Материалдар / Бояу жағындысы - кескіндемеші - суретшінің әсерлегіш құралы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бояу жағындысы - кескіндемеші - суретшінің әсерлегіш құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оңтүстік Қазақстан Облысы білім басқармасы Б.Өтеп атындағы "Өнер" мамандырылған мектеп-интернаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
763
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Суреттегі штрихтің әсерлілігі. Бояу жағындысы – кескіндемеші-суретшінің әсерлегіш құралы

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан

оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Шығармашылық қабілеттерін арттыру, жаңа әсерлегіш

құралдар: штрих және бояу жағындысымен таныстыру.

Бағдарламалық міндеті

3.1.3.1

3.2.1.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: штрих пен бояу жағындысының әсерлі мүмкіндіктерімен таныстыру.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: білім- біліктерін №1 жұмыс дәптерінің 7–11-беттеріндегі тапсырманы орындағанда пайдалану.

Оқушылардың міндеті

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

Штрих пен бояу жағындысын сипаттау. Штрих пен бояу жағындысы туралы білімдерін пайдаланып, графикалық және кескіндеме туындыларын суреттеу.

Тірек сөздер: штрих – қысқа сызық, штрих әртүрлі болады, штрих әртүрлі фактураларды бейнелеуге көмектеседі. Бояу жағындысы – бояулы қылқаламның ізі, ол алуан түрлі болады. Суретші бояу жағындысы арқылы табиғаттағы әртүрлі заттарды бейнелейді.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Сызық туралы не білесің? Ол қандай болады? (Өткен материалды еске түсіреміз).

Жауап. Сызық әртүрлі болады: түзу, тік, көлденең, көлбеу; дөңгелектенген; зигзаг тәрізді, жіңішке, түрлі түсті. Ол өкпелі, көңілді, салмақты, нәзік болып, әртүрлі көңіл күйді білдіреді.

  1. Штрих қандай болады? Онымен нені бейнелеуге болады?

Жауап. Қысқа, айқыш-ұйқыш. Онымен қылқан шөпті, шырша мен кірпінің тікенін және т.б. бейнелеуге

болады.

Жұмсақ әрі нәзік. Онымен үлпілдек жүнді балапанды, мысықты, қауырсынды бейнелеуге болады.

Дөңгелектенген, шапшаң. Онымен бұйра шөптер мен қошақанды, ағаш жапырағын, жағалаудағы тастарды бейнелеуге болады.

  1. Бояу жағындысы қандай болады? Штрих туралы жауаппен бірдей.

  2. Бұл әсерлегіш құралдар суретшілерге жұмысын әсерлі етіп көрсетуге көмектесе ме? (Сұрақ оқулықтағы

бірнеше иллюстрацияны немесе график және кескіндемеші-суретшілердің репродукцияларын көргеннен кейін қойылады.)

Жауап. Иә, көмектеседі. Толық жауап беруді талап ету керек, картиналардың бірін мысал ретінде келтіреді.

  1. Сендерге штрих табиғаттағы қандай нысандарды бейнелегенде керек болады?

Жауап. Ағаш жапырақтарын, шөп, шырша, кірпі, теңіз толқынын, өзен суын, аңдар мен құстарды және т.б.

бейнелегенде керек болады.

  1. Штрихты немен салуға болады?

Жауап. Қарындаш, бор, қалам, фломастер, пастельмен.

  1. Бояу жағындысын немен жазады? Жауап. Бояу және қылқаламмен.

  2. Штрих пен бояу жағындысы сендердің көмекшілеріңе айнала ала ма? Олармен орындаған жұмыстарың әсерлі




бола ма? (Сұрақ сабақтың соңында қойылады.)

Балалардың жауабы жаңа тақырыптар қаншалықты қызықты болғанын көрсетеді.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: штрих пен бояу жағындысының әсерлі мүмкіндіктерін; графика және кескіндеме

туындыларынан штрих пен бояу жағындысын байқап, оларды суреттей алады.

Оқушылардың көпшілігі: жұмыстарын әсерлі көрсету үшін штрих пен бояу жағындысын пайдалана алады.

Кейбір оқушылар: табиғат нысандарының фактурасын бейнелегенде штрих пен бояу жағындысымен жұмыс

істей алады.

Бұрын алған білімдері

Сызық қандай болады? 1-сынып. Сызықтың әсерлі мүмкіндіктері. 2-сынып. Біздің айналамыздағы түстер.

1-сынып. Пейзажды қалай саламыз? 2-сынып. Түстің әсерлі мүмкіндіктері. 2-сынып.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жаратылыстану, әдебиеттік оқу. Оқушылар

жаратылыстану сабақтарында табиғатты бейнелеу барысында меңгерген білімдерін пайдаланады.

Шығармашылық шабыттарын дамыту үшін №2

қосымшадағы 1-тақырыпқа арналған өлеңдерді оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ та- қырыбы- на кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Мұғалім оқушыларға сызықтың әсерлі мүмкіндіктерін еске түсіруді сұрайды, балалар сызық көрерменге нені білдіре алатынын айтады. Оқушыларға өздері білетін материалдар жаңа тақырыпты меңгеруге септігін

тигізеді.

