Материалдар / БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ СУБЪЕКТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ СУБЪЕКТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Субъектілік тұлғаның белігілі бір кезеңде даму үрдісінде пайда болатын жаңа жүйелі сапасы болып табылады, ол адамның мінез-құлық ерекшеліктерін өзгертеді және қоршаған орта мен өзіне қатысты өзгерістерді саналы түсінуіне алып келеді. Адам өзін-өзі танытатын субъект ретінде іс-әрекет пен қарым-қатынастың сан алуан түрінде белсенділік көрсетеді. Субъектілік адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің бірлігін көрсетеді, нәтижесінде өзін-өзі анықтау арқылы өзінің құнды-мәнді саласын (субъектілік кеңістігін) қалыптастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2023
246
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ СУБЪЕКТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Оралбаева Г.К. – «Педагог - психолог

goralbaeva@mail.ru

Педагогические условия развития субъектности будущего специалиста

Pedagogical conditions of development of subjectivity of the future expert


Абстракт: Субъектілік тұлғаның белігілі бір кезеңде даму үрдісінде пайда болатын жаңа жүйелі сапасы болып табылады, ол адамның мінез-құлық ерекшеліктерін өзгертеді және қоршаған орта мен өзіне қатысты өзгерістерді саналы түсінуіне алып келеді. Адам өзін-өзі танытатын субъект ретінде іс-әрекет пен қарым-қатынастың сан алуан түрінде белсенділік көрсетеді. Субъектілік адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің бірлігін көрсетеді, нәтижесінде өзін-өзі анықтау арқылы өзінің құнды-мәнді саласын (субъектілік кеңістігін) қалыптастырады.

Абстракт: Субъектность является новым системным качеством, которое возникает в процессе развития личности на определенном его этапе, детерминирует особенности поведения человека и представляет собой новую способность осознанно производить изменения окружающей действительности и самого себя. Субъектом как самоутверждающейся индивидуальностью человек становится в процессе взаимодействия и проявления активности в различных видах деятельности и общения. Субъектность представляет собой единство индивидуально-личностных свойств человека, который в результате самоопределения формирует свою ценностно-смысловую сферу (субъектное пространство).

Abstract: Subjectivity is a new system of quality that occurs during the development of the individual at a certain stage it, determines the characteristics of human behavior and a new ability to consciously make changes to the surrounding reality and himself. Self-assertive individuality of the subject as a person becomes in the process of interaction and be active in various activities and communication. Subjectivity is the unity of the individual personality traits of a man who as a result of self-generates its value-semantic sphere (subjective space).

Тірек сөздер: субъектілік, таным субъектісі, іс-әрекет субъектісі, қарым-қатынас субъектісі, субъект-субъектілі қатынас, шарт, педагогикалық шарттар.

Ключевые слова: субъектность, субъект познания, субъект деятельности, субъект отношений, субъектно-субъектный отношения, условия, педагогические условия.

Key words: subjectivity, subject knowledge, subject of activity, the subject of relations, subject-subject relations, conditions, pedagogical conditions.

Қазіргі қоғаның даму тенденциясы жаңа құбылыстар мен үрдістермен сипатталады. Кәсіби білім беру жүйесінің әлеуметтік сұранысы білім беру мекемелерін болашақ маман тұлғасын, оның субъектілігінің дамытуға бағдарлайды. Сондықтан бүгінгі таңдағы кәсіби білім беру педагогикалық іс-әрекет аясындағы жеке жетістіктеріне көзқарастарын өзгертуге бағытталған шарттарды тудыру мәселесін алға қойып отыр [1].

Қарастырылып отырылған мәселеге арналған ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау нәтижесінде болашақ маманның субъектілігін дамыту және осы үрдіс кезіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді қамтитын шарттардың арасында объективті өзара тәуелділік бар екені айқындалды.

Субъектілік тұлғаның кез келген белсенділік түрлерін жетілдіруге әлеует ретіндегі күрделі психологиялық құрылым болып табылады. Адам тәрбиенің субъектісі ретінде іс-әрекет, қарым-қатынас және әлеуметтік ортаға қатысты өзінің тұлғалық ерекшеліктерін өзгертеді. Бүгінгі таңда субъектілік тәсіл басымдылық мәндегі әдіснамалық қағида әрі зерттеу пәні мәртебесін иеленді.

