Материалдар / Брейн - ринг "Не? Қайда ? Қашан?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Брейн - ринг "Не? Қайда ? Қашан?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Брейн-ринг тәсілі арқылы өткізілген бұл кештің алға қойған мақсаты, ең бастысы, оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау. Сонымен қатар, ойлау, топпен жұмыс дағдыларын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2021
756
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Брейн-ринг тәсілі арқылы өткізілген бұл кештің алға қойған мақсаты, ең бастысы, оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау. Сонымен қатар, ойлау, топпен жұмыс дағдыларын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Кешті ұйымдастыру кезеңі мынадай ретпен жүргізілді:

  1. Залға оқушылар кірерде 2 түрлі открытка қиындыларын тарату.

Бір открытка қиындылары сәйкес келетін оқушылар бір топқа ұйымдастырылады.

  1. Құрылған екі топты үстел басына шақыру. Топ мүшелері өздерін таныстырады (аты-жөні, сыныбы). Бұдан соң әрбір топ ат қойып, топ капитанын сайлауға тиіс. Топтың аты географияға байланыты болуы керек.

  2. Әділқазы мүшелерін таныстыру. 1)................... 2) .............. 3).................

  3. Топтардың атын атап, қошемет көрсетіп, қол шапалақталады. Капитандарын таныстыру.

Жүргізуші:

Сонымен, құрметті топ мүшелері «Не? Қайда? Қашан?» географиялық брейн-рингімізді бастаймыз! Бүгінгі ойынымызда күрделі де қызықты география пәнінен алған білімдеріңізді сынаққа салып, күш сынасасыздар.

Ендеше, брейн-ринг ережесімен таныс болыңыздар.

Ойын 6 кезеңнен тұрады.

І тур – «Не? Қайда? Қашан?»

ІІ тур – «Ең, ең, ең....»

ІІІ тур – «Кім жылдам?»

IV тур – «Тапқыр болсаң, тауып көр!»

V тур – «Ойлан тап!»

VI тур – Капитандар сайысы.

Ойлануға уақыт беріледі, әрине жылдамдықты талап ететін «Ең, ең, ең...», «Кім жылдам?» турларынан басқа.

Тапсырма оқылғаннан кейін жауаптарыңыз бірден дайын болса, дереу алдарыңыздағы жалаушаны көтеруге тиіссіздер. Егер жауап дұрыс болмаса, екінші топ өз жалаушасын көтеріп, жауапты түзетуіне болады. Бұл жағдайда ұпай дұрыс жауап берген топтың пайдасына шешіледі. Әрбір дұрыс жауап - 1 ұпай. Ережені бұзғаны үшін бір ұпай жоғалтады. Ойын ережесі түсінікті ме? Түсінікті болса, жалаушаларыңызды көтеріңіздер.

Олай болса, құрметті ұстаздар мен көрерменндер, екі топқа да сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік!

Сонымен, І тур – «Не? Қайда? Қашан?»

  1. Жер шарындағы барлық төрт мұхит жуып жатқан материк

  2. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не?

  3. Ф. Магеллан жер шарын қашан айналып шықты?

  4. Азия мен Еуропаны бөліп тұрған таулар

  5. Қай таудың аты, оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді

  6. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер?

  7. Ан тауының эндемикті жануары не?

  8. Солтүстік Америка ертедегі қай материктің бөлігі?

  9. Африканы алғаш ашқан кім?

  10. Ұлы көлдер қайда орналасқан?

  11. Еуразия мен Солтүстік Американы бөліп тұрған бұғаз

  12. Қай материк екі дүние бөлігінен тұрады?

