Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бөліп шығару жүйесінің гигиенасы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бөліп шығару Күні: Сынып: 9 |
Мектеп: №49 ЖОББМ Мұғалімнің аты-жөні: Бисоков А.С |
|||||||||||||||||||||
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Бөліп шығару жүйесінің гигиенасы |
||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.1.5.4. Бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
- Зәр шығару жүйесінің аурулары туралы түсіндіру; - Бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын анықтау; - Зәр шығару жүйесінің жалпы гигиеналық талаптарын талдау. |
|||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
- Зәр шығару жүйесінің аурулары туралы түсіндіреді; - Бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын анықтап, жалпы гигиеналық талаптарын талдайды. |
|||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар қолданады:
Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері: пиелонефрит, цистит, бүйрекке тас байлану, кальций оксалаты, несепағар, зиянды тағамдар Талқылауға арналған тармақтар: Зәр шығару жүйесінің гигиенасы... Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары... Бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын-алу жолдары... Дұрыс тамақтану... |
|||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығы аясында денсаулықты сақтаудағы зәр шығару жүйесінің гигенасын біліп, күнделікті өмірде зәр шығару жүйесінің гигиенасын сақтайды. Жеке жұмыста өзіне деген сенімділік, өзін ортада ұстау құндылығы қалыптасады. Топтық жұмыста ортақ істерді бірлесіп атқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап ынтамақтастықта болуға үйренеді. |
|||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Химия пәнінен тамақтын құрамындағы органикалық заттарды ажыратады. |
|||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Ағзалардың тіршілік әрекетіндегі бөліп шығарудың маңызын, өсімдіктердің, омыртқалы және отымртқасыз жануарлардың, адамның зәр шығару жүйесінің қызметі мен құрылысын, терінің құрылысы мен қызметін, бүйректің құрылысы мен қызметін, нефронның құрылысы мен қызметін, бүйрек жұмысына әсер ететін факторларды түсінеді. |
|||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңі |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин |
І. Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу, жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру. ІІ. «Суреттер сөйлейді» әдісі жаңа сабаққа кіріспе Тақтада түрлі суреттер (бүйрек, қуық, азық түрлері) көрсетіледі. Суреттерге сәйкес жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды: 1) Мына суреттер бойынша нені байқадыңыздар? 2) Зәр шығару жүйесінің қандай ауруларын білесіңдер? ҚБ: «Мадақтау» әдісімен бағаланады С: Диалог, нәтиже бойынша саралау жүреді. «Суреттер сөйлейді» әдісі кезінде суреттегі айырмашылықты виузал немесе дарынды балалар бірден байқап жауабын айтады. Сабақ тақырыбына шығу, мақсаттарымен таныстыру, бағалау критерийлерін талқылау |
Таныстырылым №1 |
||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин |
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен оқулықпен жұмыс. Оқушылар оқулықтан (99-100бет) оқиды, жұбымен бөліседі, талқылайды. Бүйрек және басқа зәр шығару мүшелерінің аурулары адам ағзасы үшін қауіпті болып табылады. Зәр шығару мүшелері жұмысындағы кең таралған ауруларға пиелонефрит, цистит, бүйрекке тас байлану жатады. Бүйректің жұмысына қажетті гигиеналық талаптар: салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, үнемі дәрігердің бақылауында болу, күзелісті болдырмау, ұйқы және сергектік режимін сақтау, толыққанды тамақтану. ҚБ: «Мадақтау» әдісі арқылы жүргізіледі. С: диалог, жұмыс қарқыны мен нәтиже арқылы жүргізіледі. Жалпы мақсатқа сәйкес бір тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ оқушылардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, әр баладан әртүрлі нәтиже күтіледі Оқушылар жеке сабақта қолданылған жаңа терминдерді уақытқа және нақтылыққа бағытталып, анықтайды. «Рөлдік ойын» Қабілеті жоғары оқушыға – дәрігер рөлі, ал деңгейі орташа оқушыға – науқас рөлі беріледі. Науқас - ауру белгілерін айтып, алдын-алу жолдары мен емделу шараларын сұрайды. Дәрігер - уролог бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары және олардың алдын алу жолдарын туралы кеңес беріп, емделу жолдарын ұсынады. ҚБ: «Бағдаршам» әдісімен қалған оқушылар бағалайды. С: таңдау, диалог және тапсырма арқылы жүзеге асады. Саралау әр баланың қабілеті бойынша рөлдер мен жауапкершілікті бөлу нәтижесінде жүзеге асады. Диалог негізінде оқушылар арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Оқушылар өзі үшін қызықты, мүмкіндігіне сай тапсырманы таңдап алады. «Бүйрек, зәр шығару жүйесі аурулары және гигеналық талаптары» тақырыбы жеке 15-20 сөздік эссе жазу. ҚБ: «Театрдағы әрекет» әдісі арқылы эссені бағалайды Эссені бағалау критерийі:
