Материалдар / Бос уақытта саяхаттау пайдалы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бос уақытта саяхаттау пайдалы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: қазақ тілі

Мектеп: Аңсаған Қоңқабаев орта мектебі

Күні: 23.12.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Дәрібай Мерей

Сынып: 5 сынып (Т1)

Қатысқан оқушылар саны: 12

Қатыспағандар:0

Бөлім атауы

4-бөлім: Уақыт

Сабақтың тақырыбы

Бос уақытта саяхаттау пайдалы

Сабақтың түрі

Жаңа тақырып

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А1 Болжау Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

ӘТН 4.2; Грамматикалық норма

Көркем әдебиет стилін мәтін аясында қолдану. .

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: 1) Тақырыпты иллюстрациялар арқылы болжайды;

2) Мәтіннен қаратпа,қыстырма сөздердің не мақсатпен қолданылғанын түсіндіреді.

Көптеген оқушылар: 1) Болжауда тірек сөздерді қолданады;

2) Көркем әдебиет стилін түрлендіре қолданады.

Кейбір оқушылар: 1) Болжауына дәлел келтіреді, түсіндіреді;

2) Көркем әдебиет стилінің түрленуіне түсінік береді, ереже шығарады.

Бағалау критеийлері

Тыңдалым, айтылым мақсаты бойынша:

тақырыпты болжау барысында өз ойын дәлелдейді;

тірек сөздерді түрлендіреді.

Әдеби тілдік норма бойынша:

сөйлемдер құруда зат есімдерді түрлендіре қолданады;

әр жалғау қызметін ажыратады және дұрыс қолданады.

Тілдік міндеттер

Тақырыпқа байланысты тірек сөздер: Петроглиф, Астана, Есіл, Алматы, Конгресс-Холл, Ақсу-Жабағылы, Грейг т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін / келіспеймін

Осыған дейін меңгерілген білім

Жануарлардың өмір сүру ортасы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз дер

Сабақтың басы

5 минут




Қызығушылықты ояту

  1. Сәлемдесу, сабаққа дайындық.

2.- Ал сіздер қаншалықты саяхаттаудың пайдасын жақсы білесіздер?

  1. Сабақтың тақырыбын болжау.

  2. Сабақтың мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.


Сабақтың ортасы





























35 минут

Мағынаны тану

Тыңдалымалды тапсырмасы:

Берілген жануарлардың, аңдардың, құстардың төлдерінің суреттері, тірек сөздер бойынша тыңдалым тақырыбына болжам жасату.





Топтасу. Ортаға үш оқушы шығады. Тілімше қағаз суыру арқылы топ аты анықталады. (Мысалы: «Нұр-Сұлтан», «Алматы», «Ақсу-Жабағылы»). Олар кезекпен бір-бірден өз қаласына, қала тұрғынын жинайды .

Топтық жұмыс. Оқушыларға топтық жұмыс тапсырмалары таратылады.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

Тапсырма.Мәтінді тыңда.Мәтіндегі қаратпа,қыстырма сөздердің не мақсатпен қолданылғанын түсіндір.

Көгілдір өзен жағасында,жап-жасыл көгорай шалғындаАқботақан өмір сүрген екен.Әрине, барлық балалар сияқты ол да қиялдағанды жақсы көретін.Ол күндердің бір күнінде саяхатқа тартып кетуді армандайтын.Сондықтанда таңның атысынан күннің батысына дейін түрлі кітаптар оқитын еді.Ол тарих пен география туралы кітаптарды мектеп кітапханасынан тауып алатын.Сондай-ақ, оның Құлыншақ-Тұлпар,Балапан-Бүркіт,Бала-Барыс сияқты өте сенімді достары бар еді.Ол дастарын қасынан, арман-қиялынан еш уақытта қалдырмайтын.

Егер сен, жас дос,Қазақстан деп аталатын елге саяхат жасауды ойға алып жүрген болсаң, сәт сапар!

