Материалдар / "БОЛАШАҚ ЖАС ҰРПАҚТЫ ұлттық этика бойынша тәрбиелеу"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"БОЛАШАҚ ЖАС ҰРПАҚТЫ ұлттық этика бойынша тәрбиелеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
330
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Болашақ жас ұрпақты дәстүрлі ұлттық этика бойынша тәрбиелеу.

Алматы қаласы Алатау ауданы №182 ЖББ мектептің тарих пәнінің оқытушысы

Шүлембаева Дария Мүшенқызы

Сан ғасырлар өтсе де тарих көшінен қалмай келе жатқан қазақ халқының тарихы өз қиындығымен әрі қатал сындарға толы болса да өз құндылығын жоймаған. Шығыстың керемет дәстүрлерін бойына сіңірген дала тәрбиесі басқа халықтар мен ұлттардан кем емес дала мектебін қалыптастырған. Дала тәрбиесінің көркемдігі соншалықты даналық пен сұлулыққа толы ғажап күйге бай керемет тағылымдарды қалдырды. Даланың тәрбиесіне көнбеген телі тентектер халық арасында жоқ деуге тіпті де болмас, сондықтан осындай тәрбиенің түп қазығын дала заңдары арқылы бекітуге арналған ұлы бабаларымыздың даналығына таңданбасқа шараң жоқ. Даланың жазылмаған заңдылығына айналған ұлы заңдар қазақтар арасында үлкен ауызбіршілік пен тәртіп пен тәрбиенің бастауы болды, тіптен қазақ халқын тәрбиелеуде үлкен әліппеге айналды десек сірә жаңылмаспыз. Көшпелі өркениетті қалыптастырған халқымыз мәдениетке аса бай, ұлттық дәстүрлерге кең тынысты ,терең тамырланған бәйтерек секілді болса осы бәйтеректің терең тамырына айналған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы», сияқты заңдар түп қазығымызға айналған. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап дәстүрлермен басталатын қазақ қоғамы адамның ержеткенге дейінгң өміріне аса үлкен мән берген. «Әке балаға сыншы», деген үлкен философияны бір ауыз сөзге сидырған қазақ бала тәрбиесін әкесінен бастаған. Адамзат дамуында әкенің балаға берері мол және ықпалы да күшті боларын дана қазақ ертеден-ақ пайымдаған. Және бір ескереріміз ешқандай әке аталуға лайық пенде өз баласына жамандық тілемейтіні ақиқат. Сондықтан бала қаз-қаз тұрып жүре бастаған кезден бастап-ақ әкенің өз перзентіне деген ынта-ықыласы мен кемшілігін түзеу перзентінің әрбір іс-қимылына баға беруі әкенің мойнына артылар үлкен жауапкершілікті іс болған. Бұдан басқа «бір бала бар өте туады», «бір бала бар жете туады», «бір бала бар кері кете туады» деген қазақ бала тәрбиесінің ертеңгі күнге халықты қалыптастыратын негізгі қозғаушы күш екендігін әрдайым есте ұстаған. Ұлт тәрбиесінің ақсауы түгелдей бір халыққа төнетін қасірет екендігін білген бабаларымыз әке үкімінің әрбір шаңырақта жүретінін әу баста ескерген. Қазақ әкелері ұрпағының өзіне қарап бой түзейтінін жақсы түсінгендіктен өздері салиқалы сарабдал азамат болуға ұмтылады. Әке тәрбиесінің кемшін тұстарын бүкіл туыс-туған, одан қалса ауыл-аймақ болып берер тарбиенің жемісі өте мықты болғандығын ешкім жоққа шығара алмас. Қазақтың «телі тентегіңді тый», деген жалғыз ауыз сөзінің өзі керемет лекциялардан кем болмаған. Қазақ тарихының қанды беттерінен көрінетін халқымызға қауіп төндірген үлкен саяси зұлмат оқиғалар қазақтың құқын таптап тәрбиеміздің асыл негізіне де қанды шеңгелін салып үлгерген. Десе де күшпен жүргізілген озбыр саясат дегеніне жетпей қоймады. Кейінгі тарихтың ащы сабақтары көрсеткендей қазақтың ұлттық дәстүрі мен санасына селкеу түсті, тағдыры таразыға салынды, тәрбиесі ақсады. Патшалық Ресейдің көксеген арманы орындалып қазақ даласын отарлауды бастағаннан кейін қазақилықтың тұнып тұрған қаймағына қылау түсті, үлкен бәйтерекке балта шабылды. Осы турасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев «Орталық пен аймақтар арасындағы қарым-қатынас жартылай отарлық сипатта болды...