Интернеттің жұмыс істеу
негіздері.
Протокол TCP/IP (Transmission
Control Protocol /Internet Protocol) – қазіргі кезде компьютерлік
желілерде ақпарат алмасуда қолданылатын протоколдардың бірі. Шын
мәнінде бұл протоколдың өзі бірнеше протоколдан тұрады. Протоколдың
аты екі бөлімнен тұрады:
¨ TCP–протоколы жіберуші жақта
хабарларды пакеттер легіне түрлендіреді және қабылдаушы жақта
пакеттерді қайта хабарларға
жинайды.
¨ IP – протоколы пакеттердің
бағытталуын басқарады, желілер арасында оларды әр түрлі бағытқа
бағыттайды және әртүрлі желілердің бірігуіне ықпал
жасайды.
Интернет – миллиондаған
компьютерлерді желілердің өте үлкен желісіне біріктіретін әлемдегі
ең үлкен және белгілі жел. Интернет сөзі халықаралық желі деген
сөзді білдіреді (INTERnational
NETwork). Интернет–бүкіл әлемнің компьютерлер
серверлерінің жиынтығы. Бұл желі ақпаратты сақтайтын серверлер және
басқа компьютерлерден ақпарат алуға
болатындықтан клиент
–сервер болып табылады. Интернет
миллиондаған тұтынушылар мен серверлерден тұрады, ал ақпарат
көлемін бағалауға мүмкін емес.
Интернет түрлі элементтердің
жиынтығы болып табылады, ал Бүкіләлемдік тор – Интернеттің тек бір
бөлігі ғана. Интернет сізге қажет ақпаратты желіге біріккен
миллиондаған компьютерлерден алуға мүмкіндік беретін бірқатар
құралдар ұсынады. Бұл құралдар қарапайым немесе жеткілікті күрделі
бола алады, соның ішінде:
Бүкіләмдік
Тор:
әдетте WWW(World Wide Web
атауынан).
WWW – Web сервер арқылы
миллиондаған электрондық құжаттардың бір-бірімен байланыстарының
бірігуі. Web- кеңістігін құрайтын жекелеген
құжаттар Web-беттер деп аталады. Тақырып
бойынша біріктірілген Web –беттер
тобы Web –
түйіндер деп аталады (басқаша
атауы – Web-сайт немесе жай
ғана сайт). Web – беттерді көруге
арналған программа браузерлер деп
аталады.Электрондық
пошта:
немесе e-mail, Интернеттің барлық
желілерінде қол жеткізімді. Ол адамдарға файлдарды бүкіләлем
бойынша тез жіберуге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым мәтіндік
белгілеу немесе ішіне графика мен басқа да мазмұнды алып жатуы
мүмкін.
Файлдарды
жіберу: файлдарды бір компьютерден
екінші компьютерге көшіреді. Интернет арқылы файлдарды тасымалдау
хаттамасы (File Transfer Protocol,
FTP)сияқты мәліметтерді
тасымалдайтын арнайы басқарушы қағидалар немесе хаттамалар
бар:белгілі бір тақырып бойынша
мақалалармен алмасатын,программалық өнімдерді қолдауды қамтамасыз
ететін немесе сұрақтардың түрлі категорияларына жауаптар ұсынатын
компьютерлер желісі.
Жаңалықтық
топтар(newsgroups):USENET-тегі желілік
конференция, ол дискуссиялар мен жаңалықтар алмасуды жүргізу үшін
ұйымдастырылған. Мәлімдемелерді оқу мен жіберу тұтынушы
компьютерінде жүктеліп, жаңалықтар серверімен байланысатын
программа арқылы жүзеге асады.
WEB
браузер
WEB сайттар HTML атты
программалау тілі арқылы
құрылады. (Hyper Text Markup
Language). WEB парақтарды сіздер арнайы
программалау арқылы көре аласыздар. Оның
аты WEB
браузер деп
аталады(Web
browser).. Ең кеңінен тараған
веб-браузерлер: Internet Explorer (Microsoft.com), Netscape
Navigator (Netscape.com), Opera (Opera.com), Mozilla (Mozilla.org),
AOL (aol.com).
HTML тілінде құрылған браузер
сіздерге ақпараттың барлық түрлерін, оның ішінде мәтіндерді,
графиканы, дыбысты, анимацияны, слайд – шоуды, бейне және басқа
көптеген ақпараттарды көруге болады. Сіздер WEB браузерді
пайдалануды білесіздер, ақпарат алуды, оны іздегенде белгілі уақыт
аралығы жеткілікті.
