Материалдар / "Бөрілі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бөрілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөрілі жайлы мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
658
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөрілі –ұлылықпен ұлының ұлы мекені.

«Мұңлы қоңыр туған анам,туған жерім Бөрілі.»

М.Әуезов

Туған жер.. Туған ел.. Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген құндылықпен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі, әлемге әйгілі тұлғалардың кіндік қаны тамған жер - Шыңғыстау өңірі, Абай елі, Қасқабұлақ өңір. Дәл осы мекенде туып, ауасын жұтып, қасиетті топырағын басып жүргеніме кеудемді кере мақтанамын! Себебі, менің өлкемде Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды үш алып дүниеге келген. Республиканың түпкір-түпкірінен келген қонақтар Абай, Шәкәрім кесенесін, Мұхтар атамыздың мұражайын аралап қайтады. Бұл дегенің ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды  ұмытпауға,ұлтымыздың әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін дәріптеуде,жастар арасында елге деген патриоттық сезімді қалыптастыруға, дінаралық,ұлтаралық келісімді нығайтуға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Тек бұл ғана емес Абай жерінің тарихы терең, әр бөлігі баға жетпес құндылықтарға толы.

Ертеден-ақ Семей өңірін аралаған ұлы адамдардың бірде-бірі Шыңғыстауға соқпай өтпеген. Бір халықтың өмірі мен тіршілігінің айнасындай танылатын өңірде сіз де көп жайға қанығасыз. Семей өңірінен Шыңғыстау өңіріне қараған жол торабы. Адам баласының асқан ойшыл алыптарымен қатар тұрған Мұхтар атамыз да бұл жолмен аз жүрген жоқ. Ұлы «Абай жолы» эпопеясының өзі де осы жолмен басталғаны да баршамызға белгілі. Халқымыздың даңқты ақыны әрі ұлы ойшыл Шәкәрім осы жолмен, әсіресе таңғы және кешкі салқынмен ғана жүруді ұнатады екен. «Ыстық уақыт таза ойыңнан да жаңылдырады» дейді екен және осы жолды менің сырларымның куәсі депті.

Басқа жұрт біздің өңірді «Абай елі», «Шәкәрім елі», «Мұхтар елі» деседі. Ал қазір мен халқымыздың сол мақтанышы болған Абай, Шәкәрім, Мұхтардың туған жерінде, кіндік кесіп, кірін жуған ауылының ауасын жұтып жүрмін.

Бөрілі-Cемей қаласынан сексен шақырымда орналасқан елді мекен.Жердің Бөрілі атануы бұл маңдағы қасқырлардың апаны көп болуынан да деседі. Бөрілі:ел құлағына қанықты,қазақ ұғымының сөз төркіні бойынша: бөрісі мен қасқыры қалың (қасқырлы –бөрілі) қараған- шұбарлы өңір,қойнау деген ұғынысты білдіреді,табиғат қалыпты танытады.Ендігі бар негізгі сөз төркінінде :бөрі (қасқырдың киелі атауы) сөзінің тотемдік этимологиямен төркіндестікті танытқандай.Семей мен аралықтағы Күшікбай кезеңі асуынан бергі жердегі Итжон,Баршын,Жымба (жықпыл,бұқпа,ұры жыра,жар) деген және осы төңірекке жақын Архат (әулие),Бурхат (кіші әулие),Тышқан сияқты ,Шыңғыстың бастапқы аты - Найма күре.Найма (жел),жота тон (күре) сияқты т.б. тотемдес атаулар көрінеді.Солар сардарлас «Бөрі» қасқыр атауы әлгі аталған топқа енетін сыңайы бар.Уақыт арасында түрік – қазақ сөз қорына («Көк бөрі»,«Көк байрақ») тәрізді сіңісті топоним .«Бөрі»,(«Бөрілі төбе») өңірлері ел әңгімесі аңыздарында, естеліктер мен жыр дастандарда жазбаларда ұшырасады.Бөрілі өңірінің табиғаты райы қыртыс қатпары,әуе,жүз реңкі,өсімдік жануарлар дүниесі Мұхтар Әуезовтің «Көксерек», «Қыр әңгімелері», «Абай жолы»романы мен мақалалары мен сөйлеген сөздерінде көп орын алып,көп суреттелген өңірдің бар түс, бар орайы өңір ұлының да назарынан тыс қалмаған,бәрі де суреттелген.Бөрілі – ежелден елді мекен,Әуез әулетінің ата қоныс мекені.

Бөрілі жері қазақ халқының екі ұлы перзентімен тығыз байланысты. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен мұражай иесі М.О.Әуезовпен байланысты болмақ. Бөріліде Абай қорық-мұражайының бір бөлімі – М.Әуезовтің мұражай-үйі орналасқан. Бөрілі – жер өңірі және елді мекеннің байырғы атаулар аты. ХІХ ғасырдың 40 жылдарында Құнанбай Өскенбайұлы Берді әулетін Арқат тауының солтүстік өңіріндегі Бетағаш қонысынан өз жанына көшіріп алып , Бөрліден орын береді. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен бері Абай мен Әуез арасындағы келісім – ұйғарыммен Әуез әулетіне қараған,Шыңғыстан көшіп келіп,қора салып орныққан.

Бөрілі мекені – Сарыарқа даласының даңқа бөленген бөлігі Шыңғыстаудың бауыры деп аталады.Шыңғыстау төрт бөліктен тұрады.Алғашқысы – Шыңғыстаудың батысындағы жайлау таулар.ОларБақанас,Ақшатау,Шақпақ,Көксеңгір,Керегетас,Шалқар,

Кеңқоныс,Сарыкөл,Пұшпантай,Барлыбай.Бұғылы-Машан таулары,өзенді алқаптары. Бұл қоныстар Бөріліден 160-180км қашықтықта. Шыңғыстаудың екінші бөлігі - таудың қыр арқа шың – құзы. Бұл Арғын тайпасының белгілі руы – Тобықты елінің қысқы мекені , қара қонысы. Үшінші бөлігі – Шыңғыстаудың шығыс бауырында бір тізбекте 35-40 км тұратын Қыдыр, Борлы, Шұнай, Доғалаң, Өртең, Орда, Боқай, Архат таулары.Төртінші бөлігі –бауыр таулары деп аталады.Оған Ақшоқы,Қорық.Шолпан.Сырадыр,Шолақтерек,Молалысу,(Қарабиік,Шолақкөл бойлары).Миялы, Тышқан, Байғабыл адырлары. М.Әуезовтің ұлы романында суреттелген тарихи орындар. Жазушының бұл мұражайы Шыңғыстаудың төртінші бөлігі – Бауыр тау төбелері деп аталатын орында тұр.

Абай заманынан бері Бөрілі Әуез әулетінің ата қоныс қыстауы.Шыңғыстағы Қызылшоқыдан көшіп келіп орналасқан жері. Бөрілі-Мұхтар атамыздың балғын балалық,бақытты бозбалалық, жалындаған жастық шағының куәсі.