|
Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова Алматы «Атамұра» 2019. 99-101 беттер. Ақ халат, телпек, бүйрек суреттері, фонендоскоп т.б. Дәптер, «Театрдағы әрекет» бағалау критерийі |
||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
- Зәр шығару жүйесінің жалпы гигиеналық талаптарын талдау. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы (жеке жұмыс) 1. Сәйкестендіру кестесі
2. Тест сұрақтары: 1. Бүйрек ауруларын емдейтін дәрігер? А/ кардиолог В/уролог С/терапевт Д/пульманолог 2. Зәр шығару жүйесі мүшелерінің дұрыс реттілігін көрсет? А/бүйрек- несепағар- зәр шығару өзегі- қуық В/қуық- бүйрек- несепағар- зәр шығару өзегі С/несепағар- қуық- зәр шығару өзегі- бүйрек Д/бүйрек- неспағар- қуық- зәр шығару өзегі 3. Бүйрек жұмысына кері әсер ететін факторларды ата? А/дұрыс тамақтану, тұздардың тұрақты құрамы В/спортпен шұғылдану, суға шомылу С/зиянды әдеттер, дұрыс тамақтанбау Д/тұрақты профилактикалық қараудан өту 4. Қуықтың жұқпалы қабынуы? А/пиелонефрит В/цистит С/нефрит Д/энурез Дескриптор:
Кері байланыс «Қызық, құнды, қиын»
Үй тапсырмасы: қосымша ақпараттар оқу. |
Кері байланыс парағы |
||||||||||||||||||||
Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және техника қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||||
«Суреттер сөйлейді» әдісі кезінде суреттегі айырмашылықты виузал немесе дарынды балалар бірден байқап жауабын айтады және қате болған жағдайда оқушылардың жауабын мұғалім немесе басқа сыныптастар дұрыстауы кезінде диалог және нәтиже бойынша саралау жүреді. С:Оқушылар жалпы мақсатқа сәйкес бір тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ олардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, әр баладан әртүрлі нәтиже күтіледі. Оқушылар жеке сабақта қолданылған жаңа терминдерді уақытқа және нақтылыққа бағыттап, анықтау барысында жұмыс қарқыны мен нәтиже арқылы саралау жүргізіледі. С:Таңдау арқылы саралау әр баланың қабілеті бойынша рөлдер мен жауапкершілікті бөлу нәтижесінде жүзеге асады. Диалог негізінде оқушылар арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Оқушылар өзі үшін қызықты, мүмкіндігіне сай тапсырманы таңдап, орындайды. С:Оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауаптар күтіледі. Барлық білім алушыға ынталандыру шаралары ортақ, бірдей материал, бірдей міндет қойылады. Бірақ кейбір оқушылар ақпаратты баяу қабылдайды, басқалардың қабылдау жылдамдығы өте жоғары болуы мүмкін. Қабілетіне, деңгейіне қарамастан әр оқушыға қолдауға көрсетіледі. |
«Суреттер сөйлейді»-жедел жауап алу және уақыт үнемдеу мақсатында алынды. ҚБ: «Мадақтау» әдісін оқушыларды психологиялық тұрғыдан көтермелеу үшін алынды. «Ойлан, жұптас, бөліс»-жеке жұмыс кезінде оқушы көршісімен ақылдасады, талдайды, бөліседі. ҚБ: «Мадақтау» әдісі арқылы сыныпта жағымды ахуал тудыру мақсатында алынып отыр. «Рөлдік ойын»-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту, бір-бірін тыңдап, толықтырады, қателері болған жағдайда түзетеді. ҚБ: «Бағдаршам»-оқушылардың жаңа тақырып бойынша түсінік деңгейлерін саралау. Жеке 15-20 сөздік эссе жазу кезінде оқылым мен тыңдалым барысында ұғынғанын оқушы есте сақтау қабілетінің арқасында дәптерге жазбаша түрде түсіреді. ҚБ: «Театрдағы әрекет»-эссе жұмысының деңгейін оқушылар өзара бағалайды. Сәйкестендіру кестесі-оқушыны нақтылыққа, жүйелілікке үйрету. Тест сұрақтары – жаңа сабақ бойынша алған нақты білімді саралау. Кері байланыс «Қызық, құнды, қиын»-сабақ бойындағы оқушының психологиялық ахуалын, тақырып мазмұнына байланысты жұмыстарды орындаудағы қиындықтар мен кемшіліктерді анықтау. |
Кітап пен көздің ара қашықтығы 35-40 см болуын айту. АКТ нормаларын сақтану. Белсенді қимыл кезінде жарақат алмау мақсатында тәртіп сақтау. |
||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия: Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болдыма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарыңыздан ауытқу болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау: Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)? Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |