Материалдар / Болашақтың бүгіні - жастар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Болашақтың бүгіні - жастар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі жастар бойына ұлттық тәрбиені сіңіру, жастардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, ұлттық құндылықтарды ұстануға шақыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2023
115
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сенбай Тұрсынбүбі

Болашақтың бүгіні - жастар

Жастар тәрбиесі, ұлттық құндылық, ұлттық дәстүр тақырыптары қай заманда да қалыс қалған емес. Қоғамның алға жылжуы жастардың заманға бейімделуімен бағаланатыны нан да хабардармыз. «Бала - болашағым» деп қарайтын дана халқымыз, өмірінің жалғасы болар ұрпағына әр уақытта сын көзбен қарап, әр қадамдарын саралап отыратын болған. Бүгінгі заман - технологиялардың қарыштап дамып, ақпараттардың жарысы туып отырған заман. Тәй-тәй басқан бүлдіршіннен бастап ұялы телефонды қолдануды біліп, сенсорлы экранды жүйткітіп отырғаны, жас жеткіншектердің технологияны тез қабылдау жылдамдығы таңғаларлық жағдайға жеткізіп отырғаны шындық. Бүгінгі жастарды «Z» ұрпақтары деп атауымыздың өзі бекершілік емес. Әлемдік жаңалықтардан бір сәтте хабар алуға жеткізген әлеуметтік желілердің сан түрін меңгере алу қабілеті, қолдану ерекшеліктерін жетік меңгеруі де қуантпай қоймайды. Алайда, бүгінде шектеу деген дүниені қолға алатын күн туып тұрған секілді.

Ұялы телефондар пайдасы мен зияны дәл қазір қозғалып жатқан тақырып емес. Балалардың мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтар, телефонға тәуелділік, балалардың төзімсіз, шыдамсыз болып бара жатқаны осы гаджеттердің жағымсыз әсерлері деп санаймын. Әр нәрсеге оңай қол жеткізуді көздеу де, балалардың жауапкершіліктен өзін аулақ ұстауы да, технологиялардың адам жан дүниесін технологияға айналдырып бара жатқандай сезіндіреді. Қазақ халқы тумысымыздан бауырмал, жанашыр халықпыз. Қазақ қалпы, салты биязы, жайсаң халықпыз. Бүгінгі басты мәселе – ұрпағымыз арқылы осы салтты сақтап қалу. Ұялы телефондар арқылы түрлі еліктеушіліктердің пайда болып жатқаны, балалардың ақпараттарды саралай алмауы, дөрекіліктердің өршіп жатқаны қоғамға да өз залалын берері анық. Жасөспірімдер арасында телефонды болашақ қаржы көзі ретінде қарайтын түсініктері де қынжылтатын тұстары бар. Еңбектің адам өміріндегі құндылығы ешқашан төмендемегені дұрыс. Жас ұрпақтың көз жанарының ерте төмендеуі, есте сақтауының нашарлауы да осы гаджеттердің кері әсерінен жаҺандық мәселеге айналып бара жатыр. Бүгінде балаға ата-ана тарапынан үлкен қолдау, қадағалау қажет. Баламен уақыт өткізу,балаға көңіл бөлу, ақпараттарды саралай алуға үйретумен қатар зияны мен пайдасын түсіндіріп отыруы дәл бүгін аса қажеттілікті туындатып отыр. Баланың шын жанашыры бола алатын ата-ана болашақта баласының түрлі жеңістеріне куә бола алатыны белгілі жәйт. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі сауаттылығы , баланың өсіп-жетілуіне жағдай жасай алуы, бала денсаулығы үшін смартфондарды қолдану уақытын қадағалауы да баланың жолдан адаспауына үлкен себепші. Ұлттық дәстүрімізді алға тарта білген өнегелі отбасында тәрбие алған жас ұрпақ, еліміздің бір кірпіші болып қалана алады. Халқымыз «Отбасынан бас кетсе, қазаннан ас кетеді» дейді. Берекенің ошағы, мерекенің бұлағы отбасындағы жылулық баланы смартфонның ішінен шығаруға ықпалды деп санаймын. Баланың тек материалдық жағдайын толыққанды қамтамасыз ету, баланың ішкі жан дүниесін толықтырумен тең емес. Бала-ата-ананың, отбасының айнасы.

