"Бөлме өсімдіктерінің күтімі" (сынып сағаты)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бөлме өсімдіктерінің күтімі" (сынып сағаты)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған материал. Бөлме өсімдіктері, олардың түрлері, сондай-ақ бөлме өсімдіктерін күтудің жолдары берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктерінің күтімі

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін жетілдіру, бөлме өсімдіктері атауларымен таныстыру;

ә) дамытушылық: оқушылардың еңбекке деген қабілеті мен ынтасын арттыру;

б) тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау

Құрал-жабдықтар: бөлме өсімдіктері түрлері, өсімдіктерді отырғызуға арналған құмыралар, су сепкіш, таза сүрткіш, түрлі-түсті қағаздар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: – Оқушылармен амандасу; – Сынып бөлмесі тазалығын тексеру; – Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында бөлмедегі бірнеше гүлді ортаға әкеліп қояды. Сол гүлдерге қарап отырып оқушылар өз ойларын айтады, өздерінің бүгінгі көңіл-күйлерін жеткізе отырып гүлдермен сырласады. Бөлме өсімдіктері таза ауамен қамтамасыз етумен бірге, бөлмеге сән беріп, көңіл-күйді көтеріп, сіз отырған ортада жақсы атмосфера қалыптастыруға әсерін тигізеді. Бөлме өсімдіктері күтімді қажет етеді. Ата-аналарымыз біздің барлық жағдайымызды жасайды, қажеттіліктеріміз болса қамтамасыз етеді, міне, сол секілді біз де бөлме өсімдіктеріне жақсы күтім жасай білуіміз керек. Ол үшін төменде келтірілген жағдайларды есте ұстауымыз керек. Бөлме өсімдіктерінің жақсы өсуіне жарықтың түсуі де әсер етеді. Барлық бөлме өсімдіктері үшін жарық мөлшері керекті бола бермейді. Жарық сүйетін, жарық сүймейтін де өсімдіктер бар. Сондықтан да бөлме өсімдіктерін таңдағанда бөлменің орналасуына назар аударған жөн. Егер де бөлмеге жарық мөлшері көп түсетін болса, онда жарық сүйгіш өсімдіктерді алған жөн. Ал, егерде бөлме көлеңкелі аумақта орналасып, жарық мөлшері аз түсетін болса, онда жарық мөлшерін көп қажет етпейтін өсімдіктерді таңдаған дұрыс.

Бөлме өсімдіктерінің өсуін де жарықпен қатар жылудың да орны бөлек. Белгілі мөлшерде бөлме өсімдіктері жылуды қажет етеді. Бөлме өсімдіктері үшін бөлме температурасы тұрақты болғаны дұрыс. Бөлме салқын, жел болмауы керек. Сондай-ақ, бөлме өсімдіктерінің тұрақты орны болған жөн. Оларды орнынан жиі қозғауға болмайды. Үй жағдайында теледидар, музыкалық орталық, кір жуғыш машина жанында бөлме өсімдіктерін қоюға болмайды. Өсімдіктер күндіз оттегіні бөліп көмірқышқыл газын сіңіріп алады. Бөлме өсімдіктерін отырғызғанда кең ыдыс әрі құнарлы топырақ керек. Бөлме өсімдіктерінің түрлі болуына байланысты да тыңайтқыштар да түрлі болып келеді. Ең бастысы – бөлме өсімдіктерін уақытылы суарып отыру керек. Суды құйғанда да шамадан тыс пайдаланбаған. Мөлшермен құя отырып, екі күнде немесе үш күнде бір суарып отыруымыз керек. Бөлме өсімдіктерін де сүртіп отырудың өзі де олардың өсуіне де ықпалын тигізеді.

Сұрақ-жауап. 1. Бөлме өсімдіктері не үшін қажет?

2. Үйлеріңізде қандай бөлме өсімдіктері бар?

3. Сынып бөлмесінде қандай өсімдіктер бар?

Сергіту сәті. Отырайық жүрелеп, Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеп, Басқа гүлге барайық.

«Гүлдер шеруі» ойыны. Оқушылар көздерін жұмып отырады. Мұғалім гүлге сипаттама береді. Бөлме өсімдігі, жарық жерде өседі. Өзі әдемі, хош иісті, бір қарағанда көңіл-күйді көтереді. Түрлі-түсті болып келеді. Қай мезгіл болса да өзінің сұлулығын жоғалтпайды. Оқушылар көздерін ашады (жоғарыда айтылған сипаттамалар бойынша гүлдің суретін салады).

Практикалық жұмыс. Оқушылар сыныптағы бөлме өсімдіктерінің шаңын дымқыл, таза шүберекпен сүртеді, су құяды. Гүлге арналған ыдысты сәндейді. Гүлді отырғызудың әдіс-тәсілдерімен танысады.

ІІІ. Қорытынды. Бөлме өсімдіктері үнемі бақылауды, жақсы күтімді қажет етеді. Бөлме өсімдіктері көп болған сайын сынып бөлмесінде де әсемдік орнайды. Сұрақтар: 1. Бөлме өсімдіктерінің күтімі қалай жасалады? 2. Бөлме өсімдіктерін қалай отырғызуымыз керек?

3. Бөлме өсімдіктерінің қай түрлері ұнайды?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
2054
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі