты түрде негізделеді.Балл қосындысы (әр дұрыс жауапқа бір балл)100-баллдық жүйе (барлық сұраққа дұрыс жауап берсе 100 балл)Пайдаланушының орнататын бағалау жүйесі. Тест жасаушының өзіне бағалау жүйесін жасауға мүмкіндік береді.Берілген жүйелердің бірін таңдағаннан кейін «Баптау» батырмасымен өзгерту енгізуге болады.Тестті жасауға болатын тілдер:ағылшынша (In English);болгарша (Български език);французша (Francais);немісше (Deutsch);қазақша (Қазақ тілі);латыштық (Latviešu valoda);польшалық (Jezyk Polski);португальдық (Portugues);румындық (Romana);орысша;сербтік (Srpski jezik, Српски језик);украинша (Укрїнською мовою).Тесттің интерфейс тілі тест жасау (өңдеу) және сақтау барысында easyQuizzy редакторда таңдалған тілге сәйкес болады. Интерфейс тілін өзгерту үшін меню жолағынан «Түр → Интерфейс тілі» таңдау керек.Тестті өзгертуден қорғау:Меню жолағынан «Файл→ Құпия сөз орнату» таңдау арқылы құпия сөз орнатуға болады. Қателікке жол бермес үшін сұхбат терезесіне құпия сөзді екі рет енгізу қажет және содан кейін «ОК» батырмасы басылады. Енді файлды редакторда ашу тек құпия сөзді дұрыс енгізген жағдайда мүмкін болады.Арнайы пәндерді оқытуда, оның ішінде сабақта тест тапсырмаларын қолдану - білімді тереңірек алуға, өз мамандығын меңгеруге және есте жақсы сақтауға қолданылады. Сондықтан осы тест құрастыру бағдарламасы болашақ информатика мұғалімдерінің жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдасы тиеді деген үміттеміз.Қорытындылай келе, студенттің шығармашылық дербестігін дамыту, жалпы адамзаттық құндылық бағытын қалыптастыру, қоғамның белсенді мүшесі болып еңбек етуге және өмір сүруге, кәсіптік білімін жалғастыруды қамтамасыз ету - негізгі міндетіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:1. Бөрібаев Б., Балапанов Е. «Жаңа ақпараттық технологиялар», Алматы, 2003.2. Істеміров Н «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары», Алматы,2007.3. easyQuizzy.com