Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Борсық тұқымдасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сусамыр тұқымдасы-Борсықтың тіршілігі.
Қызылорда обылысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті №266 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Нәби Ерсін Қуантайұлы, жетекшісі биология пән мұғалімі
Ғалымжан Арықбаев.
Көктем айларында бақылауға ыңғайлы кезең.Жаздың бірінші жартысы жануарлардың көбею кезеңі.Дала жануарының бірі борсық.
1.Борсықтың тіршілігімен танысу.
2.Борсықтың көбеюі.
3.Борсық майының пайдасы.
Борсық-сусамыр тұқымдасына жататын жануар.Борсық терең інде тіршілік етеді.Олардың дене тұрқы 70 см болады, үлкендері 80-85 см-ге барады.Семірген борсықтар 15 килограмға дейін жетеді.Өте иісшіл, әрі сақ жануар.Жыртқыштардың ішінде қорегін көбірек житын жануар болып саналады.Көпшілігінің қорегі өсімдік тектес азықтар және насекомдар, құстар кейде амфибилер.т.б.
Өсімдік тұқымдарымененде қоректенеді.Бақша маңында мекендейтін борсықтар жүгері сабағын, қияр,қауын,қарбыз т.б бақша өнімдерімен қоректенеді.Жеміне түнде шығады.Борсықтың пішіні- мысықтан үлкен, көзі сықсиған, тұмсығы- ұшты, жүні-тікірейген.Түсі –сұрғылт болады және түсі шөпке ұқсас болып келеді, өзгеріп отырады.Аяғы мен құйрығы қысқа,даусы шақа,ащы.Борсықтар күзде ініне кіріп, көктемде бірақ шығады.Оның түлеуі көктемнен басталып, жазға дейін түлеп шығады.Жеке тіршілік етеді.Інде 2-3 жұп борсықтар мекен етсе олар тату –тәтті өмір сүреді.Олардың баспанасында 2-3 бөлме болады.Бірінші бөлме азық бөлмесі, екінші бөлмесі жатын бөлмесі ,үшінші бөлмесі дәретхана бөлмесі.Борсық өте таза,әрі сақ аң.Өзі інін тазалықпен ұстайды.Тамақтың қалдығы түгел, әкелген ізіде көрінбейді.Бір қызығы ол аңға шыққанда дәретханасын тазаламай кетпейді екен.Егер жыртқыш аңнан қашан кезде, тығылу езінде иісі қалмау үшін сақтық шарасы екен. Бірнеше метр жерде қазылған жерлерді байқауға болады.Ол борсықтың қоқыс жинайтын орны немесе қоймасы.Осы қойма қоқысқа толғанкезде ,оны борсық көміп тастайды, жаңасын қазып дайндап қояды.
Борсық шөл және шөлейт аймақтарда, өзен жағалауларында, өзенге жақын жоталар мен сортаңды жерлерде мекендейді.Борсық бүкіл жыл бойы інде тұратын жыртқыш.Інін өзі қазады.Борсықтың іні терең болады.Оның іні 2-3 метрді алады.Борсықтар бір жыл бойы бір інде мекендейді.Борсықтар інінде 1-2-і есіктер болады ,егер іші толған бөлме мен каридордан тұрса,онда ол ескі ін.Борсықтың іні адамнан өте сақ жерде орналасады.Інінде 2-3 отбасы орналасуы мүмкін.Борсық-таза жануар.Іннің биіктігі және кеңдігі 25-30 см-ге дейін барады.Борсықтар өз мекеніне үйренгіш жануар.Уақыт өте келе інді ауыстырып отырады.Ол жауларынан қорғану үшін інді бүркемелейді.Борсық інді оңай қазады.Олардың денелері тығыз , әрі бұлшықетті.Күшті, әлді, қуатты тырнақтары аюдай ін қазуға қолайлы.Осы тырнақтар арқылы жемін аулап, қоректенеді.Борсық інінің ішіне жасыл шөптерді жинап отырады.Оны төсеніш ретінде, ашыққанда қорек ретінде де пайдаланады.Борсық өз мекенінде ұзақ уақыт тұрады.Борсықтардың көбі өз інінде өлмейді.Көктемде борсықтың іні салқындау болады.Сондықтан сыртта уақытын көп өткізеді.Сонымен қатар жаз айларында іннің ішінде эктопаразиттер көп болуына байланысты, борсықтар кешке дейінгі уақыттарын ін сыртында өткізеді.Борсықтар өте сабырлы, баппен өмір сүреді.Күндіз ұйықтап, түнде аң аулауға шығады.Борсықтар інінен шығар алдында сақтық шараларды міндетті түрде орындайды.Ол қауіпсіздік туындамай ма екен деп жан-жағын тыңдап, иіскелейді.Бірақ іннен шыққаннан кейін сақтығын ұмытып, шулап, алаңғасарланып кетеді.Көктем келісімен өсімдік қалдықтарымен және насикомдармен қоректенеді.
