Материалдар / БӨЛІМДІК ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ 8 СЫНЫП. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БӨЛІМДІК ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ 8 СЫНЫП. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
 ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістерді мәнін ашып көрсетеді;  1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске сипаттай отырып, тарихи маңызына баға береді;  Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін анықтап, ұлттық баспасөздің қалыптасуы мен маңыздылығын түсінеді;  Қазақ зиялыларының Мемлекеттік Думаға қай облыстан сайланғанын еске түсіріп,қолданады;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
4414
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БӨЛІМДІК ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

8 СЫНЫП. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ


БІРІНШІ БӨЛІМ: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

ЕКІНШІ БӨЛІМ: Қазақстандағы 1916 жылығы ұлт-азаттық қозғалыс.


ТАҚЫРЫПТАР:

  1. 1.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер

  2. 2.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

  3. 3.Столыпиннің аграрлық реформасы және шаруалардың Қазақстанға жаппай қоныс аударуы.

  4. 4.Қазақ ұлттық зиялылар қауымы және оның ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси үдерістерге әсері.

  5. 5.Ұлттық саяси баспасөздің дамуы.

  6. 6.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:

8.3.1.1-қазақ зиялыларының Ресей имериясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру;

8.3.1.2-ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістерге баға беру;

8.3.1.3-1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру;

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Білім алушы:

  • ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістерді мәнін ашып көрсетеді;

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске сипаттай отырып, тарихи маңызына баға береді;

  • Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін анықтап, ұлттық баспасөздің қалыптасуы мен маңыздылығын түсінеді;

  • Қазақ зиялыларының Мемлекеттік Думаға қай облыстан сайланғанын еске түсіріп,қолданады;



Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну, қолдану

Орындалу уақыты: 25 минут

Оқушының аты-жөні:_________________________________________________________________



Тапсырмалар:

1-тапсырма. Тарихи термин сөздердің мағынасын ашып көрсет: (2 балл)

Петиция

Социал-демократиялық қозғалыс


2-тапсырма. Сәйкестендіру тесті. Тарихи даталар. (4 балл)

Р/с

Тарихи оқиғалар

Жылдар

1

«Село тұрғындары мен егінші мещандар туралы уақытша Ереже»

А) 1906 ж

2

Столыпиндік аграрлық реформаны жүзеге асыру басталды

Ә) 1871-1917 жж

3

Өлкеге 1,6 млн адам көшіп келген

Б) 1904 ж 6 шілде

4

Ресейдің еуропалық бөлігінде толқулар күшейе түскен кезең

В) 1905-1907 жж



3-тапсырма. Тарихи оқиғаға сипаттама бер . (5 балл)

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.







4-тапсырма. Тарихи тұлғалар. (ақиқат/жалған екендігін анықта) (4 балл)


Р/с

Тарихи тұлғалар

ақиқат/жалған

1

М.Дулатов «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»-деп ашына айтты.


2

«Айқап» журналының бас редакторы Мұхамеджан Сералин


3

«Қазақ» газетінің негізін салушылар А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы


4

А.Қалменов Семей абақтысына жабылып,кейіннен Самараға жер аударылған




5-тапсырма. Тарихи кеңістік. Берілген депутаттардың І Мемлекеттік Думаға қай облыстан сайланғанын көрсетіп жаз:

(5 балл)

1

А.Бірімжан


2

Ә.Бөкейхан


3

А.Қалменов


4

Б.Құлманов


5

Ш.Қосшығұлұлы





Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Термин сөздердің мағынасын ашып көрсетеді

1

Периция сөзінің мәнін ашады

1

Социал-демократиялық қозғалыс

сөзінің мәнін ашады

1

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістерді анықтайды;


2

«Село тұрғындары мен егінші мещандар туралы уақытша Ереже» қабылданған уақытты анықтайды

1

Столыпиндік аграрлық реформаны жүзеге асыру басталған уақытты анықтайды

1

Өлкеге 1,6 млн адам көшіп келген уақытты анықтайды

1

Ресейдің еуропалық бөлігінде толқулар күшейе түскен кезең уақытын анықтайды

1

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске сипаттама береді, тарихи маңызына баға береді;


3

1916 ж. ұлт-азаттық себептерін еске түсіреді

1

1916 ж. ұлт-азаттық қозғаушы күшін еске түсіреді

1

1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтарын атайды

1

1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтары мен басшыларын атайды

1

1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің жеңілу себептерін анықтап,тарихи маңызына баға береді

1

Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін анықтап, ұлттық баспасөздің қалыптасуы мен маңыздылығын түсінеді;


4

«Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»-деп айтқан тұлғаны анықтайды

1

«Айқап» журналының бас редакторын анықтайды

1

«Қазақ» газетінің негізін салушыларды еске түсіреді

1

Семей абақтысына жабылып,кейіннен Самараға жер аударылған тұлғаны анықтайды

1

Қазақ зиялыларының Мемлекеттік Думаға қай облыстан сайланғанын анықтайды

5

А.Бірімжан қай облыстан сайланғанын анықтайды

1

Ә.Бөкейхан қай облыстан сайланғанын анықтайды

1

А.Қалменов қай облыстан сайланғанын анықтайды

1

Б.Құлманов қай облыстан сайланғанын анықтайды

1

Ш.Қосшығұлұлы қай облыстан сайланғанын анықтайды

1

Барлығы

20



Жауабы:

Балл қою кестесі

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Петиция-мемлекеттік билік органдарына немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жазбаша түрде берілетін жеке немесе ұжымдық талап-тілектер;

Социал-демократилық қозғалыс-буржуазиялық реформалау әдісімен әлеуметтік әділ қоғамға көшу қозғалысы

2



Әр дұрыс жауапқа 1 балл

2


«Село тұрғындары мен егінші мещандар туралы уақытша Ереже»-1904ж 6 шілде

4

Әр дұрыс жауапқа 1 балл



Столыпиндік аграрлық реформаны жүзеге асыру басталды-1906 ж

Әр дұрыс жауапқа 1 балл

Өлкеге 1,6 млн адам көшіп келген-1871-1917 жж

Әр дұрыс жауапқа 1 балл

Ресейдің еуропалық бөлігінде толқулар күшейе түскен кезең 1905-1907 жж

Әр дұрыс жауапқа 1 балл

3

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс себептері: отарлау саясатының күшеюі,жерлердің тартып алынуы;алым-салықтардың артуы;қоғамдағы үстем тап өкілдерінің еңбекшілерді қанауы; және т.б

Қозғаушы күші: жергілікті жұмысшылар,батырақтар мен қолөнершілер;

Ірі ошақтары: Торғай мен Жетісу облыстары

Тоғайдағы басшылары:Ә.Жанбосынов пен А.Иманов

Жетісудағы басшылары:Б.Әшекеев

Жеңілу себептері: бытыраңқылық,ұйымдастырудың төмен болуы,көтерілістердің бір орталыққа бағынбауы.,патша әскерінің күші басым болды.

Тарихи маңызы:Қазақ халқының ұлттық сана сезімінің оянуына себепші болды.

5

Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады


4

М.Дулатов «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»-деп ашына айтты. /жалған/

4

Әр дұрыс жауапқа 1 балл

«Айқап» журналының бас редакторы Мұхамеджан Сералин /ақиқат/

«Қазақ» газетінің негізін салушылар А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы /ақиқат/

А.Қалменов Семей абақтысына жабылып,кейіннен Самараға жер аударылған /жалған/

5

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!