Бүгінде субъектілік мәселесі әр түрлі тұрғыдан қарастырылады: субъектілік феномен ретінде (В.А.Петровский); субъектілік тәжірибенің компоненттері (А.К.Осницкий); субъектілік механизмдері (В.А.Татенко); субъектіліктің сыртқы көрінуі мен ішкі алғышарттары (Е.Н.Волкова); онтогенездегі адамның субъектілік бастауының даму заңдылықтары (А.В.Захарова, В.И.Слободчиков, Д.И.Фельдштейн, Г.А.Цукерман); студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындаудың әдіснамасын, теориясы мен практикасы (Ж.Ы.Намазбаева, А.Р.Ерментаева).

Психология ғылымында іс-әрекет субъектісі, таным субъектісі қарым-қатынас субъектісі (Б.Г.Ананьев); субъект-субъектілі қатынас (Б.Ф.Ломов); тірішілік әрекетінің субъектісі (С.Л.Рубинштейн); психикалық іс-әрекет субъектісі (К.А.Абульханова); т.б. зерттеулер баршылық.

Субъектілікті адамның белсенділігі, бастамашылдығы, біртұтастықтығының жоғары деңгейінде өз өмірінің жасампазы, өз тіршілік әрекеттерін басқарушы ретінде анықтау жөнінде тұрақты көзқарас қалыптасқаны айқындалады.

А.В.Брушлинский субъект ұғымын белсенділіктің әр түрлі формаларына байланысты анықтайды. Оның пікірінше, субъект адамның барша қасиеттерінің арасындағы ең маңыздысы. Ол алдымен, практикалық іс-әрекеттің, танымның, жасампаздықтың және басқа да белсенділік түрлерінің (шығармашылық, адамгершілік, еркіндік) және қажетті нәтижеге қол жеткізуінің бастамашысы болуды және оны іске асыруды білдіреді [2].

Педагогикалық жүйе белгілі педагогикалық шарттарды сақтағанда ғана қызмет етеді және дамиды. Сондықтан педагогикалық шарттарды теориялық негіздеу болашақ мамандардың субъектілігін дамытуға мүмкіндік береді. Алдымен шарт дегеніміз не екендігіне талдау жасасақ, ол белгілі бір жағдайдың туындауы, оқу, еңбек ету, өзгерістер, түрлендірулер үшін қажетті объектілердің жиынтығы. Әрбір нысанның бір-бірімен тікелей және жанама байланыстары бар, олар белгілі бір шамамен сипатталатындықтан, жиынтық мөлшерде жеткілікті педагогикалық шарттарды құрайды. Әр құбылыстың ақырғы нәтижесі әсер етуші жеке себептерге ғана емес, ішкі және сыртқы шарттардың нәтижесінің ара қатынасынан туындайды.

Ғылыми әдебиет көздерінде «шарт» ұғымына бірнеше анықтамалар берілген:

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «шарт - біріншіден, өзара міндеттер алу жөніндегі келісім; екіншіден, міндет, борыш; үшіншіден, керектілік, қажеттілік» деп аталды [3].

С.И.Ожегов «шарт» ұғымын өзіне кез-келген нәрсе тәуелді, бағынышты болатын жағдай деп түсіндіреді [4].

Философиялық түсіндірме сөздікте «шарт» біріншіден, онсыз өмір сүру мүмкін емес орта, екіншіден, бір жайт жүргізіліп жатқан жер деп анықталады [5].

Шарттар өз кезегінде тарихи уақыт ішінде дамытылады, жүйеленеді, қалыптасады, педагогикада түсініктер мен бейнелер ретінде қоғамдық сана тұрғысынан қарастырылады.

«Педагогикалық шарттар» мағынасы оқу-тәрбие үдерісінің барлық бағыттарының тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті объективті және субъективті факторлардың жиынтығы және олар тарихи қалыптасып, бейнелер мен түсініктер түрінде айқындалады. Бұл ұғымның өзіне тән белгісі оқыту және тәрбие үрдісін құраушылардың барлық элементтерін (мақсаты, міндеті, мазмұны, әдістері, формалары, құралдары) қамтиды.

Педагогикалық шарттар педагогикалық іс-әрекетпен байланысты жағдайлар, сол үрдісті анықтайтын оған оқу үрдісінде саналы құрылған және оның нәтижелілігін қамтамасыз ететін, оның пайда болуы мен жүруі үшін қолайлы ортаны құру жатады. Демек педагогикалық шарттар педагогика және психология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, педагогқа оқыту және тәрбиелеу үрдісін тиімді басқаруға ғана студенттердің рефлексиясы мен субъектілігін дамытуға мүмкіндік беретін интегративті орта.