Бөрілі оның бозбала,жастық қызуының сан қызығын нұрлы күн, айлы аспан астында жалындап жанып кешірген кештер мен күндер,түс, түстіктер – таңсәрі,сәске, шаңқай түс пен бесін, ақшам ымырттардың ынтық ыстықтың бақыт бесігі.Бөрілі ауылынан бір шақырым батыс терістіктегі Аяқараған деп аталатын Әуез әулетінің күзеулік қонысында 1897 жылы 28-ші қыркүйекте Мұхтар Әуезов дүниеге келген. Бұл тарихи оқиға Мұхтардың ағасы Ахмет Әуезовтың естелігінде былайша баяндалады : Күзем. Ауылымыз қыс қыстауы Бөріліге жақын Аяқарағанда отыр. Омарханның әйелі Нұржамал бір кіріп,бір шығып дамыл таппай жүр. Атам мен апамның екі қолы жағасында . Жақсы тілеу тілеуде.Үлкен шаңырақтың желбауы керегенің басына байланды. Нұржамал арқанға сүйене кетті. Сол сәтте іңгәлаған нәресте дауысы естілді. Кәрі апам баланы жерден көтеріп алып,ащы үнімен дауыстап жіберді: «Құдай берді! Ұл!». Той үстінде Абай атам, кәрі апам жас нәрестеге Мұхтар деп ат қойды».«Балалық, жастық шағым ауылда өтті. Қаратани бастағаным да сол кез. Немерелерін атам Әуездің өзі оқытатын..», – деп жазады М.Әуезов.Алты жасында атасының үйретуімен Абайдың өлеңдерін жаттап, өзіне айтып берген. Бұл оқиға бала Мұхтардың есінде мәңгі сақталып қалады. Жеті-тоғыз жас аралығында ауыл мектебінде сауатын ашқан. Бөріліде Мұхтар адамгершіліктің алғашқы сабақтарын алды. «Қара сөздер» арқылы Абай даналығына алғаш ойын өрістетті. Жазушы Абай туыстары мен балалары – Тұрағұл, Мекаил, Ізкаил, Кәмилә және Ақылбай балаларымен қатар өсті. Бозбалалық, жастық шағында дала саздары оның жан-дүниесін сүйіспеншілік сезімімен кернейді.Бөрілі ауылында М.Әуезовтың ата-анасының зираты орналасқан.Омархан-Мұхтардың әкесі,Әуездің бәйбішесінен туған,мұсылманша оқыған,араб тілін жетік меңгерген, терең сезімді,орнықты кісі болған. Нұржамал Әбсеметқызы –Омарханның әйелі ,Мұхтардың анасы.Омархан мен Нұржамалдың бейіттері 1995 жылы 8 метрлік кесене боп қайта бой түзеді.

Бөрілі ауылының шетінде М.Әуезовтың мұражай –үйіне қарама-қарсы белгі тас орнатылған.Онда жазушының : «Мұңлы ,қоңыр туған анам,туған жерім –Бөрілі» деген сөзі қашап жазылған.Әуез әулетінің қыстау үйі 1976 жылға дейін сақталып,ішкі құрылысы өзгертілмеген.Кеңес дәуірі кезінде мұнда кітапхана мен М.Әуезов атындағы совхоздың №3 фермасы орналасады. М.Әуезовтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында қыстау күрделі жөндеуден өтіп,жазушының мұражайы ретінде құрылып,1987 жылы қыркүйекте облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, бөлімі ретінде ресми түрде ашылды.

Бөрілінің әр сүйемі жазушының балалық шағының әсерлерін, іздерін сақтауда. Сол жылы желтоқсан айының 25-де Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің №411 бұйрығымен Абайдың республикалық әдеби мемориалдық мұражайының қарамағына берілді.

Ол осында тұңғыш рет үйленіп - күйеу,бала сүйіп,әке атанды.Ортаның жақсы – жайсаңымен жанасып,Абай туыс – жақындары,бала бауырларымен араласып қауышқан,туысқан,түйіскен.Райханның келін болып түсіп,бесік тербеткен,одан тұңғышы Мұғамила туған топырақ,Мағауия қызы – Кәмиланың табалдырық аттап,неке шымылдығын түсірген жері де – Бөрілі.Сол айшықты мезет, ардақты күндер мен кезеңдер куәсі – фотобейнелер,некелік куәліктемелік құжат,естеліктер сыздықтап құпиялар ашты.Аяулы жандар қабырға суреттер,сөре көрмелерден жүз тосады.

Ұлы жазушының кіндік қаны тамған жер – Бөрілі. Бөріліде Абай қорық-мұражайының бір бөлімі – М.Әуезовтің мұражай-үйі орналасқан.Мұражай экспозициясы кіре беріс сенектерді қос есептегенде он бөлмеге қанат жайған.Кіре беріс бөлменің сол жағында шошала орналасқан. Шошаланың қабырғалары таспен қаланған ,ортасында адалбақан орнатылған. Бөлмеден күнделікті үй тұрмысына қажетті мосы, шәйнек,самауырлар сияқты жәдігерлерді байқауға болады. Кіре беріс сызбада Семей-Бөрілі аралығындағы М.Әуезовке қатысты тарихи орындар белгіленген.М.Әуезовтың туып өскен Шыңғыстау табиғатын бейнелеген суретші И.Хмелева тоқыған гобелен тұсында тұғыр үстінде тұрған ақ мәрмәрдан қашалған жазушының мүсіні қарсы алады. Авторы жерлесіміз мүсінші М.Жанболатов.