Анималист- суретшілер мен пейзажшылардың графикалық және кескіндеме

жұмыстары.

Алған білімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді, ал оқушылар табиғат нысандары (жануарлар, өсімдіктер) қандай

болатынын суреттейді. Мұғалім оқушылардан нысан- дарды салу барысында жануарлардың үлпілдек жүнін, құстардың қауырсынын, кірпінің тікенегін сала алды ма екенін сұрайды. Өзі сол жануарлардың фотосу- реттерін не репродукцияларын көрсетеді. Балалардың жауабын тыңдағаннан кейін, мұғалім суретшінің жаңа көмекшілері – штрих және сызықпен таныстырады.

Олармен танысу арқылы оқушылар табиғат нысан-

дарын жақсырақ қабылдап, бұрын назарына ілінбеген нәрселерді елей бастайды. Сондай-ақ оқушылар штрих және бояу жағындысы арқылы әсерлі

жұмыстар орындайды.

Тақтаға әртүрлі штрих пен бояу жағындыларын көрсету үшін қағаздар ілінеді. Фломастерлер.


Оқулық.


Анималист- суретшілер мен пейзажшылардың графикалық және кескіндеме

жұмыстарының репродукциялары.

Материал- ды

түсіндіру

Оқушылар сызықпен танысты. Ал бүгін сызықтың көмекшісі – штрихпен танысады. Мұғалім тақтаға немесе ватман қағазына алдымен сызықты, одан кейін

бірнеше штрихті сызып көрсетеді. Одан кейін тағы да

Оқулық.




сызықтар мен штрихтарды сызады. Оқулықтағы штрихтарды қарап шығуға болады. Одан соң «Штрих дегеніміз не?» деген сұрақ қояды. Егер балалар жауап бере алмаса, тағы да сызықты сызып: «Міне, мен

сызық сыздым, ол ұзын, менің оны сызуға уақытым кетеді. Ал штрихті тез-ақ сызып шығамын. Оның ұзындығы қандай? Қайсысы ұзын, штрих пе әлде сызық па?» Бұл сұраққа балалар жауап бере алады.

Сонымен, штрих дегеніміз – қысқа сызық. Суретшіге штрих не үшін керек? Егер біз сызықпен заттың

сыртқы кескінін сызатын болсақ, ал штрихпен ішкі бөлігін толтырамыз. Штрих сызық тәрізді әртүрлі

болады, ол да график-суретшінің көмекшісі. Суретші штрих арқылы мысықтың жұмсақ әрі үлпілдек жүнін, қошақанның бұйра жүнін, шыршаның тікенекті

инесін, ұсақ тастар мен құмды, қылқан шөпті және т.б. бейнелей алады. Суретші шеңберді шар тәрізді етіп штрихтай алады.

Оқушылар штрихтің әсерлілігін көру үшін сызық пен штрихті қағазға сыза отырып әңгімелеген дұрыс.

Сонымен қатар өз беттерінше жұмыс істегенде штрихтің көмегі көп. Одан соң штрихтің әсерлілігіне назар аудара отырып, график-суретшілердің репродукцияларына қарап, оларды талқылайды.

Бояу жағындысы сызық тәрізді әсерлі бола алады.

Сылақшы деген мамандық түрі бар. Ол үйдің қабырғаларын сылап, тегістеп бояуы қажет. Жұмысының сапасы осыған байланысты.

Суретшінің жұмысы өзгешелеу, ол теңіздегі

толқынды, өзендегі судың сылдырын, ағаштардағы жапырақтардың сыбдырын дәл бере отырып, әсерлі туындылар жасауы керек. Ол үшін бояумен жұмыс

істегенде мұқият болу қажет. Өйткені айналамыздағы тамаша құбылысты суретші түс пен тәсілдер арқылы береді. Суретшілердің жұмыстарын көрсете отырып әңгімелеген дұрыс. Түсіндіріп болған соң 5 минут

1 қосымшадағы ойынды ойнатуға болады. Сондай-

ақ оқулықтағы мәтін, иллюстрациялар мен сұрақтарды пайдаланып, жұмыс істейді.

Анималист-сурет- шілер мен

пейзажшылардың графикалық және кескіндеме

жұмыстарының репродукциялары.

1, 2 қосымшадағы материалдар.

Өздік жұмысты орындау

1 жұмыс дәптерінің 8, 9, 10, 11-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.

Мұғалім жеке-дара кеңес береді, оқушыларға қажет жерінде көмектесіп, қателері болса түзетеді.

Жұмыс дәптері, жіңішке қара

фломастер немесе жай қарындаш, түрлі түсті қарындаштар,

қылқалам, гуашь

бояулары, палитра, су құятын ыдыс, қол сүртетін орамал.

Сабақтың

қорытын- дысы

Орындалған тапсырмаларды қысқаша талдайды. Оқушылар сабақтағы жұмыстарын бағалайды.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!