Достар шағын керуен боп тізіліп, соқпақпен сергек басып келеді.Олар шоқы үстіне шыққанда жолдың үлкен жартасқа тірелгенін көрді.Жартас беті ыстық күнге күйіп,қап-қара боп кетіпті.Сонау күнге тотыққан тас бетініне аспандата көтеріп ту ұстаған салт атты суреті салынған екен.Құдды тірі бейне тәрізді шауып барады.Суретті темір қашаумен тасқа ойып түсірген.Бұл Алматы облысының Тамғалы тастағы сурет еді.Жартастардағы мұндай суреттерді петроглиф деп атайды.Гректің петра- жартас және глиф- ойын салу деген сөздерінің қосындысынан шыққан атау.Олар біздің елімізде өте көп.

Дескриптор:

-Топтар мәтіндегі қаратпа, қыстырма сөздердің не мақсатта қолданғанын таба білді.

Бағалау критерийі:

Тыңдалым мәтініндегі әңгіме қандай стильде жазылған?Төмендегі сұрақтар төңірегінде топтарыңмен әңгімелесіңдер.

1.Мәтінде қандай ой айтылған?

2.Кейіпкерлер бос уақытында қайда саяхат жасауды ұнатады екен?

3.Олар саяхаттап қайда барады?Не көрді?

4.Адамдар суретті қайда салған?Қалай салған?

5.Петроглиф дегеніміз не?

6.Суретті жазу Қазақстанның қай жерлерінде бар?

Дескриптор:

-Әр топ өз ойларымен бөлісіті;

-Әр топ барлық сұрақтарға нақты жауап берді;

Тапсырма.Берілген сұрақтарға жауап бер.Әр топтан бір-бір баладан жауап береді.

-Қазақстан қалаларына саяхат жасауды сүйікті ісіңе айналдырар ма едің?

-Астана қаласы азғана уақытта қалай көркейіпті?

-Әрбір саяхатшы Алматыны көруді неліктен армандайды?

-Бос уақытыңда Ақсу-Жабағылы қорығына барғың келе ме?

Дескриптор:

-Әр топтан тақтаға шыққан оқушылар сұрақтарға нақты әрі тиянақты жауап берді.



Жазылым тапсырмасы (топтық жұмыс)

Диалогтегі саябақты суреттеп жаз.

-Мен бір ғаламат саябақты білемін,-деді Балапан-Бүркіт,-онда бар болғаны бірнеше минут ішінде күллі Қазақстан жеріне керемет және қайталанбас саяхат жасауға болады.

-Бұл саябақ қайда орналасқан?-деп сұрады Ботақан.

-Қазақстанның Елордасы-Астана қаласындағы «Атамекен» этномемориалдық саябағы деп аталады.

Дескриптор:

-Оқушылар топпен бірігіп диалогті суреттеп жазды.

Бағалау критерийлері

1. Қаратпа.қыстырма сөздерді дұрыс қолдана алады.

2. Көркем әдебиет стилінің ережесін біледі.

3. Сөйлемдер құруда көркем әдебиет стилін түрлендіреді.

Оқушылар жұптық жұмыс арқылы бірін-бірі тыңдап, сөйлемдер құруда көркем әдебиет стилін түрлендіре қолдануын бағалайды.
















































Сабақтың соңы

5 минут


Рефлекторлық экран

Менде бәрі сәтті шықты ...

Мен үйрендім ...

Сабақта мен орындай алдым ...

Бәрінен маған ұнағаны ...

Бәрінен маған қиын болғаны ...


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Жұмыстың барлық түрінде оқушылардың қабілеті мен тілдік деңгейлері ескерілді.


Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Формативтік бағалау, жұптық бағалау

Пәнаралық байланыс: табиғаттану, дүниетану, экология

Қауіпсіздік ережелері:

АКТ-мен байланыс: интерактивтік тақтадан таныстырылым, бейнематериал, кесте
Құндылықтармен байланыс: қоршаған ортаны қорғау, қамқорлық көрсету.



Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!