Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» «Тарих тереңінен болашақ биігіне»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: 12. 12. 2017жыл.
Кештің тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту»
«Тарих тереңінен болашақ биігіне»
Кештің мақсаты: Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бейнефильм, көркем суреттер, безендіруге арналған шарлар.
(Сахна артында ақырын «Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады)
1 – жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, бүгінгі «Тарих тереңінен болашақ биігіне» атты кешімізге келген құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!
2- жүргізуші: Цицерон: Тарих – дәуірлердің куәгері, шындықтың шырайы, есте қалар өмір, өткен күннің іздері деген екен.
1 оқушы : Жақсымбет Аружан
(Стамбул университетінің профессоры Зия Гокалп)
Тамырымда қайнаған қан сыр шертеді
тарихтан,
Үйренген жоқ ол тарихты кітаптан не
халықтан.
Жүрегіммен тыңдап барлық құпиясын
елімнің,
Нәсілімнің асылдығын біліп түгел
қанныққам.
Жүрек жазған шежірені жаттаудан еш
жалықпан!
Атилла мен Шыңғыс сырын қаламменен
жазбаған,
Қылыштары ұшқын шашып,тарих жырын
маздаған.
Нелер ұлы даналарды көлеңкеде
қалдырып,
Тек Цезарь мен Ескендірді алып шықты
қазбадан!
Тамырымда жүрді шарлап, даңқы Оғыз
бабамның,
Ол бір асқақ тұлғасы еді мынау жалпақ
ғаламның
Түркияда,Түркістанда жаттар Оғыз
ұранын,
Ол ұраным - ұлы Отаным- шетсіз,шексіз
Тарихым!
1 – жүргізуші: Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы . Ат ауыздығымен су ішіп,ер етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шашып, аста төк жомарт та болды. Тарихтың тар жол тайғақ кешу кезеңінде сол заманға тән сұрқылтай күйін де кешті.
1 оқушы : Қыстаубай Ақерке
(Сүлеймен Баязитов)
Біздің тарих шиырлы,
бұралаңды.
Қызыл қан
мен
Көз жастан
құралады.
Өзекті өртер өксікті ашып
айтпай,
Келе
жатыр
Айырылмай мұнар
әлі.
Қайран шындық қанша рет
тұралады.
О, тәңір-ай,әлдекім тарих
десе.
Көз алдыма келтірем
мұнараны.
Кавказдағы шыңдардың
біріндегі,
Күнді бағып көзі оның
ілінбеді.
Сол мұнара секілді біздің
тарих,
Құдіретке бас иіп
күлімдеді.
Қалған шындық құдірет
тасасында,
Сәті түсіп сырыңды ашасың
ба.
Бет-бейнеңді мәңгілік өзгерттің
бе,
Ұлылықтардың айналып
асасына.
Біздің тарих
шиырлы,бұралаңды,
Қызыл қан
мен
Көз жастан
құралады.
Өзекті өртер өксікті ашып
айтпай,
Келе жатыр айырылмай мұнар
әлі.
2- жүргізуші: Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты. Бүгінгі Тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры, арманы мен аңсары, арпалысқа толы күрес жатыр. Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас.
Тарихи көрініс: «Қазақ хандығының құрылуы »
Керей, Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы.
Керей: О, халайық, халқымыздың басына қиын – қыстау кезеңдер келді. Әбілқайыр хандығы құлдырау үстінде. Шығыстан төнген жауға әйел, бала – шағамызды құлдыққа бермейміз осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.
Жәнібек: Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр. Олардың қолына түсіп, талан тараж болып кетуіміз де мүмкін. Қазақ деген атпен жеке дара мемлекет құрайық.
Халық дүбірлесіп, талқылауда: «Сұлтандардың айтқаны жөн. Иә, жеке мемлкет құрайық, мемлекет қазығын қағатын кезең – осы».
Жәнібек: Ендеше, қазақ руларының игі жақсыларын жинандар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.
Сахнаға Есен-бұға хан, ақсақалдар мен билер шығады.
Уәзір: Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
Хан: Кірсін.
Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.
Хан: Уағалайкүмүссәләм. Келеген шаруаларыңды айтыңдар.
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтан алып, жазалай бастады.
Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: Сізге айтар бұйымтайымыз бар.
Хан: Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.
