Материалдар / Бөлме өсімдігі алтын мұрттың денсаулыққа пайдасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бөлме өсімдігі алтын мұрттың денсаулыққа пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлме өсімдігі алтын мұрттың адам денсаулығына пайдасы, суықтыңалдын алуға емдік шара ретінде үй жағдайында пайдаланады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2020
407
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Аннотация
Зерттеудің мақсаты: Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде
қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. олар адамның физиологиялық,
энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде
сенімсіздікпен қарайды. Бүгінгі жас ұрпақ өз елінде, үйінде өсетін
өсімдіктің қандай пайдасы бар екенін зерттеу арқылы емдік қасиеттерін
біліп, одан сабақ алуы тиіс.
Өзектілігі: Өлкемізде соның ішінде емдік қасиеті бар бөлме өсімдіктерін
зерттей отырып, оның емдік қасиетін пайдалана отырып, өсімдіктерді қорғау
және мақтан тұту.
Зерттеудің жаңалығы: Бөлме өсімдігі алтын мұрттың пайдасы, маңызы
туралы біле отырып оның бірнеше емдік қасиеті бар екенін ұғындым.
Табиғаттың алуан түрлі өсімдікке бай екендігіне көз жеткіздім.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлім,
қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымша материалдардан
тұрады.
Болжау: Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер
өседі.Осынау ерте кезден ақ шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді
адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың
жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік
өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған. Ертедегі грек дәрігері Гиппократ
өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатында
кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Соның бірі өзімнің зерттеуге алып
отырған бөлме өсімдігі алтын мұрттың емдік пайдасы өте зор.Шындыққа
лайық тәлімдікдік мүмкіндіктерін айқындай отырып, әдістемелік қсыныстар
жасалса, онда мектеп қабырғасында-ақ өсімдіктердің құндылықтарын бағалй
білетін тұлға қалыптасады.


Page 2

Кіріспе
1.Бөлме өсімдіктері және алтын мұрттың өсу жолдары
«Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік
қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма жетекшім
ықпал етті. Өзім кішкентайымнан бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды
ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған - түйгенімнің арқасында тек бөлме
өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың
денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады. Қоршаған
ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде
дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән
келтіре алмас. Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде
қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. олар адамның физиологиялық,
энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде
сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті, соңғы
зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары
"өсімдіктердің адамнан өзгешелігі жоқ, олар да адамдар сияқты көреді, иісті
сезе алады, сонымен қатар, оларда есту қабілеті мен дәм сезу қасиеті
дамыған" деп тұжырым жасап отыр. Әрине біз үшін бұл үлкен
жаңалық.Ғалымдар аталған тұжырымды былай түсіндіреді: "өсімдіктерде
көздің орнына ақуыздар бар, оларға кез келген электр күштері әсер етеді, ал
тамырында дәм ферменттері анықталған, өсімдік сол арқылы жерден өзіне
қажетті заттармен қоректенеді Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір-бірімен
араласады, олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми тұрғыдан дәледенген",
сондықтан, бөлме гүлдерімен сөйлесуге болады. Нәтижесінде гүлдер бізге
әдемілік пен емдік қасиет сыйлатыны сөзсіз. Соның бірі өзімнің зерттеуге
алып отырған бөлме өсімдігі алтын мұрттың емдік пайдасы өте зор.
Өсімдіктің «Алтын мұрт» деп аталуына екі себеп бар. Біріншісі: Алтын –
көптеген аурудың алдын алғандықтан және табысты, халықтың назарына
кірген деген сөз; Мұрт-жапырақтары мұртқа ұқсас болып өскендіктен мұртты