Ішкі шиеленіс тек күшпен зорлаудың нәтижесінде ғана тежеліп отырды. Тұтас халықтарды құртудан бастап, ұлт тілдерінің қолдану аясын тарылтуға дейінгі зорлық-зомбылық қарама-қайшылықты біржолата қуып шықты деп жазады. Қазақ халқының бірлігі мен тұтастығын оңай жоя алмайтынын білген патшалық Ресей қазақтың жүзге, руға бөлінетінін біліп патриархалды рулық қатынасты жоюға тырысты. Ресей ғалымдары қазақтардың бөлінбейтін біртұтас екендігін мойындаған: «Жергілікті жағдайдың қажеттері мен халықтың тұрмысын зерттеуге қарағанда қазақтар өзінің шығу тегі, дін туралы, тілі және тұрмыс салты жөнінен бір халық болып табылады»,-деген. Бүкіл қылмыстық, азаматтық істерге құқық жүргізу рулық негізде құрылған. Бір атадан тараған қазақ халқы немесе қарасүйек, Шыңғыс тұқымы ретінде сұлтандарды және хандарды олардың рулық маңызына көңіл бөлмей, өз қатарынан бөлді. Осыдан соңғылардың руға тиісті емес жағдайында қазақ халқының сұлтанды басшы етіп сайлағандығында өздерінің бірігу мақсатын көздеу мәні жатыр. Осы айтылғандар рулық бастаудың қазақ халқы үшін қандай мәні бар екендігін көрсетеді. Ескіден қалыптасып келе жатқан дәстүрді еске алмау қазақтардың арасында түсінбеушілік тудырып, азаматтық, әділеттік негіздерін, бірлігін жойып, бүліншілік тудырып, түсіністікке, тұрмысқа ылғи, кері әсерін тигізді-деп жазады тарихшы ғалым К. Аманжолов. Өз ата-бабасын қастерлейтін қазақ халқы үшін, ата-бабасының есімін ұлықтап оларды рудың ұранына айналдырған. Әдетте бұндай ұрандар-« рулық, тайпалық құрылыс жағдайына байланысты шыққан,-делініп, халықтың немесе рудың, тайпаның ұраны аса құрмет тұтатын ата-бабаның немесе асыл ананың тіпті сол халық табынатын табиғи күштің атынан шығады»,- деген тұжырым қалыптасқан. Біздің айтпағымыз бұл жерде руға бөліну немесе ұран жайлы емес қазақтың діні асыл тәрбиесінің қазығы неде жатқанын еске алу ғана. Және тағы да осы турасында сол заманның ағартушы –реформаторы, ірі қоғам қайраткері, тұңғыш болып Қазақстанның конститутциясыеның жобасын жазған Барлыбек Сыртанов Ресейдің қитұрқы саясатынан туындаған жікшілдік пен рушылдыққа бөлінген қазақ қоғамына ашына түрде мынадай баға берген еді: « Бір руды бір ру жаудай көреді. Бірін-бірі бөтен санап, әлі келсе жеп қояды тірідей. Бәрі бір халық, өз халқын өзі бөтен санаған жалғыз-ақ біздің қазақ жұртында болар. Бір ру елдің ішінде бөтен рудан біреу болса, оған күн жоқ, теңдік жоқ. Осылай бірін-бірі жау санаған соң қазақта береке қалмай барады. Бір атаның баласы бір атаның баласын талап, әлі келсе қылмағаны болмайды. Себебі неге десең, анау бөтен, мынау бөтен, ананың жұрағаты, міне біздің бұзылып бара жатқанымыз». Бұдан әріден келе жатқан тәрбиенің мықты өзегің құрта алмайтынын түсінген Патшалық Ресей қазақтың әлсіз тұсы ағайынгершілікті негізге алады да ру-ру болып айрандай ұйыған қазақтың басын дауға салған. Күре тамырын кескен қазақтың хал-жағдайы осыдан кейін-ақ оңалмады десек те болар. Дау мен дамайдан айрылмаған қаймана қазақ тағдыры талқыға осылайша түскен. Ара ағайынның арасындағы алауыздықтың отын қоздырған қазақты алагөз қылудың арқасында бірте-бірте ағайынгершіліктен, адамдық пен иманнан айырады. Осылайша орыстың озбыр саясатының арқасында қан төкпей, ұрыссыз, атыссыз бейбіт жолмен келген тұманды билеу еңсемізді езіп, біржолата отарлауға айналдырады.