Хан: Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалып, қонақ болыңдар.
Хан: Уа, игі жақсылар! Ал, ақсақал, сұлтандар не дейсіңдер. Қандай ойда отырсыңдар?
1. Ақсақал: Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
2. Ақсақал: Керей мен Жәнібек бөтен емес ертеден аралас-құралас келе жатқан, тіліміз бір, дініміз бір көршіміз. Осы жолы Керей мен Жәнібекке ығысып орын берсек, ертеңгі күні сол жақсылығымызды өзімізге қайтарар.
3 Ақсақал: Әбілқайырдан кек алатын кез келді. Елдің батыс аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты пайдамызға асыруымыз керек.
Хан: Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!
Уәзір: Кіріңіздер сұлтандар.
Хан: Біз ойлана ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері сендердің мекендерің болсын!
Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз. (сахнадан Есен-бұға хан нөкерлерімен шығып кетеді)
Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткен арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды.( сахнада бірін-бірі құттықтып жатады)
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен ел көгерер» демекші, бер батаңды ақсақал!
Ақсақал:
Түндеріміз тыныш болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын,
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин!!
( «Қазақ хандығының құрылуы » бейнефильм» жалғасады)
1 – жүрізуші: Тарих түпкірінен сыр іздейміз
Ғажайып, сырлы әлемге кіргендейміз
Бабалардың жүріп өткен сансыз жолын
Тарихтың әр бетінен көргендейміз
2- жүргізуші: ХҮІІ ғ.20 жылдары жоңғарлар Жетісу жері арқылы Қазақстанға баса – көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен күрес жүргізді. 1723 жылы басталған қазақтардың босуы «Ақтабан шұбырынды» деп аталды. Қаһарлы жаудан үріккен бейбіт халық шұбыра көшіп, қырғынға ұшырады. Қазақ батырлары жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы табан тірескен күрес жүрізді. Бұл күрес қазақ халықының өз бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы бүкіл халықтың күресіне айналды.
Оқушы:
Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама
Бұл қырғын жаппай барша қазаққа ауды,
Наймандар тастап көшті Алтай тауды.
Жалайыр, Найман, Қоңырат, Қарақалпақ,
Қиналда тоқтата алмай келген жауды.
Теріскей Алатауды қалмақ алды,
Найман мен Қоңыратты қуып салды.
Қайран жер жау иелігіне көшкеннен соң,
Жоңғардың Алатауы деп
аталды.
Сауыр, Сайхан тауларын Ойрат алды,
Қаңырап Тарбағатай, Жайсаң қалды.
Найзалап балаларды қанішер жау,
Аямай қырды әйел мен кемпір-шалды.
1 – жүрізуші: Назарларыңызға «Жоңғар шапқыншылығы» бейнефильм.
2- жүргізуші: Тарихи қойылым: Ақтабан шұбырынды.
«Елім-ай» баяу музыка ойнап тұрады.
1 қария: Уа, ел жұртым! Мынау қандай заман болды, жұртымның тоз – тозы шықты. Көш кетіп барады. Елім аштан қырылуда.
Ана: Құдайым – ау, біз болсақ қартайдық, ең болмаса мына балаларға жәрдемдес, осылар тірі болсыншы, ұрпағымыз аман қалсыншы.
2 – қария: Адам баласы өмірінде көрген жақсылық пен жамандықтың бәрін ұмытпауы керек. Біз осы көрген күнімізді не деп атсақ екен?
1 – қария: Бұл ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама болсын. Мұның мәнісі, Атамекен мал мүлкінен айырылған аш – жалаңаш, босқан ел шұбыра – шұбыра табаны ағарып, азып, тозды, ел жұртынан айырылды.
Ана: Дұрыс айтасыз, қария, әбден шаршадым, қалжырадым, біраз әлденіп алайық.
Айырылған соң қоныстан,
Өкшесі елдің сырылып.
Қатын-бала, кемпір-шал,
Әр жерде қалды қырылып.
Бұл заман, қай-қай заман, орлы заман,
Орнаған Үш жүз үшін торлы заман.
Атадан ұл, анадан қыз адасып,
Жұртымды тентіреткен сорлы заман.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көш сайын бие, іңген бос келеді,
Ауылдар жұбын жазбай бірге көшсе,
Бір-бірін қиын жолда ес көреді.