Көктемде ана борсық дүниеге жас борсықтарды әкеледі.Жас бала борсықтардың саны 2-ден 6-ға дейін кейде 7-8-ге дейін барады.Олардың салмағы 12-15 грамнан, ал ұзындығы 10 см-ден жоғары болады.Жас борсықтардың көздері 5 аптадан кейін ашылады.( 35-42 күнде.)Балаларын 3-4 күндей тастай алмай інінен борсық анасы сыртқа шықпайды.Ашық күндері анасы көзін ашпаған балаларын күн көзіне шығарады.Кейін 2-айға жақын уақытта балалары өзі шығып, біраз уақыт анасы айналасымен таныстырады.Қорегін аулауға үйретеді.Біртіндеп олар өз бетінше аң аулауға шыға бастайды.Өзіндік тамақтануға көшкен кезде,бой өсу процесі де өзгеріп отырады.Өсіңкіреген балаларына ол күзге дейін құрт-құмырсқа, бақа-шаяндарды тасып, олардың еттерін тазартып, алып жеуге үйретеді.Үш айдан соң күшіктері өз бетінше өмір сүреді.Борсықтар күндіз күн қызуына қыздырылғанды жақсы көреді.Борсық дем алғанда, не ұйықтағанда тек шалқасынан ғана жатады.Күзге қарай борсықтар семіре бастайды.Күзде ана борсықтар ескі індерін жаңарту, дұрыстау басталады.Балалары өз панасына қолайлы ін қазумен айналысады.
Борсықтың жылдық тамақтану кезеңі: көктемде 3-4-ші айлар, жазда 4-8-ші айлар, күзде 9-11-ші айлар. Қыста семірген борсықтар өз денесіндегі майларымен қоректенеді.Бірақ денесіндегі маймен бір қыс өткізу олар үшін қиын.Өйткені қыс бойына сақтаған жемдері мен қорегі оларға сол мезгілдің азығы болып табылады.Борсықтардың шілдедегі салмағы 2,5-3 кг болса, қазан айында ол екі еселенеді.Ал ұйқы кезінде 9 кг-ға дейін жетеді.Борсықты терісі және емге майы үшін аулайды.Борсықтар күннің жылы уақытында аю сияқты ауық-ауық оянады да сыртқа шығады.Сондықтан борсықты аулаушылар қыстың күні түнде аулайды.
Борсық майының емдік қасиеті:Адам баласы борсық майының шипалық қасиетін ерте заманнан-ақ білген.Борсық етінің сыртында екі елідей майы болады, майын шыжғырып алып, оны тұндырып, суытып өкпе ауруына пайдаланады.халықтық медицинада борсық майын құяң, туберкулез ауруларын және іріңді жараларды емдеуге қолданылады.Борсық еті де асқазан аурулары мен өңеш жолына пайдалы.
Борсықтың дәрілік қасиеті.Борсықтың ішегі, терісі, майын ем үшін қолдану.
1.Іш кіркесі жанға батып,шұғыл ұстағанда;
2.Буынның ауруларына және нәрестенің іші кепкенде; 3.Асқазаны ауырғанда;
4.Көкжөтелге;
5.Он екі елі ішек жарасына;
6.Шаш түсу, әжімдерді жазып, теріні жасартады.:
Қортынды:
Борсықтарды өсіру арнайы қорғауға алу.Борсық майын әлемдік деңгейде емдік қасиетін паш ете отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында адамдардың өміріне септігін тигізу.
Қолданылған әдебиеттер:
-
[1.24 -б] «Млекопитающие Казахстана»
-
[2.48-б] С.П.Наумов «Омыртқалалар зоологисы»
-
[1.18-б] Н.Н.Руковский «Убежища четвероногих»
-
[1.95-б] К.Болатова,Ж.Қарағойшин,Л.Байдулованның «БҚО-ның жануарлар дүниесі»
ТІРКЕУ ПАРАҒЫ
Тегі: Нәби
Аты: Ерсін
Әкесінің аты: Қуантайұлы
Ғылыми дәрежесі,атағы: жоқ
Ұйым,қызмет: Қызылорда обл.Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті №266 мектеп-лицей, Желтоқсан көшесі №20
Үй мекен-жайы: Қызылорда обл.Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жангелдин көшесі №14
Телефон: 8 (72438) 22-3-23 сот: 87752958848
E-mail: Gal7576@mail.ru
Секция: Жаратылыстану ғылымдары.
Баяндаманың аты (толық аты). Сусамыр тұқымдасы-Борсықтың тіршілігі.
Қосымша баяндамашы туралы мәлімет:
Серия:
Оқушылар
Мен:
Сырттай қатысамын.