Сонымен «педагогикалық шарттар» түсінігі болашақ маманды даярлау үрдісінің барлық бағыттарының тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті объективті және субъективті факторлардың жиынтығы, дидактикалық мақсаттарға жету үшін оқытуды ұйымдастыру мақсатын, мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін, формасын таңдау нәтижесі болып табылады.

Кез келген педагогикалық үдеріс белгілі бір шарттарды сақтаған жағдайда табысты жүзеге асатыны белгілі. Шарттар тәрбие мақсаттары мен педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін ескеріледі және құрылады (Ю.К.Бабанский және т.б.) [5].

Ғалымдар Н.Д.Хмель, Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев және т.б. оқу-тәрбие үдерісін шартты түрде оқу және оқудан тыс іс-әрекетке бөліп қарастырып, зерттейді.

Зерттеу барысында жасалған талдау нәтижесі педагогика теориясы мен практикасында ұйымдастырушылық - педагогикалық (В.А.Беликов, Е.И.Козырева, С.Н.Павлов және т.б.); психологиялық - педагогикалық (Н.В. Журавская, А.В.Лысенко және т.бю.); дидактикалық (М.В.Рутовская және т.б.) шарттардың кездесетінін көрсетеді.

Осыдан педагогикалық шарттар болашақ мамандардың субъектілігін дамытудың мақсатын, міндеттері мен қағидаларын тануға байланысты, соған сәйкес мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтайды.

Педагогика ғылымында әр түрлі шарттар жіктемесі (И.И.Андреев, А.Я.Найн, т.б.) кездесетіндіктен, ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарға назар аудардық.

В.А.Беликов [6] ұйымдастырушылық-педагогикалық шартты тұтас педагогикалық үрдістің мазмұнының, формасының, әдістерінің педагогикалық іс-әрекет жетістіктеріне бағытталған, арнайы, мақсатты бағытта құрылымдалған мүмкіндіктерінің жиынтығы деп тұжырымдайды.

Субъектіліктің дамытуға аса тиімдісі шарттар кешенінде жүзеге асырылады. Шарттар кешені педагогикалық үрдістің барлық компоненттерін дамытуға мүмкіндік береді және оқыту үрдісінің логикасын көрсетеді: үрдістің мақсаты, пәні мен мазмұнының ерекшелігі, студенттер мен оқытушылар іс-әрекетінің сипаты, үрдістің тұтастық және нәтижелік деңгейі, болашақ мамандарды дайындау ерекшелігі, т.б.

В.И.Андреевтің пікірінше, педагогикалық шарттар мазмұн, әдіс-тәсіл элементтерін жасау және пайдалану, мақсатты түрде іріктеудің, мақсатқа жету үшін білім беруді ұйымдастыру түрлерін пайдаланудың нәтижелерін білдіреді. Осы тұрғыдан, шарт жағдайдың факторы ретінде педагогикалық жүйенің тиімді қызметіне байланысты. Қазіргі заманғы дидактикада шарт оқытудың табыстылығын қамтамасыз ететін оқу үрдісінің компоненттері мен факторларының жиынтығы деп тұжырымдайды [7].

Студенттің субъектілігі тұлғаның интегративті сипаттамасы және өзінің өмірінде, білім алу үрдісінде қабілеттерін өзге түрге ауыстырудан, өзгерістерге бейімделуінен, сонымен бірге осы өзгерістерді диагностикалаудан және бағалаудан көрінеді.

Болашақ маман ретінде студенттің субъектілігінің мәнді сипаттары өзінің әрекеттеріне дайын болу және оны басқару қабілеті; өз әрекетін, өзара әрекеттестікті моделдеу, жоспарлау тәсілі; белгіленген бағдарламаны жүзеге асыру; өз әрекетінің және өзара әрекеттестігінің нәтижелерін бақылау және бағалау; өз әрекетін, басқаның әрекетін, өзара әрекеттестікті рефлексиялау болып табылады.

