Материалдар / Болашақ ұрпақтың шам шырағы- Мұғалім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Болашақ ұрпақтың шам шырағы- Мұғалім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлағатты жолды таңдаған ұстаздар қауымының жарқын болашақ үшін жасаған ілкімді ісі бағаланып жатса қай кезеңде болсын жұмыр басы төрде болары хақ. Сондықтан да келер ұрпақ, жас мамандарға да пайдасы тиер деген ниетпен өзімнің ұстаздық жолды таңдауым жайлы шағын мақаламды ұсынғым келді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
376
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Болашақ ұрпақтың шам-шырағы – Мұғалім.

(мақала)

«Алты алаштың баласы бас қосса төр-мұғалімдікі»-деп еді ақын Мағжан Жұмабаев. Мұндағы «төр» сөзі ұстаз мәртебесін айшықтап тұрғанымен, үлкен жауапкершілікті меңзейді. Қазақ ұғымында сыйлы, құрметі бөлек, кіші болса да ақылы тасыса аға тұтатын қонақтың орны төр болмақ.Ұлағатты жолды таңдаған ұстаздар қауымының жарқын болашақ үшін жасаған ілкімді ісі бағаланып жатса қай кезеңде болсын жұмыр басы төрде болары хақ. Жүзің жарық, келешек үшін ұялмайтындай ұрпақ тәрбиелеуде ағаттық жібермеу де дәл осы Мағжан Жұмабаев атамыздың парасатты сөзінің астарында жатса керек-ті.

«Менің атым-Қожа» фильмін көрмеген ұрпақ жоқ шығар. Бердібек Соқпақбаевтың повестінің желісі арқылы көптің көңілінен орын тапқан әдеби шығарма күні бүгінге дейін өміршең. Кино барысында ұстаздың «мен Сұлтанның шам-шырағын жаға алдым ба?»-деген өзгеге емес өзіне салмақты ой тастағаны бар-тын. Бұл әмәнда ұстаздық жолын үнемі ізденіс пен ұдайы ұшқыр қиялға ерік беретін мұғалім қауымының жадында жүрер даналық сөз деп айтса болады. Алдымызға келген қаншама шәкірттің болашағы бізді алаңдата ма? Біз, олардың шам-шырағын жаға алып жатырмыз ба?Міне, осы сауалды мұғалімдік жолды таңдаған әр жан қаперінде ұстаса оқушы алдындағы асыл мұратымызға армансыз жетер едік.

Ұстаз болу-мәртебе һәм жауапкершілік. Әр оқушы өзінше құнды. Ол оқушыны түсіну,сезіміне кіру, бірге ойлау қиын.Бірақ біз оқушымен бір толқында, бір байланыста болғанда ғана көздеген мақсатымызға жете аламыз.Мәселен, баланың дамуының әр кезеңі бар. Яғни, түрлі жастағы өтпелі кезең. Осы аумалы-төкпелі уақытта оқушыны тану, онымен бірге бір деңгейге түсу оқушы психологиясына зиян келтірмей, арадағы байланысты үзіп алмауға, барынша қолдау білдіру ата-анадан бөлек ұстазға да артылатын салмақты жүк. Мұндай сәтте байыпты қадам жасалмаса оқушы сенімін жоғалтып алатынымыз айдан анық.

Сенім. Халық арасында «мектеп таңдама, мұғалім таңда» деген ауыз екі тілде тарап кеткен көне сөз бар. Сәулеті мен көркі келіскен әдемі ғимарат жылулығы мен мейірімі есіп тұрмаса бекер. Адал сезім мен достыққа шақырар орта қалыптаспаса еңбектің зая кеткені. Жоғарыда айтқан ұстаз қауымының асыл мұратқа жету жолы да сол жылулық тарату. Демек, ата-ана құшақ жая қарсы алып, тәрбие мен ілімді қатар алып жүрер ұстаздың алдында баласын көргісі келеді. Есте жоқ ескі заманда «еті сенікі,сүйегі менікі.Не істесең де адам қылып шығар» деп медресеге қәріп танытуға баласын тастап кетер кешегінің ата-анасының жұрнағы бүгінде жоқ.Заманның бейнесі сол, әлде қоғам дамудың жаңа сатысына көтерілгендігі болар, бүгінгі ата-ана ұстаз қауымына «екі шоқып, бір қарайтын» аса зор талғаммен таңдау жасайды. Осы жерде «қайтпек керек?» деп Абайша ойласақ, «толық адамның» сұлбасын алыстан іздеп, кешегі зиялы, жаппай сауатсыздықпен күрескен мұғалім атаулыны «аһ» ұрып еске алу бос қиял болып қалуы ықтимал. Тарих қойнауына өзіндік сара жолын салып, қазақ қоғамының «оянып»,бір сілкінуіне үлес қосқан нағыз педагогтар бізге дайын білім беру жолының үлгісін салып кетті.Тек, сол өнегені шашау шығармай, заман көшіне сай икемдеп алу бүгінгі ұстаздың қолында.

