Материалдар / БҚО. Орал қаласы. А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы 2023-2024 оқу жылында «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында өткізілген танымдық сағаты Гизатова А.Н.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БҚО. Орал қаласы. А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы 2023-2024 оқу жылында «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында өткізілген танымдық сағаты Гизатова А.Н.

Материал туралы қысқаша түсінік
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының 2023-2024 оқу жылындағы 5-6 сынып оқушыларына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру әрі тұлғалық дамыту мақсатында «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында «Отбасылық дәстүрлер» атты танымдық сағаты
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А .Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының

2023-2024 оқу жылындағы 5-6 сынып оқушыларына

арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын»

жүзеге асыру әрі тұлғалық дамыту мақсатында

«Ата-аналар мектебі» жобасы аясында

«Отбасылық дәстүрлер» атты танымдық сағаты.


Жетекшісі: Гизатова Айзада Нурболатовна



Мектеп психологы. Тренинг. (ата-ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту мақсатында)

Өмірді толқындары тулаған шалқар теңізге ұқсатсақ, сол бір асау толқындармен арпалысып шаршаған жан жанына жайлы, жүрегіне саялы мекен іздейтіні ақиқат. Ондай орын бар ма дерсіздер? Иә, бар. Адам жанының тағат табатын орны – өз отбасы. Отбасы – адамның қым-қуыт тірліктен шаршаған сәтте сая табатын жері. Өз үйіне оралған барлық адам шаршағанын ұмытып, өзін еркін сезінеді. Осы өз үйі, өлең төсегінде ғана адам өзінің жанына сая таба алады. Бұл ұяда айтылған, бөліскен қиыншылықтар азайып, әрбір орын алған қуанышты сәттер өмірге деген сүйіспеншілікті арттырады.

Ал алмағайып мына қоғамда отбасындағы татулықты, сенім мен сыйластықты қайткен жағдайда арттыра аламыз, бір сәтке ойланып көрдік пе? Бүгінгі заман қазақтың табиғи болмысында бар асыл қасиеттер – бауырмалдық, мейірбандық, татулық сынды құндылықтарды кері ысырып, материалдық құндылықтың рөлін арттырған кер заманға айналып барады.

Мықты мемлекет қалыптастыру үшін ең әуелі жанұялардың іргесі берік, тәрбиесі терең, тағылымы биік болуы шарт деп түсінеміз. «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру әрі тұлғалық дамыту мақсатында «Отбасылық дәстүрлер» атты танымдық сағаты ата-аналар қоғамдық бірлестігінің осы бағыттағы жұмыстары ауқымды. Түрлі деңгейдегі іс-шаралар арқылы «педагог-бала-ата-ана» арасындағы сыйластықтарды, сезім құндылықтарын, сүйіспеншілік, адалдық, достыққа насихаттау арқылы, ата-аналарды тәрбиелеу арқылы, психологиялық-педагогикалық құзыреттілігімен балаларды тәрбиелеу арқылы жауапкершілігін арттыру. Сондай іс-шараның бірін сіздермен бастағалы отырмыз. Қош келдіңіздер!

Танымыдық сағатымыз «Отбасылық дәстүрлер» деп аталады. 3 кезеңнен тұрады.

1 кезеңде фото слайд арқылы 2 минут отбасын таныстыру;

2 кезеңде «Отбасылық дәстүрлер» бөлімінде өз отбасындағы дәстүрді дәріптеп көрсету. 3 минут

3 кезең Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін. Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

    Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй  жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу.

Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, тапсырмалар жазылады соны орындай отырып, үй құрамыз. Ойлануға 3 минут беріледі.

         

Ойын тапсырмалары;

1.  «Парасатты» кірпіші

Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

2. «Достық» кірпіші.    «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы

3. «Махаббат» кірпіші

 Мимика жест арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізесіз

4.  «Тапқырлық» кірпіші

Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

5«Түсінушілік»

  Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді. Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.




Қорытынды сөз.

Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.  Сондықтан ата -ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата- анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата -ананы өмірдің тірегі санайды.

  Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!