1 – қария:
Қалған жан аман жүріңдер,
Соғысып жаумен көріңдер!
«Елім-айдай» хиссамды,
Бәрің жатқа біліңдер!
«Елім-ай» әні айтылады. Соңынан бәрі тұрып бастарын иіп сахнадан шығады.
1 – жүрізуші: Жоңғар шауып бір шетінде ойран салып жатқанда, қол ұшын берер, көмекке келер одақтас ел іздеген қазақ еліне Ресей империясы тап болды. Ресей үшін қазақ елі І Петр айтқан Орта Азияға баратын «кілт пен қақпа» деп , қол жеткізуге ұмтылып жатқан кезі еді.
2 – жүрізуші: 1731 жылы Әбілхайыр Петербор қаласына елшілік жібереді.
1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің патшасы Анна Иоановна қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды.
Әбілхайыр бастаған қазақ ақсүйектері жиналысында еркін түрде Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылуы туралы акт шешімі қабылданды.
1 – жүрізуші: «Әбілхайыр хан» бейнефильм.
Оқушы: Молдакулова Назгүл
Тілім – қазақ, тегім – түрік, ислам –дінім, иманым,
Ұлт едім мен ұлы едім, құл бол деп жат қинады...
Жоңғарға да, шүршітке де дес бермеп ем, орыстың,
Құшағына еніп кеттім, жел сөзіне иланып.
«Тілім – шұбар, тегім – күмән, имансызбын, дінсізбін,
Өз-өзімді алдарқаттым», -дедім, -елге мұңсызбын,
Халқымды да, салтымды да дайын болдым сатуға,
Жерім тозды, елім азды, күні осы ғой құнсыздың.
Өзегімде өкініш бар, баққа қалдым жарымай,
Өзімді өзім сыртқа тептім, қасиетімді танымай.
Хан Абылай ұмыт қалды, Қабанбай мен Бөгенбай,
Отаршылға оқ боп тиген Кенесары, Ағыбай.
1- жүргізуші: Осылай 1730-1740 жж. Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы нәтижесінде солтүстік–батыс Қазақстан жері Ресей империясының отарына айналды.
2- жүргізуші: ХVІІІ ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейін қазақ жерінде Ресей империясының отарлау саясатына қарсы күрестерге ұласты. 1783-1797 жылдар Сырым Датұлы бастаған көтеріліс. 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды.
1- жүргізуші: 1917 жылғы Ақпан революциясы патша өкiметiнiң геноцид саясатын тежедi, ұлт саясаты саласында өзiнiң жалпыадамзаттық мұраттарды — бостандықты, халықтардың теңдiгiн қолдайтынын мәлiмдедi. Революция туралы Қазақстанда ұлттық—демократиялық қозғалысынң басшылары қуанышпен қарсы алды. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.
2- жүргізуші:1925-33 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші қазан» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып, Қазақстанда тұратын 2 млн. Қазақ аштықтан қырылды.
2- жүргізуші:1937 жылы асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.
1-жүргізуші:Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
2 – жүргізуші: Енді бұрынғыдай атқа мінгізіп, зеңбірекке қарсы шауып, қанға бөккеннен мән шықпайтын еді. Ендігі жол – қараңғы қазақ халқының санасына сәуле шашып, өнер білім арқылы ұлттық санасын оятуды ойлаған қазақ зиялыларының жолы. Олардың із ашары ұлы Абай болса, Шоқан, Ыбырай, Міржақып, Сұлтанмахмұт сияқты тұлғаларды тарих беттерінен оқып келеміз.
1 – жүргізуші: Өткен ғасырдың басында тарих сахнасында: «Оян, Қазақ!» деп жар салған зиялылардың жаңа шоғыры шықты. Дербес мемлекет құруды аңсап, азаттық жолында бастарын бәйгеге тіккен Алаш қайреткерлерінің бәрі де тоталитарлық өктемдіктің құрбаны болды. Отаршыл жүйенің озбырлығын көрген қазақ халқы отызыншы жылдарындағы зобалаң тұсында расан нәубетке ұшырап, қынадай қырылды. Сол кезде саны 5 миллионға жетіп қалған қазақ халқы бірер жылдың ішінде тең жарымынан айырылды. Көпшілігі аштықтан өлді, қалған қазақ айдалып кетті, атылды, жер аударылды. Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Тұрар, Мұстафа, Әлихан, Ахмет ағаларымыз сол нәубеттің құрбаны болды емес па?