Әбу-Насыр –әл-Фараби бабамыздан қалған мына бір дана сөз бар. «Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы».Парта бойын жағалап, өзіңе сенім артып отырған моп-момақан көздің артында ойшылы, ақылдысы, тентегі,еркесі мен серкесі де бар. Бірақ, оларды «ала-құла» деп бөліп-жаруға ұстаз қауымының хақы жоқ.Біздің парыз ұрпағымыздың ұятты, отты, рухты, білімді болуына үлес қосу.Тәрбие жүрмеген жерде тыңнан түрен салып енгізген жаңашыл білімің бекер. Әр бұрышта «тәрбие сағатын» өткізіп, күнделікті құлақ етін жейтін «тәрбие» деген желеумен құр ұрандата беру нәтиже бермейді.Тәрбиені ұстаз әр қимыл, әр сөзімен сездіре, сендіре білуі басты ұстаным болуы керек.Ол үшін оқушы мұғалімді мәртебе көруі үшін жалған патриотизм,қағаз жүзді ережеге бойын сұну жаңсақ пікір. Басты қағидат бұл жерде –достық. Ұстаз бен оқушы арасында риясыз сенім орнаған уақытта достық салтанат құрады.

Бүгінгі жастың талабы-гаджет. Ескі көзқараспен баланың техникаға тәуелділігінің тиімді жолын ұтқыр пайдаланасақ ұтамыз. Қолынан смартфоны түспейтін оқушыны үнемі көзге түртіп, ортасында беделін түсіре берсек алшақтық пайда боларына келісе беріңіз. Ғаламтор күші бүкіл ақпаратты осы шағын техниканың ішіне жинап қойғаны тағы бар. Ендеше, бірге кітап оқып,пайдалы ақпаратты бірге іздеп, байланыс ұстау арқылы да жақындасуға болады.

Шынайылық. Алдымызда моншақтай тізіліп отырған отыз , немесе одан кем әр оқушыға шынайы болайық. Бала көңілі аңғал. Қандай да бір оспадар мінезді баланың өзі мұнтаздай таза, мынау үлкендер былғап үлгермеген кіршіксіз көңілмен келеді.Сол көңілді таңғы шықтай таза жүректі шынайы бейнеңізбен жаулап алыңыз. Әрине, мұндай ғазиз қалыпта жүру әсте мүмкін емес дерсіз.Алайда, әлемді тұтас қылып тұрған сол-шынайы сезім. Егер, қоғам өссін, дамысын десек,ұрпағымыз келешекті кемелдендірсін десек шынайы болыңыз. «Көзі ашық, көкірегі ояу адам қиядағыны шалады» деп жатамыз.Қиядағымыз осы бала жүрегі емес пе?! Оқушы білім аламын, тәрбиеленемін деп келгенімен ұстазды тәрбиелеп кететіні бар. Себебі, жоғарғыда айтқандай қайтсем оқушы «шамшырағын жағамын» деген ұстаз шәкірттің талабымен үндеседі,тілдеседі.

Кеше дүниеден өткен дарабоз жазушы Қабдеш Жұмаділ атамыздың «Соңғы көш» романында жас талаптанған, білім көкжиегіне ұмтылған жанға қарап «Ол-қараңғы елдің ортасына келіп, ой санасына жарық түсірген алғашқы шамщырақ емес пе?Бүгінгі оқыған жастардың көген басы да сол» деп тамсанантын сәті жиі есіме оралады. Көшіп-қонып жүріп, ілімге, қазақ руханиятына үлес қосуды арман еткен қыр баласының бүгінгі сарқыны біз ұстаздар, келешек жастар болса заманның ағымы мен көшіне, өркениеттің өресіне ілесе алмасақ бізге сын. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деген Сұлтанмахмұт Торайғыров жазып кеткен шәкірт ойына жасаған қиянатымыз болар еді.