Page 3

деп атап кеткен. Екіншісі: бұл аңыз. Василий есімді ұл өмір сүрген екен.
Келісті де, еңбекқор болған.Кім көмек сұраса, көмектесуге дайын тұрады
екен. Күндердің күніңде мыстанның қызы-Агрипина оған ғашық болып
қалады. Анасы мыстанға Василий мені келін қылып алсын деп талап етеді.
Ал Василий оған мүлде келіспейді.Сөйлесіп отырған жерлеріне жылан
жүреді екен. Ол жылан Василийдің сүйікті тұлпарын шағып алады екен.
Агрипина ол жыланнан қашамын деп, жерге құлап, ауыр жарақат алады.
Василий Алладан көмек сұрайды. Алла Тағала оған: өзіннің мұртынмен
Агрипинаның бір тал шашын жерге ек дейді екен. Василий дәл солай істеп,
жылап отыр, жылап отыр екен. Бір кезде мұрт жапырақтарына айналып, шаш
сабаққа айнала бастаған екен. Жарақаттанған жеріне жапырақты алып сығып,
тамшы тамызды. Пайдасы тиген соң оны «алтын мұрт» деп атап кеткен . Сол
ауылдың тұрғындарының кейбіреулері «тірі шаш» деп те атап кеткен. 1890
жылы Андрей Краснов алтын мұртты халыққа жеткізді.Андрей Краснов –
ботаниканың негізін қалаушы. 1862- 1915 жылдар аралығында өмір сүрген
биолог. Оқыған білімі ботаника және география. Суды көп қажет етпейтін
алтын мұрт, тез өседі, үш апталық алтын мұрттың жан жағынан буын
аралықтан тұратын жіңішке жіпшелер тарамдала өсе бастайды. Жапырағы
ашық жасыл түсті, жапырағын кескен кезде шырышты кілегей ағады.
Жапырағының да, тарамдалып шыққан жіпшенің де емдік қасиеті өте күшті,
суық тиюге,буын ауруларына, көгерген дене жарақаттарына емдік пайдасы
зор. Алтын мұрт өсімдігін қазіргі таңда:АҚШ-та, Ресейде жиі қолданады
екен. Алтын мұртты өсімдіктің көмегімен көптеген адамдар жазылуда.
Жоғалған денсаулықты қалпына келтіруге үлкен үлес қосады. Алтын мұртты
өсімдіктің инфекциалардың барлық түрлерімен күресу үшін пайдаланатын,
зат алмасуды алмастырады, қан айналымы жүйесін нығайтады, ағзадан
уларды жоюға көмектеседі, ауырсынуды басатыны бар, қатерлі ісікке қарсы
және қартаю процесін баяулатады. Алтын мұрт өсімдігі күннен-күнге
қарқындап, дамып келе жатыр. Алтын мұртты шығаратын зауыт callisia
fragrans ғылыми атауы, оның бірегей қасиеттері әліде зертелуде және түрлі


Page 4

елдердің ғалымдарыд да бұл өсімдікті мойындап, қолдап, растап жатыр.
Зауыт алтын мұрт өсімдігінің қоспасынан есірткіде жасайды екен. Зауыт
есірткі жасау үшін 1-2 ай күтеді. Алтын мұрт өсімдігінен шырын жасалады.
Сол шырын: қан тазартады, қартаю процесін баяулатады. Алтын мұрттың
биіктігі екі метр, көпжылдық өсімдік. Алтын мұрттан жасалатын барлық
заттар күзде ғана дайындалады. Алтын мұрттан жасалған тұнбалар дененің
барлық органдарының қалыпты жұмыс істеуі үшін үлкен маңызы бар.Алтын
мұрт үздік тері ауруларын емдейтін секілді. Алайда бұл өсімдік ішкі
органдар, энтерит,гастрит пен асқазан ойығы және ұлтабарды емдеу үшін
қолданады. Ұзақ медициналық зертеулер нәтижесінде, ғалымдар алтын
мұрттың құрамында мыс,темір, хром бар деп есептейді.Кез-келген өсімдік
аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Есте сақтаған жөн! Ресейде 1890
жылы алтын мұрт өсімдігін қолдана бастаған. Қызығы әлі күнге дейін бұл
өсімдік олар үшін ең үздік және емдік қасиеті бар деп санайды.