Буллинг ағылшын тілінен аударғанда қорқыту, кемсіту, мұқату дегенді білдіреді. Жасөспірімдер арасында қалыпты жағдайға айналып жатқан бұл жағымсыз нәрсе үлкен алаңдаушылық тудырады. Әр түрлі деңгейде өмір сүріп жатқан отбасының балаларының бір ортада топтасып, білім алып көзқарастарының алшақ болуына да қоғамның әсері бар. Күш көрсетуден бөлек, смартфондар көмегімен түрлі кемсіту видеолары арқылы балалардың бір-бірлеріне өктемдік жасауы, маиериалдық жағдайларына қарай бөлінуі де балалар психологиясына түрлі ауыртпашылықтарын тигізуде. Бұл жат ағым еліктеушіліктен туындаған секілді. Дөрекілік таныту, келемеждеу қалыпты деп санауы ата-ана тарапынан баланың қолдауды сезінбеуінен, қаталдықтан туындап отырған болуы да ғажап емес. Балаларға қамқорлық жан-жақты болуы тиісті, елімізде балаларға барынша жағдай жасалынып, әр жыл сайын қолға алынып жатыр. Ірі қалалардағы спорт кешендерінің көптеп салынуы, ауылдық жерлердегі спорттық бағдарламалардың жүзеге асыруы -балалардың тиімді уақыт өткізуімен бірге, денсаулығына да үлкен көңіл бөлу. Жақсы мен жаман, жастар арасындағы еліктеушілік әр заманда болған, бола да береді, алайда, астамшылық деген дүниеге шектеу қоя білуіміз қажет.

Бәсекеге қабілетті жастар өсіп келеді, бүгінде ата-ана өзін дамытумен айналыса алады, дамудың алғышарттарын түсінген заман, білімділер заманы. Жасөспірімдер, жеткіншектер бірнеше тілді меңгерген, озық технологияларды қолданады, шет елдің даму бағыттарын бағдарлай алады, баға бере алады. Осы тұста қазақ тілінің мәртебесін асыру қозғалуы тиісті. Балалардың түсінігінде қазақ тілі, ана тіліміз, бірінші орында тұруы тиіс. Қазақ ауыз әдебиетіміз мен дәстүріміз бізбен бірге жасасып келеді, жасай да бермек. Бесік жырының маңызын, ертегінің сырын бала жанына жеткізе алу сіз бен біздің қолымызда. Тілімізді шұбарлап ұрпақ өсіріп, өз тіліміздің жұтылуына ықпал етпегеніміз абзалы. Ғабит Мүсірепов: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» дегені кемелденуге ұмтылған бүгінгі халқымызға үлкен сабақ алар дүние.

Сән деген ұғым заманмен бірге ілесіп отырады. Жастардың киім кию, шаш үлгісіндегі «корей» еліне еліктеушілік, ойлауларындағы бұл дүниелерді қалыпты санауы, жасөспірім ер балалардың шашын иыққа дейін жеткізе өсіруі сынды жайттар, қоғамда «әке» рөліне басымдық беруді көздейді. Ер азаматша тәрбиелеу деген түсінік, бізей батыр халықтың ұрпақтары үшін шектен тыс қалмауы керек. «Райымбек, Райымбек!» деп жауға шаба білген, Қабанбай, Бөгенбай боп жау қашырған батырлардан тараған ұрпақ батыл, жаужүрек болса деймін. Қанымыз таза, жанымыз таза, кең даланы еркін жайлаған қазағымның баласына босаңсу жараспайды. Ос ы тұста жас ұрпаққа тарихи фильмдерді көптеп көрсету, ұлттық намысын ояту, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін сездіре алу аса маңызды болып отыр. Ер бала өзін азамат сезіну жолында, киім киісі мен жүріс-тұрысына аса жауапкершілікпен қарау керек екендігін ескергені жөн. Қыз балалардың қысқа киімдерге әуестігі, діни тұрғыдан алғанда да жөнсіз болатынын ата-анасы ескертуі тиіс. Қыз- елдің көркі, сәні мен әуені. Қыздың жүрісі, тұрысы қазақ қоғамында қараусыз қалмаған. Қыздардың шаш өріміне, шолпысына дейін халықтың сынына ұшырайтын болған. Қыз баласы -ана, ұрпақтың жалғасы, оыс тұста қыздардың өз денсаулығына сауатты қарауы, сәнге, бір сәттік көңіл-күйіне емес, болашағына тікелей әсер беретінін анасы ойлағаны, сырласқаны жөн болар еді. «Ұлың менен қызың – жарқыраған екі көзің»,- дейді дана халқымыз.

«Еуростильге» еліктеу тек киім мен шаш үлгісі емес, бүгінгі халықтың тамақатануының өзгеруінен де байқалып жатады. Түрлі фасфудттар, суши, пицца дейтін түрлі дәмдеуіштермен тіл үйіретен тағамдар, айына кемі екі рет ақ дастарханымыздан табылып, түрлі дәмханалардың сәніне айналды. Баламыздың денсаулығына өзміз жауапкершілікпен қарай білгеніміз маңызды болып отыр. Экология түрлі мәселелер туындап жатқан мына заманда, тамақтануға да шектеу қою, балаға түсіндіру, бала ағзасының саулығын ойлау - ата-ананың парызы. Ұлттық тағамдарымызды таныстыру, ұсыну сіз бен біздің қолымызда. Ата-бабамызға қуат бола білген, ұлттық сусындарымыз, сары май мен құртымыз кез келген аурудың алдын алады. Сау ұрпақ – сау болашақ!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!