2 – жүргізуші: Назарларыңызға көрініс: «Бес арыс»
Көрініс:
Тергеуші: мына шалды ұстау үшін талай амал жасадық. Сіз Алаш өкіметін білесіз бе?
Әлихан: Сен не деп тұрсың? Алашты білмесен, анау мұртты коммисарың сияқты мақұрым қалпыңда қаласың. Мен Алаш партиясының төрағасымын, үкіметінің премьер-министрмін. Дұрыстап қой сауылыңды.
Тергеуші: онда Совет өкітметіне қарай қандай мәселе қозғадыңдар?
Әлихан: Мен тағы қайталап айтамын, Алашорда өкіметінің премьер-министрмін. Біз халық коммисарларының төрағасы Ленинмен «Бір мемлекет екінші мемлекетті мойындады», сондықтан да Советтің құрамына кіреміз деген шарт жасастық. Алашорда өкіметінің 1919 жылы 20 сәуірге дейнгі ешқандай іс жауапқа тартылмайтыны туралы Ленинге арналған қаулысы шықты.
Тергеуші: Сендер Ленин өлді деп оны ұмыттыңдар ма? Кімнің жолымен жүрсіңдер?
Әлихан: Ешкімнің жолымен жүрген жоқпыз. Біз Қазақ елі үшін күресудеміз.
Тергеуші: Әкетіндер мынаны, өлім жазасына тартындар, атындар бәрін.
Ахмет Байтұрсынов: Мен өлсемде өлем жөніменен, Тәннен басқа немді алар өлім менен? Өлген күні тығыра көр Мен жоқ болмамын көміліп тәніменен.
Міржақып Дулатов: …Алаштың адал даласы Армансыз өткен данасы Қош, бауырым, жолдасым! Армансыз сенің өз басың Қабыл болып құрбаны, Алашты құдай оңдасын.
Мағжан Жұмабаев: Әй тәккапар дүние Маған да бір қарашы Танимысың сен мені, Мен қазақтың баласы
Жүсіпбек Аймауытов: Шықпаса жаным денемнен Не салса, талдыр көрем мен, Біз үшін өлмейтін Бір ғана соған көнем мен.
1 – жүргізуші: «Алаш арыстары. қуғын-сүргін құрбандары» бейнеролик.
(Сахна артында сөз айтылады)
Оқушы: 1941 жыл 22 маусым 3 сағат 55 минут. «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін 22 маусым күні сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлкеттік шекерасын басып кірді».
2 – жүрізуші: Екінші дүние жүзілік соғыс. 1941 жыл (бейнеролик).
1 – жүрізуші: Иә, «Жеңіс» бізге оңай келген жоқ. Бұл қасіретті соғыста 70 миллион адам құрбан болса, соның 25 миллионынан астамы Кеңес Одағынан, ал 650 мыңнан астамы қазақ болды.
Қан майдан қаһармандарына мың тағзым! (бейнеролик).
2-жүргізуші: 20 ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көргенді көрген жоқ. 1949-50 жылдары Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.
1 – жүрізуші: Иә, тарих қойнауыңда тағы да бір кезең. Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді ғой.
2- жүргізуші: Ол 1986 ж. 16 желтоқсандағы Алматыдағы Қазақ жастарының көтерілісі еді, Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т.б. жастарымыз тәуелсіздік жoлында құрбан болды.
Көрініс: Жігіт пен жендет.
Түрмедегі камераның іші .Қайырхан.
Күзетші келеді:
-
Азамат Қайырхан Рыспаев – деген қатты дауыстан шошып қалған, жалт қарады.
Күзетші:- немене ұйықтап қалғанбысың ,неше рет шақыруым керек? Әлде желкелеп тұрғызайынба?
Қайырхан:
-
Иә, ол сіздердің қолдарыңыздан келеді. Күнәм жоқ.Бірақ кісімен сыпайы сөйлесу керек емеспе?мені қайда апарасың?
Күзетші:
-
Барған соң білесің.
Камераға кіргізді. Камераның ішінде Николай.