Мұхтардың балалық шағы Әуездің үлкен бөлмесінде жалғасады.Әуез Бердіұлы 1830-1917жылдардағы Абайдың замандасы,ақын ауылымен құдандалы болған. «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» сұрапылынан кейін Тобықты руын Сыр бойынан көшіріп әкелген атақты Мамай батырдың жауынгер серіктерінің бірі-Бақшайыс батырдан-Саяқып,Саяқыптан –Берді,Төлеген,Қылыш туады.Ал Бердіден –Үсен, Бурахан ,Әуез,Самархан,Кенжехан тарайды.Бердінің қызы Нұрғаным Құнанбай қажының тоқалы.Әуездің үлкен әйелі Найман әшәнде Сыбанның беделді адамдарының бірі Жарқынбайдың қарындасы –Дәнәсілден Омархан дүниеге келген.

Әуез – Абайдың әдеби мектебінің көрнекті өкілі. Ол Мұхтарды кішкентай кезінен бастап тәрбиелеп өсіріп, шығыс әдебиеті мен мәдениетіне қатысты өзіндік дүниетанымын қалыптастырып, Абай мұрасына деген махаббат-іңкәрлығын оятуға бірден-бір себепші болған.Әуез бен Абай іргесі айрылмаған көрші –қоңсылар ,сырлас-сыйлас ,айнымас достар.Әуезді Абай «Әуке аға», «Үлкен қожа» деп атаған.Өз кезегінде Әуезде Абай өлеңдерін құмарта тыңдап,қағазға түскен дүниелерімен алғаш оқып-танысып ашық пәкәр бөлісетін жақын адамдарының бірі болған. Әуез өзінің өсиеті бойынша Құнанбай әулетінің зираты - Ақшоқыда жерленген. Әуез бөлмесі ХIХ ғасырда тұрмыстық қолданыста болған үй-іші бұйымдармен жабдықталған. Бөлмедегі сөрелерде арабша жазылған кітаптар, оқу құралдық әдебиеттер, ел тарихынан сыр шертетін құжаттар қойылған.

Әуездің үлкен бөлмесі –бала Мұхтардың ең алғаш хат танып,білім әліппесін үйренген бөлме.

«Балалық жастық шағым ауылда өтті.Қара тани бастағанымда сол кез.Немерелерін атам Әуездің өзі оқытатын...» деп жазады М.Әуезов. Бұл бөлмені атыраптағы елдің Абай ауылы мектебі деседе болады.Әуез беріге дейін бала оқытуды осы бөлмеде өткізген. Жеті-тоғыз жас аралығында ауыл мектебінде сауатын ашқан.Бөрілінің әр сүйемі жазушының балалық шағының әсерлерін, іздерін сақтауда.

Абайдың Тұрағұл,Мекайылынан бастап,Ақылбай балалары осы бөлмеде Әуезден оқыған.

Алты жаста Мұхтар атасының үйретуімен Абайдың өлеңдерін жаттап,өзіне айтып берген.1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып,одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.1909 жылы әкесі Омархан қайтыс болып ауылына оралады.Семей мұғалімдер семинариясын бітірген Әбіш Хасенов деген мұғалімнен дәріс алады.Бөріліден жас Мұхтар білім жолында Семейге жолға шықты.Немере ағасы Қасымбек оны жаз бойы дайындап,1910 жылы Семей қалалық орыс қазына училищеге орналастырады.Мұхтар Шыңғыс болысынан тағайындалған шәкіртақыны алып тұрған.Сол училищенің соңғы класында жүріп «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Экспозицияда Мұхтар Әуезовтың туыстарының суреттері,Мұхаммед Пайғамбар өмірбаяны,Мұхтардың оқу жылдарынан елес беретін құжаттар,ұстаздары Н.Малахов,В.Попов,Н.Белослюдов -тардың фотобейнелері ,ертедегі шыны сия сауыт және жазушының Семейдегі бес кластық бастауыш мектебін бітірген куәлігі қойылған.