Әзірет Әли «Балаларыңды өздерің өмір сүрген заманға емес,олардың өмір сүретін кезеңіне сай етіп тәрбиелеңдер»деген екен.Яғни білім берудегі жаңа ағым,жаңа білім беру бағдарламары мен стандарттары,білімнің жаңа мазмұны мен оқытудың жаңа технологияларының енгізілуі және педогог мәртебесінің заманға сай көтерілуі- ендігі білім ортасының өзгеріссіз қалмағанының айғағы емеспе?.. Қазіргі жаhандану үдерісінің көріністері-өмір бойы білім алуды қамтамасыз ететін ғаламдық инновациялық үдерістерге негізделген білім беру жүйесін құруда-мұғалімнің болашақ ұрпақты дамытудағы атқаратын қызметіне әсте бұрынғыдан да көп тер төгуді қажет ететіні сөзсіз .Сол ұстаздық жолда мұғалім шәкірттерінің жарқын болашақ пен жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне алтын көпір бола тиіс.Мұндай киелі міндетті атқаруда талмай еңбек ету мен іздену ғана емес,өзінің өмірлік мамандығына деген сүйіспеншілік те бек қажет нәрсе! Жастар біздің ұрпағымыз.Біздің көзіміздің қарашығы мен hәм болашағымыз.Алдымызда отырған әрбір шәкірттің жеткен жетістігіне де,кеткен қателігіне де қоршаған ортамен қатар біз - үлкендер мен ұстаздарының да белгілі мөлшерде үлесі бар екені рас.Сондықтан балалар - біздің тәрбиеміздің нәтижесі деп қарасақ,онда ұстазға тән талапшылдықпен қатар асқан бір парасаттылық,шынайы мейірімділік жетіспей жатады. Әсте содан барып ұстаз үшін «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім іздеу» қашан да нөмірі бірінші міндеттердің бірі болуы керемет емеспе? Сол «білім іздеу» жолында өзімді ұстаз ғана емес ,көп нәрсені тоқтаусыз үйренуге мұқтаж осынау «өмір мектебінде» жүрген шәкірт деп те сезінем кейде.Өйткені қазіргі өскелең ұрпақтың соншалықты жылдам,заманауи,соңғы уақыттағы ғылыми техникалық прогресс заманындағы ой-пікірлеріне сай болуға мүмкіндік табу, соған ілесіп бағу-мұғалімнің қай қайсысына да қажырлы еңбек пен ізденісті қажет етері анық.Әр заманда да мұғалімнің қызметінен Отан,қоғам,өз ұлтына шын берілгендік, өз мамандығын жан-тәнімен сүйіп,сол үшін күш жігерін аянбауы,өзі жасаған қорытындылар мен берген білімінің дәлелділігінің үлгісін көрсете алуы, ұстамдылығы, сөзі мен ісі арасында ізгі бір үйлесімі, сондай ақ басқаша көзқарастарға құрметпен қарауы сияқты қасиеттері байқалып тұрса, жоғарыдағы мұғалім үшін айтылған «төр» сөзіне лайық, әрі ұстаз мәртебесі айшықтала түседі деп ойлаймын.Егер осы қасиеттер ұстазында жеткіліксіз болса онда шәкірттері де оның пәнін сүйіп оқымауы мүмкін емеспе?



Кім боласыз?

Адам ұлы анық біз.

Адалдықты ақиқат деп таныппыз.

Әріп. Әлем. Әліппеден басталған

Жөні бөлек ұлағатты халықпыз.

 

Жиналса жұрт, төрден орын алыппыз,

Ел бармайтын батылдыққа барыппыз.

Баулып, баптап, білімнен нұр таратып,

Болашаққа даңғыл жолдар салыппыз.

 

Қашан көрдік?

Ғасыр томын қараңыз

Дәл біз жайлы айтылады сан аңыз.

Ескі күннен Ескендірлер бас иген

Аристотель, әл-Фараби - бабамыз.

 

Оқушымен өлшенеді бағамыз,

Бақытты да оқытудан табамыз.

Үйретеміз, үйренеміз өзіміз

Біз өмірге мәңгі шәкірт боламыз.

 

Қандай дейсіз?

Ең керемет күй бізде.

Жас балаға мына өмірді сүйгіз де,

Көрші өзің қыран қанат бітіріп,

Зұлымдықтың кір көйлегін кигізбе!

 

О, жаратқан, шуағыңды құй, үзбе,

Табанымды тарпаң жолға тигізбе,

Шеберлік бер, шабыт бер де, шыдам бер

Соның өзі ең бір ұлы сый бізге.

 

Қайдан жүрсіз?

Қызықтырды-ау сұрағың,

Ақыл, қайрат, жүрек - міне, тұрағым.

Ғылым-ілім қонақтаған әр мекен

Өзегім деп, өз үйім деп ұғамын.

 

Жүректерге жаққан үміт шырағын,

Ізгіліксіз аттамайтын бір адым.

Ерден алып, елден кіші тұлғасы

Танысайық... Менің атым Мұғалім.

Менің атым Мұғалім.

 



P.S.

«Білімді мыңды жығатыны»рас ау. Бірақ бұны көзсіз батырлыққа баламас едім. Біз білімді жеке бас мүддесіне, күрескер ретінде емес, сәулелі нұрдай таратушы, шуақ себуші болуды мансұқ етсек ұпайымыз түгел болады.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!