Демек педагогикалық шарт оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталады. Осы уақытқа дейін оқыту үдерісі «оқытушы - болашақ маман (студент) - оқытушы» тұрғысынан сипатталса, қазіргі білім парадигмасының өзгеруі «студент-оқытушы-студент» қатынастарының объектілі-субъектілі, субъектілі-объектілі, субъектілі-субъектілі байланыстарына негізделуде.

Қорыта келгенде, зерттеу барысында жасалған талдау субъектілікті құраушыларды дамытуға дидактикалық әсер ететін төмендегі шарттардың жиынтығын анықтауға мүмкіндік береді:

1. Сабақта білім алушылардың қызығушылықтарын ынталандыруға, оларда оқуға/үйренуге қажеттілікті дамытуға мүмкіндік беретін қолайлы сенім ахуалын жасау.

2. Студент тұлғасына тұтастай әсер ету, оқыту үрдісінде эмоциялары мен сезімдерін оның когнитивті қабілеттерін, әлеуетін дамытуға ынталандыратын нақты қажеттіліктерімен салыстыру;

3. Оқыту үрдісінің негізгі субъектісі ретінде «белсенді оқудың» мәнін көтеру есебінен білім алушыларды белсендендіру.

4. Студенттің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға ғана емес, оларды дамытудың өзекті деңгейіне байланысты оқу материалын меңгерудің жеке стратегиясы есебінен педагогикалық әсер етудің бағыттылығы.

5. Білім алушылардың жеке дара ерекшеліктер диапазонын кеңейту.

6. Студенттердің өзін-өзі танытуға ынланадыру мақсатында танымдық альтернативті таңдау мүмкіндіктері.

Осы өлшемдер біздерге педагогикалық шарттардың үш негізгі блоктарын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:

  • жалпы педагогикалық шарттар;

  • жеке педагогикалық немесе дидактикалық шарттар;

  • профильді немесе әдістемелік шарттар.

Бірінші блок жалпыпедагогикалық қағидаларға негізделеді. Жалпы педагогикалық шарттар блогына жатқызылады: педагогикалық үрдістің үздіксіз көпдеңгейлі кәсіби білім беру тенденцияларын анықтайтын мақсатты бағыттылығы; оқыту үрдісінің педагогикалық заңдылықтары, тәсілдер мен әдістерді кешенді қолдануды көрсететін іс-әрекет сипатының өзгерістері; оқытуды аса тұлғалық мәнді ететін білім алушылардың жеке тәжірибесіне сүйену; оқытудың жеке дара және саралау қағидасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін студенттердің жеке дара ерекшеліктерін есепке алу; көрнекілік қағидасын жүзеге асырудың маңызды шарты ретінде қабылдауды белсендіру; тұлғаның субъектілігін дамытуға бағыттайтын белсенді дербестік ұстанымын ұйымдастыру; бақылаудың жүйелігі, өз уақытында жүргізілуі, тұрақтылығы; бағалаудың объективтілігі және жан-жақтылығы; педагогтың кәсіби құзыреттілік деңгейі.

Сонымен субъектілікті құраушыларды дамыту бір жағынан, педагогикалық үрдістің шарттарымен сырттан; екінші жағынан, студенттің ішкі дүниесінен (мазмұнынан) іштен анықталады. Субъектілікті құраушы барлық компоненттерге кешенді әсер ету білім алушылар тұлғасын дамыту қажеттілігімен және студенттің өзінің ішкі әлеуетіне ден қоюынан, мүмкіндіктерін таңдаудан, іс-әрекетті жүзеге асыру құралынан байқалады, нәтижесінде субъектілік тәжірибе компоненттері мен өзін-өзі реттеу біліктіліктерінің өзара әрекеттестігімен анықталады.









Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы. ҚР Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы №579 Жарлығы

2. Брушлинский А.В. Деятельность, действие и психическое как процесс // Вопросы психологии. 1984. - № 5 - С. 17-19

3. Ожегов С.И. Словарь русского языка. - М.: Оникс, Мир и Образование, 2008. -940с.

4. Философский энциклопедический словарь. 2-е изд. -М.: Советская энциклопедия, 1989. - 814 с.

5. Бабанский Ю.К. Педагогика. Москва, «Просвещение», 1983. - 370 с.

6. Беликов в.А. Философия образования личности: деятельностный аспект. Монография. – М.: Владос, 2004. -357с.

7. Андреев В.И. Педагогика творческого саморазвития. Инновационный курс. Книга 1. – Казань: Изд-во Казанского ун-та, 1996. – 568с.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!