1913 жылы тамызда Семей қаласында қазақ топырағында тұңғыш рет футбол командалары құрылады.Солардың бірі «Ярыш» аталады.Құрамында татар,қазақ,өзбек балалары болады.Жас Мұхтар сол кездегі спорт жарыстарына да белсене қатысып, «Ярыш» футбол командасының жартылай қорғаушысы болды. «Оны ойынның қызған шағында ешкім танымай қалатын .Қимылына көз ілеспейтін.Өз қақпасы алдындағы қорғаныста доп үшін тайталаста басты тұлға болушы еді.»-деп еске алатын «Ярыш» командасының мүшесі Салах Хисматуллин.

Қазақстан футболының бастауы болған «Ярыш» футбол командасының суреті мұражай экспозициясына қойылған.

1915 жылы училищені аяқтап Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі.Семинарияда оқып жүріп те шығармашылықпен айналысады.Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» поэмасының негінде «Еңлік –Кебек» пьесасын жазып,1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде Абайдың қызы Кенже мен Әйгерімнің тіркестіріп тіккен киіз үйінде сахнаға шығарады.Ойқұдық-Қасқабұлақ суы келіп құятын Ералы қонысының бірі.Бұл тарихи орында қазақтың тұңғыш театрының шымылдығы ашылған. Мұражайдағы зал ортасында 1917 жылы Ойқұдықта «Еңлік-Кебек» спектаклі қойылған тіркестірілген киіз үйдің макетін көруге болады.

Мұражай экспозициясындағы кескіндеме бейнелер жазушы жадына ертеден ұялай бастаған өңір, ел өмірі елесіндей әсерге бөлейді. Сол қанаттағы ілулі қасқыр терісі, қаршыға қатырандысы, әшекей бұйымдар, қамшы, жүген, ер тұрмандары сурет бояуына жанды тірлік бітіргендей. Семейдегі бес кластық училище, мұғалімдер семинариясындағы оқу жылдарынан көріністер, сабақ берген ұстаздары: В.И.Попов, Н.Я.Малаховтың, қатарлас оқыған кластас-курстастары, «Ярыш» футбол командастары, өнер жолына талпындырған ерлі-зайыптылар – Нәзипа, Нұрғали Құлжановтар және Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтбаев сынды қадамдастарына қатысты құжаттар, алдын бастап, соңына ерткен Қасымбектей ағасының фотосуреттері экспозициядан орын алған. Бөріліде Мұхтар адамгершіліктің алғашқы сабақтарын алды. «Қара сөздер» арқылы Абай даналығына алғаш ойын өрістетті. Жазушы Абай туыстары мен балалары – Тұрағұл, Мекаил, Ізкаил, Кәмилә және Ақылбай балаларымен қатар өсті. Бозбалалық, жастық шағында дала саздары оның жан-дүниесін сүйіспеншілік сезімімен кернейді. Семейде Мұхтар алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен танысты, кейіннен солармен бірге болашақ тәуелсіз мемлекеттің жаңа мәдениетінің негізін қалау үшін күрес жүргізді. Ж.Аймауытовпен бірге «Таң», «Сарыарқа», «Абай», «Қазақ тілі» газет-журналдарының ұйымдастырылуына қатысты. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, Б.Сәрсенов, Х.Досмұхамедов және тағы басқа қайраткерлермен болашақ мемлекеттің жаңа мәдениеті, ғылымы, ағарту саласының қалыптасу жұмыстарына араласты.

Өмірінің Семейдегі кезеңі – толықтай ғылым-білім жинаумен өтті. Семейдегі өткен өмірдің бағыты – қоғамдық қызметке барынша араласу, бар қайратын еңбекке арнау болып табылады. Аласапыран арпалыстарға төзе жүріп, рухтас жандарды кездестірді.

Фотосуреттер, мұрағат құжаттары «Алаш» партиясы, «Алаш» автономиясының Мұхтар Әуезовтің өміріне қатысты қырларын ашады.

Экспозицияның келесі материалдары 1919 жылы Семейде большевиктер билігі орнағаннан кейін М.Әуезовтің Кеңес өкіметі мекемелеріндегі – губревком, облревкомдағы қызметі, алғашқы пьесаларын қойған «Ес-Аймақ» драма труппасы, «Шолпан», «Сана» журналдарында жарық көрген шығармаларымен таныстырады. Келесі үш бөлме ауқымында жазушы қайраткердің шығармашылық ізденіс жемістері мен қоғамдық ортаға қатынасын, өсу үстіндегі ғұмыр қырлары бедерленген.