Page 5


Негізгі бөлім
1.1 Бөлме өсімдіктері және алтын мұрттың емдік пайдасы
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын
білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді.
Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген
мәліметтер, деректер жинақтадым. Көп ізденіп зерттеу барысында
өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады.
Отбасымызда өз анам емдік мақсатта пайдалану үшін бөлме өсімдіктерін
көп отырғызады. 1 - 2 сыныптардан бастап «ана көрген тон пішер» демекші
менде анамнан көргенімді ойға түйе отырып, бөлме өсімдіктерінің емдік
қасиеттерін біле бастадым. Атап айтсам, бөлме өсімдіктерінен емдік
мақсатта алой (алоэ), орыс халқы оны «столетник» (жүзжылдық) деп те
атайды, герань, фикус, алтын мұрт, кактус т. б. өсіремін.
Осы гүлдерімнің ішінен зерттеу жоба алған бөлме өсімдігім алтын мұрт
болды. Ерекше күтімді қажет етпейтін алтын мұрттың емдік қасиетін бірі
білсе бірі білмейді. Алтын мұрт (callisia fragrans) шамамен 500-дей түрі бар.
Қосарлы жапырақтары 20-30 см дейін өседі. Егер алтын мұртты дұрыс күтіп
баптаса 100 жылға дейін өмір сүреді және биіктігі 1 метрге дейін өсетіндігі
белгілі.Алтын мұрт жылуды да, жарықты да жақсы көреді, бирақ тіке түсетін
күн сәулесін жақтырмайды.Бұл өсімдікті керамикалық кең ыдыста
отырғызған жөн. Суды көп қажет етпейді.Көктем мен жаз айларында алтын
мұртқа көп күтім қажет. Ал күз бен қыста аздап суарып емдік мақсатта
пайдалана беруге болады. Жапырақтары су бүркігенді жақсы
көреді.Топырағына жұмыртқаның қабығын уатып араластырып қойса
болады, алтын мұрт өсе келе бір жағына қарай қисая өседі сол себептен
биіктеген сайын тіреуішпен тіреу керек, салмағы ауыр болады. Алтын мұрт


Page 6

бөлме өсімдігі бірнеше емдік қасиетке ие. Ол мастит, варикоз, буын
аурулары, суық тию, ревматизм ауруларына бірден-бір шипалы емге
бай.Теріге соққыдан болған көгерген жерге жапырағын ұсақтап турап басса
іздерді жоюға да көмектеседі. Дәріханаларда болатын көгерген денені
кетіруге арналған жақпа майлардың құрамында осы алтын мұрттың
қоспалары бар.Алтын мұрттан емдік дәрі алу үшін 3 ай уақыт қажет, сонда
ғана емдік қасиетке ие бола алады. Арақ қоспасына және балға қосылған
тұнбаларды алу үшін күз айында жүзеге асыруға болады.Алтын мұрт
жапырағының шырыны кез- келген жараны жазуға, күю, үсуге де пайдасы
зор. Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен
ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған
жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға
тиімді болар еді. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік
қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты
Қазақстан азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып,
қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей бар
затты пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей
ме атам қазақ.Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін
тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты
мақсат деп білемін. Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар
бар. Бірақ, сол мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында.
Мың теңге тұратын дәрі шарбағының дәл түбінде өсіп тұр (халық мақалы)
демекші бағасы шарықтап тұратын дәрі-дәрмек меніңде үйімде терезе
алдында өсіп тұр. Өзімнің зерттеу жобама алған алтын мұрт өсімдігінен
буын ауруына бірден-бір шипа болатын қоспа дайындадым. Ол үшін маған 3
ай өсірілген бөлме өсімдігі алтын мұрт керек болды, және қосалқы
жапырақтары мен бал және арақ қоспасы қажет. Ең әуелі қаулап өскен 7-8
буын аралықтан асқан қосалқы жапырақты ұсақтап тұрап, үстіне 2 ас қасық
бал мен 2 ас қасық арақ қоспасын қосып жақсылап езіп араластырып қақпағы
жабылатын шыны ыдысқа салып қараңғы салқын жерге қойу керек. Дайын