Н:
-Әй, бала , сені мұнда кім жіберді?
Қ: -Кім жібергені қалай , сот үкімі шыққан. Осында әкелді. Атым – Қайырхан, фамилиям- Рыспаев.
-
Менің атым Николай. Қазақтар 16 жылғыдай көтеріліске шықты дейді ғой. Сол рас па?
Қ. – Ойпырмай, мен сол 16 жылғы көтеріліске мән бере қоймаған екем. Одан бері 70 жыл өткен екен-ау.
Н:- Әй, бала сен сайрама. Сонымен алматыда неғылған көтеріліс дүниені шулатқан?
Қ:- Бұл көтеріліс емес қой.
Н:- митинг.., ереуіл ..., Көтеріліс..., олардың айырмасы не?
Қ:- Біздің талабымызға құлақ аспай, таптап кеткісі келсе ше?
Н.- Кім?
Қ:- Үкімет те...
Н:- Ендеше неге үкіметке қарсы шығасыңдар? Себебі не?
Қ:- Халықты ашындырған орталықтың әмір беріп, оның мүлтіксіз орындалуын талап етуі. Саяси қысым сүйекті сырқыратып бітті. Ақырында Одақтағы Ресейден кейінгі ең үлкен республика қазақстанға басшыны сыртан әкелді.
Н:- Немене, Қазақстанды бұрын орыстар билемеген бе еді?
Қ:- Билеген. Сталиннің темір тәртібі, кең даланың өзін түрмеге айналдырған саясаты интелегенцияның еңсесін көтертпеген. Одан кейін Брежнев, достықты ту ғып көтеріп, әндетіп тың игерді. Бос жатқан жер деді. Қайдағы бос жатқан жер? Ата-баба мекені, мыңғырған мал жайылып жатқан шұрайлы жер емес пе?Тыңды сылтау етіп,әндетіп қазақ жеріне келіп, орнығып қала берді.
Н:- Сол достықты жалғастырып жүре беруге болмайтын ба еді?
Қ:- Біз достыққа адал халықпыз. Бірақ мәселе басқада. Елді жиырма жыл басқарған адамды абырой –атағына, қадір- құрметіне қарамай, арам шөптей жұлып тастай салды.Орталық жіберген үлкен қателік осы болды. Елді басқаруға Қазақстаннан бір кісі табылмай қалғандай, Ресейден неге әкелді? Сонау патшалы Ресей кезінде Қазақстанды басқаруға келгендер де тілді үйренген, елдің салты мен дәстүрін білген.Елмен санаспаудың арты жақсылыққа апармайды.
Н:- Сонда, сендер, студенттерді көтеріліске кім үгіттеп алып шықты?
Қ:- ешкім үгіттеген жоқ.
Н:- Мүмкін емес.
Қ: - Алаңда қазақтарды қырып жатыр деген сөзді естідім. Біреу айтты: «Ойпырмай, мынадай сұмдықты өмірімде көрген жоқпын. Жап-жас қыздарды шашынан сүйреп сабап жүр.Бұл не сұмдық!»Мұны естіп шыдай алмадым. Алаңға тарттым.
Н: - Сендер мемлекеттің саясатына қарсы шығасыңдар. Сөйтесіңдер де, әрқайсың өзіңше әрекет жасайсыңдар. Сендердің кемшіліктерің, міне осында.
Қ: - Сіздің айтуыңызша , алаңдағы оқиға ақылмен басқарылмаған ба?
Н: - Әрине, дамыған елдерде демонстрацияға шыққысы келетіндер өкімет орындарына алдымен хабарлайды. Алаңға шықанда әр он адамға,яғни, әр ондыққа бір адам жауап береді. Сырттан белгісіз адамдар кіре алмайды. Яғни тәртіп бұзылмайды. Ал сендер олай істемедіңдер, кім ақ ниет, адал пейілмен шықты? Кім арандату үшін шықты, білмейсіңдер?
Қ: - Бұрын ондай жағдайды бастан өткермегендіктен шығар.
Н: - ИӘ, өкімет пен партияға сеніп кеткендіктен. Өздеріңше іс жасап қимылдап көрмегенсіңдер. Мемлекет деген аты болмаса Қазақстанның өз саясаты болды ма? Жоқ. Тіпті елшілікте қазақтар жоқ қой. Сендер өзімізше елміз, халықпыз дейсіңдер. Қолдарың байлаулы тұрғанда, тілдерің сайрағанмен не пайда? Әне, ұлтшыл болып шыға келдіңдер. Енді ақталып көріңдер. Ақтала алмайсыңдар.
Қ: - Жоқ, олай болмайды! Бұл бастамасы ғана.Күні ертең біздің ұлы мақсат жолындағы күресіміздің нәтижесі болмақ. Қазақ халқы өз ерлерін ескерусіз еш уақытта қалдырмайды!
2-жүргізуші: Ызғарынан көкірекке толды мұң
Шын сұрапыл талай дауыл-боранның
Құрбан болып кеткенімен боздақтар
Тарих болар естелігі олардың
Ән : Орындаушылар: Рамазан мен Елдос
2-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды. Қазақстан Республикасының туы кіргізілсін.
«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
1-жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, -Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.
2-жүргізуші:Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет.Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, яғни сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездесін. Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Әнұранымыздың авторлары: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов, Н.Назарбаев
Оқушы: Абдрахман Айдана өлең: «Заңдылық»
1-жүргізуші: 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді. 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды. 1996 жылы 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті. 1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды. 1998 жылы 6 мамыр Астана күні.Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмол қаласына көшті.Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. 1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіздіктің 10 жыл ішіндегі табысы болды.
2-жүргізуші: Ұмыт болған,ұмыт қалған жоқ ешкім.
Ешбір адам ұмытпайтын елесін
Сырға толы әрбір саны қарасаң
Сол жылдардан қандай құпия білесің?
1-жүргізуші: Тарихтың талай- талай тереңінен батпай, ұлы күрестердің арқасында биік шыңдарға көтеріліп келе жатқан еліміздің жаңа ғасырдың бірінші 10 жылының бастамасы:
2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
2002 жыл – «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды.
2004 жылы «Қазақстан – Ресей» жылы болды.
2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
2005 жылы тарихи «Көшпенділер» фильмі түсірілді.
2006 жылы қазақ спортшылары Доха қаласындағы Азия ойындарында 85 медальға ие болды. (23-алтын, 20-күміс, 42-қола)
2007 жыл – «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» «Қазақстан 2030» стратегиямсы Қазақстан дамуының жаңа кезеңі.
2008 жыл – «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты».
2009 жыл – «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»кезеңі...
2010 жыл – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» кезеңі болды.
Би: Қазақ би
2 – жүргізуші:
2010 жыл ЕҚҰБ төрелік етті.
2011 жыл – VII қысқы Азиадалық олимпиада Астана – Алматы қалаларында өтті.
2012 жыл 22 қарашасында 2017 жылғы Әлемдік көрмеге елімізде өткізу құқығына ие болды.
2012 жыл 14 желтоқсан – «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт» еліміздің болашағының көрнісі болып табылады.
2013 жылы – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті.
2015 жылы 27 шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы.
2017 жылғы Әлемдік көрме ЭКСПО елімізде аталып өтті.
2017 жылы сәуірде Елбасының халыққа арналған «Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» жолдауы
Рухани жаңғыру
Р – рухты
У – уайымсыз
Х – халықтың
А – азат
Н – намысшыл
И – иманды
Ж – жалындаған
А – айбынды
Ң – жаҢашыл
Ғ – ғылымға
Ы – ынталануға
Р – риясыз
У – уәде етеміз!!!
1 – жүргізуші: Өмір өзі мінбесінен сөз берді,
Тебіреніп толғанатын кез келді
Тарихты көрмесек те кешегі
Айтамыз біз естігенді,сезгенді.
2 – жүргізуші: Биік ұшсын бейбітшілік кептері
Нұрын шашсын алтын күнім көктегі
Тарихтың тағылымында қалатын
Өшпейді әсте ерлік кітап беттері.
І-жүргізуші. Бүгінгі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» «Тарих тереңінен болашақ биігіне» атты кешіміздің қонағы мектеп-гимназия директоры: Жумадилова Дариға әпкейге сөз береміз.
Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп -гимназия
Тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту»
«Тарих тереңінен болашақ биігіне»
Тарих пәні мұғалімі: Маглумова Р.Н.
Тараз