Бөрілі – М.Әуезовтің Абай әлеміне алғаш қадам басып, ой-тұңғиығына шомдырған құтты мекен. Экспозиция материалдары осы жолда М.Әуезовке көп көмек көрсеткен Көкбай Жанатайұлы, абайтану саласындағы тұңғыш пікірдің иесі Әлихан Бөкейханов, Абайдың ұрпақтары туралы баяндайды.

М.Әуезов 1920-1930-шы жылдары жиырмадан астам пьеса, бірталай әңгіме, повесть жазады. Соңғы 20 жылын ұлы Абай туралы роман жазуға арнайды. «Абай жолы» романның жазылу тарихы мұражай экспозицясында жан-жақты ашылады.

Бесінші бөлмеде ұлылыққа жол ашып – жазушы, ғалымға білім, таным құнарларын сыйлаған әдебиет қорынан хабардар етеді. Онда қазақтың халық әдебиетінің таңдаулы нұсқалары мен Шекспир бастаған әлем классиктері О.Бальзак, И.Гете, А.Пушкин, М.Лермонтов, И.Тургенев, Л.Толстой, Ф.Достоевский және жаңа кезеңнің өзімен қатарлас орыс, одақ ұлттары әдебиеттерінің танымал есімдерінің еңбектері мен шығармашылығы академик-жазушының бай білім қоры байлығын мегзер сипаттар бар. Бұл бөлмеде Мұхтар Әуезовтің костюмі, ұлы Мұратқа жазған хаты экспозициядан орын алған.

Қанаттас жатқан қос бөлмеде М.Әуезов өмірінің соңғы кезеңі, шетел сапарлары және туған еліне келуі, жазушының мерейтойлары туралы материалдар қамтылған.Мұхаң Бөрліде соңғы рет 1957 жылы қыркүйекте болған еді.Туған топырақ өскен еліне араға көп жылдар салып –алпысқа толып келген.

Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі әлемдегі ұлылыққа тағзым етер азаматтардың аңсап келер мекені. Ол «Ұлылар мекені» саяхат сапарының маңызды нүктесі.

Сонымен, Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы жас ұрпаққа құнды мұралар мен тарихи ескерткіштер арқылы тәрбие мен білім беруге арналған ғылыми мәдени мекеме болып отыр. Қорық-мұражайдың құрамына кіретін Семейдегі бас мұражаймен бірге бөлімдердің экспозициялары құрылымы мен мазмұндары бір-біріне ұқсамайтындығымен ерекшеленіп, ғылыми танымды кеңейтіп, ұрпақ тәрбиесіне үлесін қосып, өз көрермендерін қабылдап, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевты, оның шәкірттерін және қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғалым М.О.Әуезовтің мұрасын насихаттауда. Енді Абай мұражай экспозицияларын қазіргі заманға сай жаңа технологиямен жабдықтау жұмыстары тұр. 

Бөрілі Мұхтар өмірінде ,шығармашылық ғұмырнамада небір аяулы қимас,асыл,қиын сәттерінің, «сәт сағаттарының» куәсі.Айналасын әсермен сезініп ес кіріп ,ақыл тоқтата бастағаннан табиғат ана бауырында әуе нұры ,ауа нілін де осы Бөрлі де түйсініп тәтті ғұмырын бастаған.Ұлы әлемге болашақ ұлы суреткердің алғаш ой ұшырған ыстық ұясы,өзі туып өскен алтын бесік Бөрілі-Еңлік –Кебектің де ой тебіренісін оятып,толғантқан жөргегі.Бөрілі-ұлылық пен ұлының ұлы Отаны,Мұхтар атамыздың кіндік қаны тамған жері.Биылғы жылы заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығы елімізде аталып өтуде.Ұлт ұғымы ұланымен,ұлы перзенті есімімен ұлағатты.

Әсел Ибрагимқызы

Қарауыл гимназиясының ұйымдастырушы педагогы,тарих ,

құқық пәндерінің мұғалімі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!