Көнерген тарих беттерін ақтара отырып қазақтың зарын қазақтан өзге ешкім түсінбеді десек те болады, тіпті қазақтың рухани құндылықтары тапталып жойылды. Ол туралы атақты Ақан Серінің мыны бір өлең жолдары дәлел болып табылады:

Тасыған қазақ көзі бұлақтай боп,

Соятын крәсиянға лақтай боп,

Патшаның сүйікті ұлы келгеннен соң,

Шетке шығып қалдың ғой брактай боп...

Қор болып крәсиянның табанында,

Қалайша күн көреміз дәурен кешіп?

Темір айыр ақ балта қолдарында,

Тілге келмей ұрады өңмеңдесіп...

Қасиетті ата-баба зиратының

Үстіне егін салды жайлап өсіп.

Тірі түгіл өлінің көрін қазып,

Бұлайша іс қылады ерегісіп,

Қай дума комиссия болса-дағы,

Бұған закон сұраймыз төрелесіп,

Жетпіс екі милатта жол бар ма екен

Сүйекті, дінді қорлау тепкілесіп,

Құдайдан кітап келген халық болса,

Іс қылмас айуандарша көрді тесіп,

Россия патшасының мизамында

Мұндай іске «Інжілде» закон нешік?

Бұларға патша мизам білдірмеп пе?

Надандықпен қыла ма гуілдесіп?

Өлең жолдарынан көріп отырғанымыздай, «өлі риза болмай, тірі байымайды», деген сеніммен өмір сүрген қазақтар үшін бұл азаппен бірдей еді. Тәрбиесі мұсылманшылықтың тазасы және үлкені исламмен ауызданған халқымыздың тарихындағы ең ауыр беттерінің сорақысы да осы еді. Мұсылмандарды соның ішінде дала халқы қазақтарды күшпен шоқындыру ісі де кең етек алды. Бірақ көп ұзамай патшалық билік құлағаннан кейін атеизм атты жаңа ағым пайда болды. Бұл ағымның негізгі ойы әлемге құдайсыздықты насихаттау еді. Қазақ халқында «құдайдан қорықпағаннан қорық», деген аталы сөзі есімізге түсері ақиқат.Діні мүлде басқа, зират басында арақпен өлген адамды еске алатын халықтың ісі бүгінде қазаққа да жат емес әдеттердің біріне айналды.Өліктің бетін ашып қойып сөз сөйлеп, киімімен тіршілігінде алған марапаттарымен қоса жерлеу де исі қазаққа жат еді.Бірақ өкінішке орай кеңес одағының саясаты бұл әдетті де қанымызға сіңірді. Дегенмен де асыл сүйек халқымыз салт-дәстүрін сақтап қалуға тырысты. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін біршама жоғалған құнды салт-дәстүрлеріміз қайта жаңғыра бастады. Шығыс халықтарына тән наурыз мейрамы, көрісу,діни мейрамдар айта берсек біршама ұмытыла бастаған құндылықтарымыз қайта оралды. Жас нәресте дүниеге келе салғаннан кейін-ақ тәрбиені тал бесіктен бастаған қазақ айдарлы, тұлымды деп атап бөбекті ат жалын тартып мінді деп тайға отырғызып, мұсылман болдың деп сүндетке отырғызып ер азаматтарды бала кезінен тазалыққа үйретті. Ұлтты тәрбиелейтін болашақ аналарды тәрбиелеу дана халқымыздың өте ғибратты істерінің бірі десек қателеспеген болар едік. «Қызға қырық үйден тиым, қала берсе қара күңнен тиым», деген сөздер әрбір қазақ қызының міндетті ережесіне айналған. Заманның ағымынан қалмай келе жатқан қазақ қызының тәрбиесі де бұл күндері керемет деп айта алмаймыз. Ұрпақ тәрбиесін босаңсытып алдық, жетімдер үйі, қарттар үйі, түрмелер көбейді. Әжелер мектебі, аталар мектебі бұрынғыдай емес өміршеңдігін жоғалта бастаған. Тікірейген келін, күшік күйеу, қайтып келген қыз, отырған қыз, ажырасқан ұл тағы да басқа жас ұрпақ тәрбиесіндегі келеңсіздіктер өте үлкен қорқыныш. Ұлт тәрбиесінде ата-ана тәрбиесі бірдей орын алу керек, әкелер ұлдар тәрбиесімен, аналар қыз тәрбиесімен айналысса қателеспейтініміз хақ. Қазақ халқының тәрбиесі ешкімнен де кем емесі анық. Ұрпақ тәрбиесінде қате жібермеген, даналық мектебін қалыптастырған ұлы бабаларымыздың өсиетін жерде қалдырмай,әр сөзін алтынға балар болсақ үлкен табыстарға жететінімізге ешкім күмәндана қоймас. Әр адам өз отбасын шағын мемлекет деп білген жағдайда ғана ісіміз оңалып, қисайған көш түзеледі. Патшаның отарлауы мен қызыл империяның қанды қырғындарынан аман қалған халқымыздың тәуелсіздік алғаннан кейінгі тағдыры жақсы деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Орта мектептер мен жоғары оқу орындарында жас буынды ұлттық санамен тәрбиелесек нұр үстіне нұр болар еді. Сен тұр мен атайын деген ұрпақ емес салиқалы, сабырлы азаматтар, инабатты, нәзік қыз бала тәрбиелесек қазақ қоғамы гүлденер еді. Ұлттық тәрбие біздер үшін өте үлкен, ашылмаған кітап болып қалуда. Тарихтың ескі беттерінен оқитынымыз ұлы адамдардың барлығының тәрбиесіне белгілі адамдар ықпал етіп отырған. Халқымыздың тәрбиесін ата-бабамыздан мұра боп қалған асыл дүние салт-дәстүрімізбен тәрбиелеу керекпіз. Қазақтың маңдайы жарқыраған ұлдарының бірі педагог, психолог Жүсіпбек Аймауытов «Тәрбие»,деген еңбегінде былай дейді: «Рум халқын атақты, данышпан қылған кім? Тәрбие». Дегенмен де педеагогтан асырып ештеңе айта алмаймыз. Жас буынның кіршіксіз әлеміне қадам баспастан бұрын өзімізді тәрбиелеуіміз керектігін де есте ұстауымыз қажет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!