WEB браузер сіздерге жеке WEB
сайттардың, жеке WEB парақтардан көрсетеді. WEB сайттар былай
ұйымдастырылады: ақпараттардың байланысы бірге жиналады, олар WEB
парақтарға топталады, яғни біздің көз алдымызға немесе журналды
елестетеді, мысалы, сіздің мектебіңізде WEB сайт бар деп есептейік,
олардың көптеген парақтары бар делік. Ал жергілікті кітапханалардың
басқа WEB сайты болады, яғни олардың парақтары да бөлек болады
немесе олардың парақтары бөлек беттерден тұрады. Әрқашанда WEB
сайттардың басы болады,
ол үй
парағы деп аталады. (HOME
PAGE). Үй парағы
дегеніміз: ол журналдың сыртқы беті
немесе газеттің бірінші бетімен пара-пар. Әдетте ол бетте адамдарды
еліктіретін картинкалар болады, яғни ол дегеніміз сайттың мазмұнын
ашатын тақырып немесе идея. Оның құрамында сайттардың картасы
немесе дәлелдеуіш панель болады. Олар сайттардағы басқа беттердің
қандай екенін білдіреді. Браузер беттен –бетке секіруге мүмкіндік
береді. Бұны желінің ішін
аралау деп
айтады.
Сіз браузерді ашқанда және
берілген беттегі хабарды зерттегенде, сіз басқа да беттерді көріп
шыға аласыз.Сіз беттер арасында әртүрлі тәсілдермен орналаса
аласыз. Жаңа бетке көшудің ең жылдам тәсілі, нәтижелі әрі ыңғайлы,
не өрмекті жасайтын, жаңа бетке көшудің ең жылдам тәсілі –
гипермәтін (hypertext) деп аталады. Гипермәтін – ақпаратты әр түрлі
беттерде, тіпті сайттарда байланыстыру. Гипермәтіндік сілтемелер
вев-беттерде көп жағдайда, асты сызылған сөздер, сөйлемдер тіпті
графиктер арқылы көрсетіледі. Сіз веб-бетті тышқан көрсеткішімен
жылжытсаңыз да, асты сызылған болмаса да, сіз гиперсілтемені жеңіл
айыра аласыз. Сіз тышқан көрсеткішін гиперсілтемеге нұсқағанда, ол
нұсқаушы алақан нұсқаушысына ауысады. Егер гипермәтіндік сілтемені
шертсеңіз, сіз келесі, яғни тақырып мәтіндегі бетке
ауысасыз.
Дүниежүзілік өрмектің көмегі
арқылы басқа бетке немесе басқа сайтқа көшудің жаңа тәсілі –
веб-мекен жайларды қолдана аласыз. Мекен – жайы болмағандықтан,
үйді табу қиын, сондықтанда кез-келген веб-сайттың өзіне тән мекен
–жайы болады. Ол
мекен-жай әмбебап
локатор қоры (Uniform Resource
Locator) немесе URL деп аталады.
Сонымен URL деген не? URL
–сөзбе-сөз айтқанда, берілген беттің интернетте орналасқан орны.
URL –дің жазылуында «/» (слэш) таңбасы қолданылады және оны
қолдануда ашық жер қалдыруға болмайды. Әр бір URL-де негізі ұқсас
ақпараттар бар.
http://www.
zdorovie.ru/gigiena/news.html
zdorovie.ru: Бұл барлық
мәліметтерді сақтайтын сервердің атауы. Ол домендік атпен аталады
және аты қосылады, нүкте және жұрнақ немесе жоғары дәрежедегі
домен(top-level domain, TLD). Бірінші бөлім – көп жағдайда мекеме
аты, ал соңғы бөлім жоғары дәрежелі доменнің бірі болуы мүмкін
(TLD)
.com: мекемелер және жалпы
қысқартулардың үлкен бөлімі;
.edu: білім беру институттары және АКШ
университеттері;
.gov: АҚШ үкімет
агенттіктері;
.mil: АҚШ-ң әскери
сайттары;
.net: желілер, көп жағдайда интернет-провайдерлар
сайтын білдіреді;
.org: коммерциялық емес
ұйымдар.
Осы
жоғары дәрежелі домендермен қатар басқа да соңғы бірнеше жылда
пайда болғандары, олар:.info, .biz, и .pro,сонымен қатар елдердің
екі мағыналы домендары қолданылады, мысалы: .mx Мексика, .pt
Португалия, .de Германия, .fr Франция, .ca Канада, .uk
Великобритания, .ru Россия, .kz Қазақстан
үшін.