Page 7

қоспаны 3 күннен кейін қақсап ауыратын буын ауруына кешкісін жағып
пакет орап жылы таңып тастау керек. Нәтижесін 2-3 күннен кейін көруге
болады. Бұл тәжірибемді өзімнің нағашым Бақыт әжеме жасап көрдім.
Нағашы әжемнің буын ауруына шалдыққанына көп болды. Буын
ауруларымен тек қана үлкендер ғана ауырады деу қате пікір. Бұл аурумен
балалар да ауырады. Жанды ауыртып отырған жайт та осы. Қазір бұндай
ауруларды емдеу арзан емес. Аурудың пайда болу себебі әртүрлі. Көп
жағдайда адамның аз қимылдауы, суық тию, экология, кальцийдің
жетіспеуінен туындайды. Бұл ауру асқынып кетсе өмір сапасын
нашарлатады. Тіпті мүгедектікке де алып келуі ықтимал. Өзімнің жасап
қойған тұнбамды әжемнің тізесіне жағып таңып беріп едім, оның буынды
ысытып қыздыратын қасиетін айтты. Осындай ем-домды бир жеті жасап
көріп едік аяғының жақсы болып қалғанын, бұрын сырқырап түн ұйқыны
бұзатын аяғым жеңілдеп ұйқым тынышталып қалды деп айтқан болатын.
Алтын мұрттың тағы бір емдік қасиеті қосалқы жапырақтарын кесіп, турап
арақ қоспасына салып қойса, ол суық тию кезінде баланың болмаса үлкен
адамдардың арқасын сыласа денені қыздырып температуараны түсіреді.
Қолға арналған жақпа май: қажетті заттар жапырақ -20см,10см, қолға
арналған немесе балалар жақпа майы (крем).Жапырақты қиып аламыз, бір
ыдысқа салып, еземіз. Суы шыққаннан соң жақпа майды араластырып.
Қолымызға жағып биндпен орап қоямыз. Бір күнде 2 рет ауыстырып
тұруымыз керек. Мен істеп көрдім. Қолыма жаққан кезде ашыды, сонан соң
қойды. Бір күннен кейін 1 қолым екінші қолыма қараған кезде айырмашылық
көп болады. Жүрек соғысын жақсартуға: мёд – 2 қасық, лимон қышқылы
немесе лимон шырынымен,суға жапыракты жуып, турап, араластырамыз.
Дайын! Бетіңіз ісіп немесе қызарып кетсе оған жапырақты сызып, суын
тамызып, жапырақты үстіне қойып қойсақ болады. Бастапқысында ашытады.
Шипасын тез көруге болады.


Page 8


Қорытынды
Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек
әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге
қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады. Бөлме гүлдері кеңсенің, үйдің
сәні болып табылады. «Оларды алыс жақтың өсімдіктері» дейді. Өйткені ол
өсімдіктердің тұқымы мен өскіні алыстағы ыстық елдерден әкелінген.
Адамдар оларды үй ішінде өсіп-өнуге бейімдеген. Сондықтан олар «бөлме
өсімдіктері» деп аталады. Олар өз Отанында ашық күннің аясында, әрдайым
жылылықта тіршілік етеді. Біз де соған ұқсас жағдай жасауымыз керек.
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер
Жайнар кезім келді деп.
Қанаттарың желбіреп,
Таңмен бірге оянып
Күн нұрына боянып
Көрік бердің бөлмеме.
Өсімдіктерді үйде өсіру үшін өсімдіктерді іріктеп алу керек, олардың өсуіне
қажетті жағдайларды жарық, температура және ауаның ылғалдылығын
жақсы білу керек. Гүл өсіретін бөлмемізді табиғат жағдайларына
сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп - өнуі және фотосинтез құбылысының
жақсы жүруі үшін ең бірінші топырақтың құнарлығы мен жарық және су,
ылғалдылық қажет екен. Бөлмемізде гүлдер жақсы өсу үшін гүлдерді дұрыс
орналастыру да маңызды екен. Қорыта келе жастарды, мектеп оқушыларын
өсімдіктер әлемін қорғау шараларына жұмылдыру, сондай-ақ үй жайларды,
мектеп сыныптарында, дәліздерде өсетін өсімдіктерге бақылау ұйымдастыру
арқылы қызығушылықтарын арттыру керек.


Page 9

Ұсыныс
1. Мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында
оқушылардың демалыстарында мамандар немесе мұғалімдер табиғатқа,
бөлме өсімдіктерін өсіретін орындарға топсеруендер ұйымдастырса;

2. Тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын
дәріханалар ашылса;
3.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!