ІІ тур. «Ең, ең, ең...» І топ

  1. Ең биік шың

  2. Ең үлкен түбек

  3. Ең кіші материк

  4. Ең халқы көп материк

  5. Ең терең шұңғыма

  6. Ең үлкен көл

  7. Ең ұзын өзен

  8. Ең биік сарқырама

  9. Ең суыққа төзімді құс

  10. Ең кішкентай мұхит

ІІ топ

  1. Ең үлкен ойпат

  2. Ең терең көл

  3. Ең ірі дүние бөлігі

  4. Ең үлкен арал

  5. Ең үлкен бұғаз

  6. Ең ұзын тау

  7. Ең үлкен шөл

  8. Ең биік ағаш

  9. Ең кішкентай мемлекет

  10. Ең суы мол өзен

Музыкалық үзіліс

ІІІ тур. «Кім жылдам?» (Географиялық нысанның аты аталады, сіздер оны не екенін айтасыздар. Мысалы: Анд – тау)

  1. Сахара

  2. АҚШ

  3. Гималай

  4. Танганьика

  5. Амазонка

  6. Альмади

  7. Отты жер

  8. Игуасу

  9. Мыс

  10. Гвинея

  11. Скандинавия

  12. Мадагаскар

  13. Гольфстрим

  14. Антарктида

  15. Гибралтар

  16. Лондон

  17. Аконкагуа

IV тур. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» (берілетін уақыт 1 минут)

Сіздердің алдыларыңыздағы конверттің ішіндегі қиындыларды құрап болсаң, кескінге қарап, оның қандай географиялық нысан екендігін және оның маңайындағы нысандарды атау керек.

V тур. «Ойлан тап!»

Сіздердің алдыларыңыздағы конверттің ішіндегі келесі сұрақтардың жауаптары бар.Қорапты ашпайсыз! Тек ойланып жауап беріңіздер. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап - 5 ұпай.

І топ. «..» тапсырмасы.

Құрметті ойыншылар! Қораптағы өсімдіктің отаны – Оңтүстік Америка. Еуропаға бұл өсімдік ХҮІ ғасырда белгілі болды. Еуропалықтарға бас кезінде бұл өсімдік тек қана дәрілік өсімдік ретінде танымал болды. Қазіргі кезде бұл ө сімдікті жоғары тағамдық құндылығы үшін күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Оның жемісі тамырында орналасқан. Одан өздерің сүйіп жейтін көптеген тағамдар жасалады.

Қорапта не бар?

ІІ топ. «..» тапсырмасы.

Құрметті ойыншылар! Қораптағы зат өсімдіктен жасалған. Бұл өсімдіктің отаны – Эфиопия. Басында бұл өсімдікті керуеншілер мен бедуиндер сергіту үшін пайдаланған. Қазіргі кезде бұл өсімдік дүние жүзінің халқы сүйіп ішетін сусынға айналды.

Қорапта не бар?

VI тур. «Капитандар сайысы» (ортаға шақыру)

І топ. Құрметті «...» тобының капитаны! Төменде келтірілген географиялық нысандардың ішінен Солтүстік Америкаға қатысты жағын таңдап алыңыз. Егер бұл нысан Солтүстік Америкада орналаспаса, жалауыңызды көтеріңіз. Әрбір дұрыс жауап бір ұпай.

ІІ топ. Құрметті «...» тобының капитаны! Төменде келтірілген географиялық нысандардың ішінен Еуразияға қатысты жағын таңдап алыңыз. Егер бұл нысан Еуразияда орналаспаса, жалауыңызды көтеріңіз. Әрбір дұрыс жауап бір ұпай.

Осымен брейн-ринг аяқталды. Әділқазы мүшелері қорытындысын шығарғанша, сіздердің назарларыңызға 7 сыныптың қыздар тобының орындауында жаңа заман үлгісіндегі биді ұсынамыз. Тамашалаңыздар!

VII тур. Жанкүйерлер сайысы.

  1. География ежелгі заманда пайда болған ғылым. Ең алғаш «география» терминін енгізген кім?

  2. Географияның екінші тілі бар, ол не?

  3. Не нәрсесіз географияны оқу қиын?

  4. Не нәрсесіз географияны оқу мүмкін емес?

  5. Ендеше, Жер туралы білімдердің жиынтығы – географияны оқиық, болашақ өмірлеріңе жиі қажет болатын қартаны оқыпе үйренейік!

Әділқазылар ойын қорытындысын шығарған соң, жеңімпаздарды құттықтау.

Осымен географиялық брейн-ринг аяқталды. Ойынға қатысқандарыңызға рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!